Иондаушы сәулелердің бионысандарға оң әсерінің сипаты.

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Иондаушы сәулелердің бионысандарға оң әсерінің сипаты.

2. Иондаушы сәулелердің ынталандыру әсері.

3. Радиацияның мутагенді әсері.

4. Сәулеленудің консервлеу, дезинфекциялау, дезинсекциялау және стерильдеу эффектісі.

5. Сәулелердің терапевтикалық әсері.

6. Ядролық сәулелерді ғылыми – зерттеу мақсатында пайдалану

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиет

Кіріспе

Дайын тамақ өнімдерін сақтау оларды дайындап шығарудан кем түспейтін міндет. Бұл проблема агроөнеркәсіптік кешеннің өркендеуіне байланысты соңғы жылдары біздің елімізде үлкен маңызға ие болып отыр. Осылайша, өндірушілердің алдында мынадай сұрақ тұрады: тамақ өнімнің қандай өңдеу тәсілін таңдаған дұрыс? Алдымен ең жиі қолданылатынтехнологияларды қарастырайық. Мысалы, жоғары температурада ультрадыбыспен (20 кГц-тен жоғары) консервілеу, толқын ұзындығы 60-400 нм ультракүлгін сәулелермен сәулелеу және т.б. Алайда, аталған әдістермен қатар тамақ өнімдерін өңдеудің радиациялық технологиялары анағұрлым оңтайлы және перспективті әдіс ретінде таңдалады, өйткені олардың басқа өңдеу тәсілдеріне қарағанда мынадай маңызды артықшылықтары бар:

1. биологиялық, химиялық және бактериялық бүліну себебінен шығындардың азаюы;

2. өнімнің жарамдылық мерзімінің ұзаруы;

3. капитал және пайдалану шығындарының азаюы;

4. дәмділік қасиеттерін өзгертпей көптеген тамақ өнімдерін өңдеу мүмкіндігі.

Дүниежүзілік тәжірибеде радиациялық (электронды) стерилизациялау әдісін шамамен 15 жыл бұрын игере бастады. Сол кезде тамақ өнімдерінің дәстүрлі стерилизациялау әдістері – күкіртті газбен өңдеу және басқалары Жер шарының озонды қабатына зиян әкелетіні анықталды. Мүлдем жаңа әдістеме – радиоактивті көздердің гамма-сәулелерімен, зарядталған бөлшектердің үдеткіштеріндегі электрондармен немесе жоғары энергетикалық рентген сәулелермен сәулелеу әдісі ұсынылды. Бұл әдіс тиімді болды. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдады, қатаң бақылауда болатын болды. Дүние жүзіндегі 60-тан астам елде өңдеу жүргізіледі. Канада, Ресей, Австралия сияқты және басқа да көптеген елдер осы салада белсенді өнеркәсіптік процесті іске асыруда.
Иондаушы сәулелермен консервілеу әдісін салқын стерилизациялау немесе пастеризациялау әдісі деп атайды, өйткені температураны арттырмай стерилизациялау әсері болады. Иондаушы радиациялау механизмі микроорганизмдер молекулалары мен атомдарын иондау әдісіне негізделген, осының нәтижесінде олардың қалыпты биологиялық функциялары бұзылып, тіршілігі жойылады. Сәулелеу үшін тек жаңадан шығарылған және сапалы өнімдер жарамды болатынын айта кеткен жөн. Сәулеленетін объект бір-екі минутқа конвейердің бетонды камераға түсіретін таспасына орналастырылады. Сәулелену дозаның шамасы тамақ өнімінің түріне, сондай-ақ оны тұқымдайтын микрофлораның сипатына және интенсивтілігіне байланысты болады. Радиациялық өңдеуге байланысты МАГАТЭ: радисидация (4-6 кГр), радуризация (6-10 кГр) және радаппертизация (10-50 кГр) деген арнайы терминдерді ұсынды.

Радуризация – бұл адам үшін патогенді болып табылатын микроорганизмдерді шектеулі басуға әкелетін дозаларда сақтау ұзақтығын арттыру мақсатында жүргізілетін радиациялық өңдеу.

Радисидация – микроорганизмдердің қандай да бір түрін (мысалы, сальмонеллалар, трихинеллалар және басқ.) таңдаулы басу мақсатында жүргізілетін радиациялық өңдеу.

Радаппертизация - микроорганизмдермен жұқтырылу қайталанбайтын жағдайларда тамақ өнімдерін өнеркәсіптік стерилизациялау үшін жүргізіледі.

Инертті газдарда, вакуумда, төмен температураларда және антитотықтырғыштарды қолдану арқылы сәулелеу анағұрлым перспективті болып табылады. Алайда бұл консервілеу тәсілі өнеркәсіпте әлі қолданыс таппады және терең (оның адам денсаулығына әсерін, микроорганизмдердің иондаушы сәулелер әсеріне деңгейін) зерттеу сатысында тұр.Алайда, тамақ өнімдерін радиациялық өңдеудің барлық плюстеріне қарамастан, олардың кез келгенін өңдеуге болмайды. Өйткені бұл әдістің кемшілігі бар – иондаушы өңдеу кейбір өнімдердің химиялық құрамының және органолептикалық қасиеттерінің өзгеруінің себебі болып табылады. Стерилизациялаушы дозалармен сәулелеу үшін мынадай тамақ өнімдері: сәбіз, үрмебұршақ (фасоль), картоп, спаржа, жасыл бұршақ, томат-паста, шошқа еті, балапан еті, нәлім және басқа да теңіз балығы, сондай-ақ дәмдеуіштер, шай жатады. Үлкен дозалармен сәулелеуден кейін болмашы, рұқсат етілген нормалардағы органолептикалық өзгерістер болатын тамақ өнімдері: қырыққабат, шпинат, жүгері, шие, алма шырыны, ветчина, сосискалар, бұзау еті, қой еті, нан. Ал сүт, ірімшік, жидектер (бау-бақша және орман жидектері), қарбыз және қауын, лимон және апельсин шырындары, апельсиндер, банандар - бұл мұқият зерттеуді қажет ететін өнімдер, себебі радиацияның стерилизациялаушы дозаларының әсерінен органолептикалық өзгерістер байқалады, оларды жою тәсілдерін табу қажет.

Дүниежүзінің ғалымдары радиациялық стерилизациялау әдісінің қауіпсіздігі туралы мәселенің шешімін әлі таппады. Зерттеулер тамақ өнімдерін стерилизациялаудың төмен дозасымен сәулелеу кезінде стерилизациялаудың әсері байқалмайды, өйткені ауру тудыратын саңырауқұлақтар мен микроорганизмдер - сальмонелла, тырысқақ вибрионы және басқалар жойылмайды. Өз кезегінде үлкен дозалар қолданғанда витаминдер ыдырайды, қосалқы өнімдердің - химиялық белсенділігі өте жоғары еркін радикалдардың саны артады. Олар өнімде болған кезде байқалмайды, ал адам организміне түсе келе және онда ери отырып, әртүрлі реакциялар жүргізуі мүмкін – адамның генетикалық кодын бұзуы, онкологиялық және басқа да аурулар қаупін тудыруы, ерте қартайтуы және басқа да әсер етуі, мұны зертханалық жануарларға жүргізілген тәжірибелер растады.

Осылайша, бұл мәселе әлі де ашық түрде қалып отыр, сондықтан да тамақ өнімдерін радиациялық өңдеу денсаулық сақтау органдарының қатаң бақылауымен жүргізіледі, ал өнім өндірушілер сәулеленген өнімді жеуді немесе жемеуді таңдауы үшін тұтынушыға мәлімет беруі және орамада арнайы белгі - «РАДУРА» деген белгісін көрсетуі тиіс.

Иондаушы сәулелердің бионысандарға оң әсерінің сипаты. - student2.ru

Белгі–«РАДУРА»

Иондаушы сәулелердің бионысандарға оң әсерінің сипаты.

Дозаның өсуіне, нысанның қасиеттеріне (мысалы, даму кезеңіне) және оларды сәулелеу жағдайына байланысты иондаушы сәулелер төмендегідей оң нәтижелер көрсетеді: ынталандыру, мутагенді, консервлеу, стерильдеу және терапевтік әсерлер. Өте үлкен дозалар ( 50 – 100 Мрад) барлық биологиялық заттардың толық химиялық ыдырауына әкеліп соқтырады. Иондаушы сәулелердің жан – жақты қолданбалы пайдаланылуын Г.Г. Воккеннің ( 1973 ) монографиясынан оқып танысуға болады.

Шаруашылыққа пайдалы мақсатта, айтарлықтай жоғары қуатты гамма – сәулесінің көзі ретінде 60Со, 137Сs – нің және басқаларының препараттары қолданылады. Біріншісінің бөлетін сәулесі 137Сs – ге қарағанда анағұрлым өткір болады, алғашқы қарағанда ол сөзсіз артықшылық болып көрінеді. Бірақ өткір сәуле, қызыметкерлерді аса мықты биологиялық қорғауды талап етеді, сондықтан бұл 60Со – ты жылжымалы сәулелеу қондырғыларында пайдалануға онша жарамды етпейді және оған қоса 60Со – тың жартылай ыдырау кезеңі 137Сs – ге қарағанда 6 есеге жуық қысқа. Қазіргі иондаушы сәуле көздері ретінде энергиясы 10 МэВ – тан төмен үдеулі электрондар сынақтан өткізіліп және пайдаланылуда.

Наши рекомендации