Саптар және оларды басқару. Дене мәдениеті» кафедрасы

ОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Өнер факультеті

Дене мәдениеті» кафедрасы

«САПТЫҚ ДАЙЫНДЫҚ»

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

5В010400-«Бастапқы әскери дайындық»

Түркістан 2016

Лекциялық тезистер «Дене мәдениеті» кафедрасының

«01» 09.2016 ж. мәжілісінде талқыланды және №1 хаттамамен бекітілді.

Кафедра меңгерушісі ______________ п.ғ.к., доцент Б.З.Абусейтов

Лекциялық тезистер факультеттің «02» 09. 2016 ж. (хаттама №1) ОӘК-де қаралып, мақұлданды.

Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы, п.ғ.к., м.а Б.Жолдасова

Дайындаған: Аға оқытушы,аға лейтенант Б.Р.Ахметов

№ 1. Лекция сабағының тақырыбы: " Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің саптық жарғысының жалпы ережелері."

Жоспары:

1.Саптар және оларды басқару

2.Оқыту әдістемесі

Сабақтың мақсаты:Саптық дайындықтың теориялық ережелерін жеткізу.

Қысқаша мәтіні:Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы.

Саптар және оларды басқару

Сапты басқару (машинада) командалармен жүзеге асырылады, оны командир дауыстап, белгілермен және жеке өзі көрсете отырып, сондай-ақ техникалық байланыс құралдары арқылы беруі мүмкін.

Командалар лек бойынша бөлімшелер командирлері (машиналар жетекшілері) және тағайындалған қадағалаушылар арқылы берілуі мүмкін.

Сапта аға командир, оған команда беруге ынғайлы жерде болады. Қалған командирлер Жарғымен немесе аға командирмен белгіленген орындарда бола отырып, командаларды береді.

Рота және одан жоғары бөлімшелер командирлеріне батальон мен бригаданың (полктін) жорықтық сабында командалар беру және олардың орындалуын тексеру үшін саптан шығуға рұқсат етіледі.

Команда алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; командалар тек орындалатын болуы мүмкін.

Алдын ала берілетін команда әскери қызметшілердің назарын күшейту және орындалатын команданы орындауға дайындалу үшін сапта тұрғандар командирдің олардан қандай іс-қимылдарды талап етіп тұрғаның түсіну үшін нық, дауыстап және созылмалы беріледі.

Орындалатын команда (Жарғыда ірі әріптермен басылған) үзілістен кейін, дауыстап, буындалып және нық беріледі. Орындалатын команда бойынша оны шұғыл және нақты орындау жүргізіледі.

Бөлімшенің немесе жекелеген әскери қызметшінің назарын аудару мақсатында қажет болған кезде алдын ала берілетін командада бөлімшенің атауы немесе әскери қызметшінің атағы мен тегі аталады.

Мысалы: «Взвод (3-ші взвод) - ТОҚТА». «Қатардағы жауынгер Әлімов, Артқа -БҰРЫЛ».

Командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде және алдын ала берілетін команда бойынша саптағы орныңда тұрған әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдайды, ал қозғалыста саптық адымға көшеді. Бастық саптан тыс әскери қызметшіге назар аударған кезде ол бастыққа қарай бұрылады және саптық қалыпты қабылдайды.

Егер бастық сапта тұрған әскери қызметшінің әскери атағы мен тегі бойынша назар аударса, ол: «МЕН» деп жауап береді, ал тек әскери атағы бойынша назар аударса, әскери қызметші өз лауазымын, атағы мен тегін атап жауап береді. Бұл ретте қарудын күйі өзгермейді және кол бас киімге апарылмайды.

Алдын ала берілетін командада қарумен тәсілдерді орындаған кезде қажет болған кезде қарудын атауы аталады.

Мысалы: «Автоматтарды - кеуде-ГЕ».

Командалар берген кезде дауыс саптың еніңе және тереңдігіне сәйкес келуі тиіс, ал баяндау анық, дауысты күрт көтерместен айтылады.

Сапты басқару үшін белгілер және машинаны басқару үшін белгілер 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген.

Қажет болған кезде командир сапты басқару үшін қосымша белгілерді тағайындайды.

Барлық бөлімшелерге қатысты командаларды бөлімшелердің барлық командирлері мен машиналардың командирлері (жетекшілері) қабылдайды және дереу орындайды.

Командаларды белгімен берген кезде алдын ала «НАЗАР САЛ» белгісі беріледі, ал егер команда бөлімшелердің біреуіне ғана қатысты болса, онда сол бөлімшенің нөмірін көрсететін белгі беріледі. Бөлімшелердің нөмірлерін белгілеу үшін белгілерді бөлім (бөлімше) командирі белгілейді.

Белгімен команданы қабылдауға әзірлік, сондай-ақ «НАЗАР САЛ» белгісімен белгіленеді.

Белгіні қабылдау оны қайталаумен расталады.

Тәсілді болдырмау немесе тоқтату үшін «ТОҚТАТ» командасы беріледі. Осы команда бойынша тәсілді орындауға дейін болған қалып қабылданады.

Үйрету кезінде Жарғыда көрсетілген саптық тәсілдер мен қозғалыстарды бөлінулер бойынша, сондай-ақ дайындық жаттығуларының көмегімен орындауға жол беріледі.

Мысалы: «Автоматты кеудеге, бөліну бойынша: жаса - БІР, жаса - ЕКІ, жаса - ҮШ». «Оңға, бөліну бойынша: жаса - БІР, жаса - ЕКІ».

Құрама командаларды құрған кезде бөлімшелерге олардың саптық есебі жүргізіледі. Есеп жүргізу үшін әскери қызметшілер бір қатарлы немесе екі қатарлы сапқа тұрғызылады және осы Жарғының 88-тармағында көрсетілгендей жалпы нөмірлеу бойынша санасады. Осыдан кейін команданың саныңа байланысты роталарға, взводтар мен бөлімшелерге біртіндеп есеп жүргізіледі және осы бөлімшелердің командирлері тағайындалады.

Парадтарға катысу үшін, сондай-ақ басқа да жағдайларда командирдің бұйрығы бойынша бөлімше үш, төрт және одан да көп болып жалпы лекке сапқа тұрғызылуы мүмкін. Бұл ретте сапқа тұрғызу, әдетте, ранжир (бойы) бойынша жүргізіледі.

Бөлімшелерді сапқа тұрғызу «САПҚА ТҰР» командасы бойынша жүргізіледі, оның алдында сапқа тұрғызу тәртібі көрсетіледі.

Мысалы: «Белімше, бір қатарға - САПҚА ТҰР».

Осы команда бойынша әскери қызметші саптағы өз орныңа жедел тұруы, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауы, саптық қалыпты қабылдауы тиіс.

Қарулы Күштер түрінің, тектері мен арнайы әскерлерінің бөлімшелері үшін командалар берген кезде «бөлімше», «взвод», «рота», «батальон» және «бригада» («полк») атауларының орныңа Қарулы Күштер түрінде, тектері мен арнайы әскерлерінде қабылданған бөлімшелер мен бөлімдердің атаулары көрсетіледі.

Осы Жарғыда көрсетілмеген бөлімдер мен бөлімшелер, олардың ұйымдық-штаттық құрылымы ескеріле отырып, оның ережелері басшылыққа алынады.

Бақылау сұрақтары:

1.Сапты басқару.

2.Пәрменнің берілуі.

3.Сапты басқару үшін белгілері

4.Сапта тұру

5.Команданың бөлінуі;

6.Қаруды қару бауға, кеудеге,арқаға күйнде ұстау.\

7.Жиналмалы дүмбілі АКС саптық тәсілдер.

№ 2. Лекция сабағының тақырыбы: " Командирлердің және әскери қызметшілердің сапқа тұрудың алдындағы және саптағы міндеттері."

Жоспары:

1.Студенттердің командалық әдістемесін көтеру, шыңдау.

2.Оқыту әдістемесі.

Сабақтың мақсаты:сапқа тұрудың алдындағы және саптағы міндеттері

Қысқаша мәтіні:Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы.

Наши рекомендации