Параграф. Микробиологиялық зертханадағы жұмыс жағдайларына қойылатын талаптар

64. Микробиологиялық зертхананың патогендігі IІІ-IV топты микроорганизмдерді жұқтырған немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс жүргізу үшін «жұқпалы» және «таза» аймақтары болуы тиіс. «Жұқпалы» және «таза» аумақтардың шекарасында, жаңадан салынып жатқын немесе құрылып жатқан зертханаларда санитариялық өткішгіш орнатылады.
65. Патогендігі I-IV топтардың қоздырғыштарын жұқтырған немесе жұқтыруы ықтимал инфекциялық материалмен жұмысқа әр ведомствоның қабылданған лауазымдарды ауыстыру тәртібіне сәйкес қажетті даярлаудан өткен жоғары және арнайы орта білімі бар мамандар жіберіледі.
66. Зертхананың үй-жайларын жұмыс басталғанға дейін ылғалды тәсілмен жинайды, «таза» аумақта жуу құралдарын, «жұқпалы» жуу құралы мен дезинфектанттарды қолдану арқылы және бактерицидті сәулелегіштермен қуаты 1 текше метрге (бұдан әрі – м3) 2,5 ватт жағдайында 30-60 минут бойы сәулелейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін үстелдерді, аспаптарды, жабдықты, еденді, БҚБ-ны дезинфекциялық ерітіндіні қолданып сүртеді. Жинау мүкәмал «таза» және «жұқпалы» аумақтар үшін жеке таңбалануы тиіс. Жинау мүкәмал тек қана осы аумақтарда таңбалануына сәйкес қолданылады.
67. Инфекциялық материалды жеткізу және оны бір зертханадан ұйымның (зертхананың) аумағындағы екіншісіне тасымалдау тұмшаланған жабық металл ыдыста (биксте, бактардаң тоңазыткыш сөмкелерде, контейнерлерде) жүзеге асырылады. Сұйық материалдары бар жеткізілетін ыдыстар тасымалдану кезінде төгілуін болдырмайтын тығындармен жабылуы тиіс. Материалды ашқан кезде бикстер мен түтікшелерді дезинфекциялық ерітіндімен сүртеді және металл табаққа қояды.
68. Инфекциялық материалды бокстан боксқа немесе автоклавқа ауыстыру металл бикстерде немесе бактарда жүргізіледі.
69. Инфекциялық материалды түтіктерде, шыны аяқтарда, құтыларда себу кезінде материалдың атауы, талдау нөмірі, себу күні және тіркеу нөмірі көрсетіліп жазылады.
70. Құрамында инфекциялық аурулардың қоздырғыштары бар сұйық орталар автоматты тамшуырдың немесе бір рет пайдаланылатын стерилді тамшуырдың көмегімен сорып алынады. Сұйық орталарды түтіктен екінші түтікке жиегінен асырып құюға жол берілмейді. Пайдалану алдында ыдыстың, тамшуырлардың, жабдықтардың, шприцтердің тұтастығы және жарамдылығы тексеріледі.
71. Кептірілген микроорганизмдер бар ампулаларды ашу кювет үстінде үстелдік бокстарда дезинфекциялық ерітіндімен жүргізіледі. Кесілген ампуланың ұшы дезинфекциялық ерітіндіге батырылған үш қабатты дәке салфеткамен жабылады және пинцетпен сындырып алынады. Ашылған ампула бір-екі минут бойы сол салфеткамен жабылған күйінде қалдырылады, одан әрі салфетка дезинфекциялық ерітіндіге батырылады, содан кейін ампула стерилді тампонмен жабылады.
72. Мынаған:
1) инфекциялық материалмен зерттеу жүргізілетін үй-жайда тірі вакцинамен жұмыс істеуге;
2) зерттелетін микроорганизмдер сезімтал болатын дәрілік препараттар болмаған кезде микробиологиялық зертханада вирулентті антибиотикке төзімді микроорганизмдермен тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
73. Істен шыққан материалды (жұмысшы себінділерін, науқастардың биологиялық материалын, кеміргіштердің, зертханалық жануарлардың өлекселерін, індік материалды) рұқсат етілген әдістердің бірімен зарарсыздандырады. Есепке алынбаған жағындыларды, Петри тостағанын, түтіктерді және инфекциялық материалы бар басқа да зертханалық ыдыстарды жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс үстелдерінде қалдыруға жол берілмейді.
74. Жұқпалы материалды сақтағаннан кейін тоңазытқыштарды еріту оны дезинфекциялаумен бірге жүргізіледі. Конденсациялық су залалсыздандыруға жатады.
75. Жұмыс күні аяқталғаннан кейін және түнгі уақытта зерттеу жүргізу ұйым басшысының рұқсатымен ауысымдық жұмыс орындалған және зертханада кемінде екі адам (дәрігер және зертханашы) қатысқан жағдайда жүргізіледі.
Зертхана ішіндегі қызметкерлердің патогендігі I-IV топтың микроорганизмдерін жұқтырғаны туралы барлық ақпарат тез арада зертхана меңгерушісіне және мекеме басшысына беріледі.
Пайдаланылған тамшуырлар дезинфекциялау ерітіндісіне арналарында ауа көпіршіктерін болдырмай, толық (тік) батырылады.
76. Жұмысты бастау алдында БҚБ сору желдеткіші қосылу керек. Материалдарды салу теріс қысымда жүргізілуі керек.
77. Зертхана үй-жайларында:
1) жағылған оттықтарды және басқа да қыздыратын аспаптарды бақылаусыз қалдыруға, шүмектері жарамсыз оттықтармен жұмыс істеуге, оларды тез тұтанатын заттардың жанында ұстауға;
2) жанып тұрған оттықтар және қосылып тұрған электрлі қыздырғыш аспаптарының жанында кездейсоқ төгілген өртке қауіпті сұйықтықтарды жинауға;
3) жұмыс уақытында бокстың есігін ашуға жол берілмейді.
78. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілуі тиіс. Ыдыстар мен баллондар таңбалануы және арнайы журналда еркін түрде тіркеледі.
79. Автоклавтар мен термостаттарды пайдалану кезінде мынадай талаптар орындалады:
1) автоклавта жұмыс істейтін адамға, егер онымен екі және одан көп жұмыскер айналысса, пломбыланған бактар мен басқа да жұқпалы материал бар ыдысты қолхат арқылы тапсыру;
2) автоклав жұмысын бақылау журналын жүргізу;
3) термостатқа тез жанатын заттарды қоймау;
4) реттейтін құрылғылардың сақтандырғыш қалпақтарын алмау.
80. БҚБ өтетін жолдардан және әртүрлі ауа ағындарынан алыс орында орнатылуы тиіс. Техникалық қызмет көрсетуге қол жетімді болу үшін шкафтың артынан және екі бүйірінен кемінде 30 см бос кеңістік қалдырылады.
81. БҚБ-да жұмыс таза аймақтан жұқпалы аймаққа қарай бағытталып ұйымдастырылуы тиіс. БҚБ-ның ішкі беттері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. БҚБ-да сүзгіштер жұмысының тиімділігіне жыл сайын бақылау жүргізу қажет.
82. ИФТ жүргізілетін бөлмелерде үстелдерді, аспаптарды, жабдықтарды өңдеу 70% этил спиртімен жүргізіледі, ИФТ зерттеулер, ПТР жүргізген кезде 70% этил спиртін (күн сайын) және осы мақсаттарға қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, өндірушінің нұсқаулығына сәйкес (ай сайын) жүргізіледі.
83. Вирустарды индикациялау бойынша жануарларда зерттеулер жүргізу кезінде мынадай шарттар сақталады:
1) зертханалық жануарларды жұқтыру және сою, жұқтырылған жануарларды күтіп-ұстау, центрифугалау, кептіру, аэрозоль түзуі мүмкін басқа да операциялар; жасушалардың өсірінділерін және тауықтың эмбриондарын жұқтыру; суспензиялар дайындау; лиофилизацияланған ПБА-мен жұмыс; коллекциялық штаммдарды жүргізу бойынша жұмыс зертхананың жұқпалы аймағындағы боксталған үй-жайларында БҚБ-да жүргізіледі;
2) ПБА бар сыйымдылықтар дезинфекциялау ерітіндісіе батырылған көп қабатты салфетка жабылған табаққа немесе астауға орналастырылады;
3) тірі вирустармен серологиялық зерттеулер, тін өсіріндісінің әртүрлі алғашқы және қайта себілетін желілерін дайындау, клиникалық материалдарды алғашқы өңдеу БҚБ-да жүргізіледі.

Наши рекомендации