Олданыстағы құрылыстарды сараптау
Жылжымалы ТЖ мен ТҚ құрамы бойынша жұмыстарды орындау үшін автомобиль кәсіпорындарында әр түрлі технологиялық жабдықтар қолданылады.
Көтеру-қарау жабдықтары қазмет көрсету объектісіне қатысты алғанда жұмыс орындарының орналасуына байланысты келесі түрлерге бөлінеді: машина астын қарауға арналған шұңқырлар, эстакадалар, гаражға арналған көтергіштер, шұңқырға арналған көтергіштер, гараж домкраттары және аударғыштар.
Көтергіш автомобильді ТЖ мен ТҚ жұмыстарын жүргізген кезде қажетті биіктікке көтеруге арналған.
Көтергіштердің көтеру-қарау жабдықтарының басқа түрлерімен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар:
- Автомобильдің барлық түйін мен бөліктеріне қол жеткізуге болады;
- Көтеру-түсірудің жоқтығы нәтижесінде еңбек өнімділігінің артуы;
- Автомобильді қажетті биіктікке көтеру мүмкіндгі;
- Кез-келген қабатта орнату мүмкіндігі;
- ТЖ мен ТҚ технологиялық маршруттарын өзгерту мүмкіндігі бар болуы;
- Жоғары санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайы және техника қауіпсіздігі.
Жобаланып отырған ТҚС әртүрлі типті және салмақты жеңіл және жүк көтеру деңгейі 1,5 т болатын жүк автомобильдеріне ТҚ мен ТЖ жұмыстарының кешенін жүргізуге мамандандырылған.
П-97 көтергіші
Көтергіш келесі құрастырмалы бөліктреден тұрады: екі тағаннан, таған орнатылған тіреу жақтауынан, аппарат шкафтарынан. Көтергішті басқару тағандардың біреуіне орнатылған түймелі пульт арқылы жүзеге асады. Таған С-пішінді бүтін металлдан жасалған. Тағанның ішкі жағында сегіз сырғымада жүк көтеретін каретка еркін жылжиды.
Жүк ебелегі тағанның жоғарғы ұшында тіреу қалпағына ілінген және сыналы таспалы беріліс арқылы электрқозғалтқышпен байланысқан. Бұл көтергіштің бірқалыпты және шуылсыз жұмыс жасауына әсер етеді.
Қос ебелек (бұранда) ПӘК көтеру үшін жүк және сақтандыру гайкалары полимерлі материалдардан жасалған. Гайкаларды жөндеу үшін оларды алынбалы-салмалы етіп жасаған.
Жүк гайкасы астында жүк ебелегі бойымен 16-18мм саңылаумен сақтау гайкасы жылжиды. Сақтандыру гайкасы жүк гайкасының тозған, сынған жағдайында механикалық түрде сақтандыруға арналған және каретканы ең төмен деңгейге түсіруге мүмкіндік береді.
ПГ-3И Көтергіші
Көтергіш тұрақты, екі тағанды, электрогидравликалы. Көтергіште электроқозғалтқыш және Италияда шыққан гидравликалық станция қолданылады. Автомобильді көтеру шанақ астынан көтеру арқылы жүзеге асады.
Көтергіш келесі бөлшектерден тұрады: сорғы станциясы, гидравликалық цилиндр, екі темір қабыр, екі көтеру платформасы және аппарат шкафы.
Сорғы станциясы қақпағына плита бекітілген май багынан тұрады. Плитада электрқозғалтқыш және тегергішті май сорғысы, өзара берік муфта арқылы жалғастырылған білік орнатылған. Май сорғысы ниппель көмегімен болтпен бөлгіш-сумматор қосылған қақпақ блогымен жалғасқан. Қақпақ блогының бөлгіш-сумматормен тығыздалуы резеңке сақиналар арқылы жүзеге асады. Қақпақ блогында плунжерлерді түсіруге арналған екі тұтқа бар. Тұтқаны төмен басқанда плунжерлер майды бөлгіш-сумматор арқылы тұрба арқылыл май багына ығыстырады. Тұтқаны жоғары басқанда қақпақ кері ашылады, цилиндрдегі май май багына ағады.