Жұғын-препарат дайындау. Қарапайым бояу әдістері.
Хаттама №1
№ | Зерттеу мақсаты | Зерттелетін материал | Зерттеу барысы | Қорытынды |
Тіс қабатындағы микрофлораның пішінін анықтау | Тіс қабаты | 1)Тіс қабатынан жұғын препарат дайындау 2)Бурри әдісімен бояу 3)Микроскопия | ||
Ескерілетін материалдан бактериалардаң пішінін анықтау | 1)Шабылған агрдағы дақыл. 2) Қоректік спорадағы дақыл | 1)Жұғын препарат дайындау 2)Қарапайым әдіспен бояу 3)Микроскопия | ||
Бактериалардың пішінінің демонстрациялық препараттардан анықтау | Демонстрациялық препараттарды бактериялар пішіні:шар,таяқша,имектелген | 1)Микроскопия 2)Сурет салу |
Ескерту: «Қорытынды» қатарына түрлі түсті қаламмен сурет салу керек және атауларын жазу қажет.
Патогенді бактериялардың морфологиясы
Хаттама №2
Шар тәрізді бактериялар- коккалар:
А) Микрококкалар (латын тілінен Micrococcus – ұсақ, дара-дара орналасқан коккалар)
Micrococcaceae тұқымдастығы
Б) Диплококктар (лат. Diplococcus- екі-екеуден орналасқан коккалар)
Neisseriaceae тұқымдастығы
Neisseria туысы
Neisseria gonorrhoeae- гонококкалы инфекциялардың қоздырғышы (гонорея, бленорея, стоматит және т.б.)
Neisseria menengitidis- минингококкалы ифекциялардың қоздырғышы (назофарингит, менингит, менингоэнцефалит, сепсис және т.б.)
Streptococcaceae тұқымдастығы
Streptococcus туысы
Streptococcus pneumoniae (пневмококк)- крупозды пневмонияның қоздырғышы.
В) Стрептококктар (лат. Streptococcus- шынжыр, коккалар тізбегі)
Streptococcaceae тұқымдастығы
Streptococcus туысы
Streptococcus pyogenes- гемолитикалық стрептококк, жаралы инфекциялар, рожа, скарлатина, ревматизм, жоғары тыныс алу жолдарының өткір инфекция, импетиго және т.б. қоздырғышы.
Г) Стафилококктар (лат. Staphylococcus- жүзім секілді шоғырланып орналасқан коккалар) Micrococcaceae тұқымдастығы
Staphylococcus туысы
Staphylococcus aureus- алтын түсті стафилококк, абсцестер, күбіртке, фурункулез, карбункулез, остеомиелит, аппендицит, холецистит, пневмония және т.б. қоздырғышы.
Д) Тетракокктар (грек тілінен tetra- төрт)- патогенді түрлері жоқ.
Е) Сарциналар (лат. Sarcio- байланыстыру)- сапрофиттер, суда, ауада тіршілік етеді.
2. Таяқша тәрізді бактериялар
А) Спора түзбейтін тік таяқшалар
Enterobacteriaceae тұқымдастығы- ішек таяқшасы тобының бактериялары.
Escherihia coli- ішек таяқшасы, ішекте тіршілік етеді, қалыпты микрофлорасы; диареегенді эшерихиялар- эшерихиоздар қоздырғышы.
Salmonella туысы
Salmonella typhi- іш сүзегінің қоздырғышы.
Salmonella enteritidis- тағамдық токсикоинфекциялар қоздырғышы.
Shigella туысы
Shigella dysenteriae- бактериалді дизентерия (қантышқақ) қоздырғышы.
Yersinia туысы
Yersinia pestis- оба (чума) қоздырғышы.
Б) Коккобактериялар
Brucellaceae тұқымдастығы
Brucella туысы- бруцеллез қоздырғышы
Bordetella туысы
Bordetella pertusis- көкжөтел қоздырғышы
В) Эндоспора түзетін таяқшалар
Bacillaceae тұқымдастығы
Bacillus туысы (bacilla- таяқша)
Bacillus anthracis- сібір түйнемесінің қоздырғышы; стрептобациллалар
Clostridium туысы (лат. Closter- арқан)
Clostridium tetani- сіреспе (столбняк) қоздырғышы
Clostridium perfringens- газды гангрена қоздырғышы
Clostridium botulinum- ботулизм қоздырғышы
Г) Тереуіш секілді бактериялар
Corynebacteriaceae тұқымдастығы (сorynа- тереуіш)
Corynebacterium туысы
Corynebacterium diphtheriae – дифтерия қоздырғышы
Д) Өршімелі таяқшалар
Mycobacteriaceae тұқымдастығы
Mycobacterium туысы
Mycobacterium tuberculosis, M.bovis- туберкулез қоздырғышы
Mycobacterium leprae- алапес қоздырғышы
3. Имектелген бактериялар
А) Вибриондар (лат. Vibrio- имектелу)
Vibrionaceae тұқымдастығы
Vibrio cholerae, vibrio eltor- тырысқақ (холера) қоздырғышы
Б)Спириллалар (лат. Spira- имектелу)
Spirillacea тұқымдастығы
Spirillum minor содоку қоздырғышы (егеуқұйрық тістеген кезде жұқтырылады)
Campylobacter туысы
Campylobacter pylori - асқазанда кездеседі,асқазанның және он екі елі ішек жараларының қоздырғышы
Ескерту: Бактериялардың пішіндерінің қатарына түрлі түсті қаламмен суретін салу керек.
Тақырыбы:Бактериялық жасуша құрылысы: нуклеоид, цитоплазма, қосындылар қабығы, капсула, спора, оларды анықтау әдістері. Жұғынды дайындау техникасы. Күрделі бояу әдістері. Грам бойынша бояу.
Сабақтың мақсаты: Жұғын-препаратты дайындау техникасы, оларды бояу және микроскопиялау.Бактериальді жасушаның құрылысын білу, жеке құрылымдарының химиялық құрамын және құрылысын анықтауда күрделі бояу әдістерін меңгеру
Студент білуге тиіс:
- Бактериалді жасушаның ультрақұрылымын.
- Негізгі жасуша құрылымдарының тағайындалуын және химиялық құрамын.
- Жасуша құрылымдарының компоненттерін анықтау әдістері.
Керекті құрал-жабдықтар: дақылдық қоспалар, бояулар жиынтығы, демонстрациялық препараттар
Сабақ тақырыбын өз бетімен дайындауға арналган сұрақтар:
1. Микроорганизмдердердің таксономиясының принциптері.
2. Бактериялық жасушаның құрылымды ерекшеліктері және эукариодты жасушадан айырмашылығы
3. Жасушаның химиялық құрамы. Негізгі құрылымдары: жасуша қабырғасы, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, кірпікшелер, пили, споралар, волютин дәндері.
4. Бактерияның нуклеоиды, эукариодты жасушалардың ядросынан өзгешелігі. Нуклеоидтың биологиялық қызметі, құрылысы және химиялық құрамы.
5. Бактериялардың жасуша қабаты құрылысы ерекшеліктері. Грам бойынша бояу техникасы, тәжірибеде қолданылуы.
6. Бактериялардың капсуласы мен микрокапсуласы, түзілу жағдайлары, химиялық құрамы, маңызы. Патогенді капсуласы бар бактерияларға мысал келтіріңіз. Бурри-Гинс әдісімен бояу арқылы капсуланы ажырату.
7. Бактериялардың споралары, пайда болу жағдайлары, маңызы. Споралардың сыртқы қоршаған ортада тұрақтылығы. Патогенді спора түзетін бактерияларға мысал келтіріңіз, жасушада споралардың орналасуы. Спораны Ожешко әдісімен бояу.
8. Волютин дәндерін Нейссер бойынша анықтау. Бояу механизмі және сатылары.
Тарату материалы
Бактериялық жасуша құрылысы.
Мөлшерінің кішкентайлығына қарамастан кез-келген жасуша сияқты бактериялық жасушаның барлық құрылым компоненттері бар: жасуша қабырғасы,цитопазмалық мембрана, әр түрлі қосындылары бар цитоплазма және нуклеоид.Аталғандар жасушаның басты құрылымдық компоненттері. Тіршілік етудің кейбір кезеңдерінде пайда болатын қосымша құрылымдық компоненттеріне -капсула,спора, талшықтар, кірпікшелер жатады.
Жасуша қабырғасы -жоғарғы дәрежеде созылмалы қабілеттілігі бар биогетерополимер. Химиялық құрамы бойынша прокариоттардың жасуша қабырғасы эукариотордан ерекшелігі бар. Оның негізгі компоненті пептидогликан класына жататын-муреин. Муреин және оған қосылған арнайы қосымша компоненттері бойынша барлық бактериялар грам оң және грам теріс боялатын екі топқа бөлінеді.
Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасы мұғал болады, қалыңдығы 20-80 нм жетеді. Ол гомогенді құрылымнан тұрады және цитоплазмалық мембранаға тығыз жабысын тұрады. Жасуша қабырғасындағы муреин оның құрғақ массасының 50 ден 90 ға дейін процентін құрайды және муреинмен тейхой қышқылы байланысқан.
Грам теріс бактерияладың жасуша қабырғасы жұқалау 14-17 нм. Химиялық құрамы бойынша әр түрлі болады. Ішкі қабаты муреиннен тұрады. Сыртқы қабаты фосфолипид , липополисахарид, липопротеид және ақуыздан тұрады, олардың антигендік қасиеті болады.
Жасуша қабырғасы зақымданса қайта орнына келмейді, біраз уакыттан кейін микроб тіршілігін жояды.
Жасуша қабырғасынан толық айырылған бактерияларды протопласт, ал жасуша қабырғасынан жартылай айырылғандарды сферопласт деп атайды. Жасуша қабырғасы жартылай жойылғанымен, көбею қабілеттілігін сақтаған микроорганизмдерді -пішінді бактериялар деп атайды. Олардың тұрақты және тұрақсыз түрлері болады. Кейбір жұқпалы аурулардың ұзаққа созылып, қайталап дамуы ағзада патогенді бактерияладың L пішінді түрге айналуымен байланысты болуы мүмкін.
Цитоплазмалық мембрана-липид, ақуыздан тұратын күрделі кешен. Ақуыздар молекуласы тыс жағында орналасып липидті бөлшегінің құрылысына мозаика тәріздес ілмектеніп орналасады. ЦПМ жартылай өткізгіштік қасиеті бар құрылым, қызметі әр түрлі.
I. Жасушадағы метоболизмді реттеуге қажетті тұрақты осмостық қысымды бақылайды
II. Су және тұз алмасуын реттейді
III. Бактериялардың қоректенуін қамтамасыз етеді: Жасуша ішінде қоректік заттарды шоғырландырады, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды пермеаза ферментінің көмегімен сыртқа шығарады.
IV. Гидролаза ферменттерін синтездейді
V. ДНҚ-ны синтездеуге қажетті ферменттерді топтастырады.
VI. Цитоплазманың ішіне қарай бағытталған, бұралып бірнеше қабаттан тұратын құрылым-мезосома түзеді. Осындай құрылымның кейбіреулері нуклеоидпен байланысқан және микробтың бөлінуіне қатысады.
Цитоплазма бактерияның негізгі көлемін құрайды. Ол колоидты мембрандық жүйеден тұрады. Цитоплазмада нуклеоид, рибосома, гликоген гранулалары, әр түрлі қосындылар орналасқан. Цитоплазманың дәне тәріздес болуы рибосомамен байланысты. Прокариоттардығы рибосоманың тұнбаға түсу жылдамдығы 70S мөлшері 15-20 нм, саны әр түрлі болуы мүмкін, мысалы, ішек таяқшасының рибосомасы 15 мыңға дейін болады. Жасушадағы ақуыздардың биологиялық синтезделуі полисомалардың көмегімен атқарылады.
Бактериялық жасушаның цитоплазмалық қосындылары ақуыздық мембранамен қоршалған. Цитоплазма ішінде қосындыларға қоректіқ қор жатады.
Бактериялық жасушаның негізгі энергетикалық қоры-волютин.Волютин дәндері оптикалық тығыз құрылым, мөлшері 0,1-0,5 мкм, метахроматикалық боялу қасиеті бар, яғни бояудан басқа түске боялады. Волютин дәндері күл таяқшасында болады, екі шетінде орналасады, дифференциалды диагностикалық белгі болып табылады. Бактериялардың нуклеоиды-сақиналы тұйықталған қос тізбекшелі ДНҚ. Эукариоттардың нағыз ядросы болады, ол прокариоттар нуклеоидында ядролық қабаты болмайды, ядрошығы, ақуыз-гистоны жоқ митоздық тәсілмен бөліну қабілеті болмайды.Бактерия цитоплазмасында ядродан басқа хромосомадан тыс орналасқан генетикалық элемент кездеседі. Ондай элементті плазмида деп атайды. Плазмидалар әр түрлі болуы мүмкін. Олардың микробтарға, әр түрлі антибиотиктерге төзімділік қасиетін колицин түзу, энтеротоксин, гемолизин т.б бөлу қабілеттілігін береді.
Капсула- бұл негізгі химиялық компонентті полисахаридтен тұратын көп қабыршақты фибриллярлы құрылым. Бактерия денесіне оңай бөліне алады. Патогенді бактериялардың вируленттік белгісіне жатады, өйткені ол бактерияны фагоцитоздың әсерінен қорғайды. Кейбір бактериялар капсуланы тек ағзада құрайды, бұл қасиетін қоректік ортада өсіргенде жоғалтады. Ал капсулалы бактериялар деп аталатын топтағы микроорганизмдер қандай жағдайда болса да капсула түзу қабілеттілігін жоймайды. Капсуланың негізгі қызметі: микроорганизмдердің әр түрлі улы заттардың, фагоцитоздың әсерінен қорғау, жасуша қабатына микроорганизмдердің жабысуына көмектесу.
Талшықтар-цитопалзмадағы базальді денешіктерден басталатын, бактериялық жасушадан бірнеше есе ұзын, табиғатты ақуызды жіпшелер. Олар микроорганизмге жылжымалық қасиет береді. Егер де бактерияның бір шетінде бір талшығы болса - оны монотрих, екі шетінде бір немесе бір неше талшығы болса - амфитрих, бір шетінде бір топ талшығы болса - лофотрих, ал барлық жағынан шығатын болса-перитрих деп атайды.
Талшықтар антиген болып табылатын, Н антиген ақуыз – флагеллинен (flagellum – талшық) тұрады. Флагеллин суббірліктері спираль тәріздес ширатылған.
Кірпікшелер немесе фимбриялар -бактериялардың сыртқы қабатында болатын ақуыз табиғатты өсінділер. Фимбриялардың жынысты және жыныссыз типтері болады.
Споралар - спора түзу тек қана таяқша тәріздес бактерияларға тән қасиет. Спора түзу үрдісі бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл кезде цитоплазманың тиісті жерінде нуклеоид және рибосома шоғырланады, қатая бастайды, мембраналармен қоршалады, сонан соң ол мембрана кальций тұздарынан және дипиколин қышқылынан тұратын қалың қабатқа айналады. Спорадағы су байланысқан күйде болады. Сондықтан споралы бактериялар өте төзімді болады, сыртқы ортада бірнеше ондаған жылдар сақталады, бірнеше минут қайнатқанда да өлмейді. Бактериялардың спора түзуі, пішіні мен жасушада (вегетативті) орналасуы түрлік қасиеті бола отырып, оларды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді. Спораларды орналасуына байланысты: орталық, субтерминальді және терминальді. Спораны анықтау үшін Ожешко әдісін қолданады.