Озғалыста айналу бұрылысын көрсету.
Айналу бұрылысын орындаған кезде, бұрылыстың шапшаңдылығына, сондай-ақ қолдың қозғалысына назар аударады. «Жаса – ЕКІ» есебінде бастапқыда оң аяқпен жарты адым алға жасап, онымен бірге сол қолды алға, оң қолды артқа жіберіп отыру қажет. Оң аяқ, аяқтың ұшына апарылған кезде қолдар түсіп тұру керек. Ал «Жаса – ҮШ» есебінде оң қол қайта алға қарай, ал сол қол артқа қарай қозғалыс жасайды.
Бөлімше командирі оң аяқты жарты адымға адға шығарғанда қолдардың қысылмауына баса назар аударуы тиіс, себебі жылдам бұрылысқа кедергі келтіреді.
Осы тәсілді орындау үш адым алға қозғалыспен мына пәрмен бойынша орындалуы мүмкін: «Айналу бұрылысы үш адым алға қозғалысымен, АДЫМДА», ал « БІР, ЕКІ, ҮШ» есебінде үш адым, «ТӨРТ» есебінде – айналу бұрылысы орындалады.
Қозғалыстағы бұрылыстан алған дағдыны бекіту, нығайту үшін оларды жүйелі түрде таңғы жаттығуларға, сондай-ақ арнайы саптық дайындықтарға қосқан жөн.
Жүгіруден адымға ауысу үшін «Адым - БАС» командасы беріледі. Орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша жүгірумен тағы да екі адым жасау және адыммен қозғалысты сол аяқтан бастау керек.
Орнында тұрып адым жасау «Орнында адым - БАС» (қозғалыста - «Орнында») командасы бойынша жасалады.
Осы команда бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жасалады, бұл ретте аяқты жерден 15-20 сантиметрге көтеру және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек; қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек. Сол аяқты жерге коюмен бір уақытта берілетін «ТУРА» командасы бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасау және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашкы үш адым саптық болу керек.
Пәрмен беру, командалық әдістемені меңгеру
Қозғалысты тоқтату үшін «ТОҚТА» командасы беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов - Тоқта».
Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін орындалатын команда бойынша тағы бір адым жасау және аяқты жерге қоя отырып, саптық калыпты қабылдау керек.
Қозғалыс жылдамдығын өзгерту үшін мынадай командалар беріледі: «КЕҢ АДЫМ», «ҚЫСҚА АДЫМ», «ЖИІ АДЫМ», «СИРЕК АДЫМ», «ЖАРТЫ АДЫМ», «ТОЛЫҚ АДЫМ».
Жеке әскери қызметшілердің орнын жанына бірнеше адымға ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімбеков. Екі адым оңға (солға), адым - БАС».
Осы команда бойынша әр адымнан кейін аяқты жерге қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.
Бірнеше адымға алға немесе артқа ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: «Екі адым алға (артқа), адым — БАС».
Осы команда бойынша екі адым алға (артқа) жасау және аяқты жерге қою керек.
Оңға, солға және артқа ауыстырған кезде қолмен қозғалыс жасалмайды.
Қозғалыста бұрылулар мынадай командалар бойынша орындалады: «Оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Артқа бұрыла - БАС».
Оңға (солға) бұрылу үшін орындалатын команда оң (сол) аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір уақытта оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.
Артқа бұрылу үшін орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі, осы команда бойынша сол аяқпен тағы бір адым жасап, оң аяқты алға қарай жарты адым шығару және біршама солға, сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрыла отырып, қозғалысты сол аяқпен кері бағытта жалғастыру керек.
Бұрылулар кезінде қолмен қозғалыс адым ырғағымен жасалады.
Жүгіре қозғалыс жасау кезінде оңға және солға бұрылулар адыммен қозғалыс жасау кезіндегі командалар бойынша жүгіру ырғағында екі деп санағанда бір орында бұрылумен орындалады. Жүгіру кезінде артқа бұрылу бір орында жүгіру ырғағымен төрт деп санағанда сол қол жаққа қарай жасалады.
Бақылау сұрақтары:
1. Бір орында бұрылыстар.
2. Саптық адым.
3. Қозғалыста бұрылыс іс-қимылдары
4. Ізет білдіру (бір орында тұрып).
5. Қозғалыста сәлемдесу ережелері.
№ 5. Лекция сабағының тақырыбы: " Саптық тәсілдер және қарумен қозғалыс жасау."
Жоспары:
1 Қарумен саптық тұрыс тәсілдерді қарумен орында тұрып орындау
2 Қарумен жасалатын бұрылыстар және қозғалыстар
Сабақтың мақсаты:Студенттердің қарумен саптық қалыпты дағдысын қалыптастыру.
Қысқаша мәтіні: Қарумен саптық қалып қарусыз сияқты тәсілдерді орындау.