ЖНС-6-12 дестелеуіш жаткасы
Жалпы мәлімет. ЖНС-б-12 жаткасының алым ені 6 м, бірдей 12 метр аралықты орып, қосарланған десте сала алады. Мұндай кесте мынадай ретпен салынады. Жатка бірінші рет жүріп өткені де оның сыртқа шығару терезесі оң жағында болады. Транспортерлердің жоғарғы тармақтары сабақты сол оң жаққа қарай ауыстырады. Ал келесі жүріп өткенде сыртқа шығару терезесі сол жаққа шығады да, транспортердің тармақтары сол жаққа жылжи отырып, қырқылған астықты сол жаққа ауыстырады. Яғни жатка үнемі бір жаққа жылжи отырып загондық әдіспен оң жағымей оратын жағдайда жұмыс істейді. Алайда әрбір келесі жүрісте шабылған массаны сыртқа шығару да өзгеріп отырады. Жатка тө-
мендегі схемалардың бірімен жұмыс істейді: десте үстіне десте салу” немесе “дестені дестеге жақын салу”. Жылжымалы раманы транспортерімен және жел қалқаншасымен қоса ауыстыру, жат-каны көтеру және төмен түсіру, қалбағайды жоғары ауыстыру және оның айналысын реттеу гидроцилиндрдің көмегімен жүзеге асырылады. Жылжымалы рамка ауысқан кезде транспортерлердің қозғалу бағыты автоматты түрде өзгеріске ұшырайды: рамка солға қарай ысырылып тұрғанда транспортердің жоғарғы тармақтары оңға қарай жылжиды; егер ол оңға қарай ысырылып түрса, онда транспортердің жоғарғы тармақтары солға қарай жылжиды.
Жұмыс істеу схемасы. ЖНС-6-12 жаткасын жиналатын егіннің жағдайына және шығымдылығына, сонымен қатар жинау кезіндегі түрлі жағдайларға байланысты, төмендегі варианттардың бірі бойынша пайдалануға болады.
1. Өнімділігі төмен, қысқа және сирек шыққан егінді жинаған кезде, загондық. ору әдісімен жүмыс істей отырып, оларды “десте-үстінде десте салу” схемасы (36-сурет, а) бойынша қосарланған дестеге салады.
Бірінші рет жүріп өту үшін жатканың қозғалмалы рамасын сол жақтағы ең шеткі қалыпқа ауыстырады. Орылған астық оң жаққа тасымалданады.
Жатканың оң жағында қалқанша болады, ол өсіп түрған егіннен дестені алыстату үшін қажет. Бұл қалқан жүріп келе жатқанда кедергілер кездессе бағыттауышымен кронштейн арқылы сырғи отырып жоғары көтеріледі. Екінші рет жүрген кезде-қозғалмалы рамканы оңға қарай ауыстырады, бірақ оны 150— 200 миллиметрдей ен, шеткі қалпына жетпейтіндей етіп қана жыл-жытады.
36-сурет. ЖНС-6-12 жаткасын пайдалану варианттары:
а — массаны“десте үстіне десте салу” схемасы бойынша салу; б — массаны “дестені дестеге жақын салу” схемасы бойынша салу; в — шалғы жолын салу.
2. Өнімділігі орташа немесе сабанды егінді жинаған кезде “дестені дестеге жақын салу” схемасьш қолданады (36-сурет, б) Бұл уақытта екі рет жүріп өткенде бірінші және екінші жылжымалы рамканы ең шеткі жағдайға толық жылжытып қояды: алғашында солға қарай, екінші жүріп өткенде оңға қарай жылжытады. Бұл ретте де алғашқы жолғыдай загондық әдіспен орады.
3. Егер жатка шалғы жолын салу үшін ғана пайдаланылса (36-сурет, в), онда жылжымалы рамканы былай орнатады, бірін ші жүріс үшін оны транспортер солға қарай ауыстырғанда сол жақтағы сабақ ығыстырғыш шегінен асып шығып тұрмауға тиісі Екінші жүріс алдында жылжымалы рамканы оң жақтағы ең шеткі қалыпқа қою керек.
4. Өнімділігі жоғары, ұзын сабанды дақылдарды жинаған кезде оларды бір қатарлы дестеге салады. Бұл ретте жатка шөлмекті немесе загондық әдіспен жүмыс істейді.
Егер де жатка шөлмекті әдіспен жүмыс істейтін болса, ол бірінші бағытқа қозғалғанда оң жағымен қырқатын, ал кейін қарай жүргенде сол жағымен қырқатын машина 'болып табылады. Загондық әдіспен жинау кезінде жатка үнемі сол жағымен қырқушы машина ретінде жұмыс істейді.
Көлбеу корпус және жатканы теңестіру.Қөлбеу корпус өзінің конетитуциясы мен кейбір құрылымы (қалбағай мен жатка плат- формасына қосылуы, платформанын, бұрылуын шектеу және т. б. жөнінен ЖВН-6 және басқа жаткалардың көлбеу корпусына едәуір ұқсас болып келеді.
ЖНС-6-12 жаткасының ең басты ерекшелігінің бірі: оның жыл-жымалы рамкасын (транспортері мен жел қалқанын) жұмыс процесі кезінде оңға немесе солға қарай ауыстыруға болады; мұның өзі жатканың ауырлық центрінің ауьітқуына және башмактардың топыраққа түсіретін реттелген қысымынық өзгеруіне әкеп соғады Жер бедерін дұрыс көшірмелеу башмактар топыраққа тұрақты қысым түсіріп отырған жағдайда ғана жүзеге асады. Осыны қал тамасыз ету үшін ЖНС-6-12 жаткасы теңгеру механизмімен жаб- дықталған. Ол жылжымалы рамка ауысқан кезде жатканы авто-матты түрде теңестіріп тұрады.
Теңгеру механизмінің қүрылысы мынадай: платформаның жо-ғарғы түтігіне оң рычаг пен сол рычаг топсалы қосылған; керілуін реттеуге болатын теңгергіш серіппе бұл рычагтарды көлбеу кор-пустың сәйкес жақтарымен байланыстырады; жылжымалы рамканы ауыстыруға арналған қос иінді рычаг, тартпа және гидроцилиндр болады, қос иінді рычагқа арнаулы сыналары бар екі тартпа жалғанған; сыналардың тегіс жақтары платформанық жоғарғы түтігінің бағытына жақындайды, ал олардың конустық беті ры-чагтармен жанасады (соңғыларында осы мақсатқа арналған ра-диалды қуыстары болады).
Жылжымалы рамканы орнату үшін қос иінді рычагты ауысты-
ратын гидроцилиндрдің оң жағын немесе сол жағын қосады; ры-чагпен бірге сыналы тартпа да ауыстырылады; сына рычагты ша-рын бұрышқа жылжытады да, бсының арқасында теңгеру серіппе-сінің керілуі өзгереді.
Теңдестіру серіппесінің блоктарын және теңгеру механизмін мынадай тәртіппен реттейді.
1) жылжымалы рамканы ортаңғы қалпына қояды;
2) теңестіру серіппелері блоктарын бірқалыпты тартады, сонда қатты, құрғақ топырақ жағдайында алдыңғы білеудің екі жақ ұшына түсетін қысым 25-—30 кгк (250—300 Н), ал борпылдақ ылғал топырақ жағдайында бір шама аз 15—20 кгк (150—200 Н) болуға тиіс.
3) жылжымалы рамканы солға қарай ең шетіне дейін ысырады және оң жақтағы теңгеру серіппесін реттеу арқылы сол жақтағы башмактардың топыраққа түсіретін қысымын бұрынғы шамасына жеткізеді;
4) жылжымалы рамканы оң жақтағы ең діеткі қалпына орна-ластырады және оң жақтағы башмактын, жерге түсіретін әдеттегі қысымын сол жақтағы теңгеру серіппесінің көмегімен реттейді.
Жатка платформасы және жылжымалы рамка.Жатканың платформасы (жоғарғы және төменгі) екі қаңқалы түтіктен, тік бағытта және көлденең қатайтқыштардан, алдыңғы білеуден, екі бүйір мен төсемнен (онын. бойымен транспортер лентасының тө-менгі тармақтары жылжып түрады) құралған.
Төменгі түтікке платформаны көлбеу корпусқа қосатын орталық сфералық топса кронштейндері мен платформаньщ көлбеу корпусқа сәйкес бұрылуын (тік және горизонталь жазықтықта) шектейтін бүйірлік тіректер пісіріліп қосылған.
Платформаньщ сол жағына бас білеу мен тік бағыттағы қа-тайтқышқа бекітілген плитаға төрт шпилька арқылы реверсивті редуктор орнатылған. Оң жағында қалбағай айналысы жиілігінің: вариаторы орнатылған.
Түтікке, платформаны теңгеру механизмі мен жылжымалы рамкадан басқа, атап өткеніміздей, бүйірлік қалқандарды басқару механизмі орнатылған. Жел қалқаны жылжымалы рамкаға қо-сылған және онымен бірге жылжып отырады. Бұл ретте сыртқа шығару терезесін (оқ және сол жақ) үнемі жауып тұрады. Сонымен қатар бүйірлік қалқандар құрылысы да автоматты түрде өзгереді — олар бір жағына ауытқиды немесе тік қалыпта орнаасады.
Платформаньщ алдыңғы білеуімен оның төменгі түтігінің ара-сында жылжьшалы рамка орналасқан.
Жылжымалы рамка пісірілген қаңқадан, трансіторттық лентаның жоғарғы тармағын бағыттаушы төсемнен, сондай-ак осы лентаның жетектеуші және жетектелуші біліктерінен құралады,
Жылжымалы рамканьщ алдыңғы бөлігі ол ауысқан кезде плат-
форманың алдыңғы білігінің үстімен жылжиды да, ал оның артқы бөлігі роликтер арқылы сырғанайды.
Жылжымалы рамканьщ төсемінің астында шалғы жетегінің қос иінді күйентесі орналасқан. Осы күйентенің артқы жағына реверсивті қорапты қозғалысқа келтіретін шатун жалғасқан. Ша-тунның ұзындығын, басқа жаткалардағы сияқты аздап реттеуге болады.
Жылжымалы рамканы ауыстыратын гидроцилиндр штогінің ұзындығын реттеуге болады. Мұны жылжымалы рамканы дұрыс қалыпқа келтіру үшін пайдаланады, сонымен катар осы жағдайда да оның төсеміндегі тесігі шалғы жетегі күйентесінің орталық болтына дәл келеді. Бұл жағдайда ауытқу 10 мм шамасынан аспауға тиіс.
Роликтердің бүртіктері мен, жылжымалы рамканың артқы бұ-рыштамаларының арасындағы саңылау 1—3 мм болуға тиіс. Мұн- дай саңылауларды жасау үшін реттеуіш шайбыларды пайдаланады, олар роликтердің осьтеріне кигізіледі. Шар тәрізді шалғы бастары және оның жетек күйентесі бірдей биіктікте орналасуғі тиіс (ауытқу шегі 3 мм).
Күйентені оның артқы бағыттауыштарьша төсем салу арқылы реттейді.
Егер жатканы алыска тасымалдау қажет болса, онда жылжмалы рамканы ортаңғы қалпына қою керек.
Транспортер. Жылжымалы рамкаға әр түрлі ұзындықтағы бес лентадан тұратын белдікті-тақтайшалы транспортер орнатылған. Алды мен артында екі-екіден біркелкі лента орнатылған: алдыңғы жағындағы лента едәуір ұзын, ал арт жағындағысы барынша қысқа. Олардың ортасында бір аралық ұзындықтағы лента орналасқан. Транспортердін, оң жағы лентасының әр түрлі ұзындығына байланысты сатылы болып келеді, мұньщ өзі дестенің салынуын жақсартады. Тазартқыш-пышақтар лентаның жетекші және же-тектелуші біліктеріне сабақтардың оралып қалмауын қамтамасыз етеді.
Транспортерді жаткара орнатып, онын, лентасын жалғастырған кезде 33-суретте көрсетілген тетік қолданылады.
Реверсивті редуктор. Редуктордың атқаратын қызметі мынандай: кривошипті-шатунды механизм арқылы қос иінді күйенте және жалғастырушы буын шалғыға ілгерлі-кейінді қозғалыс береді; айналыс вариаторы арқылы қалбағайға айналыс беріледі; белдікті беріліс арқылы транспортер лентасының жетектеуші білігін қозғалсқа түсіреді, бұл ретте жылжымалы рамканың орналасуына байланысты жетектеуші біліктің айналу бағыты автоматты түрде өзгертеді.
Редуктор механизмінің құрылысы мынадай: көлбеу корпустын жоғары білігінен қозғалыс алатын оның жетектелуші білігі конус-тық шестернямен бірге жасалған. Шалғы жетегінің тік білігі де
37-сурет. ЖНС-6-12 жаткасының редукторы жәие оның ажыратып-қосқыш механизмнің өзгерген
1 — қос иінді рычаг; 2 және 8 — серіппелер; 3, 10 — реттеуіш гайкалар; 4 және 9 — тартпалар; 5 және 11 — қарсы гайкалар; 6 — редуктор плитасының кронштейні; 7 — жатканы көлденең теңестіруге аналған теқгеру серіппесін автоматты түрде қайта тартатын механизмінің сол жақтағы сынасы; 12 — ашасы мен бекіткіш механизмнің рычагы бар білік.
дәл осындай шестернямен біріктіріліп жасалған. Бұл екі шестерня үнемі бір-бірімен ілінісіп тұрады. Транспортерлық лентаның жетектеуші білігіне қозғалыс горизонтальды білік арқылы жеткізіледі: редуктор корпусы ішінің шет жағында конусты екі шестерня еркін орналасқан, олар тік біліктің конус тәрізді шестерня-сымен үнемі ілінісіп тұрады; көлденең біліктің ортаңғы бөлігінде щлицалар бар, біліктің көмегімен шлица арқылы жұдырықша тәрізді муфтаны жылжытуға болады; көлденең біліктіқ айналу бағыты, осыған орай транспортер лентасының да қозғалу бағыты жұдырықша тәрізді муфтаның еркін орналасқан шестернясының қайсысымен ілініскеніне байланысты болады.
Жұдырықша тәрізді муфтанын, көлденең білік шлицасымен қозғалуы былай жүзеге асырылады. Редукторға тік білік 12 (37-сурет) енгізілген. Оның төменгі жағына аша бекітілген, ал одан жоғарырақ редуктордың қақпағының астына бекіткіш механизмнің рычагы орналасқан. Біліктің ілгері шығып тұрған ұшына екі иінді рычаг 1 бекітілген.
Рычагтьщ 1 бір иіні тартпа 9 мен серіппе 8 арқылы көлденең теңестіруге арналған теңгеру серіппелерін автоматты түрде қатты керетін механизмнің сол жақ сынасымен жалрасқан. Келесі иік серіппе 2 мен тартпа 7 арқылы редуктор пластинасының кронштей-німен 6 байланысқан.
Ауыстырьш-қосқыш механизмнің қалыпты жұмыс істеуі серіп-пелердің 2, 8 керілуін дұрыс реттеуге байланысты болады. Оларды мынадай тәртіппен реттейді; жылжымалы рамканы шегіне жеткен-ше солға қарай ауыстырады, қарсы гайкаларды 5, 11 босатады; гайкалардың көмегімен орамдардьщ арақашықтықтары мынадай болуына қол жеткізу қажет: серіппелердікі 8—1,5—2 мм, ал
серіппелердікі 2 — 0,5—1 мм; жұмыс органдарын двигатель төмен айналыс жиілігімен айналып тұрғанда қысады, ауыстырып-қосқыш
механизмдердің жүмысын тексереді, егер жылжымалы рамка сол жақта тұрғанда редуктор ажыратылып қосылмаса, онда серіппен 2 тартады; егер рамканы оңға ауыстырғанда осы жардай қайталанса, онда серіппені тарта түседі.
Ауыстырып-қосқыш механизмін реттегеннен кейін теңгеру
серіппесін-тексереді. Оны былай жүзеге асырады: рамканы ең
шетіне дейін солға қарай ауыстырады және оң жақтағы серіппесін тарту арқылы сол жақтағы башмактьщ топыраққа дұрыс қысым түсіруін қамтамасыз ету керек; сонан кейін рамканы оңға ауыс- тырады және сол жақтағы теңгеру серіппесін тарту арқылы. оң башмактың қалыпты қысымына, қол жеткізеді.
Жатка гидрожетегі. Егер ЖНС-6-12 жаткасы СК-4 немес СҚД-5 комбайндарына асылып орнатылса, онда олардың алаңшаларында қосымша басқару крандары орнатылады. Олар кран бар трубопроводпен қосылады. Сонымен қатар жатка рамасы ауыс-тыратын гидроцилиндрмен де қосылады.
ЖНС-6-12 жаткасын СК-5 комбайнына асып орнатқан уақытт бос тұратын гидробөлгіштің секциясын пайдаланады. Асып орнтар алдында көлбеу корпустан диаметрі 220 мм қос кертікті шкивті алып, диаметрі 250 мм болатын басқа шкив қою керек.
Молотилкадан жатканы ажырату. Молотилкадан жаткан ажырату мына тәртіппен іске асырылады: башмактарды ең аз қырқу биіктігіне (100 мм) орнатады; тіректерін жұмыс жағдайын ауыстырады және осылардың тарелкаларын жерге тығыз тиетін дей етіп-реттейді; теңестіру серіппелерінің блогын тартпаның рим- гайкаларын айналдыру арқылы түгелдей босатады; көлбеу кор- пустың жоғарғы білігінің жетек белдігін түсіреді, гидрожүйеледің шлангаларын ажыратады; көлбеу корпустан жатканы көтер тін және түсіретін гидроцилиндрлерді ажыратады. Көлбеу корпусты молотилкаға бекітетін қамыттарды 50 (2-сурет) алады; молтилканы жаткадан алыстатады; қамыттарды орындарына қондырады.
Жинауыштар
Жалпы мәлімет. 7-параграфта көрсетілгендей десте жинауға жинауыштың екі түрі — барабанды және кенепті-транспортерлі жинауыштар пайдаланылады. :
Барабанды жинауыштың көбірек тарау себебін былай түсіндруге болады, оның жұмыс органының — серіппелі саусақтары бар тырмалауыш механизмінің тиімділігі өте жоғары. Серіппелі сау- сақтар топырақтың 5—10 мм тереңдігін тарап өте алады, сондықтан олар қиын жағдайлардың өзінде дестені жақсы жинайд. Алайда өте оңай төгіліп қалатын дақылдарды (дәнді-бұршақты дақылдар, тұқымдық шөптер және т. б.) жинауда тырмалауыш ме-
38-сурет. Жаткалы комбайнға арналған барабанды жинауыш:
1 — білеу; 2 — шкив; 3 — белдік; 4 — қалқанша; 5 — пішенделген бастырма; 6 — башмақ; 7 — сакина-төсем; 8 — алмалы-салмалы орам; 3 — серіппелі саусақ; 10 — алмалы-салмалы кайтарғыш; 11 — қайтарғыштың маңдайшасы. ,
ханизмі қанағаттанғысыз жұмыс істейді. Мұндай дақылдарды жи-науда кенепті-транспортерлі жинауыш аз ысыраппен жұмыс іс-тейді.
Барабанды жинауыш. Жинауыш негізгі үш бөліктен-көшірме-леуіш башмактары бар қаңқадан, тырмалауыш механизм мен же-тектен тұрады.
Қаңқа кронштейн мен екі білеу 1 (38-сурет) пісіріліп орнатылған түтік тәрізді балкадан құралған. Кронштейнге аздап дөңгелектенген сақина-төсемдер 7 жапсырылған. Сақина-төсемнін, аралығындағы кеңістікте тырмалауыш механизмнің серіппелі саусақтары ауысып тұрады. Саусақтар дестені жинап алып, сақина-төсемдер арқылы жоғары қарай жылжытады. Бұл ретте ол тырмалауыш механизмге сабақтардың түсуін болдырмайды. Жинауыш жиналған күйінде жаткаға білеумен 1 бекітіледі. Ол үшін жатка корпусының бойлық бұрыштарында бұрандалы тесіктер бар. Жинауышты алғаннан кейін оларды өшіргішпен жабады.
Тырнауыш механизм екі бүйірден 3, 8 (39-сурет), екі дискіден 5, 7, бөліктен 9, серіппелі саусағы бар төрт түтіктерден 6 және роликті 1 кривошиптен тұрады. Бүйірлер қаңқаға бекітілген. Білік дискілермен және роликті кривошиптермен бірге бүйірде айналып тұрады. Сол жақ бүйірде роликтер 1 домалап тұратын мәнерлі жол 11 жасалған. Жолдың контуры мынадай есеппен жасалған: роликті кривошип белгілі учаске.ге жеткенде серіппелі саусағы бар түтікшені бір шамаға бұруғ:а тиіс. Жолдың контуры әсерінен
75
А-А
39-сурет. Жинауыштың тырмалауыш механизмі:
1 — ролик; 2 — кривошип; 3 — сол жақ бүйір; 4 — саусақ; 5 — сол жақ дискі; 6 — серіппелі саусақтың түтігі; 7 — оң жақ дискі; 8 — оң жақ бүйір; 9 — білік; 10 — муфтаның айқаспа темірі; 11 — сол жақ бүйірдің мәнерлі жолы.
саусақтардың қозғалу мәні мынадай: олар дестеге сұғынып тұра- тындай болуға тиіс. Осыдан кейін саусақтар дестені ұстап, тасы-малдай отырып, бірте-бірте жоғары қарай ауысады. Саусақтар дестеден суырылып еркін шығатын артқы жағымен, сабақтарды іліктірмей қозғалу бағытына параллель қалыпқа ауысады.
Жинауыш қалбағайдың айналыс вариаторы арқылы қозғалысқа түседі. Бұл үшін вариатордьщ жоғарғы білігіне жұлдызшаның орнына шкив 2 бекітілген (38-сурет). Төменде кронштейнге шкив бекітілген, ол айқаспалы белдікпен шкивке 2 қосылады. Төменгі шкивтін, білігі иілмелі муфта арқылы жинақтауыштың білігімен жалғасады.
Жинақтауышты жаткаға орнату үшін төмендегідей операциялар жүзеге асырылады: жаткадан қалбағайды және қозғалысқа келтіретін шынжырды алады; қалбағайдың реттеу механизмінің тартпасын сыммен тіреуге байлайды; вариатордың жоғарғы білі- гінен жұлдызшаны алады; қырқу аппаратының жалғастырғыш буындарын алады; шалғыны оң жаққа тірелгенше жылжытады; оның басын күйентеге тимейтіндей жасайды; алынған жұлдызша орнына шкив, 2 орнатылады; жатка корпусынан төрт өшіргішті бұрап алады; босаран тесіктерге білеуді жатка корпусына болттар арқылы бекітеді; кеңейткіш шнектерді орналастырады. Шкивпен жылжымалы білікті иілмелі муфта арқылы жинауыш білігіне жалғайды: білікті айқастыра кигізіп, қырқу аппаратынын, саусақ- тарын қалқанмен жабады.
Жинауыштың алым ені 2200 мм, алайда кеңейткіш-жиектер оның енін 2400 миллиметрге дейін үлкейтеді.
Башмактары бар жинауыштар сондай башмактары бар жаткаға орнатылады. Екі башмактың жұмысы өзара төмендегідей сәйкесіп тұруға тиіс.
Егер аңыздағы ақ сабақтьщ биіктігі қалыпты, 15—18 см болса, онда жатканың башмактарын 130 мм қырқу биіктігіне қояды. Аласа орылған сирек ақ сабақтың үстіндегі дестені жинаған кезде жатка башмактарын ең аз биіктікке— 100 мм қояды. Бұл ретте олардың серіппелі саусақтары аласа ақ сабақты тарап өтіп, барлық сабақтарды қалдырмай жинайды.
Жинауыштың айналу шапшаңдығын комбайнның жүріс жыл-дамдығына үйлестіру қажет. Қалбағайдың айналыс вариаторы жинауыш білігінің айналыс жылдамдығын 72-ден 190 айналыс/ми-нутқа дейін өзгертуіне мүмкіндік береді.
Алайда практикада айналыс жылдамдығы 95-тен 140 айна-лыс/минутке дейінгі шекте болғаны тиімді екені анықталды. Ком-байнның қозғалыс жылдамдығына байланысты жинауыш білігінің төмендегідей айналу жылдамдықтары ұсынылады; комбайнның жылдамдығы 4 км/сағ болғанда 70—80 айналыс/минут, жылдамдық 5 км/сағ болғанда 90—100 айналыс/минут, жылдамдық 6 км/сағ болғанда — 110—120 айналыс/минут және комбайн жылдамдығы 7 км/сағ болғанда— 130—140 айналыс/минут болуға тиіс.
54-102 барабанды жинаушы.Бұрынғы шығарылған барабанды жинауыш кемшіліктерінің бірі, оның мәнерлі жолдарында 11 (39-сурет) жылжып тұратын роликтері 1 шаңға жылдам толып қалатын. Шаң дискілер айналып тұратын 5, 7 жақтауларға да түсетін. Жаңа жинауышта (40-сурет) мұндай кемістіктер жоқ. Сонымен қатар оның алым ені 3 метрге дейін ұзартылған.
Жаңа жинауышпен жүмыс істегенде копир 9 ешбір қозғалысқа түспейді. Корпус 10, тірек дискі 11, орталық білік 1 тірегі бар тыр-малауыш түтігі айналып тұрады. Сонымен қатар ролик 4 копирдің жүгіріс жолымен домалап, тырмалауыштың серіппелі саусақтарына қажетті қиғашталу жағдайын жасайды.
Корпус 10 және тірек дискі 11 0,5 д май құятын жабық қуыс жасайды. Роликпен жүгіргіш жол маймен жолық қамтамасыз еті-леді де, ал тығыздауыштар сол қуысты шаң түсуден сақтайды.
Копирдің күпшегі жинауыштың кронштейнніне 5 фланецтің 7 көмегімен бекітіледі. Жинауышты алым ені 4,1, 5 және 6 метрлік жаткаларға орнатуға болады; жинауышты қондырар алдында қырқу аппаратынан бірінші жағдайда 14-саусақтары (сол жақтан санаранда) секцияның сол жақтағы, екінші жардайда — 16 секция-ның, ал үшінші жардайда 18-шы секцияның болтын бұрап алу керек.
Алым ені 6 м жаткада сонымен бірге тоғызыншы (сол жақтан
40-сурет. Жанар май ваннасы (54-102) бар жаңа барабанды жинауыш:
1 — ортаңғы білік; 2 — тырмалауыш түтігінің дапфасы; 3 — кривошип;' 4 — ролик; 5 — жетектеуіш біліктің маңдайшасы; 6 — күпшек; 7 — фланец; 8 — кронштейн; 9 — копир; 10 — корпус; II — тірек дискісі; 12 — тырмалауыш түтігі.
санағанда) қысқыш алақанды бір адым солға қарай ауыстыру керек. Барлық жаткаларда да қырқу аппаратының астында орналасқан мәнерлі қалақшаньі солға қарай ауыстырады.
ПЛТ-3 кенепті-транспортерлі жинауыш.Бұл да сол барабанды жинауыштағы сияқты міндеттер атқарады. Алым ені 3 м. Мұның одан айырмашылығы барабанды жинауыш дестені жинағанда төрт түтікті серіппелі саусақтарының айналуы арқылы жинаса, ал ПІІТ-3-те бұл жұмысты бір-біріне байланысты емес резиналы белдіктен жасалған екі транспортер атқарады. Әр транспортерге 108 серіппелі саусақ шахмат тәртібімен бекітілген.
Аласа дақылдарды, тұқымдық қант қызылшасын, бұршақ тұ- қымдастарды жинаған- кезде ППТ-3-тің барабанды жинауыштап артықшылықтары болады.
Жинауыштың негізгі бөлшектері мыналар: рама, жетектеуіш білік, екі транспортер, теңестіру құрылғысы, көшірмелеуіш катоктар, массаны түсіргіш және жетек механизмдері; Жинауыш
жажаға екі қондырғыш кронштейндер арқылы асылып орнатылады. Комбайн асулы жинауышпен жүрген кезде кронштейндерді арнаулы бекіткіш құрылғыларымен бекітеді.
Жинауыш қалбағайдың айналыс вариаторы арқылы қозғалысқа келеді. Жинауыштың жетек білігіне 14 тісті немесе 35 тісті жұлдызшаны қондыруға болады. Жетектеуіш біліктің айналу шап-шаңдығын 72-ден 375 айналыс/минутке дейінгі шамада, ал транс-портерлердің түзу сызықпен жүргендегі жылдамдығын секундына, 0,377-ден 1,96 м шамасында реттеуге болады.
Шінші бөлім