Баяу жоғары сезімталдық серпілістер патогенезі және клиникалық көріністері
1. Жоғары сезімталдықтың баяу түріне аллергенмен қайта кездескен соң бірнеше сағаттан немесе тәуліктен кейін дамитын аллергиялық серпілістер жатады.
Аллергиялық серпілістің баяу түрі терінің мүйізді қабатын зақымдануы сияқты түрлі жұқпалы аурулар (стрептококк, пневмококк, туберкулез) кездерінде байқалады. Аллергиялық энцефаломиелит кезіндегі жүйке тіндерінің зақымдануы да БЖС серпілісі бойынша дамиды. Баяу жоғары сезімталдық өсімдіктектес және өндірістік , дәрілік аллергендерге байқалады. Олар тері химиялық заттармен жанасқанда пайда болады – оларды жанасулық дерматит деп те атайды. БЖС серпілісі патогенезінің негізі Т-лимфоцит және макрофагтың қатысуымен жүгентіндіктен, бұл серпіліс түрін Т-тәуелді аллергия деп те атайды.
Жоғарыда аталғандай , жоғары сезімталдықтың серплісі сенсибилизацияланған ағзаның аллергенмен қайта жанасуынан пайда болады. Бұл жағдай иммунизацияға ұқсас, яғни алғашқы рет антиген енгендегі иммунизациядан күшті, әсерлі қорғаныстық иммундық жауап қалыптасады. Бұл иммундық серпіліс пен жоғары сезімталдықтың арасындағы айырмашылығы : бірінші жағдайда иммундық жауап нормэргиялық болып табылады, яғни оның қарқыны (антидене саны немесе сезімталдығы көтерілген лимфоциттер саны) ағзаға түскен антигендер санына сайма-сай болады.
Баяу жоғары сезімталдық патогенезінде негізгі рөлді атқарады
*
* +Т-лимфоциттер мен макрофагтар,
Жанаспалы дерматиттер жоғары сезімталдықтың қай түрінің клиникалық көрінісі болады
*+ баяу жоғары сезімталдық
II. Аллергиялық әсерленістердің баяу түрі (баяу дамитын жоғары сезімталдық, БДЖС) | Аллерген қайталап түскен соң 24-48 сағаттан соң дамиды. |
Аллергиялық серпілістердіњ ІV-түрі немесе жасушалардың қатысуымен отетін, баяу дамитын жоғары сезімталдық (БДЖС)
БДЖС-ты алғаш 1890 жылы Р. Кох ашты. Ол туберкулезбен ауыратын адамға тері астына туберкулин жібергенде 24—48 сағаттан кейін сол жерде қызару, домбығу пайда болатынын көрсетті. Демек, туберкулездің қоздырушысымен организмнің түйісуі нәтижесінде оның сезімталдығы жоғарылайды, сенсибилизация дамиды. Осыған Пиркенің туберкулезді анықтау реакциясы негізделген.
БДЖС тек XX ғасырдың 40—50 жылдары зерттеушілердің назарын аударды. Өйткені ағзалардың басқа организмге ауыстырылып отырғызылуына байланысты тін үйлесімсіздігін зерттеулерде трансплантациялық иммунитет деген түсінік қалыптасты. Бөтен трансплантатты ыдыратудың негізгі жолы жасушалық иммундық үрдіспен байланысты.
БДЖС-тың ДДЖС-тан айырмашылықтары:
1. БДЖС дамуы сенсибилизацияланған организмде антиде-нелердің немесе антиген-антидене байланыстарының болуымен байланысты емес.
2. БДЖС-ты жануарларға сенсибилизацияланған жануарлардың қан сары суын (антиденелерін) жіберу арқылы алуға болмайды.
3. БДЖС-тың енжар сенсибилизациясын жануарларға белсенді сенсибилизацияланған жануарлардың лимфалық түйіндерінің, көкбауырдың жасушаларын немесе қан лимфоциттерін жіберу арқылы алуға болады. Сенсибилизацияланған лимфоциттерде БДЖС-ты енжар түрде тасымалдайтын, Лоуренс (1955) ашқан, «ауыстыру факторы» болады. Ол трипсиннің, ДНКазаның, РНКазаның әсерлеріне тұрақты, пептид (м. м. 700—4000).
4. БДЖС антиген енгеннен кейін бірнеше сағаттың ішінде дамып, ең жоғары деңгейге 24—48 сағаттан кейін жетеді.
5. ДДЖС-тің жергілікті ошағы тез дамитын сероздық-экссудаттық қабынумен қалыптасады және оның жасушалық қүрамы полиморфты ядролы жасушалардан (нейтрофилдер, эозинофилдер ж. б.) тұрады. БДЖС-тың жергілікті ошағы ұзаққа созылатын тығыз инфилтрат түрінде көрінеді және жасушалық құрамы моноядролық жасушалардан (лимфоциттерден, моноциттерден ж. б. макрофагтардан) тұрады.
БДЖС туберкулездің микобактерияларының, туляремияның, бруцеллездің, мерездің, көкжөтелдің қоздырғыштарының антигендерімен, вирустармен (қызылша, шешек ж. б.), қарапайымдардың, құрттардың антигендерімен ж. б. шақырылады. Бүл кезде БДЖС организмнің қорғаныстық қызметтері болып есептеледі. Олар жұқпаларға қарсы жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді. Бірақ ұзаққа созылған қабынулық серпілістер, БДЖС-тың қорғаныстық маңызын бүркейтін, дерттік өзгерістерге әкеледі, БДЖС-қа әртүрлі гаптендер де (динитрохлорбензол, бояулар, дәрілік препараттар, өсімдік улары ж. б.) әкелуі мүмкін.
БДЖС ерекше түрі болып көптеген өндірістік және тұрмыстық жанасулық дерматиттер ж. б. аурулар есептеледі.
Ағзалар мен тіндерді басқа организмге ауыстырып отырғызганда тіндік үйлесімдікке жауапты антигендер (транс-плантациялық антигендер) БДЖС-ты жігерлендіреді. БДЖС жақсы еритін молекулалық массасы және иммуногендік қасиеті төмен антигендермен немесе кейбір бактериялық анатоксиндермен, жасуша ішінде тіршілігін ұзақ сақтайтын бактериялармен шақырылады және бүл сезімталдық даму үшін қанға антигеннің біртіндеп аз мөлшерде түсуі шарт.
Иммундық әсерленістер сатысында организмге сырттан түскен немесе өзінде құрылған аллергендер макрофагтармен байланыстырылып, өңдеуден өт-кеннен кейін, сыртында антигенді танитын рецепторлары бар жәрдемші Тх-лимфо-циттерге беріледі. Бұлар интерлейкин - 2 өндіріп, Т-жендет және жады жасушаларының өсіп-өнуін жігерлендіреді. Организмге аллерген қайталап түскенінде жедел иммундық жауап қайтаруда Т-жады жасушаларының маңы-зы өте зор. Тк-жендет лимфоциттер бетен аллергендер (бактериялар, дәрілер, химиялық заттар) орналасқан немесе аутоаллергендері бар ағзалар мен тін-дерге немесе ауыстырылып отырғызылған ағзаға жабысады. Содан керсетіл-ген аллергендер мен жендет лимфоциттер байланысады. Осының нәтижесінде БДЖС-тың екінші, патохимиялық өгерістер сатысы дамиды. Бұл кезде жасу-шаларға жабысқан Т-лимфоциттері лимфокиндер (медиаторлар) шығарады. Бұл лимфокиндер — нәруыздық заттар және олардың көпшілігі гликопротеи-дтер. Нысана — жасушалардың сыртқы беттерінде әрбір лимфокинге рецептор-лар болады. Лимфокиндер әртүрлі әсер етеді. Олар жасушалардың қимылын өзгертеді, қабынуға қатысатын жасушалардың белсенділігін арттырады, жасу-шалардың есіп-өнуі мен жетілуіне ықпал етеді, иммундық қабілетті жасу-шалардың бірігуін реттейді. Олар макрофагтарға .және нейтрофилдерге, лим-фоциттерге, фибробластарға, сүйек кемігінің бағаналы жасушасына, ісік жа-сушаларына, ауыс-тырылып отырғызылған ағза жасушаларына, аутоаллергені бар ағза жасушаларына ж. б. әсер етеді.