Xii тарау. шӨмелелегіш
Сабан мен топан жинауға арналған құрылғылар жөнінде жалпы мәлімет
Егістіктен сабан мен топанды комбайн жұмыс істегеннен кейін іле-шала немесе комбайн загоннан кеткен соң қысқа мерзім ішінде жинап алады. Егістіктегі сабан-топанды тез жинап алу жерді дер кезінде жыртуға, сөйтіп жаздық дақылдардан жоғары өнім алуға мүмкіндік береді. Дер кезінде жиналып, маяланған сабан-топанның шаруашылық үшін айрықша маңызы бар — бұл мал үшін әрі азық, әрі төсеніш.
Бұрын отандық комбайңдар тіркемелі механикаландырылмаған шөмелелегіштермен қамтамасыз етілді де, онда жұмыс істеуге қыруар қол күші жұмсалды. 1955 жылдан бастап 1969 жылға дейін аспалы механикаландырылған шөмелелегіштер шығарылды.
1969 жылы ол 44-ЙА гидрожетекті шөмелелегішпен алмастырылды,
1970 жылы 44-ЗА-ның орнына жақсартылған гидрожетекті шөме-лелегіш (44-8Б) игерілді. “Нива” комбайны 54-8Б шөмелелегіші-мен, ал “Колос” комбайны — 65-8 шөмелелегішімен жабдық-талған.
3-параграфта айтылғандай шөмелелегіш сабан мен топанды Шағындап (массасы 150—250 кг) жинайды. Бұл шөмелелерді егіс-тіктен жинап, маялайтын бірқатар машиналар мен құрылғылар бар.
СК-4 және СК-4А комбайндарынық біразы аспалы сабан ту-рағышпен (ИСН-3,5) және сыйымдылығы 45 м3 2-ПТС-4 тіркемелі арбашықпен жабдықталған. Мұндай жағдайда комбайннан шө-мелегіш шығарылып, жұмыс былайша жүргізілді: комбайнға ав-томаттың көмегімен 2-ПТС-4 арбашығы тіркеледі де, оған топан-мен қоса туралған сабан келіп түседі.
Толтырылған арбашықты маялайтын жерге жеткізеді де, ком-байнға басқа бос арбашықты тіркейді.
“Нива” комбайнына арнап универсалды ПУН-5 тетігі жасалған, бұл астықтың сабаны мен топанын алты негізгі технологиялық схемамен және сонымен бірге үш қосымша схемамен атқаруға мүмкіндік береді. “Колос” комбайны үшін ПУН-6 маркалы осындай тетік жасалған.
№ 1 схема. Туралған сабанды топанымен қоса комбайнға тір-келген 2-ПТС-4 сменалық арбашықпен (сыйымдылығы 45 м3) жи-найды. Жұмыс үшін қайта жабдықталған комбайнмен қоса, екі арбашық, 1, 4 тс (14 кН) класындағы трактор және маялағыштиеуіш қажет. Осы схема бойынша комбайндардын, жұмыс істеуі УССР-де жаппай және басқа да республикалардьщ аудандарында ішінара қолданылады.
№ 2 схема. Туралған немесе жарым-жартылай туралған сабанды топанымен бірге 2-ПТС-4 тұрақты тіркемесіне жинайды, бұл едәуір сыйымды шөмелелегіш. Бұл арбашықтағы жүкті комбайнның гидравликалық құрылғысымен түсіреді. Түсірілген шөмелені ВТУ-10 ысырмамен сүйретіп, маялағыштиеуішпен маялайды.
Комбайндар бұл схема бойынша Қазақ ССР-інде, Сибирь мен Поволжьеде, Солтүстік Кавказда және еліміздін, басқа да аудан-дарында жұмыс істей алады.
№ 3 схема. Топанды 2-ПТС-4 сменалық арбашығымен, ал са-банды тұтас немесе туралған күйінде десте салғыштьщ көмегімен дестеге жинайды. Комбайндар бұл схема бойынша Солтүстік Кав-казда, Кубань мен Украинада, Поволжьеде, қара топырақты және қара топырақты емес аймақтардың орталық аудандарында ойда-ғыдай жұмыс істей алады.
№ 4 схема. Сабанды турап, жатканың алым ені бойынша егіске шашады, ал топанды сменалық арбашыққа жинайды. Оеы схема бойынша атқарылатын жұмыстарды шаруашылықтар пайда-ланбайтын артық сабаны бар аудандарда қолдануға болады.
№ 5 схема. Тұтас немесе туралған сабанды дестеге жинап, үстіне топаны үйіледі. Соның нәтижесінде топан аралас сабан дестесі пайда болады. Осы әдіс бойынша жинауды Қазақ ССР-інде, Сибирь мен Прибалтикада, қара топырақты және қара топырақты емес аймақтардьщ орталық аудандарында, сондай-ақ басқа да аудандарда қолдануға болады.
№ 6 схема. Туралған сабанды топанымен қоса (немесе топан-
сыз) егіске 9—10 м ендікте шашады. № 6 схема бойынша атқа-рылатын жұмыстар шаруашылығында сабан пайдаланылмайтын аудандарда қолданылуы мүмкін.
Бірінші қосымша схема. Арбашыққа топанды және туралған сабанның біразын салады, ал туралған сабанның қалған бөлігін егіске шашады.
Екінші қосымша схема. Арбашыққа туралған арпа сабанын жинайды, ал арпа (қылтанақтысы) топанын егіске шашады.
Үшінші қосымша схема. Туралған сабанды турауыш барабанның көмегімен егіске шашады да, ал топанды молотилка ендігіне шашады.