Атомдық және ядролық физика
1189.Электрон мен нейтронның заряд таңбалары
A) электрон — теріс, нейтрон — оң.
B) электрон — оң, нейтрон — теріс.
C) электрон және нейтрон — оң.
D) электрон және нейтрон — теріс
E) электрон — теріс, нейтрон бейтарап.
{Дұрыс жауап}= E
1190.Атомдық ядросында 3 протон мен 4 нейтроны бар бейтарап атомның электрондық қабықшасындағы электрондар саны
A) 1
B) 3 .
C) 4.
D) 7
E) 6.
{Дұрыс жауап}= B
1191. Ядролық реакцияның энергетикалық шығуы дегеніміз
A) ядроның байланыс энергиясы.
B) ядролар мен бөлшектердің реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияның айырмашылығы.
C) бір нуклонға келетін байланыс энергиясы.
D) ядроның тыныштық энергиясы
E) ядроның байланыс және тыныштық энергиялары.
{Дұрыс жауап}= B
1192. Бір электронын жоғалтқан гелийдің бейтарап атомы
A) оң ионға айналады.
B) теріс ион айналады.
C) молекула түзеді.
D) атом ядросы деп аталады.
E) дене деп аталады.
{Дұрыс жауап}= A
1193. Протон – бұл
А) -1,6·1019 Кл теріс зарядты, элементар бөлшек
В) +1,6·1019Кл оң зарядты, элементар бөлшек
С) сутек ионы
D) гелий ионы
Е) неон ионы
{Дұрыс жауап}= В
1194.Ядроның байланыс энергиясы дегеніміз
A) ядроны түгелімен жеке нуклондарға ыдырату үшін қажет энергия.
B) ядродағы протондар мен нейтрондар санының қосындысы.
C) ядроны түгелімен жеке протондарға ыдырату үшін қажет энергия.
D) ядроны түгелімен жеке нейтрондарға ыдырату үшін қажет энергия.
E) ядроның аз мөлшерін жеке нейтрондарға ыдырату үшін қажет энергия.
{Дұрыс жауап}= A
1195.Ядролар мен бөлшектердің реакцияға түскенге дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымы
A) ядролық реакция деп аталады.
B) жарық энергиясы деп аталады.
C) нейтрондағы ядролық реакциялар деп аталады.
D) ядролық реакцияның энергетикалық кіруі деп аталады.
E) ядролық реакцияның энергетикалық шығуы деп аталады.
{Дұрыс жауап}= E
1196.Егер уран ядросы бөлінгенде 200 Мэв энергия шығатын болса, 1 кг уранда бар ядролар толық ыдырағанда бөлінетін энергия
(M(U) = 235∙10-3 кг/моль; NA = 6∙1023 моль-1; 1эв = 1,6∙10-19 Дж)
A) ≈ 8,3 ∙1011Дж.
B) ≈ 6,5 ∙1011Дж.
C) ≈ 8,3 ∙1013Дж.
D) ≈ 6,5 ∙1013Дж.
E) ≈ 8,3 ∙109Дж.
{Дұрыс жауап}= C
1197.Тізбекті реакция бірқалыпты жүру үшін нейтрондардың көбею коэффициентінің шамасы
A) .
B) .
C) .
D) .
E) .
{Дұрыс жауап}= E
1198.Элементар бөлшектер арасындағы реакциялар кезінде бөлшектердің жоғалып, түрленуінің аты
A) антигелий.
B) антинейтрон.
C) антипротон.
D) антибөлшек.
E) аннигиляция.
{Дұрыс жауап}= E
1199.Антипротонның заряды
A) оң.
B) теріс.
C) оң және теріс.
D) анықталмаған.
E) нөлге тең.
{Дұрыс жауап}= B
1200. – квант қорғасын пластинкасынан өткен кезде пайда болатын кері процесті жұп-
A) электрон – нейтрон.
B) электрон – лептон.
C) электрон – протон.
D) электрон – позитрон.
E) электрон – электрон.
{Дұрыс жауап}= D
1201.Антизат пен заттың аннигиляциясы кезінде заттың тыныштық энергиясы түзілетін – кванттардың
A) ішкі энергиясына түрленеді.
B) потенциалдық энергиясына түрленеді.
C) кинетикалық энергиясына түрленеді.
D) жылулық энергиясына түрленеді.
E) квазимеханикалық энергиясына түрленеді.
{Дұрыс жауап}= C
Мазмұны
Механика
Кинематика ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 4
Динамика ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------44
Жұмыс, қуат, энергия ----------------------------------------------------------------------------------------------------------75
Сақталу заңдары ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------109
Денелердің тепе-теңдік шарты --------------------------------------------------------------------------------------114
Механикалық тербелістер мен толқындар ----------------------------------------------------------------122
Гидромеханика --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------135