Жартылай буынды немесе симфиз

Анатомия

Анатомия спорт.морф.

1)Мақсаты- Анатомия сп-қ морф-я негізімен сп-қ сан алуан түрлерінен жаттықтыруларды және дене тәрбиесінен дәріс беретін мұғалімдерді мед-қ,биол-қ даярлықтан өткізетін фундаменталды теор-қ пән ретінде мамандардың тек қанаболашақ қызметінің обьектісітуралы білім беру ғана емес,сондай-ақ қажетті тәжірбиелік дағдыларды игеруді қамтамасыз ету болып таб-ы.Сондай-ақ келешек мұғалімдерді балалар мен жасөсп-ң организм дамуы,олардың дене жүктемелеріне бейімделуі және қалыптасқан қайта түзулердің физ-қ мех-і ерекшел-мен таныстыру.

2) Дəнекер ұлпасының түрлері мен атқаратын қызметі

Дәнекер ұлпасы (textus соп- nectivus; лат. textus — ұлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады.[1] Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен қаетбаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас етіп түратын олардың стромасын құрайды. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады.

3) Орталық жүйке жүйесінің құрылысы мен атқаратын қызметі

Орталық жүйке жүйесі– адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден), ал омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан. Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі органдардың қызметін, зат алмасуды, өсіп-өну процестерін реттейді.

Нейрон д.

2) Нейрон клеткасы, нейронның құрылысы мен атқаратын қызметі

Нейрон дегеніміз жүйке жасушасы. Ол жүйке жүйесі құрамындығы жеке бөлік , сол жүйенің морфоәрекеттік негізі.Нейрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан – жақты қоршайтын құрылым. Нейрондар пішіні көлемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болсада да , ол дене және өсінділерден тұрады. Нейрон денесінде протоплазма, ядро, басқа жасушаларға тән органоидтар және тек нейронда кездесетін тигроид заттар болады . Нейрон талшықтары ұзындығына қарай аксон , дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның , ұзын ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір таксон , бірнеше дендрит болады. Дендрит аксонға қарағанда көп тармақты болып келеді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігі деп аталады. Төмпешікте тигроид заттар мен миелин қабығы болмайды. Аксон төмпещігінің қозу қабілеті өте жоғары.

3) Көру анализаторының құрылысы, қызметі.

Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүние тануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор. Көру анализаторының сезгіш бөлімі көз алмасында орналасқан. Оларға торлы қабықтағы таяқша және сауытша пішінді фоторецепторлар жатады. Өткізгіш бөліміне к ө р у жүйкесі жатады. Ол көз алмасынан шығып, сопақша миға барып бағытын өзгертеді, содан соң оң көзден шыққан нерв сол жақ ми қыртысының желке тұсындағы көру аймағына, ал сол көзден шыққан көру нерві оң жақ ми қыртысындағы көру аймағына қозуды тасиды. Көру анализаторының қыртыс бөліміне ми қыртысының желке тұсында орналасқан оң және сол жақ көру орталықтары жатады.

Құрылысы бойынша көру анализаторының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш және жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар. Қ о с ы м ш а құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі химиялық заттар, су, шаң-тозаң т.б.) қорғайды. Көз жасының безі мөлдір сұйық – көз жасын түзейді. Оны жуып-шайып, тазартып отырады және сыртқы ауадан келген микроорганизмдерді өлтіріп, олардың жағымсыз әсерінен қорғап қалады, яғни дезинфекциялық (фран.дез- - құрту, жою +инфекция — лат. жүқтыру) қызмет атқарады. Көз жасының артық мөлшері жас қапшығында қорда сақталып, қажет мезгілінде пайдаланылады.

3 эндокринді.бездер

1)Эндокринді бездер немесе Ішкі секреция бездері(glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады

2) Симпатикалық жəне парасимпатикалық жүйке жүйесінің физиологиясы

Вегетативті жүйке жүйесінің іс-әрекеті еріксіз , санасыз жүзеге асырылады және адам еркімен басқарылмайды.

Адамның қалауы бойынша ас қорытуды жылдамдатуға, жүрек жұмысын баяулатуға, тамырлар арнасын кеңейтуге немесе тарылтуға , тер бөлуді тоқтатуға болмайды.

Вегетативті жүйке жүйесі өзінің қызметін атқару барысында сомалық жүйкемен тығыз байланыста болады және организмнің сыртқы ортаға бейімделуіне қатысады.

Құрылыс ерекшелігіне және атқаратын қызметіне байланысты вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.

Егер симпатикалық бөлім жүрек іс-әрекетін қоздырса, парасимпатикалық бөлім баяулатады.

Симпатикалық бөлім ішектің жұмысын тежейді, ал парасимпатикалық жүйе қоздырады.

Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерде орталық және шеткі бөліктері бар.

Симпатикалық бөлімнің орталық бөлігі ми мен сопақша мида орналасқан. Жүйке жасушаларының мұндай шоғырларын вегетативті ядролар деп атайды.

Шеткі бөлігін вегетативті ядролардан тарайтын талшықтар құрайды. Оларды екінші түйіндер деп атайды.

Ядролардан тарайтын талшықтар омыртқа жотасы бойында орталық жүйке жүйесінен тыс симпатикалық жүйке түйіндерін түзеді.

Парасимпатикалық ядролар ортаңғы ми, сопақша ми бөлімдерінде және жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасады.

Жүйке талшықтары сопақша ми ядроларынан шығып, кезбе жүйкенің құрамына кіреді.

Парасимпатикалық ядролар орталық жүйке жүйесінен тыс, мүшелерге жақын түзіледі және олардың талшықтары жүйке импульсін қысқа өткізігіш жолдар арқылы ішкі мүшелерге, теріге, қан тамырларына, тері бездеріне, сезім мүшелеріне береді.

3) Қан клеткалары, олардың функциясы

Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Қан бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде түзіледі Қанның құрамы мен қасиеттері. Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады. Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, ά,β,γ-глобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 % жатады.

Билет - рефлекс

1) Рефлекс доғасы, жүру механизмі.

Рефлекс (латынша «reflexus» – жауап қайтару) сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару реакциясы. Рефлекстер рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады.Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жұйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды. Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу орталық жүйке жүйесінен қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауѓа болады. Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толыққызмет атқарса ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады (болмайды).Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады: 1) жүйке ұштары – рецепторлар (латынша «receptor» немесе «recіpіo» – қабылдаймын, қабылдаушы); 2) сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді); 3)жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі); 4) қозғалтқыш нейрондар; 5) тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.). Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Дененің нақтылы рефлекс тудыратын айма-ғын рефлексогендік аймақ, немесе рефлекс өрісі, деп атайды.

2) Адамның тірек-қимыл жүйесі, тұлға қаңқасы.

Тірек – қимыл жүйелі мүшелеріне қаңқа, сіңір, буын және бұлшық еттер жатады. Адам қаңқасы жануарлар қаңқасына ұқсас.Одан айырмашылығы: 1)адамның омыртқа жотасында ерекше иілімдер -лордоз,кифоз болады.

2)адамның көкірегі жануарларға қарағанда кеңейген,

3) адамның жамбасы жануарларға қарағанда жалпайған,

4)адамның жануарлардыкіндей тұмсығы болмайды.

Қаңқа- скелет ( грекше skeleton- кеберу) адам және жануарлар денесіне белгілі бір пішін берумен бірге, тірек- қимыл және қорғаныш қызметін атқарады. Бұлшық ет, сіңір және буындар болмаса адамның қаңқасы тиісті қызметтерді атқара алмайды.

Қаңқа — тірек – қимыл жүйелі мүшесінің таяныш бөлігі, ал бұлшық еттер олардың белсенді қозғалтқыш бөлігі болып табылады. Адамның қаңқасы 250 сүйектен құралады. Оның 85-сі жұптасқан және 80-ні тақ сүйектер. Сүйек-мүше, ол арнаулы қызмет атқарады және негізінен сүйек ұлпасынан түзіледі. Сүйектердің барлығы сүйек қабығымен қапталады. Бұл өте жұқа және дәнекер ұлпасынан құралған қабат. Сүйек қабығында қан тамырлары, нерв ұштары болады. ол екі сыртқы және ішкі қабаттан құралады. Сыртқы талшықты қабатқа бұлшық ет пен сіңір берік жалғасады да ішкі қабаты сүйек түзетін остеобласт жасушаларынан тұрады.

3) Тер бездерінің бөліну қызметі.

Тері - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы, ішкі және шел қабатынан тұрады. Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Үстіңгі қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды. Терінің эпидермис қабаты - көп қабатты жалпақ эпителий (жабын) ұлпасынан тұрады. Оның қалыңдығы атқаратын қызметіне сәйкес түрліше болады. Үнемі механикалық күш түсетін жерлерде (алақанда, табанда) эпидермис едәуір қалың (0,5-2,3 мм). Көкіректе, құрсақта, санда, білекте, мойында эпидермис қабатының қалыңдығы 0,02—0,05 мм-ден аспайды.

Терінің дерма қабаты дәнекер ұлпадан түзілген. Оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Дерманың эпидермиске жанаса орналасқан сыртқы қабатын - емізікшелі (сосочковый), ішкі жағын - торлы (сетчатый) қабат дейді. Дерманың емізікшелі қабаты тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұрады. Терінің ішкі қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда қалыңырақ болады және теріге серпімділік қасиет береді. Терінің

бұл қабаты қан тамырлармен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған. Мұнда май және тер шығаратын бездер шаштың түбінде болады.

5 билет- рефлекс түрлері

1) Рефлекс ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Рефлекс тудыратын қозудың жүріп өтетін жолын рефлекс доғасы дейді. . Қалыптасу табиғатына, атқаратын қызметіне және биологиялық маңызына қарай Рефлекстер шартты және шартсыз болып бөлінеді.Шартсыз рефлекстер туа пайда болған, тұқым қуалайды және тұрақты болады. Ал шартты рефлекстер жеке организмнің тіршілік ету барысында пайда болады, тұқым қуаламайды және онша тұрақты емес. Шартсыз рефлекстің дайын рефлекторлық доғасы бар, ал шартты рефлекстер болу үшін шартты байланыс деп аталатын, ми қыртысында жаңа байланыс орнауы қажет. Сөйтіп, бұрын болмаған жаңа рефлекторлық доға тұйықталуы қажет. Шартты рефлекстерді жасау үшін қажетті ең негізгі жағдай – индифренттік (өздігінше осы реакцияны тудыра алмайтын, кез келген бөтен) тітіркендіру мен шартсыз, сол реакцияны міндетті түрде тудыратын тітіркендірудің әсер ететін уақытының бір-біріне дәл келуі (ұштасуы).

2) Аралық мидың құрылысы мен қызметі.

Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында аралық ми орналасқан. Аралық ми - пішіні сақина тәрізді үшінші ми қарыншасынын (қуысының) қабырғасын құрайтын ми діңгегінің алдыңғы бөлігі. Ол үш бөліктен: көру төмпегі бөлігі — таламустан, төмпешікасты бөлігі гипоталамустан және төмпекүсті бөлігі — эпиталамустан тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді.

3) Бас қаңқасының құрылысы, байланысуы.

Бас қаңқасында үлкен ми,көру,есту,тепе-теңдік,иіс сезу мүшелері және ауыз,мұрын қуыстары орналасқан . Ми сауытыында қақпақ және негізін ажыратады. Ми сауытының сүйектері жұп және тақ болады.Жұпқа төбе мен самай сүйектері таққа шүйде ,маңдай,сына,тор тәрізді сүйектер жатады Шүйде сүйегі(қарақұс) ми сауытының төменгі және артқы бөлігін құрайды.Оның сыртқы жағы дөңес ішкі беті ойыс келеді. Шүйде сүйегінің үлкен тесігін айнала төрт бөлігі жатады: қабыршақты бөлігі,қос латеральды бөліктері және негізгі бөлігі. Латералды бөлігінің астыңғы бетіндегі екі кебіс тәрізді буын дөңесіне ауыз омыртқаның буын ойысы жалғасады. Сүйектердің байланысу түрлерін 3 топқа бөлуге болады:

1.қозғалыссыз немесе синартрозды байланыстар

2.қозғалмалы,буын немесе диартрозды байланыстар

жартылай буынды немесе симфиз

Қозғалыссыз байланыс кезінде сүйектердің бірімен-бірі қсоылысқан ара жігі білінбей тұтасып кетеді.Сүйектерді жалғастырушы ұлпалардың өзгеру жағдайына қарай синартрозды байланыстар үшке бөлінеді:

А)талшықты немесе синдесмозды байланыстар

Ә)шеміршекті немесе синхондрозды байланыстар\

Б)сүйекті немесе синостозды байланыстар

6 билет- ұйқы безі

1) Ұйқы безі, оның физиологиясы.

Ұйқы безі— жұп емес ағза, ретроперитониалды орналасқан, асқорыту ферменттері (экзокринді бөлігі) мен әртүрлі гормондарды секреттейді. Ұйқы безінің эндокринді бөлігі аралшалардан тұрады. Эмбриогенез сатысында ұйқы безі он екі елі ішектің екі шығыңқысынан дамиды: біреуінен ұйқы безінің басы, екіншісінен денесі мен құйрығы дамиды. Бездің сөл бөлетін соңғы бөлімі көпіршік тәрізді болады. Олардан шығатын шығару өзектері негізгі без өзегін түзеді. Ұйқы безінің өзегі он екі елі ішекке ашылады. Ұйқы безінің эндокринді бөлігін панкреаттық (лангерганс) аралшықтары құрайды. Олардың пішіні дөңгелек немесе сопақша болып, әр түрлі без бөлікшелерінде орын тебеді. Аралшық жасушалары А, В, Д, Д және РР болып бірнеше түрге бөлінеді. Ең көп кезіесетін В- жасушалар инсулин гормонын түзіп, қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны гликогенге айналдырады. А- жасушалар түзетін глюкагон гормоны, керісінше, гликогенді глюкозаға айналдырып, оны қанға өткізеді. Д- жасушалар аз мөлшерде кездеседі. Бұл жасушалардың гормоны А- жасушалар гормондарының түзілуін тежейді. Д- жасушалар қан қысымын төмендететін, үйқы безі сөлінің бөлінуін күшейтетін гормон бөледі. РР- жасушалар гормоны қарын сөлі мен ұйқы безі сөлінің түзілуін реттейді.Ұйқы безінің жалпақтау болып келетін бас жағы ұлтабарға жабысып кірігіп тұрады.

2) талдағыштар (рецепторлар) туралы жалпы түсінік.

Анализаторлар немесе талдағыштар - шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен тұрады: 1) тітіркендіргіштер қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім. Физиологиялық ерекшеліктері:

1)Талдағыштар адекватты(өзіне тән)тітіркендіргіштерге өте сезімтал болады;

2)Адекватсыз тітіркендіргіштерге талдағыштардың сезімталдығы төмен болады;

3)Адаптация-талдағыштардың ұзақ әсер ететін тітіркендіргіштер күшіне бейімделу және т.б

3) Жыныстық деморфизм.

Жыныстық диморфизм (анатомиялық тұрғыдан) еркектер мен әйелдер денесінің бөлшектеріндегі , мүшелер пішіндеріндегі және размерлеріндегі айырмашылықтар. Әйел организімі мұрагерлік информацияның сақтаушсы ретінде өте маңызды биологиялық функцияны орныдайды. Еркек жыныстыларының «өкілдері» эволюцияның «сынақ полигоны, өйткені табиғи «эксперимент» нәтижесінде, гендер мутациясы негізінде пайда болған жаңа белгілердің немесе зияндылығы анықталады». Егер де эволюцияда сол белгілердің құндылығы табылса олар ұрпақта бекиді, егер де сол белгілер зиянды болса, еркектер сол белгіерге ие гендар өледі және түрдің тағдырына ешбір әсер етпейді. Өйткені генеткалық ядроның сақтаушысы, жоғарыда айтылғандай әйел жыныстылар келеді. Өзі сақтап отырған генетикалық информацияда әйел адамның организімі тұқым қуалаушылық мұрагерлігін анықтайды.

Жыныстық айырмашылықтарды белгілі бір жынысқа жататындығымен байланыстырады. Алайда, «жыныс» деген ұғым бай, мазмұнды келеді. Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю.

Есту анализаторы

1) Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді. Құрылысы: есту мүшесі - құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. 1) Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. 2) Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған.

3) Қан топтары. Қанның ұю механизмі.

Қан Топтары – бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбаланады. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады (10-кесте). Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады. Ұю (ұйысу) организмді қан жоғалтудан сақтайтын, қорғаныстық реакциясы. Қанның ұюы жарақат алған жерден қан жоғалтпауға көмектеседі. Қалыпты жағдайда денедегі айналған қанда тромбоциттер, негізгі сары суы және ұюға қажетті қосымша факторлар болады;

Ұлпалар мен тамырлар зақымданғанда одан қан щыға бастайды. Тромбоциттер тамырдың қабырғасына «жабысады» да ұый бастайды. Зақымданған жерді жабады. Ұю факторларын және тамырды тарылтатын заттар бөле бастайды; Организмді қан жоғалтудан сақтайтын, оның ең маңызды қорғаныс механизмі. Қан ұюы нәтижесінде оның ерігіш нәруызы фибриноген ерімейтін фибринге айналады. Қан ұюының ферментативтік үрдіс екенін 100 жыл бұрын орыс ғалымы А.А. Шмидт (1861) тапқан. Қан ұю жүйесінің факторлары екі топқа бөлінеді.:

Гемокоагуляцияны тездететін және қамтамасыз ететін;

Оны тоқтатын немесе баяулататын.

Билет

1)Гипофиз безінің физ-сы

Гипофиз-аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз - бездіжәне жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.

Гипофиз — адам мен жануарлар организмдерінің дамуына, өсуіне, сондай-ақ, олар дағы жүретін зат алмасу процесіне әсер етіп, денедегі басқа ішкі секреция бездерінің қызметтерін реттеуге қатысады. Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады. Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, әйелдерде 100-120 см-ден аспайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.

2) Тыныс алу мүшелері, тыныс алу механизмі.

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметіадамның жасына, жынысына байланысты ерекшеліктері болады.Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді:ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар.Түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше - өкпе;Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарына болып бөлінеді:жоғарғы тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы;төменгі тыныс алу жолдары - көмей, кеңірдек, бронхы.

Мұрын қуысы қызметі.Ауа мұрын арқылы екі бөлікті-қалқалы мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікті-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасқан. Ол эпителийлі қабықпен және көп қан тамырларымен жабылған. Тамырлармен аққан қан түскен ауаны дене температурасына дейін жылытады, ал сілемейлі қабық ауаны ылғалдайды және шаң-тозаңдар мен микроорганизмдерді тұтып қалады. Мұрын қуысында жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.

Көмей қызметі.Көмей - іші қуыс түтік, қабырғалары сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршек тұрады. Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам қатты жөтелгенде дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмей ауаны жұтқыншақ арқылы кеңірдекке өткізеді.

Кеңірдек және бронхылар қызметі.Кеңірдек - өңештің алдында орналасқан ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм. түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Сақиналар мойынның қандай қозғалысы болмасын ауаны ұстап қалмайды Өңешке кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы жанасып, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді. V кеуде омыртқасы түсында кеңірдек екі бронхыға бөлінеді. Бронхылар өкпенің оң жақ және сол жақ бөліктеріне кіріп, тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ұштарындағы жіңішке тармақтары - бронхиолалар өкпе көпіршіктері - альвеолалармен аяқталады.

Өкпенің қызметі.Кіші қан айналымы арқылы өкпеге веналық (көк) қан түседі, бұл жерде оттегімен қанығып, көмір қышқыл газынан ажыратылып, алқызыл түсті артериялық қанға айналады. Көмір қышқыл газы өкпе көпіршіктеріне (альвеолаға) өтіп, дем шығару кезінде ағзадан шығады. Артериялық қан ары қарай үлкен қан айналымы арқылы дене мүшелеріне өтіп, олардың жасушаларын ауамен қамтиды, оны тұтыну барысында жасушалардан көмір қышқыл газы бөлініп шығып, қан қайтадан веналық (көк) болады.

3) Жүректің құрылысы мен қызметі.

Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады.

Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады. Жүректің қызметі дегеніміз - жүрек циклінің үш фазасы: құлақшаның жиырылуы, қарыншаның жиырылуы және жүректің жалпы босаңсуының ырғақты түрде алмасуы.

Жүрек циклінің жалпы ұзақтығы шамамен 0,8 секунд. Жүректің жалпы босаңсу фазасына 0,4 секундтай уақыт кетеді. Жиырылу аралығындағы мұндай тынығу жүрек бұлшық еттерінің жұмысын толық қалпына келтіруге жеткілікті болады. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші организмнің сыртқы және ішкі орта жағдайларына байланысты. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші артса, белгілі уақыт бірлігінде тамырлар жүйесіне қан көбірек айдалады. . Дене еңбегін атқарған кезде, бұлшық еттерден, сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын орталық нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатикалық нервтер бойымен жүрекке келетін импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы артады. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші көбейеді.Жүрек жиырылу жиілігінің баяулауын брадикардия, тездетуін тахикардия дейді.

Билет

2)Иық белдеуін құрайтын сүйектің түрлері, олардың байланысуы.

Иық деп денедегі қолдың кеудеге жалғанатын тұсын айтамыз. Иық белдеуінің сүйектеріне омыртқа жотасының жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері: бұғана және төс сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі арқылы қол сүйектерімен жалғасады. Иық белдеуінің бұлшық еттері иық буынының айналасын қоршап,оны түрлі қимылға келтіреді.Бұлшық еттер иық белдеуінің сүйектерінен басталып кар сүйегіне жабысады. Бұғана - иіліп келген ұзын сүйек. Оның денесі және екі басы болады. Бұғана бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Жауырын — жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жаңа туған сәбидің жауырын сүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетінде, жоғарғы жәңе төменгі бұрыш тарында шеміршектер болады. Иық буыны - жауырынның буын ойысы мен тоқпан жілік басынан түзілген. Тоқпан жіліктің басы жауырынның буын ойысына сәйкес келмегендіктен буын шығуы жиі кездесіп тұрады. Сондықтан буын ойысын айнала жиектеп сақиналы шеміршек орналасады. Ол жілік басын қамтып сәйкестендіріп отырады. Буын қапшығының сыртымен сіңір байламы өтеді. Ол иық буынын бекітіп тұрады. Иық-бұғана буыны - бұғана мен жауырын қосылысынан пайда болады. Бұғананың сырт жақ басы жауырынның иық өсіндісімен қосылып, тегіс буын түзеді. Ол көлденең жатқан сіңір байламы арқылы жауырынның тұмсық өсіндісімен жалғасып, тоқпан жілік басына күмбез жасайды.

3)Айырықша бездің адам ағзасындағы рөлі

Айырша без (грек, thymus — тимус) — омыртқалы жануарлар мен адам организмдеріндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын бөлігінен тұрады.

Айырша без(тимус) кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады. Адамның балалық шағында ірі (30грамм) толады. Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді (20грамм). Қызметі : 1)Бұл без тимозин гармонын бөледі, ол ағзада иммундық жүйеніңорталық жүйесі болып саналады.т 2)Тимозин гармоны жетіспесе, ағзаның иммундық қысиеті төмендейді. 3)Көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді.

Билет

1)Бұлшықет ұлпасы, оның түрлері, функциясы..

Бұлшықет ұлпасы - адам мен жануарлар организмдерінде жиырылу қызметін атқарып, қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асыратын ұлпа. Омыртқалы жануарлар денесінде бұлшықет ұлпасының үш түрі болады. Олар: бірыңғай салалы ет ұлпасы, көлденен жолақты бұлшықет ұлпасы және жүрек бұлшықет ұлпасы. Бірыңғай салалы ет ұлпасы — пішіні үршық сабына ұқсас, екі ұшы үшкірленген, жуандау орта түсында бір ядросы болатын жолақсыз миоциттерден (ет жасушаларынан) тұрады. Ол ішкі мүшелердің, қан және лимфа тамырларының етті қабықтары мен қабаттарын түзіп, еріксіз жиырылады (оның жұмысын автономды вегетативтік жүйке жүйесі реттейді). Жолақты қаңқа бұлшықет ұлпасын бұлшықет талшықтары (миосимпласт) құрайды, ерікті жиырылады. Оның жұмысын сомалық жүйке жүйесі реттейді. Бұлшықет ұлпасы - денедегі бұлшықеттерді түзеді. Бұлшықет ұлпасына тән қасиет оның - жиырылғыштығы, жиырылуы арқылы ағза мен мүшелерді қозғалысқа келтірді. Бұлшықет жасушалары ұзын, жіңішке болғандықтан оларды талшықтардеп атайды.

2)Ас қорытуға қатысатын негізгі ферменттер.

Ас қорыту жолында қоректік заттар түрлі микроорганизмдер ферменттерінің әсерімен биологиялык, өндеуден де өтеді. Ас қорыту жүйесінің айтарлықтай көлемді алдынғы бөлімдерінде (қарывда) және ішектің кеңіген соңғы бөлімдерінде (әсіресе бүйенде) алуан түрлі микроорганизмдер өздеріне қолайлы жағдай тауып (түрақты жылылық, кажетті ылғалдьгқ, сілтілік не байтарап орта, мол және үздіксіз келіп тұратын қоректік заттар), тез көбейіп өседі де, қоректі тездетіп ыдыратуға көмектеседі. Ал ас қорытатын сөлдер құрамында оны ыдырататын ферменттер болмайды. Сондықтан клетчатка тек микроорганизмдер ферменттерінің әсерімен қорытылады. Тоқ ішекте микроорганизмдер әрекетімен белоктар шіріп, майлар тотығып, көмірсулар ашиды, организмге қажет көптеген заттар (амин қышқылдары, дәрмендәрілер т.б.) түзіледі да, бұл молекулалардың өзара әрекеттесуін тездетеді. Ферменттердің бұл әрекетін жинақтау (концентрациялау) әсері деп атайды.

4) Бүйрекүсті безінің гармоны, оның ағзадағы рөлі.

Бүйрекүсті безі - бүйректің ішкі және жоғарғы (адамда — артқы) жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты — қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты — симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден қүралған. Бүйрекүсті безінің бозғыл заты нейроэндокринді бездерге жатады.

Билет

1)Антропометрия, адам мүшелерін өлшеу əдістері.

Антропометрия — адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш француз антропологтары (19 ғ.) қалаған. Антропометрия өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі. Этник. антропологияда тірі адамның бас, бет, дене салмағы, бойы т.б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады. Сонымен қатар бассүйек, қаңқа сүйектерге, көз, шаш, тері түстеріне де өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, А-лық материалдарға жан-жақты статистик. сипаттамалар беріледі. А-ның қолдану салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс станоктарын, жиһаздардың түрлерін т.б. адам денесіне ыңғайлы етіп жасау кезінде антропометриялық деректер ескеріледі. Криминалистикада антропометриялық деректер қылмысты адамды тануда кең пайдаланылады.

2) Жамбас белдеуін құрайтын сүйектер, олардың байланысу ерекшелігі.

Жамбас сүйек — адам аяғы мен жануарлардың артқы аяғы жамбас белдеуінің қаңқасы. Жамбас сүйек бір-бірімен сүйектене байланысқан шот, шонданай және шат сүйектерінен құралған. Осы сүйектердің өзара байланысқан жерінде, ортан жіліктің ұршық басымен буынды байланысатын ұршық шұңқыры болады. Оң және сол аяқтың жамбас сүйектері бір-бірімен өзара байланысып, шеміршекті жамбас жігін жасайды. Жамбас сүйектері құйымшақпен буынды байланысып, жамбас қуысының қабырғасын құрайды.

3)Буындардың жіктелуі мен сипаттамасы.

Буынның козғалуы буын бетінің пішініне тікелей байланысты. Оның көлемі буын беттерінің бір-біріне каншалықты кірігіп беттесуіне тәуелді болады. Буын байлам арқылы берік болады. Байламдар буынның жұмысын ұстап және бағыттап тұрады, сондыктан олар ұстайтын және бағыттайтын байламдар болып екіге бөлінеді. Жай буын кезінде сүйектер бір-бірімен екі буын беті арқылы ғана байланысты. Күрделі буын буынның қуысы шеміршек аркылы екіге бөлінетіндіктен екі қуысты (камералы) буын деп те аталады. Ершік тәрізді буын екі ершік тәрізді буын беттерінің бір-бірімен айқасып байланысуына негізделеді. Мұңдай буындағы сүйектің басы ұзына бойымен, ал екіншісі оған көлденең бағытта қозғалады. Айдарша буынды жұмыртқа тәрізді буынның бір түрі деп қарауға болады. Буынның дөңес басы жұмыртқаға ұқсас айдаршалы болғандықтан да оны буын деп атайды. Көп білікті буындар — көп біліктің бойымен қозғалатын шар тәрізді, жаңғақ тәрізді және жазық буындар. Шар тәрізді буын буындасушы беттердің бір жағы шар тәрізді, екінші жағы ойыс болып келетін ең қозғалғыш буын болып табылады. Шар тәрізді буында қозғалыс өзара тік орналасқанда үш білік арқылы немесе шексіз білік арқылы жүзеге асады.

Билет

1)Суйектің жасқа сай өзгеруі, қартаюы

Сүйек ұлпасы байланыстырғыш ұлпаның арнайы типі. Жасушааралық заты минералдардан тұрады. Құрамында 70 % бейорганикалық заттардан, негізінен кальций фосфаты. Осы ұлпалардан қанқа сүйектері құралған. Сүйектің жасқа байланысты ерекшелігі: Бұл сүйектің құрамындағы химиялық заттардың өзгеруіне байланысты жүреді. Мұндай жағдайларда коллаген талшықтарының түрлері мен гликозамингликандардың қатынасы өзгеріп, сүйектің құрамында сульфаттанған қосылыстар пайда болады.

2) Ауыз қуысын құрайтын мүшелер, олардың функциясы.

Ауыз қуысы-ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізін: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатгы және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды. Ауыз қуысы екі бөліктен: ауыз қуысының кіре берісінен және негізгі ауыз қуысынан тұрады. Ауыз куысында ас (азық) механикалық өңдеуден өтеді: ол шайналады, ұсақталады, сілекеймен араласып жібиді, жүтуға дайындалады. Сілекей құрамындағы ферментгердің әсерінен ас (азық) құрамындағы крахмал қорытыла бастайды (глюкозаға ыдырайды).

3)Омыртқа бағанасының адама ағзасындағы рөлі.

Омыртқа бағанасы- адам мен омыртқалы жануарлардың тұлға тірек қаңқасы. Адамда Омыртқа бағанасы бір-бірімен өзара омыртқааралық шеміршектер (дисктер), байламдар және бұлшық еттер арқылы байланысқан 32 – 34 омыртқалардан түзілген. Омыртқа бағанасы денеге тірек болып, тұлға мен бас сүйектің қимыл-қозғалысына қатысып, жұлынды қорғайды. Омыртқа бағанасының түрлі бөлімдерінде омыртқалардың көлемі мен пішіні әр түрлі болады. Ересек адамның Омыртқа бағанасында 7 мойын, 12 кеуде, 5 бел омыртқалары жеке орналасқан, қалғандары бір-бірімен тұтасып сегізкөз (5 сегізкөз отмыртқасы) және құйымшақ сүйектерін (3 – 5 құйымшақ омыртқалары) құрайды. Кеуде омыртқаларына 12 жұп қабырғалар бекиді. Сегізкөз омыртқалары 17 – 25 жас аралығында тұтасып, бір сүйекке – сегізкөзге, ал құйымшақ омыртқалары жоғалып кеткен құйрықтың қалдығы (рудименті) ретінде орта жаста тұтасып, құйымшыққа айналады.

Билет

2) Белоктардың химиялық құрамы жəне биологиялық маңызы. Белоктардың адам ағзасында ыдырауы.

Ақуыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Ақуызды зат - құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс. Ақуыздар — екідайлы электролиттер. Ортаның белгілі бір рН мәнінде олардың молекулаларындағы оң және теріс зарядтар бірдей (изоэлектрлік нүкте деп аталады) болады. Бұл — ақуыздардың маңызды қасиеттерінің бірі. Бұл нүктеде ақуыздар электрбейтарап болып, суда еруі азаяды. Ақуыздардың осы қасиеті технологияда ақуызды өнімдер алуға қолданылады.Ақуыздардың гидролизі. Сілті немесе қышқыл ерітінділерін қосып қыздырғанда, ақуыздар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді.

3)Эндемиялық зоб ауруының пайда болу себептері жəне оның алдын алу жолдары

Жемсау (зоб) ауруы — бұл қалқанша безінің әнтек зораюынан пайда болатын тамақтағы ісік немесе түйін.Көп жағдайда зоб диетада, аста йодтың жетіспеушілігінен пайда болады Жүкті әйелдің организмінде йодтың жетіспеушілігі баланың өлі тууына немесе ақьш-есі кем, мылқау боп тууына себепші болуы мүмкін. Мұндай жағдай анасы жемсау боп ауырмаса да болуы мүмкін. Зоб пен кретинизм ауруы көбіне жердің қойнау қабатында, су мен аста йод құрамы аз болып келетін таулы аймақтарда жиі кездеседі. Таулы аймақ тұрғындары үнемі бір өңкей азықпен, мәселен, маниока сияқты организмді зоб ауруына шалдықтыруға бейім тағамдармен көп тамақтанбауы қажет. Әрдайым йодталған тұзды қолданыңыз. Йодталған тұз ас тұзымен салыстырғанда қымбаттырақ, бірақ одан анағұрлым пайдалырақ.Егер сіз зоб ауруы көп таралған аймақта тұрсаңыз және осы аурумен ауыруға организмнің бейімділігін сезініп, тіпті алғашқы белгілері пайда бола бастаған жағдайда ең алдымен капуста мен маниока жеуді тоқтатыңыз.

Билет

1) Сыртқ шығару процестерінің жалпы сипаттамасы.Бүйректің негізгі қызметтері жəне оларды зерттеу əдістері. Несеп түзілу процесі. Несептің құрамы

Бүйректің қызметтері:

Бүйрек ағзада сыртқа шығару, гомеостазды, артериялық қысымды ұстап тұру, биологиялық-активті заттардың түзілу, улы заттарды залалсыздандыру, заттардың метаболизміне қатысу қызметтер атқарады.

Бүйректің сыртқа бөліп шығару қызметі:

Бүйректің сыртқа бөліп шығару қызметіне олардың қаннан метаболизмнің соңғы өнімдерінің, тұздар, дәрілер, бояулар, улы заттарды сыртқа шығаруы жатады. Бүйрек арқылы метаболизмнің келесі соңғы өнімдері бөлініп шығады: креатинин, мочевина, несеп қышқылы, гиппур қышқылы, индикан және басқа эфиркүкірт және эфирглюкурон қышқылдары, аммоний тұздары, альдегидтер, гидроксиқышқылдар, путресцин, кадаверин және басқалары. Бүйректі

Наши рекомендации