Бейорганикалық, физикалық, коллоиды химия

Факультеттерінің 1 курс студенттеріне арналған химиядан емтихан сұрақтары

Оқу жылы

Бейорганикалық, физикалық, коллоиды химия

1. Жараларды, тыртықтарды және операция орындарын өңдеу үшін йодтың 5-10%-дық ерітіндісі пайдаланылады. 10 г кристаллдық йодтан йодтың 5%-дық спирттік ерітіндісінің қандай көлемін дайындауға болады? Ерітіндінің тығыздығы 0,950 г/мл-ді құрайды. Массалық үлес, моляльдік концентрация: анықтама, есептеу үшін формулалар, белгіленуі және шамалардың өлшем бірліктері. 2. 500 г изотонды ерітіндіні дайындау үшін қажет болатын натрий хлоридінің және судың массасын есептеп табыңыз. Берілген ерітіндіде еріткіш пен еріген зат болып не табылады? Қан плазмасына гипо- және гипертонды болатын ерітінділерде натрий хлоридінің массалық үлесі қандай? Эритроцитті гипертонды ерітіндіге батырғанда қандай құбылыс байқалады? 3. Қан сарысуының қышқыл бойынша буферлік сыйымдылығын (моль/л) есептеп табыңыз, егер 10 мл қанға концентрациясы 0,8 моль/л, 2 мл тұз қышқылын қосқанда рН мәні 7,4-тен 7,3-ке дейін өзгеретін болса. Протолиттік буферлік ерітінділердің ағзада атқаратын ролі қандай? Ағзадағы қышқылдық буферлік жүйелерді тізіп шығыңыз және олардың құрамын көрсетіңіз.
4. Фармацевтикалық практикада колларгол препаратын қорғаныш коллоидтар қатысында алады. Ол лизальбин және протальбин қышқылдарының тұздарымен қорғалған күмістің коллоидты ерітіндісі ретінде қатысады. Стабилизатор ролін калий аргентаты AgOK атқаратын болса, күміс золінің мицелласының формуласын құрастырыңыз. Мицелланың құрылысын сипаттаңыз. Осы дәрілік препараттың тұрақтылығы қандай факторларға тәуелді? 5. Бүйректе аммиакты буферлік ерітінді функция атқарады. Оның құрамын көрсетіңіз және3,6 мл 0,2н аммоний хлоридінің ерітіндісі және 2,3 мл 0,1н аммоний гидроксидінің ерітіндісі бар буферлік ерітіндінің рН-н есептеп табыңыз (Kb=1,74∙10-5). Сілтінің аз мөлшерін қосқанда аммиакты буферлік ерітіндінің рН мәнінің өзгермейтінін қандай реакция дәлелдей алады? 6. Альбуминді бромкрезол жасылымен реакциясы бойынша анықтау кезінде ортаның қышқылдығын тудыру үшін ацетатты буферлік ерітіндіні қолданады. Күшті қышқылдың немесе күшті негіздің аз мөлшерін қосқанда ортаның рН-ң өзгермейтінін түсіндіріңіз (реакциялар теңдеуінің көмегімен). 50 мл 0,050н сірке қышқылының ерітіндісі мен 30 мл 0,1н натрий ацетатының ерітіндісін араластыру арқылы дайындалынған ацетатты буферлік ерітіндінің рН-н есептеп табыңыз (Ka=1,74∙10-5). 7. Лиофобты коллоидты бөлшекке мысал болып табылатын сілекей мицелласының агрегатының ролін нашар еритін кальций фосфатының Бейорганикалық, физикалық, коллоиды химия - student2.ru майда кристалдары атқарады. Стабилизатор ретінде натрий фосфаты деп ескеріп, мицелла құрылысын схема түрінде келтіріңіз. Коллоидты бөлшектің тұрақтылығына қандай факторлар әсер етеді? Коагуляция деген не? Бірдей концентрациядағы натрий хлориді және кальций хлориді ерітінділерінің аталған зольге коагуляциялаушы әсерін салыстырыңыз. 8. Массалық үлесі 0,01% ÷ 5% болатын калий перманганатының медицинада антисептикалық құрал ретінде қолданылады. 2,5 кг 5%-дық KMnO4 ерітіндісін дайындау үшін қажет болатын еріген заттың массасын және судың массасын анықтаңыз. Биогенді элементтер деген не? Макро- және микроэлементтер, «өмір металдары». Тірі ағзадағы комплексті қосылыстарда қандай биогенді элементтер комплекс түзуші болып табылады? 9. Ацидоз кезінде шұғыл көмек ретінде натрий гидрокарбонатының ерітіндісін тамырға енгізу арқылы пайдаланады. Асқынған жағдайда 8,4%-дық ерітіндісін 100 мл-ге дейін құяды (ρ=0,90 г/мл). 250 мл осындай ерітіндінің құрамында қанша натрий гидрокарбонаты мен су бар? Натрий гидрокарбонатының әсер ету механизмін көрсететін реакция теңдеуін жазыңыз. Ацидоз және алкалоз деген не? 10. Дәрілік препараттардың сақтау мерзімін «дәрілік форманың жеделдетілген қартаюы» әдісімен анықтау Вант-Гофф ережесіне негізделген. Препарат жоғары температурада қандай-да бір уақыт ішінде кинетикалық константаларға сынаудан өтеді. Пенициллиннің ыдырау реакциясының температуралық коэффициентін есептеңіз, егер 36оС және 41оС температурадағы пенициллиннің ыдырау реакциясының жылдамдық контанталары сәйкесінше 6∙10-6 с-1 және 1,2∙10-5 с-1тең болса. Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай факторлар және қалайша әсер етеді? 11. Құрамында марганец (II) сульфаты бар препараттар, гемотоздың стимуляторы ретінде пайдаланылады, эритроциттердің дамуы мен қалыптасуына септігін тигізеді. Құрамында 1,51 г MnSO4 бар, эквивалентті молярлы концентрациясы 0,01 моль/л болатын ерітіндінің көлемін есептеңіз. Эквивалентті молярлы концентрация (анықтамасы, есептеу үшін формулалар, белгіленуі және шаманың өлшем бірліктері). 12. Динитрофенилгидразинді әдіспен трансферазаның активтілігін зерттеу кезінде фосфатты буфер қолданылады. Оны дайындау үшін концентрациясы 0,1 моль/л 840 мл натрий гидрофосфатының ерітіндісі мен осындай концентрациядағы 160 мл калий дигидрофосфатының ерітіндісін араластырады. Буферлік ерітіндінің рН-н табыңыз (Ka=6,16∙10-8). Протолиттік буферлік жүйе деген не? Осындай жүйелер адам ағзасында қандай роль атқарады? 13. Угар газы СО гемоглобинмен берік комплексті қосылыс түзеді де, тірі ағза үшін улылығының себебі болып табылады. Угар газымен уланудың алдын алу үшін, оны толығынан көмір қышқыл газына дейін тотығуын жүргізеді. 2СО(г) + О2(г) ↔ 2CO2(г) тура реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді, егер: а) угар газының концентрациясын 3 есе арттырса; б) жүйенің көлемін 5 есе азайтса? Кинетикалық қисық деген не? СО және СО2 үшін графикалық тәуелділікте кинетикалық қисықты бейнелеңіз. 14. Калий хлориді құсудан, іш өтуден, зәр айдайтын құралдарды ұзақ қолданудан пайда болатын гипокалиемия кезінде қолданылады. 0,4 л ерітінді құрамында 0,3 М калий хлоридінің массасын есептеңіз. Калий макроэлементтер қатарына жатады. Оның биологиялық ролін сипаттаңыз. Биогенді деп қандай элементтерді атайды? Басқа макроэлементтерге мысал келтіріңіздер. 15. Гидрокарбонатты буферлік жүйе қан плазмасының негізгі буферлік жүйесі болып табылады. Оның буферлік сыйымдылығы қан плазмасының және басқа да жасуша сыртындағы сұйықтықтардың жалпы буферлік сыйымдылығының 70-80%-н құрайды. Гидрокарбонатты буферлік ерітіндінің құрамын келтіріңіз және оның әсер ету механизмін көрсетіңіз (реакцияның молекулалық, толық және қысқыртылған иондық теңдеулері). 16. Лор-практикада ауыз қуысының және тамақтың шырышты қабығына жағу үшін қолданылатын Люголь ерітіндісінің құрамында: 17 мл су, 1 г йод пен 2 г калий иодиді бар. Люголь ерітіндісіндегі йод пен калий иодидінің массалық үлесін есептеңіз. Ерітінді, еріткіш, еріген зат деген не? Иодтың биологиялық ролін сипаттаңыз. 17. Осмостық баланстың бұзылуының алдын алу үшін тамыр ішіне инъекция ретінде тек қана изотонды ерітінділер қолданылады. 0,9%-дық натрий хлориді ерітіндісінің осмостық қысымын есептеңіз. Осы ерітінді қан плазмасына изотонды болады ма? 37оС температурада қан плазмасының осмостық қысымы 760 кПа-ды құрайды.Осмостық қысым деген не? Медициналық практикада пайдаланылатын осмостық құбылыстарға мысал келтіріңіздер. 18. Қанның рН қалыпты 7,38 мәнінен бірліктің бірнеше жүздеген үлесіне ауытқуы жалпы селқостықтықты және әртүрлі физиологиялық процестердің өтуінде біраз ығысуын тудырады. Қанның рН-ң 0,2-0,3 бірлікке төмендеуі немесе артуы коматоз жағдайына әкеледі, ал 0,3-0,4 бірлікке ығысса өлімге әкеледі. Қан плазмасының рН-н есептеңіз, егер сутек иондарыныңконцентрациясы 4,5·10-8моль/л тең болса. Алынған мәнді қан плазмасы үшін физиологиялық норма шамасымен салыстырыңыз. Протолиттік гомеостаздың (норма, ацидоз, алкалоз) күйін сипаттаңыз. 19. Клиникалық биохимияда ақуыз анализін диагноз қою мақсатында электрофорездің көмегімен жүргізеді.Оны қандай әдістермен анықтайды? Ерітіндіде изоэлектрлік нүктелері 4,7 және 8,8 болатын екі ақуыз бар. рН=7,9 тең буферлік ерітіндідегі электрофорез кезінде осы ақуыздардың молекулалары қайсы электродқа қарай бағытталады? Осындай ортада, басқа тепе-теңдік шарттар сақталған жағдайда көрсетілген ақуыздардың қайсысы сәйкес электродқа жоғары жылдамдықпен ығысады және неліктен? ЖМҚ ерітіндісінің изоэлектрлік нүктесі деген не? Оны қандай әдістермен анықтайды? 20. 310 К температурада 0,01 М калий хлориді ерітіндісінің осмостық қысымын есептеңіз, егер изотондық коэффициенті 1,96 тең болса. Осы ерітінді қан плазмасына қандай (гипо-, гипер-, изотонды) болады ма? Қан плазмасының осмостық қысымы 760 кПа-ды құрайды. Эритроциттерді осындай ерітіндіге батырғанда қандай құбылыс байқалады? Осмос, гемолиз, плазмолиз деген не? 21. Фосфатты буферлік жүйе жасуша ішіндегі қышқылдық-сілтілік балансты бір деңгейде ұстап тұруда маңызды роль атқарады, ондағы фосфаттардың мөлшері 50-70 ммоль/л. Оның буферлік сыйымдылығы қан плазмасының және басқа да жасуша сыртындағы сұйықтықтардың жалпы буферлік сыйымдылығының 70-80%-н құрайды. Фосфатты буферлік ерітіндінің құрамын келтіріңіз және оның әсер ету механизмін көрсетіңіз (реакцияның молекулалық, толық және қысқыртылған иондық теңдеулері). Қышқылдық буферлік ерітіндінің құрамына қандай компоненттер кіреді? Ағзадағы қышқылдық буферлік жүйелерді тізіп шығыңыз және олардың құрамын көрсетіңіз. 22. Изоэлектрлік нүктелері 5 және 8 болатын А және Б екі ферментті электрофорез арқылы рН-ң қандай мәнінде бөлуге болады? Осы ферменттердің 4, 8 және 9 тең болатын рН мәндерінде бөлшектердің заряд таңбасы қандай болады? Изоэлектрлік нүктемен салыстырғанда қышқылдық және сілтілік ортада ақуыз молекулаларының қалай зарядталатынын түсіндіріңіз. Дисперсті жүйелердің электрокинетикалық қасиеттерін сипаттаңыз. Медицинада және биологияда қолданылатын дисперсті жүйелерге мысал келтіріңіздер. 23. Физиологиялық құралдардың осмостық қысымының тұрақтылығы (изоосмия) гомеостазға қойылатын фундаментальды физикалық-химиялық талаптарының біріне жатады. 17оС температурада құрамында 62 г гемоглобин 500 мл ерітіндінің осмостық қысымы тең болады:3,5 кПа. Гемоглобиннің молярлық массасын есептеңіз. Жартылай өткізгіш мембрана, диффузия, осмос, осмостық қысым деген түсініктерге анықтама беріңіз. 24. Медициналық практикада танып қалған адамның есін жиғызу үшін 10%-дық аммиак ерітіндісін (аммоний гидроксиді) қолданады. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану дәрежесі a=0,01 болатын аммоний гидроксиді ерітіндісінің иондану константасын Kb есептеңіз.аммоний гидроксиді қандай буферлік ерітіндінің құрамына кіреді? Оның құрамын келтіріңіз және адам ағзасының қандай жерінде кездесетінін көрсетіңіз. 25. АТФ және АДФ – көп мөлшерде энергияны бөле отырып, фосфатты топтардың бөлінуіне себепші болатын макроэргиялық қосылыстар. 37оС температурада АТФ гидролиз реакциясы үшін энтальпия және Гиббс энергиясының шамалары сәйкесінше ∆Н0р-ция = -20 кДж, ∆G0р-ция = -30,5 кДж. Берілген жағдайда энтропияның стандартты өзгерісін есептеңіз. Экзер- және эндергоникалық процестер. Энергетикалық қосарлану принципі. Изобаралық-изотермиялық потенциал биохимиялық реакциялардың өздігінен жүру критерийлері. Жауабыңызды есептеулермен дәлелдеңіз.
26. Магний сульфатының ерітіндісі вазодилаттаушы құрал (қан тамырларын кеңейтетін) пайдаланылады. Құрамында 18 г тұзы бар 0,02 н магний сульфатының ерітіндісінің көлемін есептеңіз. Келесі түсініктерге анықтама беріңіз: макро- және микроэлементтер, органогендер. Олардың қайсысы макроэлементтер қатарына жатады? «Өмір металдарын» атап шығыңыз. Магний және кальцийдің биологиялық ролін сипаттаңыз. 27. Аммиак ағзада тағаммен бірге түскен немесе жасушада қор заттары ретінде кездесетін аминқышқылдар мен ақуыздардың метаболизмінің өнімдерінің бірі болып табылады. Концентрациясы 0,00025 моль/л және иондану дәрежесі a=0,01 болатын аммоний гидроксиді ерітіндісінің рН-н есептеңіз. Алынған мәнді несептің рН-ң 4,8 ÷ 7,5 аралығындағы қалыпты мәнімен салыстырыңыз. Аммиакты буферлік ерітіндінің құрамын келтіріңіз. 28. Лабораториялық практикада зерттеу мақсатында реакциялар адам ағзасымен салыстырғанда кең температуралық интервалдарда жүргізіледі. Биохимиялық реакцияның температуралық коэффициенті γ = 2,8. Температураны 40 градусқа жоғарылатса реакцияның жылдамдығының қалай өзгеретінін есептеңіз, егер температуралық коэффициент 2,8-ге тең болса? Ферментативті реакция схемасы. Михаэлис-Ментен теңдеуі. Реакция жылдамдығының субстрат концентрацияна графикалық тәуелділігі. Субстраттың төменгі және жоғарғы концентрациядағы ферментативті реакцияның реті.
29. Химиотерапевтикалық ісік ауруына қарсы препарат ретінде платинаның комплексті қосылысы «Цисплатин» (диаминодихлороплатина (IV)) қолданылады. Комплексті қосылыстың формуласын жазыңыз, оны Вернер теориясының тұрғысынан сипаттаңыз. Комплексті бөлшек үшін тұрақсыздық және тұрақтылық константалар үшін өрнек теіңдеулерін жазыңыз. Донорлық-акцепторлық байланыс деген не? Мысалдармен түсіндіріңіз. 30. Физиологиялық норма температурасындасалыстырмалы молекулярлы массасы 10 000 тең болатын ақуыздың осмостық қысымын есептеңіз, егер оның массалық концентрациясы 1,0 кг/м3тең болса (молекулаларды изодиаметрлік деп ескере отырып, яғни К=1). Онкотикалық қысым деген не? Ақуыздың денатурациясы деген не? Ақуыздың денатурациясын тудыратын факторларды тізіп шығыңыз.  

Органикалық химия

1. Ақуыздар құрамына кіретін 20 α-аминқышқылдарына (тривиальды және ИЮПАК номенклатурасы бойынша) атау беріңіз. Осы амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік сипатын анықтаңыз.

2. 20 α-аминқышқылдарының мысалындатрипептидтің түзілу реакциясын жазыңыз, пептидті топтың құрылысын бейнелеңіз. Осы амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік сипатын белгілеңіз. Қандай әмбебап реакцияның көмегімен α-амин қышқылдарының бар-жоқтығын дәлелдеуге болады? Мысалы:

а) лей-про-глу (2-амино-4-метилпентан қышқылы, пирролидин-2-карбон қышқылы, 2-аминопентанди қышқылы);

б) лиз-три-вал (2,6-диаминогексан қышқылы; 2-амино-3-индолилпропанқышқылы, 2-амино-3-метилбутан қышқылы);

в) асп-мет-гис (аминобутанди қышқылы; 2-амино-4-метилтиобутан қышқылы, 2-амино-3-имидазолилпропан қышқылы);

г) иле-фен-тре (2-амино-3-метилпентан қышқылы, 2-амино-3-фенилпропан қышқылы, 2-амино-3-гидроксибутан қышқылы),

д) вал-цис-три (2-амино-3-метилбутан қышқылы, 2-амино-3-меркаптопропан қышқылы, 2-амино-3-индолилпропан қышқылы).

3. Лизин (2,6-диаминогексан қышқылы); гистидин (2-амино-3-индолилпропан қышқылы) мысалға ала отырып ішкі тұзының, дезаминдеу, декарбоксилдеу реакцияларын жазыңыз. Реакциялар өнімдерін атаңыз. Бұл қышқылдарының қышқылдық-негіздік касиеттерін анықтаңыз.

4. Аспарагин қышқылы (аминоянтарь қышқылы); триптофан (α-амино-β-индолилпропион қышқылы мысалға ала отырып амидтердің түзілуі, дезаминдеу, декарбоксилдеу реакцияларын жазыңыз. Реакциялар өнімдерін атаңыз. Бұл қышқылдарының қышқылдық-негіздік касиеттерін анықтаңыз.

5. Цистеин (2-амино-3-тиопропан қышқылы); треонин (2-амино-3-гидроксибутан қышқылы) мысалға ала отырып тотығу, күрделі эфирлердің түзілуі, дезаминдеу реакцияларын жазыңыз. Реакциялар өнімдерін атаңыз. Бұл қышқылдарының қышқылдық-негіздік касиеттерін анықтаңыз.

6. Ацетосірке қышқылының этил эфирінің таутомерлік формаларын жазыңыз. Ацетосірке қышқылының этил эфирінің таутомерлік формаларының болатынын химиялық реакциялар көмегімен екі форманың болатынын дәлелдеңіз. Ацетосірке қышқылының декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Қандай аурумен ауырғанда қанның және зәрдің құрамында осы декарбоксилдену өнімін анықтауды жүргізеді?

7. Сәйкес келетін амин қышқылынан коламинді алу реакциясының схемасын жазыңыз. Амин қышқылы - сериннен холиннің түзілу реакциясын жазыңыз. Нейромедиатор – ацетилхолиннің түзілу реакциясын жазыңыз. Оның биологиялық ролі.

8. Пиридиннің туындыларын жазыңыз: β–метилпиридин, никотин қышқылы, никотинамид. Никотинамид ядросы қандай коферменттің құрамына кіреді? "РР" дәрумені жеткіліксіз немесе жоқ болған жағдайда қандай ауру дамиды? НАД+ коферментінің тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысу қабілетін немен байланыстыруға болады? Оның қатысуымен жүретін схемасын жазыңыз.

9. Пиримидин негіздері: урацил, тимин, цитозин. Лактам-лактимді таутомерия.

10. Пурин негіздері: аденин, гуанин. Лактим-лактамді таутомерия.

11. Нуклеотидтер. АМФ (аденозин-5/-монофосфат), ГМФ (гуанозин-5/-монофосфат), ТМФ (тимидин-5/-монофосфат), ЦМФ (цитидин-5/-монофосфат), УМФ (уридин-5/-монофосфат), АТФ (аденозин-5/-трифосфат) құрылысы. Байланыс типтерін атаңыз, биологиялық ролі.

12. Нуклеотидтердің циклді формалары. Циклді АМФ, ГМФ, биологиялық ролі.

13. Нуклеотидтердің гидролизге қатысы. Қышқылдық және сілтілік гидролиз. Гидролиз реакциясының өнімдерін атаңыз. Гидролиз реакцияларында N – гликозидті жәнекүрделі–эфирлік байланыстар арасындағы айырмашылықты белгілеңіз.

14. Моносахаридтер: глюкоза, галактоза, манноза, рибоза, дезоксирибоза, фруктоза. Энантиомерлер, диастереомерлер. Моносахаридтердің жіктелуі және цикло-оксо-таутомериясы (Фишер, Хеуорс формулалары).

15. Сірке және ортофосфор қышқылынан гликозидтер мен күрделі эфирлердің түзілуі. b-D-рибофураноза және b-D-фруктофуранозаның фосфор қышқылымен күрделі эфир түзу реакцияларын жазыңыз.

16. Моносахаридтердің –он, -ар және –урон қышқылдарын алу. Галактозаның галактурон қышқылына дейін тотығып, келесі кезекте декарбоксилдену реакциясын жазыңыз.

17. Маннозаның гидрлеу реакциясы. Фруктозаның тотықсыздану реакциясы.

18. Дисахаридтер. Мальтозаның, лактозаның құрылысы. Бастапқы моносахаридтерді және реакция нәтижесінде түзілетін гликозидті байланысты көрсетіңіз. Цикло-оксо-таутомерия. Гидролиз реакциясы. Мальтоза мен лактозаның тотықсыздандыратын қасиеттері болады ма?

19. Сахароза. Құрылысы. D-фруктоза мен D-глюкозаның қалдықтарында көміртектің аномерлі атомының конфигурациясы қандай? Неліктен сахарозаның цикло-оксо-таутомерияға қабілетті еместігін түсіндіріңіз. Сахарозаны фруктозадан қандай реакцияның көмегімен ажыратуға болады? Реакцияның схемасын келтіріңіз.

20. Сахароза мен мальтозаның: 1) Фелинг; 2) гликозидтердің түзілуі 3) жай және күрделі эфирлерді түзу реакцияларындағы ұқсастығы мен айырмашылығы?

21. Алмастырылатын және алмастырылмайтын жоғары май қышқылдары. Құрылысы.

22. Йод саны деген не? 1) 1-олеодипальмитиннің; 2) 1,2 –диолеопальмитиннің түзілу реакциялары. Осы майлардың қайсысында йод саны жоғары болады? Неліктен? Берілген липидтердің құрамында қанықпаған қышқылдардың бар екенін қандай реакция арқылы дәлелдеуге болады?

23. 1,2-диолеостеариннің құрылымдық формуласын жазыңыз және майдың консистенциясын анықтаңыз.

24. 1-линолеодистеариннің қышқылдық ортада түзілу реакциясын жазыңыз.

25. 1-олеоил-2-пальмитоил-3-стеароилглицериннің сілтілік гидролиз (сабындалу) реакциясының схемасын жазыңыз.

26. 1-пальмитоил-2-линоленоилфосфатидилэтаноламиннің қышқылдық гидролизі.

27. Құрамында пальмитин және арахидон қышқылдарының қалдықтары бар фосфатидилхолиннің қышқылдық гидролиз реакциясының схемасын жазыңыз.

28. 1-пальмитоил-2-олеоилфосфатидилсериннің сілтілік гидролиз реакциясы.

29. Фосфоглицеридтердің құрамына кіретін азотты қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты дәлелдейтін реакцияларды жазып, атаңыз.

30. Холан туындылары (өт қышқылдары). Хол қышқылының таурин және глицинмен өзара әрекеттесу реакцияларының схемасын келтіріңіз. Хол, гликохол және таурохол қышқылдарының биологиялық маңызы.

Биохимия кафедрасының отырысында қарастырылды және талқыланды

хаттама № _____, « ______ » _______________ 2016 ж.

Биохимия кафедрасының меңгерушісі,

профессор К.О. Шарипов

«Базалық пәндер» ББК төрайымы Д.О. Карибаева

Құрастырушылар:

А.А. Алмабекова, Е.В. Нечепуренко, Э.К. Карлова, Ш.Ж. Айтуганова

(ішкі тел.7219)

Наши рекомендации