Топырақтың ластануы
Дәріс
Тақырыбы:Топырақты ластанудан,лайланудан,тұзданудан,су басудан,қышқылданудан, тақырланудан, орман деградациясынан, пестицидтерден, өндірістік токсиканттар мен радиоактивті ластанулардан қорғау.
Дәрістің мақсаты:Топырақ жамылғысының ластану түрлері мен қорғау жолдарына сипаттама беру
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Топырақты тұздану мен батпақтанудан қорғау
2. Топырақтың ластануы
3.Жерді рекультивациялау
4. Топырақ – биологиялық эволюцияның факторы
Топырақты тұздану мен батпақтанудан қорғау
Топырақтың тұздануына себеп болатын факторлар түрлiше.Олардың бiрi — құрғаған теңiздерден пайда болған тұздың жел арқылы таралуы. Суда ерiген тұздар атмосфералық жауын-шашын арқылы да таралады. Галофит-өсiмдiктер тұзды ортаға жақсы бейiмделiп, топырақтан тұзды сiңiруге қабiлеттi, соның нəтижесiнде топырақтың жоғары қабаттарының одан əрi тұздануына себеп болады. Галофиттер тiршiлiгiн тоқтатқан соң жəне олардың жапырақтары түсiп, олар минералданып, суда еритiн тұздардың мөлшерi көбейiп, топырақтың одан сайын тұздануына мүмкiншiлiк жасайды. Галофит — өсiмдiктердiң əсерiнен суда еритiн тұздардың топырақта жинақталуы 1 га жерде 500 кг дейiн жететiн жағдайлар байқалған.
Көбiнесе топырақтың тұздануы грунт суларының құрамында болатын тұздар есебiнен жүретiндiгi жиi байқалады. Егер олар тереңде болмаса, капилляр арқылы булану нəтижесiнде топырақтың жоғарғы қабатында тұздар жинақталады. Климат неғүрлым құрғақ жəне топырақтың механикалық құрамы ауыр болса, соғұрлым бұл процесс қарқынды жүредi. Екiншi реттiк тұзданудың алдын алу шараларының бiрi тереңдiгi 1-1,8 м етiп террриторияда дренаждар жасау. Сол сияқты жаңбырлатып суғару ирригациялық эрозияға қарсы күрес шараларының бiрi. Тұзды топырақтарды натрийдiң тұздарын гипстеу арқылы тазартады. Суарудың жетiлдiрiлген технологияларын қолданумен қатар, жер асты суларының деңгейiнiң көтерiлуiне байланысты грунт суларын сорып алу арқылы жəне топырақты шаю арқылы да тұзданумен күресуге болады. Бiрақ бұл кезде де мiндеттi түрде грунт суларын алып кету керек. Кейбiр жағдайда химиялық əдiс те жақсы нəтиже бередi. Мысалы, топырақ бетiнде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшiн гипстеу жүргiзiледi. Бiрақ бұл əдiс қымбат жəне қоршаған ортаның тазалығы үшiн тиiмсiздеу. Жер ресурстарына үлкен зиян келтiретiн үшiншi бiр фактор — жердiң азуы. Оның орын алу себептерi — өнiммен бiрге қоректiк заттардың топырақтан əкетiлуi. Гумустың жойылуы, су режимiнiң жəне басқа да қасиеттерiнiң топырақтың азуының нəтижесiнде, құнарлылығы жойылып, шөлге айналады. Өнiммен бiрге əкетiлетiн қоректiк заттарды топыраққа қайтарудың ең тиiмдi əдiсi органикалық тыңайтқыштарды (көң, компост, жəне т.б.) қолдану, шөп себу, пар жүйесi арқылы топырақты тынықтыру. Топырақтың азуы ең алдымен органикалық заттардың, оның iшiнде негiзгiсi қарашiрiктiң кемуiмен байланысты.Топырақ құнарлылығының жойылуы топырақты интенсивтi өңдеуге, ауыр ауылшаруашылық техникаларды қолдану нəтижесiнде топырақтың тығыздануы, ластануға, ең алдымен қышқыл жаңбырлар мен минералдық тыңайтқыштарды тиiмсiз пайдалануға байланысты туындап отыр.
Топырақтың ластануы
Табиғатты қорғаудың түрлi аспектiлерiн ескермей жүргiзген адамның шаруашылық iс-əрекеттерi қоршаған ортаның, соның iшiнде топырақтың да ластануына əкеп соғады. Нəтижесiнде топырақ өндiрiстiк, құрылыстардың қалдықтарымен, жылу электр станцияларының күлiмен, пайдалы қазбалар мен құрылыс материалдарын өндiру кезiндегi жердiң бетiне шығарылып тасталған жыныстар тау-тау болып үйiлген, мұнай өнiмдерi жиналған, т.б. "индустриялық далалар" пайда болады."Индустриялық далалардың" топырақтарында ештеңе өспейдi. Бұның себебi, ластаушы заттардың құрамында табиғи күйде топырақта өте аз мөлшерде кездесетiн химиялық эле-
менттер болады. Олар көмiртек, күкiрт, молибден, мыс, кадмий, мырыш, алюминий, никель, вольфрам, натрий, хлор, темiр, титан, бор, барий, фтор. Бұндай жағдайда химиялық элементтердiң топырақтағы қалыптасқан қатынасы бұзылады.Айта кететiн бiр жай, топырақтың ластануы тек қана адамның индустриялық қызметтерiнен емес, сонымен бiрге ауылшаруашылық өндiрiстiң ңəтижесiнде де жүредi.Топырақты (сол сияқты ауа мен суды да) едəуiр ластаушы көздер мал шаруашылығы комплекстерi. Көбiнесе сұйық дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Мысалы, 100мың бас өсiретiн шошқа комплексi немесе 35 мың бас iрi қара өсiретiн комплекстiң қоршаған ортаны ластау дəрежесi 400-500 мың халқы бар үлкен өндiрiстiк орталықпен бiрдей дəрежеде болады. Сондықтан фермаларда тазартқыш қондырғыларды салу өте қажеттi шаралардың бiрi.Сонымен қатар көп жағдайда жанар-жағар майларды сақтау
мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топыраққа түскенде топырақтың биологиялық белсендiлiгiн нашарлатады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың,не егiстiктердiң жиегiнде ашық тастауға болмайды.Мұнай өндiру жəне барлау жұмыстары топырақтың түрлi жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нəтижесiнде мұнай төгiлiп, топырақтың бетiнде битумды заттардың түзiлуiне əкеп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезiндегi қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий хлоридi, дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп болады. Əдетте, бұндай жерлерде өсiмдiктер өспейдi. Көптеген жерлер тұрмыстық жəне өндiрiстiк қалдықтар жиналған қалдық үйiндiлерiмен ластанады. Бұл үйiндiлерде тұрғын үйлер, мекемелерден шыққан қалдықтар, əртүрлi синтетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажеттi заттар дың қалдықтары, моншалар мен кiр жуатын орындардан шыққан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар сулары, т.б толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты қатты ластайды.Топырақ бұлардан басқа пестицидтердi дұрыс пайдаланбаған жағдайда да бiршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түрлерi топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себеп болады. Ал пестицидтердiң топырақта жинақталуы жəне ондағы организмдердiң жойылуы топырақ түзiлу процестерiне əсер етiп, оның құнарлылығын төмендетедi. Сондықтан шаруашылықтарда пестицидтердi пайдаланудың ережелерiн қатаң сақтаулары қажет. Ал тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң ұсыныстарын басшылыққа алу керек. Табиғи аймақты, топырақтың түрi мен типiн, тыңайтқыш берiлетiн дақылдың ерекшелiктерiн ескермеу топырақтың қышқылдануына, не сiлтiленуiне əкелiп, қоректiк элементтердiң антогонизмiн туғызады, олардың топырақ ерiтiндiсiне шығып қалуына жағдай жасайды. Топырақта бұлардан басқа гельминттi инвазиялар, патогендi микроорганизмдермен ластаушылар фекалды массалар, өндiрiстiк қалдықтар, топырақтан шайылған су, не жануарлардың өлiктерi, т.б. болуы мүмкiн. Топырақтың гельминттермен өте қатты ластануы тұрғын үйлер маңындағы огородтарда жиi байқалған.
Жерді рекультивациялау
Əлемнiң көптеген мемлекеттерiнде бұрын мəдени дақылдар өсiрiлiп келген құнарлы жерлер орман, мал жайылымы, т.б.үшiн пайдаланылып келген. Ал қазiргi кезде адамның шаруашылық əрекетiнiң нəтижесiнде бұл жерлер түрлi басқа мақсаттағы жұмыстар (жолдар мен трубопроводтар салу, т.б.) жүргiзу нəтижесiнде өте үлкен өзгерiстерге ұшырады.Адамның шаруашылық iс-əрекеттерiнiң нəтижесiнде өсiмдiктерi жойылған, гидрологиялық режимi мен рельефi
өзгерген, топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлер бұзылған жерлердеп аталады. Пайдалы қазбаларды ашық əдiспен өндiру ауылшаруашылығында пайдалануға жарамды жерлерге
бiршама зиян келтiредi. Бұл жұмыстар кезiнде тереңдiгi 400-500 м болатын шұңқырлар түзiледi.
Осындай жерлердi қайтадан шаруашылық мақсаттарға пайдалану үшiн оларды қалпына келтiру қажет. Бұзылған жерлердi қайта қалпына келтiру процестерi рекультивация деп аталады.
Қазiргi кезде ғалымдар мен мамандар бұзылған жерлердi қайта қалпына келтiрiп, оларды ауыл жəне орман шаруашылықтарына қайтарудың жолдарын iздестiруде.Бұзылған жерлердi қайта қалпына келтiру жұмыстары тау-кен, инженерлiк-құрылыс, мелиоративтiк, орман шаруашылық-
тық, ауылшаруашылықтық iс-шаралар комплексiн құрайды.Жердi рекультивациялаудың екi негiзгi этапы бар : тау-техникалық жəне биологиялық. Тау-техникалық рекультивациялаудың мақсаты — территорияны жөндеуге дайындау. Ал биологиялық рекультивациялауда топырақ құнарлылығын қалпына келтiруге бағытталған жұмыстар жүзеге асырылады.Жердi рекультивациялау жұмыстары бойынша Чехословакия мен ГДР мемлекеттерiнде бұзылған жерлерге жүгерi егiледi.
Жердi рекультивациялау — өте күрделi мəселе. Ол көп жағдайда бұзылған территориялардың нақты экологиялық жағдайларына байланысты. Рекультивациялық жұмыстарды жоспарлау үшiн грунт топырағының физико-химиялық құрамын, гидрологиялық режимiнiң ерекшелiктерiн, рельефтiң ерекшелiктерiн жақсы бiлу керек.Пайдалы қазбаларды ашық əдiспен өндiру, мал шаруашылығы комплекстерiн, суғару орындарын салу, т.б. топырақ жабынының бұзылуына себеп болатын жұмыстар кезiнде рекультивацияланатын жерге жоғарғы қарашiрiктi топырақ қабатын ауыстыру, орналастыруда барлық тиiстi ережелердi қатаң сақтау қажет.
Геологиялық мұнай iздестiру жəне өңдеу жұмыстары кезiнде бұзылған жəне мұнаймен, түрлi жуғыш улы заттармен ластанған жерлердi рекультивациялаудың маңызы өте зор. Əдетте, норматив бойынша, əрбiр бұрғылау скважинасына 2,2га жер бөлiнедi. Бiрақ практика жүзiнде бұдан əлдеқайда көп жер ауылшаруашылық айналымнан шығып қалады. Əсiресе, iрi
гусеницалы тракторлар колоннасында орнатылған бұрғылау қондырғыларын бiр орыннан екiншi орынға ауыстыру кезiнде жердiң үлкен аймағы бiршама зардап шегедi. Сондықтан,
мұнай-газ кен орындарын iздестiру мен эксплуатациялау жұмыстарын бастар алдында ол жерлердiң топырағының беткi құнарлы қабатын алып, соңынан қайтадан құнарлы қабат
топырағын орнына салуды тиiстi орындар талап етулерi қажет.