Модульдер бойынша пӘнніҢ таҚырыптыҚ жоспары

Азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Жалпы биология және геномика кафедрасы

(кафедра атауы)

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Жалпы биология және геномика кафедрасының меңгерушісі

________ Берсімбай Р.І.

________20____ж.

5В060700«Биология»

(мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)

мамандығының (тарының) білім алушылары үшін

Мүшелер мен жүйелердің функционалдық морфологиясыпәні бойынша

(пәннің толық атауы)

FZH4308 Функционалдық жүйе

(модульдің атауы және коды)

Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)

Астана 2016

Мүшелер мен жүйелердің функционалдық морфологиясы пәні бойынша Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)

(пәннің атауы)

Оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған

Құрастырған(дар) ___________ м.ғ.к., аға оқытушы Ж.С. Талдықбаев

(қолы) (Т.А.Ә., лауазымы, ғылыми дәрежесі)

Кафедра отырысында қарастырылды, хаттама № ______ «______» __________20__ ж.

Кафедра меңгерушісі ______________ б.ғ.д., профессор Р.І. Берсімбай

(қолы) (Т.А.Ә.)

Факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында мақұлданды хаттама № ______ «______» __________20__ ж.

Факультеттің ОӘК төрағасы ______________ Ж.Е. Джакупова

(қолы) (Т.А.Ә.)

Түсініктеме хат

Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Мүшелер және жүйелердің функционалдық морфологиясы» биолог бакалаврларға негізгі оқу пәні болып есептеледі. Себебі, даму негізінің құрылымын түсіну фундаментінің және организмнің қызметін оқытады.

Пәннің мақсаты:

Жануарлардың немесе адамдардың мүшелерінің құрылымдық ұйымдастырылуын және ішкі ұлпа элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын және бір-біріне тәуелділігін оқытады.

Пәннің міндеттері:

1. Адам немесе жануарлар организмінің және жүйелерінің құрылысын, қызметін, дамуын теориялық жүзінде оқып білу;

2. Ұлпалар мен жасушалардың ағзалар құрамында қызметтері мен құрылымдарын теориялық жүзінде білім алу.

Пререквизиттер

Аталған пәнді меңгеру үшін жалпы биология, гистология және цитология, эмбриология, экология, молекулалық биология, анатомия, генетика, биохимия, жоғары жүйке жүйе бойынша білімдері қажет.

Постреквизиттер

«Мүшелер және жүйелердің функционалдық морфологиясын» меңгеру барысында келесі пәндерді меңгеруге қажет болып табылады: физиология, молекулалық эндокринология, ЖЖЖ және мінез-құлқы физиологиясы, эндокринология.

Оқу жоспарынан көшірме

Курс 4 Бг-41, 43

Семестр 7

Кредит саны 2

Сабақ түрі Сағаттардың жалпы саны  
 
Дәріс  
Тәжірибелік сабақ    
Семинарлық сабақ    
Зертханалық сабақ  
Студиялық сабақ    
БӨЖ  
Барлығы  

МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

(академиялық сағатта)

№ апталар Модульдің және бағдарламалық материалдардың атауы Сағат саны    
   
1-5 Модуль 1. Орталық қызметін реттеуші ағзалар. Сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдаушы ағзалар. Трофикалық материалды тасымалдаушы ағзалар.      
Дәрістер      
1.1 Жүйке жүйесіне сипаттама, дамуы. Үлкен ми сыңарлары мен мишық. Жұлын. Ағзадағы мүшелер мен мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттеп, үйлестіріп, басқарып, сыртқы ортамен байланыстырып отыратын арнаулы жүйе жүйке жүйесі деп аталады. Жүйке жүйесі морфологиялық құрылымдары мен қызметтеріне қарай 3 бөлімге бөлінеді: 1. Орталық жүйке жүйесі. 2. Перифериялық немесе шеткі жүйке жүйесі. 3. Ерекшеленген (вегетативті) жүйке жүйесі. Артқы ми екі бөлімнен тұрады:алдыңғы бөлімін ми көпірі артқы бөлігін мишық деп атайды. Мишық адам денесінің тепе-теңдігін сақтайды. Жұлын рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.    
1.2 Вегетативті жүйке жүйе, жіктелуі. Олардың құрылысы, топографиясы. Жүйке жүйесінің барлық ішкі мүшелерді,қан және сарысу тамырларын,бездерді,бірыңғай салалы және кейбір көлденең жолақты бұлшық еттерді жүйкемен жабдықтайтын бөлігі вегетативті (ерекшеленген) жүйке жүйесі деп аталады. Құрылысы мен қызметтеріне байланысты ерекшеленген жүйке жүйесі 2 бөлімге бөлінеді: 1.симпатикалық бөлім; 2.парасимпатикалық бөлім.    
1.3 Эндокрин жүйесіне сипаттама және оның жіктелуі. Гипофиз. Эпифиз. Ішкі бездер өнімін ( секрет-өнім) тікелей қанға немесе жұлын сұйықтығына шығарады. Ішкі секреция бездерінің өнімдері гормон деп аталады. Ішкі бездердің көпшілігі өте кішкентай, барлығының салмағы 100 грамнан аспайды. Олар бөлетін гормондар ағзадағы зат алмасу, даму және өсу жыныстық жетілу, сияқты өзгерістерге әсер етеді Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы сына сүйектегі түрік ері шұңқырында орнала-сады. Ұзындығы 8-10 мм, ені 12-15 мм, салмағы 0,3-0,7 г. Без үш бөлімнен: алдыңғы, ораңғы және артқы бөлімдерден тұрады, алдыңғы, ортаңғы бөліктерін аденогипофиз, ал артқы бөлігін нейро гипофиз деп атайды. Аденогипофизде 20 шақты гормондар бөлінеді. Нейроги-пофизде окситоцин және вазопрессин гормондары синтезделеді. Эпифиз немесе томпақ безаралық ми төмпегінің үстінде орналасады. Ұзындығы 1,2 мм, ені 5-8 мм, салмағы 0,25 г. Қызметі жете тексерілмеген, бірақ жыныс мүшелерінің даму-ына кедергі келтіретін гормон бөледі деген жорамал бар.    
1.4 Гипоталамус. Эндокрин бездерінің гипоталамикалық реттелуі. Қалқанша және қалқанша маңы бездері. Бүйрекүсті бездері. Гипоталамус — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істейді. Таламус (көру төмпешігі) - әр түрлі эфферентті жүйелердің импульстер коллекторы. Қалқанша без - ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең үлкен сыңар без. Оның түсі сарғыш-қызыл, жұмсақ болады. Ұзындығы 50 мм, ені 50-60 мм, салмағы 30-50г. Қалқанша без оң, сол және аралық үш бөліктен тұрады. Гормондары тироксин, трийодтиронин, тирока-льцитропин. Гиперсекреция жағдайында Базед ауруы, ал гипосекреция жағдайында микси-дема, кретинизм аурулары дамиды. Қалқанша маңы безі - ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең кіші сыңар без. Ұзындығы 4-8 мм, ені 3-4 мм, салмағы 0,05-0,09 г. Гормоны паратгормон ағзадағы кальций, фосфор ал-масуына әсер етеді. Бүйрекбез екі бүйректің үстінде орналасқан сарғыш түсті жұп мүше. Ұзындығы 49-60 мм, ені 15-20 мм, салмағы 11-20 г. Бұл без адреналин т.б. зат алмасуға қатты әсер ететін гор-мондар бөледі.    
1.5 Сезім мүшелері сипаттама, жіктелуі. Оның дамуы, құрылымы. Дәм сезу, иіс сезу, көру, есту мүшелерінің гистофизиологиясы. Ағзаға әсер ететін түрлі тітіркендіргіштер, сезімтал жүйке талшықтарының ұштары – рецепторлар арқылы қабылданады. Олар арнаулы сезім мүшелерінде немесе денеде орналасқан. Сезім мүшелеріне – көру, есту, дәм, иіс, тері мүшелері жатады. Осы аталған 5 сезім мүшелерінің ми қыртысындағы орталықтарға және жүйкелерге жалғасып жататын тізбектері олардың анализаторы болып саналады. Иіс сезу мүшелері – адамның және жануарлардың иіс қабылдайтын органы. Иіс сезу мүшелері иіс сезу шұңқыршасын жауып жатқан иіс сезу клеткаларынан тұрады. Дәм сезу мүшесі ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді. Көру мүшесі — құрылысы күрделі көру талдағышының (анализаторының) жарықты қабылдағыш шеткі бөлімі. Ол көз алмасынан, көру жүйкесінен, көздің қорғаныс және көмекші мүшелерінен тұрады. Көру рецепторы таяқшалар мен колбатәрізді рецепторлар болып табылады. Таяқша рецепторлары күндізгі жарықты қамтамасыз етеді, ал колбатәрізді түнде көруді қамтамасыз етеді. Есту мүшесі 3 бөлімнен тұрады. Есту мүшесінің және тепе-теңдіктің рецепторлары ішкі құлақтың жарғақ лабиринтінде, дәлірек айтсақ Кортиев мүшесінде және утрикулюс және маккулюсте орналасқан.    
Зертханалық сабақтар      
1.1 Физиологияда қолданылатын негізгі әдістермен және лабораториялық құрал-жабдықтармен танысу. Жұлын рефлекстері.    
1.2. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесі.    
1.3 Ішкі секреция бездері    
1.4 Гипоталамус, гипофиз гормондары.    
1.5 Көру және тері анализаторлар    
БӨЖ      
1.1 Соматикалық жүйке жүйесінің рефлекторлық доғасы. Жұлын. Мишық.    
1.2 Вегетативті жүйке жүйесінің рефлекторлық доғасы. Ганглий құрылысының жалпы ерекшеліктері.    
1.3 Эндокрин жүйесі мүшелерінің жіктелуі. Гипоталамус ядролары және олардың гипофиз қызметін реттеудегі орны.    
1.4 Ортаңғы, ішкі құлақтың құрылысы және дамуы. Кортиев мүшесінің жасушалық құрамы және қызметі. Иіс сезу мүшесінің дамуы, құрылысы және қызметі.    
1.5 Дәм сезу мүшесінің дамуы, құрылысы және қызметі. Эмбриогенезде көру мүшесінің дамуы.    
Модуль 1 бойынша барлығы    
6-10 Модуль 2. Қорғаныс мүшелері. Организмнің трофикасының қамтамасыз ететін мүшелер.      
Дәрістер      
2.1 Жүрек-қан-тамырлар жүйесіне сипаттама және олардың дамуы. Кардиомиоциттерге және өткізгіштік жүйесіне сипаттама. Жүректің регенерациясы. Лимфа тамыры. Жүрек – қанайналым жүйесінің орталық мүшесі. Оның жиырылуы (систола) мен босаңсуының (диастола) нәтижесінде қан айналады. Жүрек көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады, адам еркінен тыс жиырылады. Жүректің сыртын дәнекер ұлпадан тұрады. Перикард қаптап тұрады. Жүрек 4 қуысты: 2 жүрекшеден және 2 қарыншадан тұрады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалар болады. Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты – эпикард, Ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты – миокард. Ішкі қабаты жұқа – эндокард. Жүрек алғашқы эмбриондық дамуда эндодермамен ішкі жапырақша аралығында екі түтікше тәрізденіп басталады.Оның ішкі қабырғасы эндокарт-мезохимадан, ал ішкі мезодермадан біртіндеп қалыңдау, нәтижесінде жүректің миокард қабаты мен сір қабаты эпикард пен үлпершегі-перикард паида болады. Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Вена тамырларының қабырғасы артерия тамырларының қабырғасына қарағанда жұқа болады. Вена тамырлары артерия тамырларымен қабат жатады,осыған орай олардың аттары да аттас болып келеді .Бірақ кейбір веналар артерия тамырларына топографиялық жағынан ешқандай байланысы болмайды. Лимфа жүйесі және оның функциональдық маңызы жөнінде мәлімет. Басқа тамырлар жүйесіне ұқсап ұрықтық мезодерманның мезенхимиясынан дамып, үшінші аптада қызметіне кіріседі.    
2.2 Қан жасаушы мүшелеріне сипаттама. Қызыл кемік, тимус, көкбауыр, бадамша және лимфатикалық бездердің құрылым қызметі, дамуы. Иммунды жүйе — барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты. Адамда екі түрлі иммунитеті болады: 1. іштен туа біткен иммунитет; 2. жүре пайда болған иммунитет Иммундық жүйенің қызметі: организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді; организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды; организмді аурулардан қорғайды. Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі. Иммундық жүйе мүшелері: - орталық иммундық жүйе мүшелері: тимус (айырша без), сүйек кемігі; - шеткі иммундық жүйе мүшелері:көкбауыр, лимфа түйіндері, әр түрлі ішкі мүшелердегі лимфоидті ұлпа жиынтықтары. Тимуста – Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі. Сүйек кемігі – бағана жасушалар түзілетін мүше. Бағана жасушалар иммундық жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі көзі. Көкбауыр – қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған формалық элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр ретінде қызмет атқарады. Лимфа түйіндері – лимфоциттер түзілетін шеткі қантүзу мүшесі. Лимфа түйіндерінде фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады, Т- және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі. Лимфа түйіндері қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады. Тері - ағзаны сыртынан жауып жатқан жабынды. Тері ұрықтың дамуы кезінде екі жапырақшасынан бастау алып дамиды. Тері эпидермисі- эктодермадан, ал оның астындағы дәнекер тінді— дерма қабаты- сомиттің туындысы дерматомнан дамиды. Терінің атқаратын қызметі: 1. Қорғаныш 2. Сезімталдық 3. Ыдырау өнімдерін шығару. 4. Жылу реттеуші. 5. Тыныс алу Тері туындылары: шаш, тырнақ, бездер (май, тер және сүт бездері).    
2.3 Тыныс алу мүшелері. Жалпы сипаттама, дамуы. Тыныс алу жүйесі ағзаның өмірлік маңызы бар қызметтерінің бірі-сыртқы орта мн ағза арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ иіс сезу және дыбыс шығарып сөйлеу қызметтерін атқарады. Тыныс мүшелеріне мұрын қуысы,көмекей,кеңірдек,екі бронхы және екі өкпе жатады. Тыныс алу жүйесі екі бөлімнен тұрады: ауа өтетін жолдар және тыныс алу жүйесінің респираторлық бөлімі өкпенің альвеолары. Мұрынның кілегейлі қабатында қан тамырлары көп болады.Мұрын қуысы көп қабат кірпікті эпителиймен қапталған. Эпителий қабатында көптеген колба тәрізді бездер бар.Олар секреттерімен қылшықтарды ылғалдандырып тұрады.Соның әсерінен мұрын қуысына кірген шаң тозаңдар ұсталынып қалып отырады. Тыныс көлемдеріне жатады: ТК, ТАҚ, ТШҚ, ӨТС, ҚК (ОО), ТМК.    
2.4 Тері және оның туындылары. Дамуы. Тері - ағзаны сыртынан жауып жатқан жабынды. Тері ұрықтың дамуы кезінде екі жапырақшасынан бастау алып дамиды. Тері эпидермисі- эктодермадан, ал оның астындағы дәнекер тінді— дерма қабаты- сомиттің туындысы дерматомнан дамиды. Терінің атқаратын қызметі: 1. Қорғаныш 2. Сезімталдық 3. Ыдырау өнімдерін шығару. 4. Жылу реттеуші. 5. Тыныс алу Тері туындылары: шаш, тырнақ, бездер (май, тер және сүт бездері). Тер бездері тер бөледі. Терідегі май бездері май бөледі. Tepi майы шашты және терінің үстін майлайды, теріге жұмсақтық және серпімділік қасиет береді. Шаш және тырнақ- бұлар терінің мүйізделген құрамы. Шаш денені жауып тұрады. Теріде шаштың түбi болады. Оның түбіне қан тамырлары, жүйке талшықтарының ұшы мен бұлшық ет талшықтары ұштасып жатады. Шаштың түсі ондағы бояғыш заттарға байланысты. Бояғыш заттардың ыдырауынан шаш ағарады. Тырнақ саусақ басын закымданудан қорғайды. Кейбір адамдардың денесінде түсі өзгерген тepi бөлігі — қал және бөрткен тәрізді мең болады; сондай-ақ аяқ пен қолда мүйізденген өсінді — сүйел кездеседі.    
2.5 Ас қорыту мүшесіне сипаттама, дамуы. Кілегей қабығының жалпы құрылым ерекшелігі. Тілдің құрылысы. Сілекей бездерінің ерекшеліктері. Тістің құрылысы мен дамуы. Ас қорыту жүйесіне ауыз қуысы ондағы мүшелер, жұтқыншақ, өңеш,асқазан, жіңішке ішек, тоқ ішек, бауыр, ұйқы безі сияқты мүшелер жатады. Бұл мүшелердің негізгі қызметі асты шайнау, езу, химиялық жолмен қорыту, ұсақтау, сору, сіңіру болып табылады. Ауыз қуысы- асқорыту жолының алғашқы бөлігі. Ауыз таңдай, тіл құрмау, ұрт бүлшық еттері, ерін, тамақ тесігімен шектелген болып келеді. Тіл -қимылдап тұратын бұлшық етті мүше . Астың жұтылуына көмектеседі және сезім мүшелеріне жатады. Тістер ауыз қуысындағы астыңғы және үстінгі жақ сүйектерінің иектеріндегі тіс ұяларында орналасады. Олар сүт тісі және тұрақты тіс болып 2-ге бөлінеді. Тұрақты тіс 32. Тіс қатарында 8 тіс орналасады, 2-і күрек, 1-і сүйір, 2-і кіші азу, 3-і үлкен азу тіс деп аталады.    
Зертханалық сабақтар      
2.1 Қанның физико-химиялық қасиеттері. ЭТЖ. Гемолиз және оның түрлері. Автоматия. Қан топтары    
2.2 Қан жасаушы мүшелердің морфологиясы: қызыл сүйек кемігі, лимфа түйіні, көкбауыр.    
2.3 Спирометрия және пневмография. Өкпедегі газ алмасу және зиянды кеңістіктің манызы.    
2.4 Қосмекенділердің сыртқы көрінісі, терісі, бұлшық еттері    
2.5 Ауыз қуысындағы ас қорыту    
БӨЖ      
2.1 Қан тамырларының эмбрионды дамуы. Күретамыр және көктамырдың жіктелуі. Эндокард, миокард және эпикардтың дамуы мен құрылысы.    
2.2. Қызыл сүйек кемігіндегі эритроидты аралшалардың құрылысы. Эмбриогенезде тимустың дамуы. Лимфа түйіндерінің, көкбауырдың негізгі құрылыс жоспары, қызметінің маңызы.    
2.3 Өкпенің респираторлық және ауа өту бөлімдерінің эмбриональды дамуы. Трахея құрылысы.    
2.4 Эпидермистің, дерманың пайда болуы және құрылысы. Эпидермистің пролиферативті бірлігі. Шаш тамырының құрылысы, тіршілік кезеңіне сипаттама. Тер бездерінің құрылысы, орналасуы және алуантүрлілігі.    
2.5 Тілдің құрылысы. Сілекей бездерінің ерекшеліктері. Тістің құрылысы мен дамуы.    
Модуль 2 бойынша барлығы    
11-15 Модуль 3.      
Дәрістер      
3.1 Өңеш, қарын және ішектердің құрылысы және олардың жабынды эпителий клеткалары мен бездерінің ерекшеліктері. Асқазан және ішектің эндокрин элементтері. Жұтқыншақ ұзын еттерден тұратын ұзын қалташа. Онда 7 тесік бар. 2-уі хоана,2-уі Евстахий, қалған үшеуіне ауыз тесігі,өңештің ауызы,көмейдің ауызы жатады. Жұтқыншақтың ұзындығы 12-14 смжәне үш бөліктен:мұрын ,ауыз,көмей-жұтқыншақ бөлімдерінен тұрады. Өңеш- асқазан қуысын жұтқыншаққа жалғастыратын бұлшық етті түтік.Оның қабырғасы 3 қабаттан: кілегейлі,бұлшық етті,дәнекер ұлпалы қабаттардан түзілген. Өңеш 3бөліктен:мойын,кеуде,құрсақ бөлімдерінен тұрады. Қарын-ас қорыту жолының ең кеңейген бөлігі. Қарынның шыға беріс сүйірленген бөлігін таз қарын,жоғары бөлігін денесі деп атайды. Қарынның кілегейлі қабатында шұңқырлар мен алаңдар, қатпарлар дәне бездер болады. . Қарынның бұлшық еттіқабаты ұзына бойы,сақиналы,ішкі қиғаш қабаттардан тұрады. Қарынның сыйымдылығы 3 литр.ұзындығы 25-30 см ,ені 12-14 см. Қарында астың химиялық өңдеу және су сіңіріледі. Аш ішек қарыннан басталып тоқ ішектің бүйен бөлігімен шектеле-ді,ол асқорыту жүйесінің ең ұзын бөлігі.Тірі кезде ұзындығы 2,2-4,4 ,мәйітте 5-6 метрге дейін жетеді. Жіңішке ішек ұлтабар,аш ішек және мықын ішек деп аталатын бөліктерден тұрады. Аш ішекте ас қанға сіңіріледі. Тоқ ішектер - асқорыту жүйесінің соңғы бөлігі.Ол мықын ішектің қосылған жерінен басталып,тік ішектің артқы тесігімен аяқталады. Тоқ ішектер буыл-тықтанып тұрады және үш бөлімге: бүйен ішек,жиек ішек,тік ішекке бөлінеді. Бүйен ішек тоқ ішектің қалталанған бөлімі,оның түбінде ұзындығы2-12 см құрт тәрізді өсінді немесе соқыр ішек болады. Тоқ ішекте нәжіс пайда болады және кейбір витаминдер жасалынады.    
3.2 Бауыр және ұйқы безінің дамуы, қанмен қамтамасыз етілуі, ультрақұрылымы және ұлпалық қызметі. Бауыр құрсақ қуысының оң жағында, диафрагма астында орналасқан. Төрт бөлімнен тұрады. Биохимиялық лаборатория болып саналады, себебі бүкіл қорытылған астың өнімдері химиялық заттар, токсиндер бауыр арқылы тазартылады. Ұйқы безі – құрсақ қуысының сол жағында, қарынның артында орналасқан аралас бездер болып табылады. Өйткені, ұйқы безі екі түрлі қызмет атқарады: экзокринді және эндокринді. Экзокринді он екі елі ішекке өзінің өзегі арқылы ұйқы безінің сөлін бөліп тұрады, сөйтіп ас қорытуға көмектеседі. Ал екінші қызметі: Лангерганс ошақтары арқылы қанға гормондар бөліп тұрады – инсулин және глюкагон. Бұл гормондар қандағы қанттың мөлшерін қалыпты жағдайда ұстап тұрады.    
3.3 Сыртқа шығару мүшелері. Бүйректің жалпы құрылым қызмет сипаттамасы. Бүйректің эмбриогенезі. Несеп жыныс мүшелері физиологиялық жағынан әр түрлі қызммет атқаратын 2 жүйеден несеп жүйесі және жыныс жүйесінен тұрады . Несеп жүйесі зәрді сыртқа шығару ал жыныс жүйесі көбю қызметтерін атқарады. Несеп мүшелеріне мыналар жатады: 1) оң және сол бүйрек 2) оң және сол зәрағар түтіктер 3) қуық 4) зәр шығаратын үрпі жолы. Бүйрек құрсақ қуысында І-ІІ бел омыртқаалаардың тұсында орналасқан жұп безді мүше. Бүйрек құрсақ қуысыныың артын ала ішперденің сыртындағы байламдарға байланып тұрады. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда жарты омыртқадай төмен орналасады. Бүйректің ұзындығы-12 см, қалыңдығы-4 см,ені –6 см, салмағы 120 г, шеткі жиегі дөңес, ортаңғы жиегі ойыс болып келеді.Ішкі артерия ,жүйке кіретін, вена,сарысу тамырлары зәрағар түтігі шығатынжағын бүйрек қақпасы деп атайды. Бүйректі екіге қақ жарып қарағанда оның ішкі қойнаудан және оны айналдыра қоршап жатқан бүйрек затынан тұратыны көрінеді. Бүйрек заты екі бөліктен тұрады: 1.қыртыс заты 2.милы(жұмсақ) заты. Қыртыс зат қызыл қоңыр түсті қалыңдыығы 4 мм болады.    
3.4 Нефронның микроскопиялық және субмикроскопиялық құрылысы және қызметі. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері. Бүйректің эндокрин қызметі. Бүйректің құрылымдық бі-рлігі-нефрондар осы қыртыс затты құрайды.Нефрон капилляр тамырлары және Шумлянский –Боумен капсуласынан түзілген.Жұмсақ зат сүййір пішінді бүйрек пирамидаларынан түзілген. Нефрон – бүйректің құрылым-қызмет бірілігі. Нефрон құрамы: Шумлянский-Боумен капсуласынан; бірінші және екінші иірім түтікшелерінен, Генле ілмешегінен және жинағыш түтікшелерінен тұрады. Бүйректе қанмен қамтамасыз ету өздігінше, оларда тамыр торшалары ерекше. Соматикалық капиллярдан бүйректің капилляр түйіндерінде гидростатикалық қысым жоғары, яғни 50-70 мм сынап бағанасын құрайды. Мұның себебі, бүйректің қолқаға жақын орналасуы. Екінші жағынан, капсула түйінінен шығатын тамырдың диаметрі кіші болғандықтан, капиллярлық түйіндер торында қан қысымының жоғарылауына мүмкіндік туады да сүзу процесі күшейеді. Бүйректің эндокриндік қызметі, яғни ренин гормонын бөледі. Ол қанға түсіп, қандағы белсенді емес ангиотензин-I-мен байланысып, оны белсенді ангиотензин-II-ге айналдырып, қан тамырын қысады, сөйтіп қан тамыры қысымын көбейеді.    
3.5 Көбею мүшелері. Дамуы, әйелдердің жұмыртқа бездері, олардың дамуы. Овуляция және сары денешік циклы. Жатыр кілегей қабығындағы циклдік өзгерістер. Эмбриондық дамудың негізгі кезеңдері (эмбриогенез). Ұрықтану және оның биологиялық маңызы. Ұрықтану — аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуынан зиготаның пайда болуы. Ол – эмбриондық дамудың бірінші кезеңі. Ерлер мен әйелдердің жыныс мүшелері жатады. Ерлердің жыныс мүшелері: 1)Ішкі жыныс мүшелері. 2) Сыртқы жыныс мүшелері болып бөлінеді. Ішкі жыныс мүшелеріне ен, ен қосымшасы, ұрық шығаратын шашатын жолдар,шәует қуықшасы, қуық алды безі,бадана безі жатады. Еркектің ішкі жыныс мүшелері ұрық түзуге оны шәуетке айналдыру қызметін атқарады. Еркектің сыртқы жыныс мүшелері ұма және еркектің жыныс мүшесі болып екіге бөлінеді. Аналық жыныс мүшелері былай жіктеледі: 1)Ішкі жыныс мүшелері. 2) Сыртқы жыныс мүшелері болып бөлінеді. Ішкі жыныс мүшелеріне аналық жыныс безі,бездің сағағы, жатыр түтіктері, жатыр, қынап жатады. Сперматозоидтардың даму процесі – сперматогенез еркек жануарлардың жыныс безінде жүреді. Бұл процесс кезегімен өтетін төрт кезеңнен тұрады: көбею; өсу; жетілу; қалыптасу. Овогенез кезегімен жүретін үш кезеңнен тұрады: көбею; өсу; жетілу. Көбею кезеңі жұмыртқалықтың фолликулалы аймағында жүреді. Гаметобластардан жас жыныс торшалары – овогониялар түзіліп, митоз арқылы бөлініп көбейеді. Бөліну процесі тоқтаған овогониялар сыртынан қоректік зат қорымен қамтамасыз ететін бірқабат жалпақ фолликулалық торшамен қапталып, ұрғашы жануарлардың жыныстық жетілу мерзіміне қарай өсу кезеңіне өтеді. Жұмыртқаның Граафов сауытынан аналык жыныс безінің үстіне түсуіп овуляция деп атайды. Граафов сауытының орнына жаңа орган сары денешік дамиды. Егер жұмыртка урыктанса, жуктілік сары денешік, ал жұмыртка ұрыктанбаса, жалған сары денешік дамиды. Жүктілік сары денешік жалған сары денешіктен ірі болады. Сары денешіктің дамуы фолликулярлы клеткалардың көбеюінен басталады. Олардың көбеюімен қатар өзін қоршаған дәнекер тканінен қан капиллярлары өсіп дамитын органның ішінде көптеген қан тамырлары түзіледі. Фолликулярлы клеткалардың протоплазмасында пайда болған пигмент-лютеин денешікке сары түс беріп тұрады. Сары денешік тез арада жойылып кетеді. Сары денешік гормон шығарып овуляцияны уакытша токтататың без. Адамда Граафов сауытының пісуі және овуляция аналық жыныс безінін бірде он, бірде сол бөлігінде болып отырады. Аналық жыныс безіндегі циклді өзгерістер Граафов сауытының пісуі, овуляция және сары денешіктің түзілуі жатынның қабырғасындағы өзгерістермен тығыз байланысты. Сары денешік гормонының әсер етуінен жатыннык шырышты кабығы жуандап, ұрықтанған жұмыртқаны кабылдауга, оны қоректендіруге дайындык жасайды.    
Зертханалық сабақтар      
3.1 Сілекейдің физико-химиялық касиеттері мен құрамын анықтау, ферменттерінід әсе-рін зерттеу. Қарындағы ас қорыту. Қарын сөлін зерттеу.    
3.2. Ішектегі ас қорыту. Ұйқы безі сөлінің ферменттері. Сіңіру. Өттің құрамы, қызметі    
3.3 Зәр бөлінуінің реттелуін зерттеу.    
3.4 Бөлу жүйесі. Зәрдің фильтрациясы және секрециясы    
3.5 Гаметогенез. Күйіт пен овуляцияны сәйкестіру тәсілдері    
БӨЖ      
3.1 Жұтқыншақ, қарын және ішектердің құрылым ерекшеліктері.    
3.2 Эмбриогенез кезеңіндегі бауырдың, ұйқы безінің дамуы. Бауырдың, ұйқы безінің құрылысы, қызметі.    
3.3 Адам эмбриогенезінде про-, мезо- және метанефростың дамуы.    
3.4 Бүйрек денешігінің құрылысы және қызметі. Бүйректің эндокринді аппараты және оның функциональды рөлі.    
3.5 Эмбриогенездегі ұрық безінің, аналық жыныс безінің дамуы. Ұрық безінің, аналық жыныс безінің құрылысы. Сперматогенез. Овогенез. Фолликулалар өсу кезеңдерінің реттілігі. Сары денешіктің қалыптасуы, құрылысы, маңызы. Жатырдың, жұмыртқа жолының, сүт безінің дамуы мен құрылысы.    
Модуль 3 бойынша барлығы    
БАРЛЫҒЫ  

Наши рекомендации