Тамыр жемісті тамырлары бойыншы анықтау.
Тамыр жеміс дакылдар
Тамыр жемістердің түрлерін, тұқымын, егін көгі, жапырақтары және тамырлары бойынша оқып-үйрену.
2. Тамыр жемістердің өсіп-жетілу кезеңдерін сипаттап жазу.
3. Тамыр жемістердің биологиялық өнімін анықтау әдістемесін оқып-үйрену.
4. Пайдалануға рүқсат етілген сорттары мен будандарына шаруашылық-биологиялық сипаттама беру.
5. Мал азықтық қызылшаның суармалы және суарылмайтын жерлерде өсірудің операциялық технологиясын жасау.
Егістікте өсірілетін басты тамыр жемістер төмеңдегідей тұқымдастар мен түрлерге жатады.
Қант қызылшасы , ала бүталар тұқымдасы , сәбіз , шатырша гүлдер тұқымдасы, тарна, турнепс, қырыққабат тұқымдасы. Аталған дақылдар, әсіресе қант қызылшасы қүрамында көмірсутектер, минералдық тұздар мен дөрумендердің (В), Вг,С) молдығымен, жеңіл қорытьыатындығы және жоғары сіңімділігімен ерекшеленеді. Қоректілігі женінен тамыр жемістердің ішівде қант қызылшасы бірінші орында. Қант қызылшасы-қант өнеркәсібіне шикізат беретін өте маңызды дақыл. Тамыр жемістерді барлық ауылшаруашылық жануарлары сүйіп жейді өрі олар ірі сабақты жөне құнарландырылған мал азығының жеңіл қорытылуына мүмкіндік жасайды. Күзгі-қысқы кезеңде тамыр жемістер сүт түзгіш жене ірі қара малға, шошқаға, қойға диэтикалық мал азығы ретінде аса бағалы. Тамыр жемістер мал өнімі мен төдділігін, сонымен қатар олардың көптеген ауру түрлеріне төзімділігін арттырады. Тамыр жемістерді тұқымдары бойынша анықтау. Тамыр жемістерде нағыз тұқымдарды ғана емес (тарна), жемістері мен жемісшелерін де тұқымдары деп есептейді (сөбіз, қант қызылшасы). Олардың кейбір морфологиялық ерекшеліктері 74-суретте келтірілген Қант қызылшасының жемісі-екі қабатты тығыз тканьді, қалың қабықты жаңғақ. жеміс шоғырын қүрайтын жемістер саны 2-6, мұның өзі оның массасы мен көлеміне өсер етеді. Жемістері піскен кезде тостағанша жапырақшалар кдтаяды да қатты қабықпен қабысып кетеді. Піскен жемістің төбесі жалпақ немесе өлсіз дөңес қақпаққа айналады, оны аластатқанда горизонталь жатқан тқұқымды көруге болады. Тұқымының жылтыр қоңыр қабығы болады. Тұқымының ұрығы перисперма, ұрықтық жапырақша мен тамыршаны сақинамен орай орналасқан.Сәбіздің жемісі-екі айрық сопақ тұқым (шекілдеуік) піскевде екі тұқымға ажырайды. Әрбір тұқымның арқалығывда 4-5 қабырғашық бар, олар жіңішке инелермен қапталған. Қабырғашықтардың астында арнаулы иісті эфир майымен толтырылған жолдар орналасқан. Тарна мен турнепстің тұқымдары ұсақ, шар төрізді, күңгірт-қоңыр немесе қара түсті. Олар бір-бірінен қиын ажыратылады. Тарнаның түсі қоңырлау деп есептеледі, алайда шала піскен тарна тұқымының түсі турнепс тұқымының түсіне ұқсас күңгірт-қоңыр болады. Жас тарна тұқымына жас қырыққабат иісі төн, ал турнепс тұқымына-еткір шомыр дәмі төн. Сондықтан тұқымның органолептикалық анықтау өдістемесі сенімсіз. Тамыр жемісті тұқымдарының анық түрін білу үшін химиялық төсіл қолданылады. Ол үшін тұқымның екі үлгісін (100 данадан) бірнеше кішірек пробиркаларға салады да 1% күйдіргіш натрий ерітіндісін құяды, соңынан температурасы 25-28°С термостатқа 2 сағ. қояды. Тарна тұқымының сығынды ерітіндісі ашық-сары, ал турнепстікі ашық-жасыл (салат) түсті болады.
Тамыр жемістердіегін көгі мен жапырактары бойыншаанықтау.
Тұқымның көктеуі ұрықтық тамыр мен сабақшаның өне бастауының нәтижесінде тұқым қабығы жарылады да тұқым жарнақтары жер бетіне шығып жасылданады. Жер бетіне шығарылған қант қызылшасы мен сөбіздің тұқым жарнақтары ұзынша пішінді болады, осынысымен тарна мен турнепстің қыска, жалпақ жөне шеттері ойықты түқым жарнақтарынан ажыратылады .Әрі қарай дамығанда тамыр жемістің тұқым жарнақтарының арасындағы бүршіктен алғашқы (бірінші) нағыз жапырақ түзіледі. Қант қызылшасының алғашқы жапырақтары жұптасып түзіледі, кейіннен бір-бірден пайда болады. Алайда қазіргі уақыттағы түсінік бойынша жапырақтар жүптасып түзілмейді, бүрандалы тәртіппен пайда болады-5/13 бөлшегімен жапырақ түзілуінің анықтамасына сэйкес. Бөлшектегі сандардың мәні-тамыр басының әрбір 5 бүрандалы айналым санына 13 жапырақ пайда болады, ал 15 жапырақтан бастап бүраңдалы айналым циклінің келесі 13 жапырақтары түзіледі ж.б. Бүкіл өсіп-жетілу кезеңінде қант қызылшасы 4-5 және одан да көп жапырақ орналасу циклдары болады. Қант қызылшасының нағыз жапырақтары ірі, сағақты, шеттері бүтін келеді. Жас жапырақтарда сағақтар қысқа, тақтасы домалақ келген, ал ересек жапырақтардың сағағы ұзын, тақталары жүрек пішінді жөне толқынды кеңірдектенген. Себіздің нағыз жапырағының тақтасы өте күшті тілімденген, тарна мен турнепстің алғашқы жапырақтары ұзынша-сопақ немесе өлсіз тілінген, ал кейінгілеріңде тақталарының тіліктері арта түседі. Тарнаның жапырақтары күңгірт-жасыл, беті жылтыр, ал турнепсте-ашық-жасыл, түкті.
Тамыр жемісті тамырлары бойыншы анықтау.
Егін көгі пайда болғаннан кейін жапырақ массасының түзілуімен бір мезгілде тамыр жемістің тамыры да дами бастайды. Тамыр жемісте тамырдың үш белігі-басы, мойны және нағыз тамыр-ажыратылады. Басы-тамырдың жоғарғы бөлігі, мүнда өсіп түрған жапырақтар, бүршіктер, өлген жапырақтар орналасқан. Тамырдың басы сабақ тегінен есімдіктің жер үсті бөлігінен түзілген. Бастың өсу конусы оның ортасында болады, сондай-ақ жоғарғы (ішкі) жапырақтар әр уақытта жас, ал төменгілері (сыртқы)-барынша ересек (кәрі).Тамырдың мойыны-цилиндр пішінді, не жапырақшалары, не тамыршалары болмайды жөне ұрық тамыршасының үстіндегі жарнақтың (үрықтық сабақ) жуандауының нөтижесінде пайда болады, оның жоғарғы шеті бастың төменгі бөлігімен шектеседі. Нағыз тамыр жемістің ең төменгі бөлігі болып табылады, ұрық тамыршасынан дамиды да бүйір тамыршаларын түзеді. Қант қызылшасында олар екі вертикаль қатарға орналасқан (75-сурет), сөбізде төрт қатар. Турнепстің тамыры, ұзын білікпен аяқталады, онда ретсіз орналасқан бүйір тамыршалар болады, ал тарна тамырының төменгі бетінде айтарлықтай жуан тармақтар түзіледі де олар бұтақтанады, соның нөтижесінде төменгі тамыршалар дамиды.Нағыз тамыр жерде дамиды. Техникалық жөне мал азықтық шикізат ретінде тамыр жемістің бағалы белігі болып табылады. Тамыржемістерге төнпішіндер төмендегідей: Конус тәрізді-жоғарғы жағы кең (жуан) төменге қарай жіңішкере береді (сөбіз).
Цилиндр тәрізді-тамыржемістің диаметрі жоғарғы және теменгі бөліктерінде шамамен бірдей (турнепс).
Қаптәрізді —Қант қызылшасының тамыржемісі: а-басы; б-мойыны; в-нағыз тамыр.
айтарлықтай ұзын емес, бірақ жуан цилиндр пішіндес (мал азықтық қызылша).
Сопақ- бір бағыттағы біркелкі диаметрлі шар (тарна).
Шартәрізді — диаметрі барлық бағытта бірдей (турнепс, тарна).
Жалпақ- қатты қысылған шарды еске түсіреді (тарна).
Тамыржемістердің беті ақ, сары, жасыл, күлгін, қызғыж-күлгін, қызьш-күрең түсті сольш келеді, оның үстіне жер беті және жер асты бөліктерінің түстері өртүрлі боялған. Тамыржемістің жүмсағының түсі оның бетіне қарағаңда шамалы өзгереді. Әдетте қант қызылшасьшың түсі ақ, мал азықтық қызылщада ақ, кейде сарғыш немесе қызғылт сақиналы; мал азықтық сөбізде ақ, сарғыш, қызыл, қызыл-күрең түсті жөне өзегі күңгірт боялған, тарна мен турнепсте ақ жөне сары, сары түсті тамыржемістердің жүмсаш қүрғақ заттардың көптігімен ерекшеленеді. Қант қызылшасының дөмі төтті. Сөбіздің асханалық сорттары жақсы татымды. Тарна мен турнепс шомыр дөмді.Фенологиялық байқаулар, Тамыр жемістерді өсіргенде негізгі өнімін-тамыр жемісін-бірінші жылы береді. Оның алғашқы даму кезеңі-егін квгі (көктеу)-жер бетінде өскіндердің шығуы жөне тұқым жарнақтарының пайда болуы мен сипатталады, екішігі кезеңі-бірінші жұп нағыз жапырақтардың түзілуі, үшінші кезеңі-үшшші жүп нағыз жапырақтардың түзілуімен сипатталады. Бұл кезендерде егістікті күтіп-баптаудың маңызды шарасы-седдірету-артық өсімдікгі аластату- іске асырылады. Өсіп-жетілу кезеңінің соңына қарай тамыр жемістің ескі жапырақтары бірте-бірте өледі. Қатараралықтарда өсімдік жапырақтары жиырылып қатараралықтар жалаңаштанады, бұл соңғы кезенді тамыр жемістердің қатараралықтағы жапырақтарының жиырылу кезеңі деп атайды. Биолопшлық өнімді анықтау. Тамыр жемістердің биологаялық енімін егін жинау қарсаңыңда анықтайды. Танап диагоналі бойынан 10 қатардың өрқайсысынан 10 есщдіктен екі үлгі алынады. Өсімдіктің, тамыр мен жапырақтардың массасын анықтайды. Бір есімдікке келетін құрғақ және жасыл жапырақтардың орташа санын, есімдіктердің қоректену алаңы мен 1 га егістіктегі өсімдікгердің санын анықтайды. Алынған дерекгерді төмендегі кесківдегі кестеге жазады.Тамыр жемістердің тамырындағы қанттың немесе құрғақ заттардың мөлшерін төменде келтірілген эдістем