Энергия түзіп, судың метаболизміне қатысатын қалыптаспаған

борпылдақ дәнекер тінінің жасушасы қайсы:

a. фибробласттар

b. плазмоциттер

c. макрофагтар

d. тін базофилдері

e. +адипоциттер

159. Борпылдақ дәнекер тінінің тін базофильдерінің қызметі болып:

a. +гистамин, гепарин және гиалурон қышқылын синтездеп, шығарады

b. майды жиып, синтездейді

c. фагоцитозға қатысады

d. иммуноглобулиндерді синтездейді

e. гормондарды синтездейді

160 Пішіні шар тәрізді, цитоплазмасының ортаңғы бөлігінде ірі бейтарап май тамшысы бар, дәнекер тінінің жасушасы қайсы:

a. фибробласт

b. плазмоцит

c. +адипоцит

d. тін базофилдері

e. пигментоцит

161. Адипоциттердің ең негізгі қызметіне жататын:

a. жасуша аралық затты синтездейді

b. +майдың қорын жияды

c. меланиннің синтезіне қатысады

d. иммуноглобулиндердің синтезіне қатысады

e. гормондарды синтездейді

162. Пішіні дөңгелек болып келген, эксцентрлі орналасқан ядросын концентрлі шеңбер түрінде эндоплазмалық тор қоршайтын, дәнекер тінінің жасушасы қайсы:

a. фибробласт

a. плазмоцит

b. +адипоцит

c. тін базофилдері

d. пигментоцит

163. Иммуноглобулдерді синтездейтін дәнекер тінінің жасушасы:

a. гистиоцит

b. маманданған фибробласт

c. +плазмоцит

d. тін базофилі

e. адипоцит

Электронды микросуретте иммундық реакцияларға қатысатын

Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жасушасы көрінеді. Бұл

жасушаның ядросы цитоплазманың бір шетінде орналасқан және ядроның қасында боялмаған ашық алаңы мен жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық торы бар екені көрінеді. Осы жасушаны анықтаңыз:

a. тін базофилі

b. +плазмоцит

c. макрофаг

d. липоцит

e. фибробласт

165. Дәнекер тіндерінің қай түрінде меланоциттер көп:

a. қоңыр май тіні

b. кілегейлі тіні

c. қалыптаспаған талшықты борпылдақ дәнекер тіні

d. тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

e. +пигментті тінінде

166. Құрылысы тор пішіндес, құрамында ретикулярлы жасушалары мен ретикулярлы талшықтары бар дәнекер тіні:

a. қалыптаспаған талшықты борпылдақ дәнекер тіні

b. тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

c. борпылдақ қалыптаспаған дәнекер тіні

d. +ретикулярлы тін

e. май тіні

167. Дәнекер тінінің арнайы қызмет атқаратын бір түрін гематоксилин – эозинмен өңделген препаратында зерттегенде жасушалары бір-бірімен өсінділері арқылы байланысқаны байқалады. Осы тінді табыңыз:

a. қоңыр май тіні

b. кілегейлі тін

c. +ретикулярлы тін

d. тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

e. пигмент тін

168. Жаңа туған нәрестеде болатын, жасуша цитоплазмасы ұсақ май қосындыларына толы, адипоциттерден тұратын дәнекер тіні:

a. тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

b. тығыз қалыптасққан талшықты дәнекер тіні

c. борпылдақ қалыптаспаған талшықты

d. ретикулярлы

e. +қоңыр май тіні

169. Жас сәбилерде белсенді түрде дене жылуын сақтайтын дәнекер тіні қайсы:

a. ақ май тіні

b. +қоңыр май тіні

c. ретикулярлы тін

d. пигмент тіні

e. кілегейлі тін

170. Кілегейлі дәнекер тіні мыналардың қайсысының құрамында кездеседі:

a. хорионда

b. амнионда

c. сары уыз қабында

d. +кіндікте

e. аллантоиста

171. Кілегейлі дәнекер тінінің құрамында болатыны қайсы:

a. адипоциттер мен коллаген талшықтары

b. +гиалурон қышқылына бай іркілдек заты мен мукоциттер

c. эластин талшықтары

d. пигмент жасушалары

e. ретикулярлы жасушалары мен ретикулярлы талшықтар торы

172. Қышқылдық бояуларымен боялып, тек кейде аздап іріктеліп көрінетін, өте мықты, бірақ созылмайтын, дәнекер тінінің талшықтары қайсы:

a. +коллаген

b. ретикулярлы

c. эластинді

d. окситаланды

e. элаунинді

173. Күміс тұздарымен өңделгенде көрінетін дәнекер тінінің талшықтары қайсы:

a. коллаген

b. +ретикулярлы

c. эластинді

d. окситаланды

e. элаунинді

174. Дәнекер тінінің серпімділігі мен созылғыштық қасиетін анықтайтын талшықтары қайсы:

a. коллаген

b. ретикулярлы

c. окситаланды

d. элаунинді

e. +пісіп жетілген эластин талшықтары

АҢҚА ТІНДЕРІ

175. Шеміршек тінінің шығу тегі:

a. спланхнотомның висцеральды жапырақшасынан

b. спланхнотомның париетальді жапырақшасынан

c. эктодермадан

d. +мезенхимадан

e. энтодермадан

176. Шеміршек қабының сыртқы қабатын түзетін:

a. борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

b. +тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

c. тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер тіні

d. ретикулярлы тін

e. май тіні

177. Шеміршек қабының ішкі қабатын түзетін:

a. жас хондроциттер

b. I- реттік хондроциттер

c. II- реттік хондроциттер

d. III-реттік хондроциттер

e. +прехондробласттар мен хондробласттар

178. Шеміршектің шеміршек қабының астында мыналардың қайсысы орналасады:

a. прехондробласттар мен хондробласттар

b. I- реттік хондроциттер

c. II- реттік хондроциттер

d. III-реттік хондроциттер

e. +жас хондроциттер

179. Эмбриональді кезеңдегі гиалинді шеміршек тінінің интерстициальді өсуі мына жасушалардың қайсысы арқылы жүзеге асады:

a. фибробласттар

b. +I- реттік хондроциттер

c. хондрокласттар

d. II- реттік хондроциттер

e. III-реттік хондроциттер

180. Шеміршек тінінің репаративтік регенерациясы мына жасушалардың қайсысының бөлінуі арқылы жүзеге асады:

a. фибробласттар

b. +хондробласттар

c. I- реттік хондроциттер

d. II- реттік хондроциттер

e. III-реттік хондроциттер

181. Хондробласттардың пішіні:

a. жарты шар тәрізді

b. өсінділі

c. призма тәрізді

d. +ұршық(жіпше) тәрізді

e. куб пішіндес

182. Шеміршек тінінде бөлініп, жасуша аралық затты синтездеуге қатысатын шеміршек қабығындағы мына жасушалардың қайсы:

a. I- реттік хондроциттер

b. II- реттік хондроциттер

c. III-реттік хондроциттер

d. +хондробласттар

e. фибробласттар

183.Шеміршектің өсуі немесе жаңа шеміршек қабатының қалыптасуы (аппозициялық өсуі) мына жасушалардың қайсысының бөлінуі арқылы жүреді:

a. I- реттік хондроциттер

b. II- реттік хондроциттер

c. III-реттік хондроциттер

d. +хондробласттар

e. фибробласттар

184. Пісіп жетілген хондроциттердің пішіні:

f. куб тәрізді

g. +сопақша, жарты шар тәрізді

h. призма тәрізді

i. жіп тәрізді

j. өсінділі

185. Шеміршек тінінде изогенді топтарды түзетін, ядросы мен цитоплазмасының қатынасы өте жоғары, әрі митоз сатылары байқалатын жасушалары қайсы:

a. прехондробласттар

b. хондробласттар

c. +I- реттік хондроциттер

d. II- реттік хондроциттер

e. III-реттік хондроциттер

186. Шеміршек жасушаларының және жасуша аралық затының дистрофиялық өзгеруі мен жарақаттану процессінен кейінгі регенерациясында резорбциялануға қатысатын жасуша мыналардың қайсысы:

a. прехондробласттар

b. хондробласттар

c. I- реттік хондроциттер

d. II- реттік хондроциттер

e. +хондрокласттар

187. Ағзадағы гиалинді шеміршектің орналасқан жері:

a. омыртқа аралық дискілерде

b. көмекейдің мүйіз тәрізді шеміршегінде

c. +кеңірдекте

d. құлақ жарғағында

e. көмекейдің сына тәрізді шеміршегінде

188. Гиалинді шеміршектің аралық затындағы коллаген талшықтарының түрі:

a. I

b. +II

c. III

d. IV

e. V

189. Эластинді шеміршектің гиалинді шеміршектен айырмашылығы:

a. негізгі затында

b. +эластинді талшықтарында

c. коллаген талшықтарында

d. хондроциттерінде

e. шеміршек қабында

190. Эластинді шеміршек тіні мыналардың қайсысының құрамында болады:

a. +құлақ жарғағында

b. омыртқа аралық дискілерінде

c. шат тігісінде

d. кеңірдекте

e. жілік сүйектерінің буын беткейлерінде

191. Ағзадағы эластинді шеміршектің кездесетін жері:

a. қабырғаның төс сүйегіне байланысқан жерінде

b. омыртқа аралық дискілерде

c. кеңірдекте

d. ірі бронхтарда

e. +көмекейде

192. Талшықты шеміршектің кездесетін жері:

a. қабырғаның төс сүйегіне байланысқан жерінде

b. жілік сүйектерінің буын беткейінде

c. кеңірдекте

d. бронхтарда

e. +омыртқа аралық дискілерде

193. Даму сатысындағы сүйек трабекулаларының үстінде пішіні әр түрлі жасушалар орналасқан. Бұлардың ультрамикроскопиялық құрылысында белок синтездейтін жасушаларға тән белгілер байқалады. Бұл мына жасушалардың қайсы:

a. фибробласттар

b. одонтобласттар

c. +остеобласттар

d. остеоциттер

e. остеокласттар

194. Сүйек тінінің түзулуі мен аралық затының известелуіне қатысатын жасушалары:

a. +остеобласттар

b. остеоциттер

c. остеокласттар

d. фибробласттар

e. эндотелиальді жасушалар

195. Остеобласттардың қызметі:

a. +сүйек тінін түзеді

b. жылуды реттейді

c. известелінген сүйек пен шеміршекті бұзады

d. антидене синтездейді

e. сүйек тінінің органикалық гомеостазасы мен минералдық құрамын сақтайды

196. Даму кезеңіндегі сүйек тінінің электроннограммасынан бір жасуша зерттеуге ұсынылған. Бұл жасушаның сырты коллаген талшықтарымен қоршалып, ал цитоплазмасында жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық тордың бар екені байқалады. Осы жасуша мыналардың қайсы:

a. пісіп жетілген остеоцит

b. +остеобласт

c. остеокласт

d. эндотелиальді жасуша

e. мезенхимальді жасуша

197. Сүйек тінінде бөліну қабілеті жойылған, шағын ғана денесінде көптеген өсінділері бар жасушалары қайсы:

a. остеобласттар

b. +остеоциттер

c. остеокласттар

d. фиброблас ттар

e. одонтобласттар

198. Сүйек тінінің бір жасушасының электроннограммасы зерттеуге берілген. Бұл жасушадан тараған өсінділері сүйек каналдарына өтетіні белгілі, цитоплазмасында нашар дамыған эндоплазмалы торы мен Гольджи кешенінің бар екені байқалады. Бұл жасуша мыналардың қайсы:

a. +пісіп жетілген остеоцит

b. остеобласт

c. остеокласт

d. эндотелиальді жасуша

e. фибробласт

199. Остеоциттердің қызметі:

a. сүйек тінін түзеді

b. жылуды реттейді

c. известелінген сүйек пен шеміршекті бұзады

d. антидене синтездейді

e. +сүйек тінінің органикалық гомеостазасы мен минералдық құрамын сақтайды

200. Известелінген сүйек пен шеміршекті бұзатын, өте ірі, бірақ пішіні әр түрлі, цитоплазмасында ядролары мен лизосомалары өте көп, плазмолеммасы қатпарланған мына жасушалардың қайсысы:

a. энамелобласттар

b. одонтобласттар

c. остеобласттар

d. остеоциттер

e. +остеокласттар

201. Остеокласттардың қызметі:

a. сүйек тінін түзеді

b. жылуды реттейді

c. +известелінген сүйек пен шеміршекті бұзады

d. антидене синтездейді

e. сүйек тінінің органикалық гомеостазасы мен минералдық құрамын сақтайды

202. Остеокласттар мыналардың қайсысынан түзіледі:

a. нейтрофилдерден

b. +моноциттерден

c. базофилдерден

d. лимфоциттерден

e. эритроциттерден

Наши рекомендации