Тік ішектің клиникалық анатомиясы

Жалпы тік ішектің ұзындығы 15-17 см., жоғары шеті сегізкөздің 3-омыртқасының тұсында орналасқан. Ішекте үш бөлім бар: төменгісі тік ішек каналы (2-3 см), үстіңгісі тікішексигма (ректосигмоид) бөлігі (2-3 см) және ортаңғысы жамбас қуысының кең жері (ампуласы) - 10-13 см-дей. Тік ішектің ампуласы да үшке бөлінеді: жоғарғысы 2-3 см, ортаңғысы - 4-5 см және төменгі -4-5 см. бөліктері болып. Ректосигмоид және анальды (көтен) жағы тар боп келеді (№1- сурет).

Тік ішектің клиникалық анатомиясы - student2.ru Тік ішектің клиникалық анатомиясы - student2.ru

№1- сурет.Тік ішектің клиникалық анатомиясы.

Көтен және сигма жағында орналасқан ісіктер ішек қуысын одан бетер тарылтады, осыған байланысты бұл жерден нәжіс күш түсіріп өтеді.

Ішектің үлкен қуысы (ампула)-кең болғандықтан, көпке дейін ісіктен тарылуы байқалмайды. Ампула бөліктерінің ісікпен зақымдану дәрежесі, болашақ операцияның түріне және көлеміне әсерін тигізеді.

Ректосимоидты бөлім барлық жағынан іш пердемен жабылған, ортаңғы бөлік үш жағынан – алдынан, екі жандарынан; ал төменгі бөлік түгелімен іш пердесінің астында ораналасқан.

Қан айналымы әр бөлікте әртүрлі (№2- сурет): жоғары және ортаңғы бөліктері үстіңгі және ортаңғы тік ішек артериясынан қан алады; ал төменгі бөлік (көтен)- төменгі тік ішек артериясынан қан бөледі. Вена тамырлары жоғары жағынан тікелей бауыр қақпасына, ал төменгі бөлікте - төменгі көк тамыр қақпасына құйылады.

Тік ішектің клиникалық анатомиясы - student2.ru

№ 2- сурет.Тік ішек қан айналым жүйесінің жобалы кестесі:

1 — aorta abdominalis; 2 — a. mesenterica inferior; 3 — a. colica sinistra; 4 — aa. sigmoideae; 5 — a. rectalis superior; 6 — a. sacralis media; 7 — a. iliaca communis; 8 — a. iliaca externa; 9 — a. iliaca interna; 10 — a. umbilicalis; 11 — a. glutaea superior; 12 — a. obturatoria; 13 — a. sacralis lateralis; 14 — a. glutaea inferior; 15 — a. Tectalis media; 16 — a. pudenda interna; 17 — a. rectalis inferior.

Лимфа айналымына тік ішек өте бай (№3- сурет). Лимфа сұйығы екі бағытта жүреді - ампуладан жоғары бағытта іш қуысының артындағы лимфа бездеріне (1-2), ал аналды жағы – іш қуысының артында (3-5), тік ішек айналасына (6) және шап аймағында (7), орналасқан бездерге келеді.

Егер шап бездері үлкейсе міндетті түрде саусақпен тік ішекті көру керек. Ректосигмоидты және ампуладағы рак тік ішек айналасындағы май қабаттары мен іш қуысының артындағы лимфа бездеріне бөгелме ісік берсе, көтендегі рак осы жерлерге және қосымша шап бездеріне де бөгелме ісік береді. Сондықтан тік ішектің төменгі бөлігіндегі ракта міндетті түрде шап бездерін тексерген жөн.

«Тік ішек» деген ат анатомиялық тұрғыдан сәйкес емес, ол негізінде тік емес, қисық боп келеді, Ол сегізкөзбен құймышақтың пішініне қарай, әуелі артқа, ал оның ең ұшында - алдыңғы жаққа иілген. Бұларды ректороманоскопия жасағанда ескеру керек.

Тік ішек рагының эпидемиологиясы.

Тік ішек рагы - жер шарында көп тараған ісік ауруы, оның жиі кездесетін жерлері Австралия, АҚШ, Канады, Израиль, кейбір Еуропа елдері, соның ішінде Ресейде де бар. Тік ішек рагы, Рессейде барлық қатерлі ісіктердің 6,0% құрайды. Еркектерде 1,5 есе жиі байқалады. Жалпы Орта Азия елдері бұл аурумен сирек зақымданады.

Тік ішектің клиникалық анатомиясы - student2.ru

№ 3- сурет.Тік ішек лимфа айналым жүйесінің жобалы кестесі.

Республика бойынша (№4-сурет) орта есеппен (2006-2012 жж.) тік ішек рагының аурушаңдық көрсеткіші – 7,4%ooo тең болса, бұл деңгейден асып түсетін облыстарға: Қарағанды (10,3%ooo), Шығыс Қазақстан (10,9%ooo), Солтүстік Қазақстан (12,6%ooo), Қостанай (12,9%ooo), Ақмола (13,4%ooo) және Павлодар (13,4%ooo) облыстары жатады.

Төменгі деңгейдегі көрсеткіштерді Қызылорда (2,5%ooo), Оңтүстік Қазақстан (2,7%ooo), Жамбыл (3,5%ooo), Алматы (4,5%ooo) және Маңғыстау (4,8%ooo) облыстары қалыптастырады. Сонымен қатар Алматы қалаласындағы тік ішек рагының орташа аурушаңдық көрсеткіші 11,0%ooo тең болса, ол – Астанамен (6,7%ooo) салыстырғанда 1,6 есе жоғары болған.

Қазақстан аймақтары бойынша тік ішек рагының орташа аурушаңдық көрсеткіші де біркелкі емес (№5-сурет). Ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіш Орталық (9,4%ooo), Шығыс (12,2%ooo) және Солтүстік (12,7%ooo) аймақтарда анықталса, ал ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік өңірде (3,3%ooo) тіркелген. Оңтүстік өңірдегі елдердің тік ішек рагымен аурушаңдық көрсеткіші, басқа Қазақстан аймақтарымен салыстырғанда 3 есе аз. Ресейде де, Қазақстанда да тік ішек рагымен ауырған адам саны кейінгі жылдарда сәл де болса өсуде.

Сонымен жоғарғыда көрсетілген тік ішектің Қазақстанда таралу өзгешілігіне сүйене отырып, жергілікті қазақтар көп орналасқан аймақта тік ішек рагы, басқа өңірімен салыстырғанда сирек кездесетіні анықталып отыр. Бұл жерде Қазақстан аумағында тұратын әрбір этносты топтардың тағам ерекшелігіне байланыстығы күмән тудырмайды. Бұл мәселе терең ғылыми зерттеуді қажет етеді.

Тік ішектің клиникалық анатомиясы - student2.ru№4- сурет. Тік ішек рагының Қазақстан облыстары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2012 жж.)

Тік ішектің клиникалық анатомиясы - student2.ru

№5- сурет. Тік ішек рагының Қазақстан аймақтары бойынша орташа аурушаңдық көрсеткіші (2006-2012 жж.)

Тік ішек рагы адам жас өскен сайын, оның меншікті үлесімен аурушаңдық көрсеткіші де өседі. 70-тен асқандарда, 40-49-дағыларға қарағанда, ісік 10 есе сирек анықталынады.

Тік ішектің өлім-жітім көрсеткіші Қазақстанда 2011 жылы - 4,5%ooo-ке тең болса, аурушаңдық көрсеткіші -7,5%ooo болды. Тік ішек рагы, барлық қатерлі ісіктен өлген адамдардың ішінде 7- орнынды алып тұр. Өлімнің ең көбі Солтүстік, Орталық және Шығыс аймақтарында орналасқан облыстарда кездеседі. Өлім-жітім деңгейі 2000 жылмен салыстырғанда (5,2%ooo) барлық қатерлі ісіктердегі өлім жөнінен 5-орыннан 7-орынға (2011ж) көшті. Тік ішек рагын қоздырғыш себептер тоқ ішектің жиекті бөлігінен айырмашылық жоқ.

Нақты ісік алды ауруына жанұялы түймешіктер жатса, нақты емеске безді түймешік жатады. Ойық жаралы тоқ ішектің қабынуы, Крон ауруы, іріңді жыланкөздер, рак ауруына сирек ұшыратады.

Сақтандыру шараларына- дұрыс тағамдану, соның ішінде, майлы, талшықтары көп тағам, нәжістің дұрыс жүруіне ықпал етеді.

Наши рекомендации