Тақырыбы: «Прокариоттар және эукариоттар гендерінің экспрессиясының реттелуі» тақырыбы бойынша кеңес
7.2. Мақсаты: Студенттерде гендер экспрессиясының мәні, гендер белсенділігінің реттелуінің молекулалық механизмдері және гендер экспрессиясының бұзылуында патологиялық жағдайлардың дамуы мен пайда болу рөлі жайлы білімін қалыптастыру.
7.3. Оқытудың міндеттері:
- прокариоттық гендер белсенділігінің ерекшелігін оқыту
- эукариоттық гендер белсенділігінің ерекшелігін оқыту
- ағзалар тіршілігінде фундаменталдық процессте әр түрлі гендер белсенділігінің рөлін оқыту:
онтогенез, морфогенез, гистогенез
- студенттерде тірі ағза мен жасушаларда гендер белсенділігінің реттелуінің бұзылуына
байланысты патологиялық өзгерістердің пайда болу маңызы жайлы түсінікті қалыптастыру
7.4. Өткізу түрі:сызба салу және түсіндіру, тақырып бойынша бейнефильм көру.
7.5. Тақырып бойынша тапсырмалар:
7.5.1. Сызбаларды салу:
- оперонның моделі (Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері.б. 85, сурет 43, бірінші қатары);
7.5.2. Есептерді шығару.
РНҚ полимеразаны танитын сайты- ТАТААТ, -35 жүйелік ТТ ГАЦ А,
репрессор – ақуызының оперондағы танитын сайты (оператор)-АТТТТАТ, құрылымдық гендер ТАЦ кодондарымен басталып АТЦ кодондарымен аяқталады. Гендер аралығында спейсерлік ТТТТ бөліктер орналасқан.
а) осы ақпаратты пайдалана отырып, 3 құрылымдық геннен тұратын Lac–оперонының моделін құрастырыңыз: құрылымдық ген Z- 5 кодоннан тұрады, құрылымдық гендер Y және A - 4 кодоннан тұрады.
б) транскрипция жүргізіңіз, қанша а –РНҚ түзіледі?
в) трансляция жүргізіңіз, ДНҚ-ң осы бөлігінде қанша ақуыз кодталған? Олардың құрамын анықтаңыз.
7.5.3. Кесте толтыру:
Эукариот гендерінің реттелу деңгейлері
Эукариот гендерінің реттелу деңгейлері | Сипаттамалары |
геномдық | |
транскрипциялық | |
постранскрипциялық | |
Трансляциялық | |
пострансляциялық |
7.6. Үлестіретін материал -жоқ.
7.7. Әдебиеттер:
Негізгі:
7.7.1. Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы). Алматы: Эверо, 2008. 84-97.
7.7.2. Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006. б. 47-54.
7.7.3. Генетика. Под ред. Иванова В. И..М.: Академкнига, 2006.
7.7.4. . Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск: Сиб.унив. изд-во, 2007. С. 107-196.
7.7.5. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003.
7.7.6. Қазымбет П.Қ., Аманжолова Л.Е., Нұртаева Қ.С. Медициналық биология. Алматы, 2002. б. 71-82.
7.7.8. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006. б. 62-67
7.7.9. Қуандықов Е.Ө., Нұралиева Ұ.Ә. Негізгі молекулалық-генетикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігі. Алматы: Эверо, 2012. 112 б.
Қосымша:
7.7.10. Медицинская генетика: учеб. пособие/ Роберт Л.Ньюссбаум, Родерик Р. Мак-Иннес, Хантингтон Ф. Виллард: пер. с англ. А. Ш. Латыпова; под ред. акад.РАМН Н. П. Бочкова. М., ГЭОТАР-Медиа, 2010.
Бақылау
7.8.1. Альбомдағы тапсырмалардың орындалуын тексеру
7.8.2. Бақылау сұрақтары:
7.8.2.1. Гендер белсенділігінің реттелуінің маңызы неде?
7.8.2.2. Про және эукариот гендерінің реттелуінің механизмінде қандай айырмашылықтар бар?
7.8.2.3. Адам өмірінде гендер белсенділігінің реттелуі механизмінің бұзылуының медициналық маңызы қандай?
Үш тілдегі түсіндірме сөздер:
Қазақ тілінде | Орыс тілінде | Ағылшын тілінде |
Оперон –бірнеше құрылымдық прокариоттық (кластерлік) гендерден тұратын структуралық- функциональдық бірлік, олардың белсенділігі бір ғана промотор, реттеуші ген және индуктормен реттелінеді | Оперон — cтруктурно-функциональная единица, состоящая из нескольких структурных прокариотических (кластерных) генов, активность которых регулируется общим промотором, регуляторным геном и индуктором | Operon –structural-functional unit, consisting from a few structural prokaryotic (cluster) genes, which activity regulates by common promotor, regulatory gene and inductor |
Оператор – транскрипцияны бастау немесе тоқтату үшін репрессормен немесе индуктормен байланысатын геннің реттеуші қатары | Оператор –регуляторная последовательность, с которой связывается репрессор или индуктор для остановки или начала транскрипции | Operator –regulatory sequence with which bonds repressor or inductor for beginning or disruption of transcription |
Реттеуші гендер -басқа гендердің белсенділігін реттейтін гендер | Гены-регуляторы – гены, регулирующие активность других генов | Regulators genes – genes regulating activity of other genes |
Репрессорлар- индуктор, оператор немесе құрылымдық гендердің соңғы өнімдерімен әрекеттесу арқылы оперон құрамындағы бірнеше құрылымдық гендердің белсенділігін (транскрипциясын) бақылайтын реттеуші гендер | Репрессоры- регуляторные гены, контролирующие активность (транскрипцию) нескольких структурных генов в составе оперона путем взаимодействия с индуктором, оператором или конечным продуктом синтеза структурных генов | Repressors – regulatory genes controlling activity (transcription) of other structural genes in the operon by interaction with an inducer, operator or end product of the synthesis of structural genes |
Құрылымдық - құрылымдық ақуыздар және ферменттер синтезін бақылайтын гендер | Структурные гены - гены, контролирующие синтез структурных белков и ферментов | Structural genes – genes controlling synthesis of structural proteins and enzymes |
Құрастырушы: оқыт. Какишева Г.Т.
4-сабақ (СОЖӨЖ)