Сибиряк” комбайныйың бастыру аппараты
СКД-5 комбайнының бастыру аппараты 59-суретте көрсетілген. Қабылдауыш битері бар қабылдау камерасы мен екі барабан да I, 4 СК-4 пен СК-4А комбайндарындағы сияқты орналасқан.
Қабылдауыш битердің айналу жйілігі мынадай: СКД-5-те — 680 айналыс/минут, СК-4 пен СК-4А-да — 715 айналыс/минут.
59-сурет. СКД-5 комбайнының бастыру аппараты:
1—бірінші барабан; 2 және 5 — бөгеуіштер; 3 — аралық битер; 4 — екінші барабан; 6—соққылауыш битер; 7 — бағыттауыш тор; 8 — клавиша; 9 — фартук; 10 жане 13 — декалар; 11 — алдыңғы қарсы жетек білігі; 12 — айырғыш тор; 14 — тасымалдауыш тақтай.
Екі деканың да 10, 13 бұрыштық алымы — 127°. Барабан ара-лықтарына аралық битер 3 орнатылған, ал онын. астына реттел-мейтін айырғыш елек 12 қойылған. Барабан мен битердің аралы-рына қайтарғыштар 2, 5 орнатылған.
Заводта барабанды мынадай айналымда: біріншісін—1050+- +-50 айналыс/минутқа, екіншісін— 1150+- 50 айналыс/минутқа реттейді.
1973 жылға дейін екі барабан да алдыңғы қарсы жетек білігіне орнатылған вариатор блогының сол жағынан қозғалысқа келті- рілетін (60-сурет). Вариатор блогы мен барабан шкиві де, СК-4 және СК-4А комбайндарындағы секілді, жылжымалы дискілерден кұрастырылған, соның нәтижесінде әрбір барабанның айналу жиі-лігін жеке-жеке реттеуге болады.
Вариатор блоты және оны ауыстырып салу схемасы, сондай-ақ шкивтің қажетті айналу жиілігін орнату 60-суретте көрсетілген, Әр түрлі дақылдарды жинау үшін барабандардын, ұсынылатын айналу жиілігі 2-таблицада келтірілген.
Барабандар жетегінін конструкциясы 1973 жылдан бастап өз- гертілді. Жаңа конструкция былай құрылған (61-сурет); қарсы жетек білігінің оң және сол жақ тұстарына шкив орнатылған: бі-
рінші барабанда шкив сол жағына, ал екіншіде — оң жағына қойылған. Сәйкес келетін барабан шкивтері мен қарсы жетек білігі белдікпен Е жалғасқан.
Барабан жетегінің өзгертілуімен бірге дән элеваторы оң жақтан сол жағына қарай ауыстырып койылған,
СКД-5 комбайнында екі деканы да СК-4 комбайнында жүргізілген тәртіппен реттейді. СКД-5 комбайнына мынадай айырмашылықтар тән. Жүргізуші отыратын алаңшаға тек бірінші барабанның декасын реттейтін рычаг қана шығарылған. Екінші барабан декасының рычагы двигатель мен шанақ аралығындағы молотилка қақпағына орналасқан. Қондырма реттеу жұмысын жүргізгенде дека мен ба-рабанның аралығына тік төмен бағытта эксцентрик рычагын тек бірінші барабанға, ал екіншісіне тік жоғары бағытта қояды. Бірінші деканын, саңылауын реттеу рычагын жоғарыдан санағанда сектордың бесінші тесігіне қояды (СК-4-тегі сияқты). Ал екінші -декада рычагты төменнен санағанда бесінші тесікке орнатады. Реттеу рычагын сектор тесігінің біреуіне ауыстырып салғанда
барабан шыбыртқысы мен
60-сурет. СКД-5 комбайнының (1973 жылға дейінгі) бас қарсы жетек білігі мен барабандарының орнын ауыстыру схемасы және ва-риатор блоты:
1 және 7 — керу болттары; 2 және 8 — тарту болттары; 3 және 6 — жылжымалы дисқілер 4 — және 5 — жылжымайтын дискілер; 9 — саусақ А — шкивтерді дәнді дақылдарға арнап орнату
Б — шкивтерді бұршақ тұқымдас және техникалық дақылдарға арнап орнату.
61-сурет. СКД-5 комбайны барабандарының жетек шкивінің өзгертілген түрінің (1973 жылдан бастап) орналасуы:
а — дәнді дақылдарды жинаганда; ә — жарма дақылдарды және дәнді-бұршақты қоспаларды жинағанда; б —бұршақ тұқымдас жэне техникалық дақылдарды жннағанда.
2-таблица
дека планкасының арасындағы саңылауды былайша өзгертеді: кіре берісінде 1 мм, шығаб ерісінде 0,5 мм. Екінші барабан декасының кіре берісіндегі саңылауды төртінші планка бойьшша өлшейді. Мұнда ол біріншіге қарағанда шамамен 1 мм қысқа болады.
СКД-5 комбайндарына заводтан жөнелтерде мынадай саңылау орнатылған (рычаг сектордың бесінші тесігінде орналасқанда): бірінші барабанда кіре берісінде 20+-1 мм және шығысында 7+- +- 1 мм; екінші барабанда кіре берісінде 18+-1 мм және шыға берісінде 6+-1 мм.
Әр түрлі дақылдарды жинау үшін мынадай саңылау ұсыныды (3-таблица).
Таблица