Анның химиялық құрамы атқаратын қызметтері.

Қан дегеніміз – клеткалардан және клетка сыртындағы сұйықтық плазмадан тұратын сұйық ткань б.т. Ересек адамның ағзасындағы қанның жалпы көлемі: ерлерде 4,9-5,2 литр және әйелдерде 3,8-4,5 литр. Көлемі бойынша қан клеткалары – 45%, қалғаны 55% плазма құрайды. Егер қан бірнеше минут тұрып қалса, онда қан ұйиды, жиырылады да, сыққан кезде одан сұйықтық - қан сары суы шығады. Плазмадан өзгешелігі, қан сары суында фибриноген болмайды. Клеткалық және химиялық құрамының өзгешеліктеріне байланысты қан мынадай биологиялық қызметтер атқарады: тасымалдаушы, трофикалық, қорғаныс, реттеуші, тыныс алу. Қан кою жабыскак молдір емес кызыл тусті суйық зат. Каннын 55пайызы плазадан каннын жалпы суйық бөлімінен 45пайызы каннын әр турл туйіршіктерынен турады. Эритроцит44 леейкоцит тагы да баска да тұйіршіктер турады. Кан уйыган кезде 2ге бөлінеді Томнгі кааты тунбага тускен кан туйіршіктері оынн устынде молдыр саргыш тусті суйықтық пайда болады. Бул суйықты сыворотка деп аталады. Сыворатканын плазмадан айырмашылыгы онын курамында фибриноген болмайды.Ягни сыворотка деп-фибриногені жок плазма.

Организм ерадамда5200мл ал әйелде3900 немесе оз салмагынын 1-10 шамасына жуык деп есптеледңі.Каннын осмостык кысымы 7/6 атмосфера. Кан 44 -48туйіршік 52-56пайызы плазмадан турады. Ал плазма90-91пайыз судан 9-10пайыз кургак зат. Кургак заттардын 8-9 пайызы органикалық 1пайыз бейорганикалық косылыс.

20 Қан плазмасының белоктары, қалыпты мөлшері. Маңызы.Элетрофорез әдісін пайдалана отырып, қан плазмасының белоктарын 3 топқа бөлуге болады: альбуминдер,глобулиндер, фибриноген.Қазіргі кезде клиникалық зертханаларда қағазға қан сары суы белоктарын электрофорездік бөлу әдісі кеңінен пайдаланылуда.Бұл жағдайда қан сары суының белоктары альбуминдерге және глобулиндердің 4 фракциясына (альфа1, альфа2, бета, гамма) бөлінеді.Альбуминдер – қанның ең жеңіл белоктары, салыстырмалы молекулярлы салмағы-70000. Альбуминдер гормондарды, холестеринді,өт пигменттерін, бос май қышқылдарын, кальцийді,емді заттарды, бояуларды тасымалдайды. Альфа1-глобулинді фракцияда альфа-липопротеидтер(ТЖЛП), трипсинді ингибиторлайтын белоктар, металл иондарымен байланысқан белоктар бар. Альфа2-глобулинді фракцияда альфа-липопротеидтер, гликопротеидтер,гаптоглобин, С-реактивті белок, металдарионынтасымалдайтын белоктар, трипсин ингибиторы бар. Сау адамның қан сары суында С-реактивті белок болмайды, бірақ қабыну және тканьдер некрозымен сипатталатын патологиялық жғдайлар кезінде анықталады.Бұл белок аурудың өткір кезеңінде пайда болады сондықтан оны «өткір кезең» белогы деп атайды. Ауру созылмалы түрге өткен кезде қанда С-реактивті белок жоғалады да,процесс асқынған кезде қайтадан пайда болады. Сау адамның плазмасының ферменттері шартты түрде үш топқа бөлінеді:1.Плазмоөзгешелік ферменттер. 2.Клеткалық ферменттер. 3.Экскреторлы ферменттер. Плазмоөзгешелік ферментер бауырда синтезделеді және өзінің каталитикалық әсерін қан плазмасында көрсетеді. Плазмоөзгешелік ферменттерге: бауырдың липопротеидлипазасы, холинэстераза, лизоцим, қан ұюдың ферменттері, фибринолиз және кининогенез ферменттері,ренин жатады. Клеткалық ферменттер клеткада синтезделеді және өз қызметтерін атқарады. Сау адамның плазмасында олардың концентрациясы төмен және клеткалардың қартаюы мен ыдырауының физиологиялық процестерімен байланысты.Эксекреторлыферменттер негізінен бауырда синтезделеді. Оларға лейцинаминопептидаза, қышқылдық фосфатаза жатады.Олар ағзадан өттің құрамында шығарылады. Патология кезінде қан сары суында, плазмада ферменттердің сандық мөлшері мен белсенділігі артып (гиперферментемия) немесе төмендеп (гипоферментемия) отыруы мүмкін. Изоферменттер дегеніміз-бірдей реакцияларды катализдейтін, бірақ бір-бірінен бірқатар физико-химиялық қасиеттері бойынша ерекшелінетін ферменттер тобы. Әсіресе лактатдегидрогеназа изоферменттері жақсы зерттелген.Оларға ЛДГ1, ЛДГ2, ЛДГ3, ЛДГ4, ЛДГ5 жатады. Жүректе ЛДГ1 мен ЛДГ2 изоферменттерінің белсенділігі жоғары. Бауыырда, қаңқа бұлшықеттерде ЛДГ5 және ЛДГ4 басым болады.

21. Кинин белоктары және олардың маңызы.Кининдерді кейде жергілікті гормондар деп те атайды.Олар ішкі секрецияның өзгешелік бездерінде түзілмейді,керісінше бірқатар тканьдардың сұйықтықтарында ж\е қан плазмасында тұрақты кездесетін белсенді емес бастаңғылардан бөлінеді.Қанның маңызды кининдері-брадикиндер,каллидин ж\е метионил-лизил-брадикинин болып табылады.Химиялық табиғаты бойынша кининдер-полипептидтерге жатады,қан плазмасында кининдер денгейі өте төмен ж\е олар кемінде 3 типтікининогендер түрінде кездеседі. Кининогендер бауырда синтезделеді.Қан плазмасында олар белоктардың альфа-2 глобулинды фракциясымен байланысады.Кининогендерден кининдердің түзілуі өзгешелік ферменттер- калликреин деп аталатын кининогеназалар әсерінен жүреді. Калликреиндер трипсин типті протеиназалар болып табылады. Тканьдер калликреиндерінің (ұйқы безінің, бүйректің,ішек қабатының,зәрдің) плазма калликреиндеріне қарағанда субстраттық өзгешелігі төмен болады. Қан плазмасында калликеиндер өзінің бастапқы түрі – калликреиногендер түрінде кездеседі.Хагеман факторы сонымен қатар плазмин, трипсин, адреналин, урокиназа және рН-тың қышқылдық жаққа ауысуы қан плазмасында калликреиногеннің тура активаторы болып табылады. Кининді жүйенің физиологиялық қызметі негізінен гемодинамиканың реттелуі.Брадикинин қан тамырларын кеңейтуші күшті зат болып табылады. Олар тамырдың тегіс мускулатурасына тура әсер етіп, оның босаңсуын тудырады. Кининдердің физиологиялық мәні: -жергілікті қан айналымын реттейді. –қан қысымын реттейді. –тканьдер гиперемиясын тудырады. –жүрек-қан тамырлар қызметін ынталандырады –ішектің моторикасын реттейді. –ренотропты әсер көрсетеді. –жылу алмасуды реттейді. Патологиялық процестердің қалыптасуына кининдердің қатысуы: -қабынуды күшейтеді(панкреатиттер,артриттер,аллергиялар,инфекциялар сәулелену) -шоктың дамуына септігін тигізеді (эндотоксинді,геморрагиялық, хирургиялық) -ангионневротикалық Квинке ісінуін, карциноидты синдром, демпинг синдром, катарак...

Алдық азотты құрайтын заттар,химиялық табиғаты қандай заттардың алмасуының соңғы өнімдері. Қалдық азотты анықтаудың маңызы.

Қанның қалдық азоты—бұл плазманың белокты емес заттарының азоты,ол қан сары суы белоктарын үш хлор сірке қышқылымен тұнбаға түсірегнде бөлінеді. Қанның қалдың азоты белокты емес табиғаты бар төмен молекулалы қосылыстар түрінде болады,мочевина азоты,аммиактың,индиканның,нуклеотидтердің,нуклеозидтердің,билирубинның,холинның ж\е т.б.азоты.Қалдық азоттың құрастырушы компоненттері белокты алмасудың соңғы өнімдері болып табылады,сондықтан ағзадан шығарылуы к\к.Бұйректің экскреторлы қызметтерінің бұзылуын анықтау мақсатында ж\е бүйректің жетіспеушілік дәрежесін бағалау үшін немесе буындардың мочевина түзуші қызметін бағалау үшін қанның қалдық азотын ж\е оның жекеленген компоненттерін анықтайды.

1.Қалдық азот-14-25 ммоль\л 2.Мочевина-2,5-8,3ммоль\л 3.Зәр қышқылы- 0,16-0,57 ммоль\л

ерлерде 0,24-0,57 ммоль\л

әйелдерде 0,16-0,40 ммоль\л

4.креатинин

ерлерде 44-100 мкмоль\л

әйелдерде44-88 мкмоль\л

5.Креатин

Ерлерде 15-45 мкмоль\л

Әйелдерде 45-76 мкмоль\л

6.Жалпы билирубин 8,5-20,5 мкмоль\л

тура 25%дейін

емес тура 75-100%

23. Кетон денелерін анықтаудың диагностикалық маңызы.Кетон денелері немесе ацетон денелері — ағзада зат алмасу процессінде пайда болатын органикалық қосылыстар[2]:

ацетон (пропанон) [H3C—CO—CH3]

ацето-сірке қышқылы (ацетоацетат) [H3C—CO—CH2—COOH]

бета-гидроксимай қышқылы (β-гидроксибутират) [H3C—CHOH—CH2—COOH].

Кейбір процесстерде (қантты диабет, тағамда углеводтар кенет азаюы, ысытпа ауруы, ашығу кезінде) ауру адамның қанында, несебінде Кетон денелері көп жиылып, ацетон пайда болуы мүмкін. Ағзада жеткілікті мөлшерде углевод жіберілсе, Кетон денелерінің аса көп құрылуы тежелді. Кетон денелерінің сау ағзаға зияны жоқ, тотығып көмір қышқылы газына және су молекуласына айналады[3].

24. Мочевинаның түзілетін жері, оритин цикл. Мочевинаның ХТЖЗТБМ.Аммиак мынадай катаболитикалық реакциялар кезінде түзіледі:-аминқышқылдарының дезаминденуі,биогенді аминдердің дезаминденуі,пурин негіздерінің дезаминденуі,пиримидиндік негіздердің ыдырауы.Тканьдерде аммиак аммоний иондары түрінде болады,ол аммоний гидроксидінің диссоциациясы кезінде түзіледі және ішкі ортаның рН-ын сілтілік жаққа ауыстырады.Сұйықтықтар мен тканьдердегі аммиактың концентрацисы өте аз.Қалыпты жағдайда қандағы аммиактың мөлшері 24-40мкмоль\л.Аммиактың деңгейі артқан кезде ішкі ортаның рН-ы өзгереді және оның зиянды әсері құсу,естен тану,қалтырау түрінде көрінеді.Сондықтан тканьде аммиакты залалсыздандыру механизмі болады,ол мынадай жолдармен жүреді:

-аммоний тұздарының түзілуімен

-кетоқышқылдардың тотықсызданып аминденуімен

-аминқышқылдардың амидтерінің-аспарагин мен глутамин түзілуімен

-мочевинаның түзілуімен.

Осы механизмдердің көмегімен қанда және тканьде аммиактың концентрациясы өте төмен деңгейде болады.Аммиакты залалсыздандырудың негізгі және маңызды жолы-мочевинаның түзілуі болып табылады.Кребс пен Гензенлейт мочевинаның синтезі циклді процесс және онда орнитин каталитикалық қызмет атқаратынын анықтаған.Сол себепті бұл процесс Кребс-Гензенлейттің орнитинді циклы деп аталады.

25.Несеп қышқылы химиялық табиғаты,тәуліктік бөліну мөлшері,паталогия кезіндегі өзгерісі-пуриндік негіздердің соңғы өнімі. Қалыпты жағдайда нуклопротеиндер құрамында көп тағам қолданғанда зәр қышқыл мөлшері артуы мүмкін. Ал ликемия, полицитемия, гепатит, әсіресе подагра сияқты патология жағдайларда зәр қышқылы мөлшері артады. Хим құрамы: зәр судан және құрғақ қалдықтан турады. Құрғақ қалдық органикалық және биоргани-қ зат/дан тұр. Органикалыққа- зәр қышқ-0,2-1,2 г/тәулік.Мочевина 20-35 Креатин ерлерде1,0-2,0 Әйелдерде 0,8-1,8 Индикан 0,01-0,012 бейорганикалық: натрий-3,6 гт. Калий 1,5-3,2 Магний-0,1-0,2 КАльций-0,1-0,25 Азот-0,5-1,0 фосфор-0,9-1,3

Наши рекомендации