Базидиомицеттердің систематикасы
Базидийлердің құрылысы негізінде Basidiomycоtа бөлімі 3 класқа бөлінеді. Нolobasidiomycetes класы
Бұл кластың өкілдері бөлінбейтін біржасушалы базидияның түйреуіш тəрізді немесе цилиндрлік формалары бар, олар дикариотипті мицелийдің жіпөрімінен дамиды. Əр түрлі құрылысты жақсы дамыған жемісті денесі бар.
Оның сапротрофты жəне паразитті формалары да бар .
Нeterobasidimycetes класыГетеробазидиальді саңырауқұлақтардың негізгі белгілері болып оның өкілдерінің өзіндік жемісті денесінің жəне базидийлердің болуы, көпжасушалы, не дифференцияланған гипобазидия жəне эпибазидияның (яғни гетеробазидия) болуы болып табылады. Гетеробазидиальдыларды көбінесе ашытқы саңырауқұлақтар деп атайды. Бірақ бұл өте дұрыс емес, бұл саңырауқұлақтар арасында жемісті денелермен құрғақ консистенциялы түрлері бар. Гетеробазидиальды саңырауқұлақтар арасында үлкен əр түрлі формалы жəне саңырауқұлақтардың жемісті денесінің сыртқы құрылысының көптеген типі жалаңаш базидиальды саңырауқұлақтар болады Кейде олардың ұқсастығы өте жақсы, оларды микроскоптық сараптау арқылы анықтауға тура келеді. Гетеробазидиальдылардың көпшілігі - қарағайлы жəне жапырақты ағаштарда өсетін сапротрофтар. Олар ормандарда немесе топырақтарда көптеп кездеседі. Олардың арасында жоғары сатыдағы өсімдіктер де паразитті тіршілік етеді. Сол сияқты жартылай паразиттер де бар (Auricularia mesenterisa). Сол сияқты паразит саңырауқұлақтар да кездеседі. Олар мүктерде, папоротниктерде де өседі. Бұл жағдайда олардың жемісті денесі нашар дамыған, сирек те болса кейде мүлдем болмайды жəне базидийлер саңырауқұлақ - паразит түзіледі (Tremella). Бұл үнемі жүйелеуде ауытқуға əкеледі. Гетеробазидиальды саңырауқұлақтардың практикалық маңызы аз зерттелген. Көпшілік түрлері ағаштарды бұзушылар болып табылады жəне қарашіріктің түзілуіне қатысады . Олардың арасында паразиттер көп емес, халықшаруашылықтық маңызы бар түрі - Rhizoctonia crocorum – беде, жоңышқа жəне көптеген бақша дақылдарының сəндік ағаштардың тамырын шірітеді. Кейде кəдімгі сапротрофты саңырауқұлақ Auricularia mesenteriсa өзін паразитті көрсетуі мүмкін. Белгілі бір жағдайда ол əлсіз жеміс ағаштарын (алма, алмұрт саңырауқұлақтар əзірге белгісіз. Жеуге жарамдылары да көп емес, бірақ аз болуы себепті жəне дəмдік сапасының төмендігіне байланысты оларды тамаққа пайдаланбайды. Тек кейбір Auricularia туысының түрлерінің Қытайда, Жапонияда жəне т.б. жерлерде маңызға ие. Олардан ұлттық тағамдар дайындайды. Гетеробазидиомицеттердің жемісті денесі əр алуан. Ең қарапайымы – жемісті денесі, олардың арасынан 4 типті бөліп қарауға болады. Гипохноидты тип - жемісті денесі өте жұқа шырмалған жіпөрімнен тұрады, олар таралып жəне топты базидияларды түзеді. Тығыз гимениальды қабаты болмайды жəне жемісті денесі өрмек тəрізді түрі бар (Tulasnella, Bourdotia). Кортициоидты тип - жұқа жемісті денелі, тығыз гимениальды қабықпен қапталған (Exidiopsis, Heterochaeta, Heterochaetella). Кортициоидтық жемісті денелері тегіс, бірақ кейде стерильді тікенектермен қапталған (Heteroc Стероидты тип – қалың ресупинатты жемісті денесі қатты – терілі консистенциядан, сызықтық шеті анық (Exidiopsis, Eichleriella) түрін біріктіреді. Ресупинаттықтарда жемісті денелері гименофор тегіс, жалпақ болып қана қоймайды, бірақ Hydnaceae сияқты тікенектер орналаспайды (мысалы, Protodontia туысы). Гетеробазидиальды саңырауқұлақтар үшін жастықша тəрізді жемісті денесі болып табылады. Бұл жемісті денелер атауларын эксидиоидты типтердің жемістік денесінен алды. Бірақ іскен, жастық тəрізді болып тек жаңбырлы немесе ылғалды ауа райында болады. Құрғақ ауа райында олар барлық ылғалын тез жоғалтады жəне құрғақ, мүйізшелі жұқа қабат немесе қабыққа айналады. Жаңбырлы ауа райы басталысымен олар қайтадан ісінеді, суға толады жəне өзінің өмірін жалғастырады. Осындай эксидиоидті жемісті дене Exidia,Tremella, Dasryopinax, Guepiniopsis туыстарына тəн. Эксидиоидті типтердің туындылары псевдогидноидты жəне аурикулариоидты типті жемісті денелері болып табылады. Псевдогидноидты қалпақ тəрізді дененің бүйіріне жабысқан, кірпікщелі тікенекке ұқсас. Мұндай жемісті дене Pseudohydnum туысында ғана кездеседі. Аурикулариоидты жемісті дене əдетте табақша тəрізді немесе құлақша тəрізді, арқа жағынан орталық нүктеге немесе эксорталық нүктеге бекіген жəне бетінде болады. Мұндай жемісті дене тек Auricularia туысы өкілдерінде ғана кездеседі. Гимений оларда тегіс немесе лабиринт тəрізді болады. Гетеробазидиальдық саңырауқұлақтар арасында жемісті денесі клавароид типті түрлері де кездеседі, мұндай жемісті дене тура тік тұратын, цилиндрлі немесе түйреуіш тəрізді, жаңғақтылардың жемісті денесіне ұқсас болады (олар Cаlоcera жəне Eocronartium өкілдеріне тəн). Сонымен, бұл топтағы саңырауқұлақтарда гимнокарпты жемісті денесімен қатар ( барлық жоғарыда
айтылған типтер) ангиокарпты жемісті денелі саңырауқұлақтар да бар. Олар ұсақ, шар тəрізді, жіңішке аяқтарымен миксомицеттердің спорангийлерін еске түсіреді. Жемісті денесі қабықты перидиймен жабылған, төбесі базидий жіп өрімінен түзілген (Phleogena туысына тəн) жемісті денесінің бояуы өте алуан түрлі, біреулерінде сары жəне қызыл сары түс болса, екіншісінде – қоңыр немесе түссіз, кейде – қызыл, кейбіреулерінде басқа түстер болады. Барлық гетеробазидиомицеттер жіпөрімдер, жемісті денесі біртұтас, яғни мономиттік жіпөрімдер жүйесі (тек Heterochaeta жеке түрлерінде ол димиттік, сонымен қатар қаңқалық жіп өрімдер мен генеративті жіпөрімдерімен) бар. Генеративті жіпөрімдер жұқа қабырғалы, қалың қабырғалы да болуы мүмкін. Олар кейде жіптермен шумақталған болып та кездеседі. Олардың 3 типін ажыратуға болады: доға тəрізді, медальон тəрізді жəне іскен (үрілген). Гимений жемісті дененің төменгі ішкі бетінде орналасқан (унилатеральды немесе біржақты гемений) немесе барлық жемісті денесін жауып тұрады (амифигенді гимений). Базидийде про,- гипо немесе экибазидийлер болып ажыратылады. Кейбіреулерінде эпибазидий рөлін ұзын стеригмалар орындайды. Tremellales қатарының базидиясы – шар тəрізді жасуша, ол ұзынынан өтпелерге 4 жасушаға немесе екі жасушаға бөлінеді. Сосын əрбір жасуша бір - бірден ұзын цилиндрлі стеригмаларды береді (олар эпибазидийлерге сəйкес келеді), базидиоспоралар түзіледі. Tulasnellales қатарындағы базидийлар базидий қуыстарына ұқсас, ал, Tremellales олардан ерекшеленеді, өйткені гипобазидий əрқашан бір жасушалы болып қалады, ал стеригма (эпибазидия) цилиндрлі емес, қалың шар тəрізді жəне базальді өтпелері болады, ол оларды базидийден (гипобазидий) алыстатады. Стеригмалар саны төрттен жетіге дейін болуы мүмкін. Auriculariales қатарындағы базидийдің Tremellales жəне Tulasnellalesтерден айырмашылығы бар. Алғашында оларда шар тəрізді пробазидийлер түзіледі, бірақ одан тек бір ғана эпибазидий өсіп шығады. Сосын көбінесе гипобазидий жоғалады жəне эпибазидий ғана базидий рөлін
атқарады. Ол көлденең өтпелерге 4 жасушаға бөлінеді (2-5 сирек). Əрбір жасушада базидиоспорасымен бір стеригма болады. Стеригмалар өте ұзын болады. Гетеро – базидиомицеттердің базидиспораның ең маңызды ерекшелігі – бұл олардың түзілуі кезінде екінші спораның дамуы, олар формасы бойынша алғашқы базидиоспораларға ұқсас болады. Кейде екінші споралар ұсақ конидийлерден түзіледі. Гименийде кейде жыныссыз споралар – конидийлер пайда болады. Əдетте олар ( Dacrumyces deliquescens, Tremella mesenterica) 164 базидиясы түрінде көрінеді, бірақ кейде базидиямен жіпөрімдерде біруақытта түзіледі.
Teliobasidiomycetes класы
Бұл класс жоғары сатылы өсімдіктердің паразитті саңырауқұлақтарын біріктіреді. Базидийлар – тыныштық күйдегі споралар – телиоспоралар немесе склеробазидийлер өскенде пайда болады. Олардың тығыз қабықшасы бар, хитиннан, меланин мен басқа да заттардан тұрады. Бұл саңырауқұлақтардың жемісті денесі болмайды. Бұл класқа екі қатар кіреді; Ustilaginales – жəне Uredinales саңырауқұлақтары .
Қолданылған әдебиеттер:
1. Абдрахманұлы О. Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Астана 2012 ж
2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы, 2011ж