Лас суларды залалсыздандыру

Екінші рет тұндырғаннан кейін ағынды су хлор немесе басқа препараттармен залалсыздандырылады. Лас суды залалсыздандырудың үш әдісі бар: физикалық, химиялық және биологиялық.

Лас суды физикалык әдіспен зарарсыздандыру термиялық өңдеу жолымен, иондалған сәуленің әсерімен жүргізіледі.

Термиялық тәсіл ірі мал кешендерінде сарқынды суларды және сұйық көңді зарарсыздандыру үшін қолданылады. Мал кешендерінен шыққан сұйық көң және лас сулар садыра жинағышқа түсіп, жылу-алмастырғышқа ауысады, мұнда сұйық көң 600С-қа дейін қыздырылады. Мұнан кейін электр қызуының көмегімен 110-120°С-қа дейін кыздырылады да резервуарға жіберіледі, ал 30 минут өткен соң қайтадан жылу-алмастырғышқа ауыстырылып, 400С-қа дейін салқындатылады.

Ионды сәулелендіру — лас сулардызарарсыздандырудың бірден-бір тиімді тәсілі. Ол патогенді микроорганизмдермен, споралармен, вируспен, гельминт жұмыртқаларымен және балаң кұрттарымен зақымданған лас суды зарарсыздандыруға толық мүмкіңдік береді. Неғүрлым лас судың микроорганизмдермен ластану дәрежесі жоғары болса, солғұрлым сәулену дозасы да жоғары болады.

Ионды сәулеленудің тиімділігі радиацияның тура және жанама әсеріне байланысты. Тура әсері микроб клеткасының биологиялық маңызды компоненттерінің молекуларын иондайды. Ал жанама әсері су молекулаларын иондайды, нәтижесінде химиялық активті су тотығының бос радикалдары пайда болады. Олардың әсерінен микробтар жойылады.

Ең көп тараған залалсыздандыру әдісі – ол химиялық әдіс болып табылады. Химиялық әдісте негізінен хлорлау жиі қолданылады. Хлордың мөлшері микроорганизмдердің төзімділігіне, лас судың сипатына, оның тазалану дәрежесіне, хлормен жанасу уақытына байланысты. Ресми норма бойынша биологиялық тазалаудан өткен лас суға қажетті хлордың мөлшері 70 мг/л.

Үлкен станцияларда (10000 м3) тәулігіне лас суды залалсыздандырудың ең тәуірі – биологиялық әдіс немесе метатенкте ашыту тәсілі. Осы термофильді ашыту кезінде (60оС) патогенді микробтар жойылып, шөгінді толық дегельминтизацияланады.

Лас суларды пайдалану

Сарқынды лас судың жіберілуін басқару санитариялық бақылаудың міндетіне жатады. Бұл ережелер сонымен бірге ветеринариялық мекемелер мен ветеринариялық-санитариялық қадағалауға да таратылады.

Су қоймасына жіберілетін ағынды суларға бірқатар санитариялық талаптар қойылады. Олар шіріген немесе басқа да иісі жоқ болуы керек; жануар майы және май қоспасы, өсімдік және минерал тектес, адамға, жануарға, балыққа қауіпті және улы заттар болмауы тиіс, сақтағанда олар ескіріп шірімеуі керек.

Емдік-санитариялық және ветеринариялық мекемелерден шыққан ағынды сулар су қоймасына түспестен бұрын міндетті түрде залалсыздандырылады.

Лас сулардың тұнбасы экологиялық қауіп тудырады, себебі олардың құрамында макро-, микроэлементтер, органикалық және бейорганикалық уытты заттар, гельминт жұмыртқалары, сапрофитті және патогенді микроорганиздер, қарапайымдар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, микробалдырлар, сондай-ақ ауыр металдар (күміс, мырыш, мыс, хром, аллюминий, кадмий, молибден, кобальт, темір, сынап және т.б.) болады. Осы тұрғыдан алғанда лас сулардың тұнбасын ауылшаруашылық мақсаттарында қолдану топырақ микрофлорасына кері әсер етуі, өсімдіктерге улы болуы мүмкін. Дегенмен лас сулардың тұнбасындағы органикалық заттардың мөлшері органикалық тыңайтқыштардан кем қалмайды, сондықтан оларды тыңайтқыш ретінде қолдану үшін МЕСТ Р 17.4.3.07-2001 «Табиғатты қорғау» стандарттарына сай жүргізіледі. Бұл стандарт бойынша лас сулардың тұнбасы құрамына байланысты екі классқа бөлінеді.

Лас су тұнбаларының жіктелуі

Көрсеткіштер Белгіленген шекті мөлшер
І класс ІІ класс
1 кг құрғақ заттағы мг мөлшері (артық емес)
Қорғасын
Кадмий
Никель
Хром
Мырыш
Мыс
Сынап 7,5
Мышьяк
Тұнбаның санитариялық-бактериологиялық және санитариялық-гельминтологиялық көрсеткіштері
1 г тұнбадағы ішек таяқшасының саны, КТБ
1 г тұнбадағы патогенді микроорганизмдер, сондай-ақ сальмонеллалар саны, КТБ Жоқ Жоқ
1 кг тұнбадағы гельминт жұмыртқалары және ішек қарапайымдарының саны, дана Жоқ Жоқ
Ескерту: І кластағы тұнбаның кез-келген бір көрсеткіші шекті мөлшерден асса, ол ІІ класқа жатқызылады.

І класс тұнбасы барлық ауылшаруашылық дақылдарын тыңайту үшін қолданылады, тек көкөніс, саңырауқұлақ және құлпынайға жіберуге болмайды.

ІІ класс тұнбасын дәнді, дәнді-бұршақты және техникалық дақылдарға қолданады.

Сондай-ақ екі кластың тұнбаларын жер телімдерін қалпына келтіру үшін, әсіресе тұрмыстық қалдықтар полигондардың топырағын қалпына келтіруге пайдаланылады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Т.М.Телеуғали, А.Т.Манкибаев. Мал шаруашылығы өнімдерінің экологиясы.Оқу құралы. Алматы. 2015.

2 «Дүние», «Экология» Республикалық басылымдағы журналдар

3 Баранников В.Д., Кириллов Н.К. Экологическая безопасность с/х продукции, Москва, 2006.

4 Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш. Ветеринариялық гигиена, Алматы, 2005.

5 Сайдулдин Т.С. Індеттану, Алматы, 1999.

Дәріс № 5-7

Тақырыбы Қи және саңғырықты сақтау, залалсыздандыру және пайдалану барысында жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шаралар

Дәрістің сұрақтары:

1) Қиды шығару тәсілдері

2) Мал шаруашылықтарындағы канализация жүйелері

3) Қиды сақтау

4) Сұйық қиды және садыраны тазарту тәсілдері

5) Қиды залалсыздандыру

6) Қиды пайдалану

7) Құс шаруашылығындағы канализациялық жүйенің ерекшеліктері

Наши рекомендации