Ск-4а комбайндарының бастыру аппараты
СК-4 және СК-4А комбайндарының қабылдау камерасы панельден, қақпақтан 18 және бір-бірімен топсалы байланысқан екі қалқаннан 10, 11 тұрады (56-сурет). Алдыңғы қалқан 11 көлбеу корпусқа серіппемен 12 сығылады, соның нәтижесінде ол нығыздалып тұрады. Артқы қалқан 10 маңдайшаға 9 тіреледі де деканы реттеген кезде бұлар бірге көтеріліп, бірге түседі Білеуге 14 резиналанған белдіктен қалқан бекітілген, бұл қабылдау камерасы мен көлбеу корпустың түйіскен жерін нығыздап турады Кайтарғыштың 17 міндеті - жоғарғы масақ шнегі 27 бөлген астық массасын қайта бастыру.
Барабан “Нива” және “Колас” комбайндарынікі сияқты орна-ласқан (оның диаметрі СК-4 және СК-4А комбайндарынан 550 мм қысқа. )
56-сурет. СК-4 комбайнының бастыру құрылғысы:
1 — клавиша; 2 — шыбықты тор; 3 — бағыттауыш қалқан; 4 — дека; 5—барабан; 6 — транспорттық тақтай; 7 — нырыздау қалқаны; 8 — алдыңғы фартук; 9 — маңдайша; 10 және 11 — қалқандар; 12 — серіппе; 13 — жатканың көлбеу корпусы аспасының кронштейні; 14 — нығыздауыш қалқаны бар білеу; 15 — қабылдауыш битер; 16 — сабақ ысырғыш; 17 — қайтарғыш; 18 — қақпақ; 19 — алмалы-салмалы торды 22 бекітетін болт; 20 — соққылауыш битер; 21 — жоғарғы масақ шнегі.
57-сурет. СК-4 комбайнының декасы мен шкиві:
1 — бағыттауыш қалқан; 2 — деканы білікшеге 24 асуға арналған жақтаудағы 3 тесік-4 — шыбық; 5 —көлденең планка; 6 — негізгі планка; 7 — маңдайша; 8 —тартпа- 9 және 19 — эксцентриктер 10 және 21 — эксцентриктер рычагы; 11, 14 және 18 — реттеуіш винттер; 12,13,20 және 22 — аспалар; 15 және 17 — рычагтар; 16 — сектор; 23 — реттелетін тартпа- 25 —тарту болты; 26 — қамыт; 27 және 28 — шпонкалар; 29 — кергіш- болт- 30 және 31 — дискілер.
Барабан білігіне жылжымайтын 31 және жылжымалы 30 екі дискіден құрастырылған шкив орнатылған (57-сурет). Жылжы-майтын дискі 31 білікке шпонкамен 27 және гайкамен бекітілген. Жылжымалы дискі 30 жылжымайтын дискінің втулкасына шпон-камен 28 және қамытпен 26 бекітіледі. Шкив дискілерінің бір-біріне орналасу қалпын өзгертуге болады. Ол үшін қамыттың 26 екі бөкіткіш болтын босатып, қысушы 29 және тартушы 25 болттарды қажетті жағына бұрады.
Алдыңғы қарсы жетек білігіне конструкциясы осындай, бірақ мөлшері үлкендеу шкив орнатылған. Екі шкив те белдікпен бай-ланысқан. Әрбір шкивтегі дискілердін, аралық шамасын өзгерту арқылы белдік астындағы шкивтін, жүмысшы диаметрін кішірей-теді немесе үлкейтеді. Мүньвд өзі барабанньщ айналу жиілігіне әсер етеді. Бір шкивтің дискілерінің ара қашықтығын кішірейту және сонымен бір мезетте екінші шкивтің дискі аралықтарын 3 мм кеңіту барабанның айналу жиілігін 50 айналыс/минутке өзгертеді. Егер диаметрі шағын шкив барабан білігіне, ал диаметрі үлкені-қарсы жетек білігіне орнатылса, онда барабаннын. айналу жиілігін 800-ден 1335 айналыс/минутке дейін өзгертуге болады. Айналу жиілігін 400—750 айналыс/минутке жеткізу үшін шкивтердің орнын ауыстыру қажет. Шкивтердің заводтық қондырылуы 1100— 1150 айналыс/минут.
Мәселен, барабанның айналу жиілігін 50 айналыс/минутке арттыру қажет болсын дейік. Мүндай жағдайда шкив дискілерін қарсы жетек білігіне 3 мм жақындатып, ал барабан шкивінің дис-кілерін сондай шамада кеңітеді. Мұндай реттеуді былайша атқа- рады: екі шкивтің де қамытты 26 бекітетін болттарын шығарады; барабан шкивіндегі керу болтын 25 шығарады; қарсы жетек білі- гіндегі кергіш болттың 25 біреуін жарты айналым бұрып қатай- тады; қарсы жетек білігінін, шкивін жарты айналым бұрады және оның екінші кергіш болтын жарты айналым бұрап қатайтады. Осындай ретпен шкивтің кергіш болтын қарсы жетек білігіне қарай оның дискілері қажетті қашықтыққа жақындағанша кереді. Сонан сон, барабан шкивінің дискілерін осындай қашықтыққа (3 м.м) жылжытады. Реттеуді аяқтағаннан кейін қамытты 26 кітеді.
Барабанныа айналу жиілігін реттегенде, демек, шкивтердіі дискі аралықтарынын, қашықтығын өзгерткенде, жетек белдіктів орнатылған керілуі де өзгеруі мүмкін, ал бұған жол беруге бол-майды. Сондықтан бір шкивтін, дискілері қанша жылжыса, екінші шкивтің диокілері де сонша жылжуын қадағалау қажет. Сонымен қоса, реттеген кезде шкивті бүрайды. Егер бұлай етпесе, онда бел- дік, реттеу тәртібі бойынша жылжытылатын дискілердін, аралы- ғында орнығып қалуы мүмкін. Белдік шкивтін, конустық бетіне тасынан бірқалыпты тіреліп тұруға тиіс. Онын, шкивтің конустық бетінің жиегінен төмен салбырауы дұрыс емес, өйткені мұның өз белдікті тез тоздырады.
Құрал-жабдықтардың комплектісінде межеленген үлгі бар, ал шкивтің күллі шеңбері бойынша жұмыс жылғасы енінің біркелкі- лігін тексеруге арналған. Үлгіні жылғаға қалыпты батыру тереңдігі барлық жерінде бірдей болуға тиіс. Тек сонда ғана жетек белдігі пульсациясыз дұрыс жұмыс істеп, мерзімінен бұрын тозбайды. Дискілердің қиғашталуы — өте қауіпті кемістік. Мұның салдарын
нан белдік тым ерте тозумен қоса, біліктіқ (барабан, қарсы жетек) сынуы да мүмкін.
Дека екі жақтаудан 3, үш негізгі планкадан 6, доғадан және көлденең планкадан 5 пісіріліп орнатылады. Көлденең планканың тесігі арқылы диаметрі 6,5 мм (олардың аралығы 7,4 мм) шыбық өткізілген. Мандайша 7 астық массасынын, бастыру құрылғысына біркелкі келуін қамтамасыз етеді. Тесігі бар қалқаннан 1дән еленіп, шыбықты елеуішпен 2 бірге бастырылған массаны бастыру аппаратынан жайлап шығарады (56-сурет).
Деканың реттеу механизмі былайша орналасқан. Дека жақ-тауының тесігі 2 арқылы екі білікше өткізілген — алдыңғы және артқы, оларға шпонкамен және тоқтатқышпен төрт эксцентрик білікшенің әр жағына бір-бірден бекітілген. Бүл эксцентриктер 9, 19 аспалардың 12, 13, 20 және 22 сопақша тесігінде еркін орналасқан, ал аспаның өзі молотилка панеліне бекітіліп, оны едәуір шамада жоғары-төмен қозғалтатындай етілген, Аспаның қажетті орналасу қалпын (сонымен қоса білікшемен 24 ұстатылған деканы да) реттеуіш винтпен 11, 14, 18 бекітуге болады. Жоғарыда сипатталған механизм деканың қондырма реттеуін қамтамасыз етеді: соның көмегімен деканы онын. планкасы (кіре берісінде және шыға берісінде) мен барабан шыбыртқысының арасында қажетті санылау болатындай етіп ұстатуға болады.
Аспаның эксцентригін (білікшесімен) бұра бастаймыз. Аспа козғалмай түрған кезде, оның эксцентриситеті (15 мм) әсерінен дека көтеріледі немесе төмен түседі. Эксцентрик әсерін басқару үшін былай істейді. Эксцентриктің оң жақ тұсына рычаг 10 пісіріліп орнатылған. Он жақ эксцентриктегі екі рычаг та өзара тартпамен 8 байланысқан. Эксцентриктін, сол жақ алдына рычаг 21 пісіріліп бекітілген, ол тартпа 23, рычагы 17 арқылы басқару алаңшасына шығарылған рычагқа 15 байланысқан. Рычагтық 15 тұрған қалпын сектордын, 16 кез келген тесігіне қоюға болады. Егер рычагтын, 15 орнын ауыстырса, онда барлық төрт эксцентрикті де бір мезетте қозғалысқа келтіруге болады: олар деканы 10 мм деңгейде көтеріп немесе түсіре отырып, бірдей бұрыштықта бұрылады, бұл жөнінде жоғарыда айтылған. Эксплуатациялык, реттеу дегеніміз, міне, осы. Мұның өзі рычагтың 15 қозғалуы арқылы атқарылады.
Демек, деканы былай реттейді. Алдымен комбайнды алдағы дақыл жинауға әзірлеуде қондырма реттеу операцияларын атқа-рады. Ал жұмыс процесі кезінде эксплуатациялық реттеу тәсілдерін пайдаланады.
Деканы реттеуді мынадай кезекпен атқарады. Көру люгін екі жағынан да ашады. Тартпаны 23 рычагтан 17 немесе рычагтан 21 ажыратады. Рычагты 10 тігінен төмен қояды. Аспалар 12, 13, 20 және 22 саңылауы арқылы өткізілген болттарды шығарып алып, соңғысын панелге бекітеді. Реттеуіш винттердің 11, 14, 18 гайка-
ларын босатады. Реттеуіш винттің көмегімен деканы мынадай са-ңылауда орнатады (бидай, қара бидай, арпа т. б. жинағанда); кіре берісінде 18+-1 мм, ал шыға беріеінде 6+-1 мм. Рычагты 15 сек-тордың 16 бесінші тесігіне (жоғарыдан санағанда) қояды. Рычагтың 10 оң жағына тік орналарқандығын тексереді. Тартпаның 23 бос жақ ұшын рычагқа 17 немесе 21 жалғайды. Көру люгі арқылы дұрыс қондырылғанын тексереді. Ол үшін рычагты 15 сектордың бірінші тесігіне қояды. Мұндайда рычагтын, тұрған қалпы мынадай саңылауда болуы тиіс: кіре берісінде 14+-1 мм, шыға берісінде 2+-1 мм. Барабанды қолмен айналдырып, алынған нәтижесін екі жағынан да, әсіресе шыға берісінен тексереді.
Қондырма саңылауды реттеген кезде деканың қиғашталып кетуі мүмкін. Егер бұл жағдай байқалған болса, онда қиғаштықты аспаньщ көмегімен жояды. Аспадағы белгі шкала бөліктерімен сәйкес келетіндігін тексереді. Егер сәйкес келмесе, онда шкаланы дұрыстап қояды.
Астық жинау кезінде осылайша реттегенде рычагтағы 15 са-ңылауды былайша өзгертуге болады: кіре берісінде 14-тен 24 мм дейін, шыға берісінде 2-ден 12 ,мм дейін.
Кері берілісті болдырмау мақсатында соққылауыш битердің астына алмалы-салмалы тор 22 орнатылған (56-сурет). Оның шы-бықтары битер саусақтары бұлардың аралығына кіретіндей етіп орналастырылған. Шыбықты тордың битермен салыстырғандағы орналасуын болттың 19 көмегімен реттеуге болады. Құндақ пен саусақтардьвд ара қашықтығы 5-тен 15 мм аралығында болуға тиіс.
Соққылауыш битер' шыбықты тормен 2 өзара әрекеттесіп жұ-
58-сурет. СК-4А комбайныньщ декасын реттеу механизмі:
1 — реттелетін тартпа; 2 — аспа винті; 3 — рычаг; 4 және 8 — аспалар; 5 — негізгі дека;6-тартпа; 7 — эксцентрик; 9 — дека тіреуіші; 10 — кронщтей; 11 — саусақты тор.
мыс істейді де, дека мен қалқанға 3 біркелкі жалғасады. Шыбықты тор мен соққылауыш битердің ара қашықтығын планканың молотилка бүйіріне бекітілетін жеріндегі тік бұрышты сопақша те-сіктің көмегімен реттейді. Саусақты битер мен шыбықты тордың қальшты қашықтығы 30 мм болуға тиіс.
Жоғарыда (§ 20) СК-4А бастыру құрылғысының соған ұқсас СК-4 комбайны құрылғысынан негізгі айырмашылығы көрсетілген. 58-суретте СК-4А комібайнының декасы берілген. Ол топсалы бай-ланысқан екі бөліктен тұрады: негізгі дека 5 және қосымша дека 9.
Қосымшасының артқы планкасына фартукпен қоса саусақты тор 11 болтпен бекітілген. Суретте көрсетілгендей СК-4А декасында СК-4 комбайнындағы сияқты эксцентрик 7 болады. Дека мен барабан аралығындағы саңылауды реттеудің екі түрі де — қон-дырма және эксплуатациялық реттеулер — СК-4А-да СК-4 ком-байнындағы сияқты атқарылады. Бірақ СК-4А-да қосымшасының артқы планкасы мен барабан аралығындағы саңылауды қоса рет-тейді. Бұл реттеуді молотилка панелінің бұрыштарына бекітілген екі кронштейннің 10 көмегімен атқарады.
Саңылаудың қондырма реттелуі де негізінен СК-4 комбайнын-дағы сияқты. Басқару алаңшасынан шығарылған рычагты сектор-дың бесінші бөлігіне (жоғарыдан санағанда) қояды. Мұндайда СК-4А комібайнының негізгі секциясы үшін аспаның көмегімен мынадай саңылау орнатады: кіре берісінде 32 мм, оның артқы планкасында 10 мм. Кронштейннің 10 көмегімен саңылауды шыға берісінде, яғни қосымшасының артқы планкасы мен барабан ара-лығын 6 мм шамада орнатады.
СК-4А комбайнында жаңа декамен қоса мынадай өзгерістер-енгізілген: жаңа соққылауыш битер қолданылған (СК-5 және СК-6 комбайндарындағы сияқты); жаңа соққылауыш битер барабанмен салыстырғанда басқаша орналасқан және оның айналу жиілігі арттырылған; соққылауыш битер мен барабан аралығына кері берілісті болдырмайтын бөгеуіш орнатылған; алдыңғы иінді білік СК-4-тегі тұрған қалпынан клавишамен 30 мм түсірілген; клавиша астындағы алдыңғы фартук өзгерген және артқа жылжытылған, ал артқы фартук алынып тасталған; алдыңры қарсы жетек білігінің тірек түтігіне фартук ілінген.