Византияға екінші жорығы. 447 жыл
Бірінші мен екінші жорықтардың арасында Бледа қайтыс болып, 444 жылдан бастап Еділ ғұн империясын жалғыз өзі басқарды.
Византияға жорықтардың хронологиясын тарихшы О. Д. Менхен-Хельфен «Ғұндар қауымы» атты жұмысында анық айқындаған. Алғашқы жорықтан кейін Аттила ғұндардың жалғыз көсемі ретінде Византиядан алым-салық төлеуді және жау жағына өтіп кеткен қашқындарды қайтаруды талап етеді. Бұл ультиматумға ІІ Феодосий императоры империяны қорлайтын ұсынысс деп қабылдап, ұсынысқа қарсы болып соғыс жариялайды. Нәтижесінде Аттила Ратиарияны басып алып, 446 ж. немесе 447 жылдың басында Византияның Балкандағы аймақтарына шабуыл жасай бастайды. Византиялық тарихшы Марцеллин Комит өз жазбаларында 447 жылды сипаттаған кезде мынандай сөздерді жазыпты: «Бірінші соғысқа қарағанда көп есес ауырлау болған бұл сұмдық соғыста, Аттила бүкіл Еуропаны үгіп ұнтақтап тастады». Еділ бастаған ғұн әскері 447 ж. Фракия мен Иллирияны талқандап, Фермопила мен Константинополь іргесіне дейін жетеді. Шығыс Рим империясы (Византия) Еділге тәуелді екенін мойындап, алым-салық төлей бастайды.
4.3.Ғұндар мен Византияның арасындағы бітім шарты (448 — 450 жж.)
II Феодосий жеңілгенін мойындап өз әскери магистрі Анатолийді ғұндармен келіссөзді жүргізуге жібереді. Бұл бітімшарттың талаптары 444 жылғы алғашқы бірінші жорығынан кейін бекітілген талаптарына қарағанда көп есе қатаң болып табылды. Алғашқы келісімді бұзғаны үшін жаза ретінде 6000-нан астам римдік фунт алтынды беруді императорға мақұлдатты. Одан басқа талаптары да күшейтілген: жыл сайынғы салық 700 кг римдік фунт алтынынан 3 есе, яғни 2100 кг болды. Әр тұтқындалған рим сарбазының төлеп босату құны 12 солидке дейін барды.
Белгіленген алым-салығы қанағаттандырылғаннан кейін ғұндар өз жерлеріне қайтып оралды.
445 жылдар шамасында Бледа қайтыс болды. Еділ ғұндардың жалғыз басқарушысы болып қалып 448 жылы Қара теңіздің солтүстігін мекендеген акацирларды үлкен ұлы Эллактың қарамағына берді.
450 жылдың шілдесінде император II Феодосий аттан құлап қайтыс болады. Орнына келген әскербасы болып қызмет еткен Маркиан бітімшартта айтылған мөлшерінде салық төлеуден бас тартады. Еділге тек қана өзі дұрыс деп санаған сыйлықтарды беріп, ал егер де көнбесе соғыс бастайтынын хабарлайды.
451 жылдың ерте көктемінде ғұндар және оларға тәуелді басқа тайпалардың әскерлері Галлияға басып кіреді.
Батыс Рим империясымен соғыс (451—454 жж.)
5.1.Галлияға жорық (451 жыл)
451 жылы Еділ қаған бастаған жауынгерлер әскері [28] ерте көктемде Галлияға шабуылды бастайды. Ғұндар сарбаздарының саны белгісіз, бірақ сол кезеңнің ырғағына қарағанда шабуыл қозғалысы баяу болған деп баға берілген.[29]
451 жылдың 7 сәуірінде ғұндар бірінші Мец қаласын, сосын Трир, Кёльн, Реймс, Тонгерен, Труа қалаларын бірден басып алды. Сол жылдың 14 шілдесінде Римдік Галлияның орталығы Орлеан қаласын қоршауға алып, ұрысты бастайды. Қала қамалдарын тарандармен тесе бастаған кезде римдік әскербасы Флавий Аэцийдің және вестготтардың королі І Теодорихтың біріктірілген әскері Орлеандықтарға көмекке келеді. Мұның аяғы тарихта бұрын болмаған үлкен қырғын, әйгілі Каталаун шайқасына әкеледі. Тарихшылар осы шайқаста майдан даласында 165 мың жауынгердің өлігі қалды дегенді айтады.
Еділ қаған әскерін Каталаун даласына қайтарып, Сена өзенінің оң жағалауында (Труа қаласының төңірегінде болса керек) тоқтайды. Каталаун шайқасының нақты болған күні мен жері туралы мәліметтер сақталмаған, бірақ тарихшыларының болжамы бойынша ұрыс маусымның соңы шілденің басында Труа қаласының солтүстігінде, қазіргі Шампань провинциясының аймағында болған. Бұл ірі ұрыс нәтижесінде екі жақ бірдей шығынға ұшыраған. Проспер Тиро жазғандай, Каталаун даласындағы шайқаста бiрде-бiр жақ жеңiске жеткен жоқ. Өлiм саны шексiз болды. Король І Теодорих шайқас алаңында қаза тапты. Келесі күні Еділ қағанның әскері өздері орнатқан бекініске тығылып, ал гот-римдік коалиция бастаманы өз қолына алады.
Дегенмен, І Теодорихтың орнына келген везегооардың жаңа королі Торисмунд өз әскерін ұрыс алаңынан Тулузаға бірінші болып алып кетеді. Содан кейін Еділ қаған өзінің аман қалған сарбаздарын Дунайдың арғы жағына орналастырады. Келесі 452 жылы ғұндар Италияның солтүстігіне шабуыл жасайды.
5.2.Италияға жорық (452 жыл)
452 жылдың жазында (О. Д. Менхен-Хельфен (O. Maenchen-Helfen) рим папасы Лео Император Валентиннің арасында 452 жылы жазысқан хаттарын саралағанда, бұл жорықтың басы 452 жылдыңмаусым айында басталған) Еділ қаған басқарған жауынгерлер топтары Паннония жағынан Альпінің кең жазығынан шабуыл бастады. Бұл жорықтың алғашқы соққысы Венетта провинциясының Аквелия қаласында (Аквелия сол кездегі Адриат теңізі жағалауындағы ең ірі қала) болды. Венеттаның басқа қалаларын да басып алғаннан кейін ғұндар солтүстік Италияның батыс жағына қарай бет бұрды.
Италияны ойрандап, ғұндар шетінен Медиоланум (қазіргі Милан) және Тицинум (қазіргі Павия) қалаларын алады. Медиоланумда (V ғ. Басында Медиоланум қаласы Рим империясының астанасы болған) Еділ император сарайына кіріп келгенде сарай қабарғаларында рим императорлардың суреттерін көреді. Суреттерде тақта отырған рим императорлардың аяқ жағында скиф жауынгерлердің өліктері жатқаны бейнеленгенін байқайды. Еділ өз адамдарына сол суретшіні таптырып, оған басқа сурет салғызады. Бұл жаңа суретте Еділ қаған тақта отырғанын, ал рим императорлары оның аяқ астына қаптардан алтын төгіп жатқанын бейнелеткізеді.
Қаланың тұрғындарының көбісі қашып құтылды, олардың үйлері және шіркеулері тоналып, өртеліп бітті.
Бұл маңызы аса зор оқиғалардан кейін рим папасы І Лео қасына текті римдіктер Авиена мен Тригетияны ертіп алып ғұндардың көсемімен кездесуге барады. Бұл кездесу Мантуя қаласының маңындағы Амбулея жазығында болады. Кездесу нәтижесінде Рим салық төлейтін болып құтылады, ал ғұндар Римге бармай Дунайдың жағалауларына қайта оралады. Сөйтіп ол осынау ұлы жорықтан Дунай бойындағы мемлекетінің астанасы Еділқалаға (Этцельбургке) үлкен жеңіспен, салтанатпен оралады. Ғұн империясының иелігіне айналады.