Жүрек-тамыр жүйесін тексеру. Жүректің жиырылу жиілігі минутына72 рет,пульс ырғақты толымдылығы және кернеулігі
Жүректің жиырылу жиілігі минутына72 рет,пульс ырғақты толымдылығы және кернеулігі қанағаттанарлық,симметриялы.Артериальді қан қысымы 110/70 мм с.б.
Жүрек аймағын қарау:
Жүрек аймағында жүрек бүкірі,патологиялық пульсациялар анықталмайды.
Жүрек ұшы түрткісі сол жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен 3см ішке,5 қабырғааралықта анықталады.
Ас қорыту ағзаларын тексеру
Асқазан-ішек жолы
Жалпы қарау:
Ауыз қуысы: Тілінің формасы мен көлеміерекшеліксіз,ақшыл қызғылт түсті,ылғалды ,сұр-ақ жабынмен жабылған. Жұмсақ және қатты таңдайдың ішкі шырышты қабаты қызғылт түсті,бөртпелер,ойықтар,жаралар жоқ.
Қызыл иегі әлсіз-қызғылт түсті.
Іші:Іші дұрыс формалы,симметриялы. Алдыңғы құрсақ қуысының бұлшықеттері дем алу актісіне қатысады.Алдыңғы құрсақ қабатының оң жақ мықын-шап аймағында операциядан кейінгі тыртық анықталды
ПЕРКУССИЯ.Перкуссияда әр түрлі деңгейде айқындалатын іштің тимпаниты анықталды.Іш аймағының сұйықтыққа толу белгілері жоқ.
ПАЛЬПАЦИЯ.Беткейлік пальпация кезінде іш жұмсақ.ауырсынусыз.Жарықтар,ісіктік түзілістер анықталмайды
Бауыр:консистенциясы-жұмсақ,беті тегіс,төменгі шеті үшкір,ауырсынусыз.
Өтқабы маңын пальпациялау:пальпацияланбайды.Курвуазье,Мюссе-Георгиевский,Ортнер,Мерфи,Керр симптомдары теріс.
Көкбауыр пальпацияланбайды.
Пальпация :Ұйқы безі пальпацияланбайды.
Зәр шығару жүйесін тексеру
Бел аймағында:
Ісінулер,теріде гиперемиялар жоқ.
Перкуссия: Бел аймағы:соққылау симптомы теріс.
Пальпация:бүйрек пальпацияланбайды..
VI Алдын-ала қойылған клиникалық диагноз
Науқасты сұрастыру және объективті қарау барысында анықталып отырған басты симптомдар:
1.Астеновегетативті синдром(бастың айналуы,жалпы әлсіздік,шаршағыштық)
2.Интоксикациялық:(тершеңдік,қалтырау,дене температурасының 38.1С көтерілуі)
3.Бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы (демікпе,жөтел,қақырық)
4.Плевра тітіркену синдромы(кеуде сарайының сол жақ бөлігінің жөтелгенде күшейе түсетін шаншып ауырсынуы)
5 .Өкпе тіні тығыздалу синдромы(кеуде клеткасының симметриялық бөлімдерінде везикулярлық тыныс әлсіреген , тыныс алуы қатты, құрғақ,ысқырықты сырылдар) негізделе отырып,аталған симптомдарды “өкпенің созылмалы обструктивті ауруы”ұғымына топтастырдым.Яғни ӨСОА,орташа ауырлық дәрежесі,бронхитикалық типті диагнозын қойдым.
VII Зерттеу жопары:
1.ЖҚА
2.ЖЗА
3.Қанның биохимиялық анализі
4. Коагулограмма
5. Қақырықтың жалпы анализі
6. Кеуде сарайы ағзаларының рентгенографиясы
7. Спирография
8. ЭКГ
1. ЖҚА:
Гемоглобин | 136 г/л | |
Эритроцит | 4,4х10(12) л | |
Түсті көрсеткіш | 0,95 | |
Лейкоцит | 5,9х10(9) л | |
Нейтрофил: | ||
т/я | ||
С/я | ||
Лимфоцит | ||
Моноцит | ||
ЭТЖ Тромбоциттер | 17 мм/сағ 210х10(9)л | |
Қорытынды:ЖҚА көрсеткіштері өзгеріссіз.
2. Қанның биохимиялық анализі:
Жалпы белок – 65,9г/л
Альбумин – 40.4 г/л
Мочевина – 4.3ммол/л
Креатинин – 63 мкмоль/л
Глюкоза – 5,6 ммоль/л
АлаТ – 15 бірлік/л
АсаТ – 10 б/л
Жалпы билирубин – 9.6 мкмоль/л
Қорытынды:ЖҚА көрсеткіштері өзгеріссіз.
VII Дифференциальді диагнозы
Алдын-ала қойылған диагноздың дұрыстығын анықтау мақсатында ӨСОА-ын”бронхиальді астмамен ” диффренциациялауды жөн көрдім.
Белгілері | ӨСОА | Бронхиальді демікпе |
Анамнез | Темекі тарту, жасы> 35жас,респираторлы сиптомдардың жәй дамуы. | Балалық кезден тұқым қуалаушылық |
Жөтел | Барлық уақытта | Ұстама түрінде,жиі түнде немесе таңда |
Қақырық | Тұтқыр,ауыз толтырып,мөлшері көп,жасыл немесе сары түстес | Мөлшері аз |
Ентікпе | Барлық уақытта,минимальді физ.жүктемеден соң | Ұстама түрінде,бронхолитиктерді қабылдағаннан кейін ғана басылады,жи» спонтанды түрде |
Физикалық жүктеме | Төмендеген | Асқынғанда тқмендейді,ремиссия сатысында жоғарылайды |
Өккпеден тыс өзгерістер | Цианоз,арықтау,оө жақ қарыншалық жеткіліксіздік | Атипиялық формасында-риниттер,тағамдық аллергия |
Эритроциоз | Созылмалы гипоксия кезінде | Тән емес |
Ig E жоғарылауы | Болуы мүмкін,бірақ аурудың патогенезіне байланысты емес | Атипиялық формасында жиі |
ОФВ1 и ОФВ1/ФЖЕЛ | Күшейетін,айқын төмен байқалады | Ауырлық дәрежесіне байлаысты төмендеп,қайта көтеріледі. |
ӨСОА-ның асқынуы кезінде бұл ауруды сол жақ қарыншаның жеткіліксіздігімен(өкпе ісінуі,ӨАТЭ),пневмоторакспен,пневмониямен,диффуздф панбронхиолитпен дифференциациялаған жөн.