Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Бекітемін»
Жұмысшы бағдарламалар
комитетінің төрайымы
Надырбекова А. _________
“___” _____2015ж.
«АСТРОНОМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»
ПӘНІНЕН БІЛІМГЕРЛЕР ҮШІН
ЖҰМЫСШЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Кафедра: “Физика және ФОӘ”
Оқу жылы: 2015-2016
Кредит саны: 3
Оқу түрі: күндізгі
Курс: 4
Cеместр: 7
Лекция: 15 сағ
Практикалық сабақ:30 сағ
СӨЖ: 45 сағ
СӨОЖ: 45 сағ
Емтихан : 7 - семестр
Оқытушының аты-жөні: Б. Ж. Көшкімбаева
Қосымша сабақ: кесте бойынша
Тараз 2015 ж
Жұмысшы оқу бағдарламасы ТарМПИ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен 09.12.2006ж №3 хаттамамен бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалынды
Жұмысшы оқу бағдарламасын дайындаған ф.м.ғ.к.,доцент Көшкімбаева Б.Ж.
Жұмысшы оқу бағдарламасы “Физика және физиканы оқыту әдістемесі” кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
« 03» 09. 2014ж. №2 хаттама
Кафедра меңгерушісі Б.Ж.Көшкімбаева
Жұмысшы оқу бағдарламасын Жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқу әдістемелік бюросы мақұлдады.
№ хаттама «__ » ____ 2015ж.
Оқытушы туралы мәлімет: Көшкімбаева Бибара Жайлаубайқызы ф.м.ғ.к., доцент.
Оқитын пәндері: Жалпы физика, Астрономия; Астрономияны оқыту әдістемесі, Жаратылыстану ғылымдары пәндерінің негіздері.
Оқу құралдарының саны: әдістемелік нұсқаулар «Астрономия лабораториялық жұмыстары», «Жұлдыздардың ішкі құрылысы және дамуы».
Байланыс: «Физика және ФОӘ» кафедрасы
Мекен-жай: Жамбыл даңғылы 16а .
Кафедрада болу уақыты: сабақ кестесіне сәйкес.
Пәнді оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі
Адамға қажетті білім көлемі күрт тез өсіп отырған қазіргі жағдайда белгілі бір фактілер жиынтығын ғана басты міндет етіп қою мүмкін емес. Адамды өз білімін дербес толықтыра білуге, ғылым және саяси информацияның үдеген толқынында бағдар таба білуге баулу қажет.
Қазіргі кезде астрономия қарыштап дамуда. Физиканың белгілі заңдарына сүйене отырып, ең жаңа деген құралдарды, автоматты ғаламшараралық кемелерді қолданып, бүгінгі астрофизика аспан объектілерінің физикалық күйлерін және олардың даму жағдайларын зерттеудің түрлі әдістерін енгізіп және оны пайдаланып келеді.
Адамзатқа қашанда астрпономия ілімдері оның көзқарасын қалыптастыруға күшті ықпал етеді. Астрономия бізді қоршаған табиғи ортада туындаған құбылыстарға – күн мен түн ауысуға, жыл мезгілдері өзгерісі, теңіздердің тасуы мен қайтуы, әлемнің пайда болуы мен дамуына т.б. жауап береді.
Сонымен бірге астрономияның әрбір мәдениетті адам , соның ішінде жас ұрпақты тәрбиелеуші – мұғалімдер үшін маңызы зор. Астрономияда оқыған табиғат заңдары материяның біртұтас бірлігін , әлемнің кеңістіктік және уақыттық мәңгілігі мен шексіздігін айқын көрсетеді.
Осыдан орта білім беру мектебі оқушыларына негізгі астрономиялық құбылыстарды оқытудың қажеттігі және де ол физика мұғалімдеріне міндеттелетіні шығады. Сондықтан келешек физика мұғалімі астрономия курсының теориялық негіздерін және оны оқытудың әдістемелерін терең меңгеруі қажет.
Астрономияны оқыту әдістемесінің міндеті оқушыларда астрономиялық ұғымдарды қалыптастыру және негізгі астрономиялық құбылыстардың мәнін ашып, астрономиялық зерттеу әдістерін, астрономиялық әдістердің физикада қолданылуын түсіндіру.
Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті
Аспан денелеренің құрылысы, қозғалысы және дамуы жөнінде жалпы түсініктер қалыптастыру. Астрономия пәнінің әрбір тарауларындағы негізгі тақырыптарды оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін қарастыру. Мектеп «Физика және астрономия» курсындағы астрономиялық тақырыптарды оқытуда жаңа инновациялық технология әдістерін қолданып түсіндіру мәселелерін қарастыру арқылы әлемдегі объектілерді зерттеу процестерінің физикалық мәнін оқып үйрену. Космостық денелерді зерттеуде қазіргі ғылыми әдістер жөнінде түсініктер қалыптастыру. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасымен жұмыс істей білуге үйрету. Жұлдызды аспанды қарапайым бақылаулар жүргізуге үйрету
3. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесі мәселелерді игеріп шығады:
Білімгер білуі керек:
-оқыту принциптері мен міндеттерін білу;
-мектеп “физика және астрономия” курсының құрылымы мен ерекшеліктерін білу;
-әрбір сыныптардағы астрономия тақырыптары сәйкес тақырыптың , күнтізбелік және сабақ жоспарын жасай білу;
-оның әдістері мен түрлерін меңгеру;
-бақылау, өзіндік және жеке жұмыстар жүргізу үшін дидактикалық материалдарды іріктеп алу;
-сыныптан тыс жұмыстар жоспарын жасау;
-пәннің басқа пәндермен байланысы;
Білімгер үйренуі керек:
Болып жатқан құбылыстар себебін аша білуге, теориялық білімін практикада қолдануын оқушылардың танымдық қабілеттілігін дамытуға, оларда табиғатқа ғылыми көзқарас қалыптастыруға үйренуі керек.