Жылдардың астық жинау тәжірибесінен
1976, 1977 және 1978 жылдары астық жинау село механизаторларының арасында социалистік жарысты одан әрі өркендетуді бетке ұстай отырып жүзеге асты. Қолайсыз ауа райының салдарынан 1976 жылы астықты аса қиын жағдайда жинауға тура келді. Дегенмен де село еңбеккерлерінің, ең алдымен механизаторлардың орасан еңбегі, сондай-ақ колхоздар мен совхоздарға, көрсетілген бүкілхалықтық көмек қиындықты жеңіп шығып, мол астық жинауға жағай жасады. 1976 жылы қиындықтардың тууына байланысты жауын-шашынды ауа райы жағдайында комбайнның жұмысын жақсартатын әр түрлі тетіктер қолданылады. Мысалы, жаткаға жер бедерін көшірмелеуіш башмақ-тардың орнына полихлорвинилді сүйретпе орнатылады. Аса ылғал егістікте жұмыс істеген кезде комбайндардың жүрісін жақсарту үшін жетектеуіш доңғалақтарға жылжымалы футороктардың көмегімен косымша донғалақтар орнатылады.
1976 жылы астық жинау жұмысын ойдағыдай өткізудегі социалистік жарысты өркендетуде бір топ үздік село механизатор-ларының — Н. В. Бочкаревтід, В. М. Ворониннің, Н. В. Переверзеванын, Б. А. Пономаренконың, В. Д.- Савиновтың және басқалардың К.ПСС Орталық Қомитетінің Бас секретары, СССР Жоғарғы Советі Президйумының Председателі Л. И. Брежневтің атына жазған хаты, сондай-ақ Л. И. Брежневтін. осы хат авторларына қайтарған жауабы үлкен роль атқарды.
1976 және 1977 жылдар комбайн өнімділігінін көптеген жаңа рекордтары-мен есте қалды. Бұған аздаған мысалдар ғана келтіріп өтейік.
1. Социалистік Еңбек Ері, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Н. В. Переверзеваның (Ростов облысы, “Путь Ленина” колхозы) жинау-транспорттық звеносы 1976 жылы төрт “Колос” комбайнымен 137 150 ц, ал 1977 жылы 151 880 ц астық бастырды. 1977 жылғы Н. В. Переверзева звеносы қол жеткізген мұндай астық бастыру рекордтық керемет көрсеткіш. Н. В. Переверзева басқаратын звено бұдан бұрынғы жылдары —1974 жылы 63306 ц, 1975 жылы 70 720 ц астық бастырды.
2. Н. В. Переверзеваның жинау-транспорттық звеносының мүшесі, комбайншы 3. М. Забродина “Колос” комбайнымен мына төмендегідей көлемде астық бастырды: 1975 жылы—17680 ц, 1976 жылы —34556 ц, 1977 жылы — 37970ц.
3. В. М. Чердинцев 1976 жылдан бері құрамында үш “Колос” комбайны бар жинау-транспорттық звеносын басқарады. Бұл звено үш жыл ішінде (1976— 1978) 163,4 мың ц дән бастырды, оның 76553 центнерін 1978 жылы бастырды. В. М. Чердинцевтің өзі көмекшісімен бірге 1978 жылы өз комбайнымен 31 180 центнер астық бастырды.
4. Социалистік Еңбек Ері В. М. Воронин (“Запорожье” совхозы) басқаратын жинау-транспорттык звеносы төрт “Колос” комбайнымен 1977 жылы 1702 га жердің егінін жинап, 60 530 ц дән бастырды.
5. Днепропетровск облысының Криничан ауданындары 40 жинау-транспорттық отряд құрамындары 260 комбайн агрегаты 1977 жылдың кейбір күндерінде тәулігіне 22 сағаттан еңбек етті және әрбір агрегатпен 80—90 тоннадан астық бастырды.
6. Воронеж облысы, “Прогресс” колхозының комбайншысы
Н. Т. Могилин СК-4 комбайнымен мына төмендегідей көлемде астық бастырды: 1976 жылы 17942 ц, 1977 жылы— 17894 ц.
7. Запорожье облысы, Горький атындағы колхоздың комбайншысы мына төмендегідей астық бастырды: 1975 жылы —9400 ц, 1976 жылы —15600' ц, 1977 жылы —20 100 ц.
Социалистік жарыста комбайншылардың астықты тәулік ішінде ең көп дәрежеде бастыруға ұдайы ұмтыльш отыруының маңызы зор. Мұның өзі астық жинау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Тіпті 1976 жылы, астықты қиын жағдайда жинағанына қарамастан, сан мыңдаған озат комбайншылар еліміздің алуан түрлі аймақтарында тәуліктік жоғары өнімділікке жетісті. Мәселен, комбайншы П. Н. Кривлин (Ставрополь өлкесі) “Нива” комбайнымен 12606 ц, оның ішінде 10 күнде 8553 ц астық бас-тырды; комбайншы И. И. Волков (Кемерово облысы) “Сибиряк” комбайнымен 20 256 ц; комбайншы Ю. В. Попиев (Ростов облысы) “Колос” комбайнымен 17240 ц, оның ішінде 10 күнде 11 790 ц астық бастырды.
1977 жылы дәнді дақылдарды жйнауды ұйымдастыру жөнінен Ставрополь өлкесінің Ипатов ауданы егіншілерінің бастамасы мен тәжірибесі Бүкіл Одақка әйгілі болды. Ипатовтықтар бастамасы мен тәжірибесінің мәні, деп атап көрсетілді КПСС Орталық Комитетінің “1977 жылы егін жинауда Ставрополь өлкесінің Ипатов аудандық партия ұйымының жұмыс тәжірибесі туралы” қаулысында, бұл ауданның егіншілері “техника өнімділігін арттырудың, астық жинау мерзімін қысқартудың, жинау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға, өндіріске прогрессивтік технологияны енгізуге қаншалықты байланысты екенін көрсетіп беруінде”.
Ипатовтықтар өндіріске ойдағыдай енгізген астық жинаудың прогрессивтік технологиясын Букілроссиялық ауыл шаруашылығын механикаландыру мен электрлендіру ғылыми-зерттеу және жобалау-технологиялық институты (ВНИПТИМЭСХ, Зерноград қаласы) озаттардың тәжірибесін талдап қорыту негізінде жасады. Бұл технология егіс жұмыстары (себу,' жинау) қызған кезеңде қажетті жұмысшы" күші мен барлық техникалық құралдарды қуатты, жұмылдырылғаи комплекстерге (отрядтарға) шоғырландырады. Бүкіл жұмыс циклде рін (астық жинау, дән тасу, егістікті аңыз қалдықтарынан тазарту, жер копсыту