Класс:Қос жарнақтылар

Пияз туысы

Пияз туыстастар- даражарнақты өсімдіктер . Бұлар баданалы, кейде түйнекпиязшықты және тамырсабақты, көпжылдық өсімдіктер болып табылады. Таспа тәрізді немесе сопақша жапырақтары жалпақ және түтікшелі болып келеді. Пиязшығы мен жапырақтарында сүтті шырын болады. Гүлдері - ұсақ, жай шатыршагүлге жиналады. Күлтелері қызғылт, ақ, күлгін және қанқызыл түсті. Гүлдері жапырақсыз гүлсидамның ұшында дамиды. Гүлдері ашылғанға дейін бүкіл гүлшоғырының сыртын мөлдір қабықша қаптайды. Гүл жарған соң қабықша құрап қалады. Пияз тұқымдастарды бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі - қауашақ. Пияз тұқымдастарды тұқымынан да, өсімді мүшесінен де көбейтуге болады. Тұқымдары жел, құмырсқалар, жануарлар арқылы таралады. Ғаламшарымызда пияз тұқымдастардың 650-ге жуық түрі таралған. Қазақстанда олардың 110-ға жуық түрі өседі. Пияз тұқымдастар - азықтық, малазықтық, дәрілік және сәндік бағалы өсімдіктер.

Өкілі:Итқонақ (Setaria viridis) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дүние жүзінде кең тараған. Қиыр Шығыста, Солтүстік-Шығыс Қытайда, Жапония және Корей аралдарында кездесетін 21 түрі белгілі. Итқонақ – егістіктер мен бау-бақшаның арамшөптері. Қазақстандақұрғақ далалық аймақтар мен таулардың тастақты беткейлерінде өсетін: шоқ Итқонақ (Setaria verticillata), мысыққұйрық Итқонақ (Setaria glauca), көк Итқонақ (Setaria viridis), Италия Итқонағы (Setaria italica) деген түрлері кездеседі. Биіктігі 10 – 80 см. Сабағы тік, буын және буын аралығынантұрады, іші қуыс болады. Көп жапырақты, шашақталып өседі. Гүлдері – күрделі масақ, сыпыртқы гүлшоғырына жиналған. Масақшасы ұзынқылтанақты, қос гүлді. Оның біреуі – қос жынысты, екіншісі аталық (саны үшеу) жынысты. Шілде – қыркүйекте гүлдейді. Жемісі – дәнек. Тұқымсалғанға дейін жапырақтары мен сабақтарын мал жақсы жейді. Тұқымдарымен құстар қоректенеді.

Класс:

Қос жарнақтылар магнолиопсидтер (Magnolіopsіda) – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Жер шарында (Антарктидадан басқа) құрлықтарда кеңінен таралған. Ағаштар немесешөптесін өсімдіктер, кейде қайта сүректенген жартылай бұта, бұталар. Құрамында 8 класс тармағы, 429 тұқымдасы, 10 мыңға жуық туысы және 190 мыңнан аса түрі бар. Ұрығы 2, кейде 1 ғана жарнақты, өте сирек 3 – 4 жарнақтылары да кездеседі. Жапырақтары қауырсынды, кейде саусақ салалы жүйкеленген. Жүйкеленуі ашық тұйықталмаған; айқын сағақты. Сабақтың өткізгіш жүйесі бір шеңберлі камбийлі (өсу клеткаларының жұқа қабаты) өткізгіш шоқтардан тұрады. Флоэмасында (органик. затты өткізетін күрделі ұлпа) әдетте паренхима бар. Сабақтың қабығы мен өзегі өте айқын ажыратылады. Алғашқы (ұрықтық) тамырша негізгі тамырға айналады. Тамырдың оймақшасы мен эпидермасының онтогенездік жеке дамуы бірдей. Көпшілігінде гүлдері 5 немесе 4 мүшелі, кейбір алғашқы қарапайым таксондарда 3 мүшелі. Тозаң түйіршіктерінің сыртқы қабығының түсі алуан түрлі; қ. Гүлді өсімдіктер

.

Тұқымдас:

Күрделі гүлділер (лат. Compósitae) — қос жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы.

класс:Қос жарнақтылар - student2.ru

Күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер. Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің ең көп тараған тобы - күрделігүлді өсімдіктер. Жер жүзінде,Арктика және Антарктида мұздарының өзге таралу аймақтарының барлығында 1300 туысқа бірігетін 25 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 140 туысы, 700-дей түрі кез-деседі. Қоңыржай аймақта — шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде, тропикте — шырмауық, бұта, кейбір түрлеріағаш түрінде өсетін бір, екі не көп жылдық өсімдік. Бұлар - негізінен шөптекті, сүтті шырыны болатын өсімдіктер. Олардың шала бұталы, бұталы, ағаштекті түрлері де кездеседі. Күрделігүлділер - көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Кейде біржылдық түрлері де кездеседі.Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталатындықтан, себетгүл деп аталады. Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалдан тілшелі, шоқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Міне сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады

Жусан туысы (полынь— Аrtemіsіа). 400-дей туысы бар, БОР-дың территориясыңда 134 түрі, ал Қазақстанда 81 түрі кездеседі. Туыстың ареалы негізінен Европаның, Азияның жөне Солтүстік Американың қоңыржай климатты облыстарын альш жатады. Шөптесін (көпжылдық, екіжылдық, біржылдық) өсімдіктер немесе жартылайбүталар. Бұтақтары тік немесе жоғары қарай өседі, жапырақтары кезектесіп орналасқан болады. Жапырақтары қатты тілімделген, сиректеу түтас (бүтін), көп мөлшерде эфир майьш шьвгарады. Гүлдері тек трубка тәрізді.

Өкілі:

Тамыр жусан(Artemіsіa scoparia) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын, жусан туысының бір түрі; көп жылдық шөптесін өсімдік.Қазақстанның Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Алматы облыстарындағы шөлді және дала аймақтарының құмайт, құмды және сортаң топырақты жерлерінде, кейде ескі егістік алқаптарда өседі. Биіктігі 18-45 см, сабағы мен жапырақтарын ұйысқан қалың бозғылт сұр түк басқан. Тамыры жуан, сүректі келеді. Сабағы бұтақты, жоғарғы жағындағы жапырағы сағақты, орта шетіндегілері сағақсыз қауырсын тәрізденіп 2-3 рет тілімделген гүлдейді.

Класс:Қос жарнақтылар

Наши рекомендации