Зат және энергия алмасудың реттелуі
Клеткалық метаболизм жоғары түрақтылықпен және сонымен бірге әжептәуір өзгергіштікпен сипатталады. Бұл еш қасиетте клеткалармен организмнің үнемі өзгеріп түратын қоршаған және ішкі орта жағдайына үнемі бейімделуін қамтамасыз етеді. Клеткада өтетін катаболизм жылдамдығы белгілі берілген уақытта клетканың энергияға мүқтаждығымен анықталады.Клетка амон қышқылдарын өзіне қажетті белоктық минимальды мөлшерінің пайда болуын қамтамасыз ететін жылдамдықпен синтездейді. Метаболизмнің мүндай экономдық және пластикалық қасиеті оның реттелу механизм болғанда ғана іске аса алады. Мүндай реттелу біртіндеп өсетін күрделіліктің әр түрлі деңгейлігінде іске асады. Реттелудің қарапайым түрі ферментативтік реакциаларда жылдамдығына әсер ететін барлық негізгі параметрлеріне қатысты болады. Күрделі метаболиттік процестердің реттелуінің келесі деңгейі-мультиферментативтік реакциялар. Бүл реакциялар бір түтас ферменттер жүйесімен ыдырайды. Реттеуші ферменттер реакцияның соңғы өнімімен жүргізіледі. Реакция өнімдерінің жиналуы белгілі бір концентрацияға дейін оның әрі қарай пайда болуын тоқтатады. Бүл құбылыс кері байланыс түрімен ингибриттену деп аталады. Реттелудің үшінші деңгейі бүл -генетикалық бақылау, күшті қүбылып түратын ферменттердің синтездену жылдамдығымен анықталады. Арнайы химиялық сигналдар ДНК-ның белгілі бөліктерін жауып тастайды. Гендер деңгейінде реттелу ферменттердің мөлшерінің, олардың түрлерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін. Генетикалық реттелу жоғары арнайылылықпен, үнемділікпен ерекшеленеді және метаболизмді бақылауды кең мүмкіншіліктерімен қамтамасыз етеді.Бірақ гендерді белсендіру процесі өте баяу және сондықтан реттелудің бүл түрі жедел жағдайларда жарамсыз. Жануарлар мен адамдарда зат және энергия алмасуының реттелуінің тағы да 2 механизмі бар. Осындай механизімнің бірі ішкі сөл бөлу жүйесі. Ішкі сөл бөлу жүйесі жасап шығаратын гормондар химиялық медиатор ретінде қызмет етеді, мүшелер мен үлпаларды зат алмасу процестерін жеделдейді немесе баяулатады. Мысалы: инсулиннің азаюы глюкозаның азаюына, глюкозадан май қышқылдарының биосинтезінің азаюына, бауырда кетонды денелердің пайда болуының жоғарлауына. Реттелудің ең жоғарғы деңгейі - бүл жүйкелік реттелу. Жүйке жүйесі, атап айтқанда оның орталық бөлімдері организімде жоғары интегративтік қызмет атқарады. Қоршаған ортадан және ішкі мүшелерден хабарларды алып, ОЖЖ-сі оларды өңдейді және белгілі бір қызметті орындау үшін белгілі бір уақытта зат алмасу деңгейінің жылдамдығын қажет ететін мүшелер мен үлпаларға жіберді. Көбінесе жүике жүйесі өзінің реттеуші қызметін ішкі секреция бездері арқылы іске асырады, қанға гормондардың түсуін күшейтіп немесе азайтып отарды. Зат алмасуға эмоцияның әсері жақсы белгілі. Мысалы: Спортсмендерде спорт алдында зат алмасу көрсеткіштерінің деңгейінің жоғарлауы, адреналиннің көбеюі және осыған байланысты емтихан алдында студенттерде қандағы қанттың концентрациясының жоғарлауы. Барлық жағдайларда зат және энергия алмасуға жүйке жүйесінің реттеуші әсері белгілі мақсатты, және әрқашанда өзгерген жағдайларға организімнің мейлінше бейімделуіне бағытталған.
Иллюстрациялық материал:
Кестелер:
І.Зат алмасу, зерттеу әдістері.
2.Тағамдық заттардың жылу бөлуі, оттегінің калориялық эквиваленті және
тыныс алу коэффициенті.
Әдебиеттер:
1. Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.
2. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.
3. Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық - Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет
4. Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.
5. Керимбеков Е.Б. Физиология атауларының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 280 бет
6. Қалыпты физиологияның лабораториялық жұмыстары / студент тер үшін. – Шымкент: Б.И., 1993. – 254 бет.
Бақылау сұрақтары:
1. Зат алмасуы деген не ?
2. Зат алмасуға қандай құбылыстар кіреді ?
3. Зат алмасу қалай реттеледі ?
4. Зат алмасуды зерттеуге қандай әдістер қолданады ?