Жол қозғалысын ұйымдастырудың тиімділігін бағалау критерийлері.

Әдістердің қолдану тиімділігін көрсеткіштерді дейін және кейін салыстыра отырып бағалайды. Критерийді бағалауға абсолютті мәні қою мүмкін емес. Сондықтан көрсеткіштердің өзгеруін талдап отыру керек.

Тәжірбиеде және ғылыми зерттеуде жоғары ақпаратты және критерийді қолдану үшін ыңғайлы болуын көрсетеді. Олардың әрқайсысы талапқа сәйкес зерттеу мақсаттармен қолданады. Енгізіліп жатқан шаралардың тиімділігін бағалау үшін маңызды болып есептелетін критерийіміз келесі сұрақтарға жауап беру керек: жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қандай дәрежеде, автомобильдің тасымалдау жылдамдығы қанша және олардың экономикалық тұрғыдан тиімділігі қандай?

Қауіпсіздік деңгейін бағалау негізінде жол көлік апаттарының (ЖКА) статистикалық көрсеткіштерін бақылайды.

Көлік ағынының жылдамдық көрсеткіштерін бағалау үшін қолданылатын критерийлер: жол қиылысындағы үдеу, белгілі бір желі бөліміндегі қатынас жылдамдығы, көлік құралдарының қарқындылығы және кідіріс уақыты, жылдамдық режимінің бір қалыпсыздық дәрежесі.

Отандық және шет елдік ғалымдардың көп жұмыстары – автокөлік қозғалысының қауіпсіздігіне, отын үнемділігіне және желідегі жылдамдық режимінің бір қалыптылығына арналған.

Жол полициясы немесе жол-пайдалану қызметі мамандары жол қозғалысының жағдайын бақылайды. Олар қарапайым әдістерді қолданады. ЖКО бойынша мәліметтермен және жылдамдықты өлшеумен шектеледі.

Жол қозғалысының мінездемелері. Жол қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер.

Автомобиль қозғалысының жылдамдығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету қозғалысты ұйымдастырудың ең бір жауапты мәселесі болып саналады.

Жол қозғалысының сипаттамасының көрсеткіштері мынадай: қозғалыс қарқындылығы, көлік ағынының құрамы, қозғалыс жылдамдығы, көлік ағынының тығыздығы, автокөліктің кідіру ұзақтығы.

Қозғалыс қарқындылығы жол қиындысынан белгілі бір уақыт бірлігінде өтетін көлік құралдарының саны.

Көлік ағындарының құрамы жолдың жүктелуіне әсерін тигізеді, себебі автомобильдердің габариттік өлшемдерінің елеулі айырмашылығында. Егер жеңіл автомобильдердің ұзындығы 4-5м болса, ал жүк автомобильдерінің ұзындығы 6-8м, автобустардың ұзындығы 11 м, автопоездардың ұзындығы 24 м жетеді.

Көлік ағындарының тығыздығы жол жолағының жүктелу дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Оны 1 км созылған жол жолағынан өтетін көлік құралдарының санымен анықтайды.

Қозғалыс жылдамдығы жол қозғалысының маңызды көрсеткіші болып табылады, өйткені оның мақсаттық қызметін сипаттайды.

Ала құрылысын жобалауда қозғалысты ұйымдастыру бойынша жасалатын шаралар жасау.

1) Автокөліктердің барлық бағытта қозғалуына жағдай жасау;

2) Жол бойындағы және жол қиылысында болатын кедергілерді болдырмау және азайту жолдарын қарастыру;

3) Жол үнемі қатар саны жеткілікті болып, әртүрлі көліктердің қозғалуына жағдай жасау, яғни қатар саны жеткілікті б.к.

4) Асфальттар тегіс болып, көліктердің, оның ішінде автокөліктердің үлкен жылдамдық пен жүруіне жағдай жасау тиіс;

5) Қала мен елді мекен жағдайында жол қозғалысын тура реттеу үшін тиісті жол белгілерін қою.

6) Балалар өтуіне (мектеп аялдамаларында) әдейі арналған өткелдер қою.

7) Тең жол қиылысы жағдайында бағдаршамдар қойылып, жұмыс істеу уақыты тура реттеу қажет.

Көлік және жаяу жүргіншілер ағымының қарқындылығы. Қозғалыстың бірқалыпсыздық коэффициенті. Көлік ағынының картограммасы.

Жол қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – көлік және жаяу жүргіншілер ағымының қарқындылығы болып табылыды. Көлік ағынының қарқындылығы деп – белгілі бір уақыт аралығында жолдың кесіндісі арқылы өтетін көлік құралдарының санын атайды. Көлік ағыны қарқындылығын есептеу үшін сағат, тәулік, апта, ай және жыл уақыттарын алады. Қарқындылық жоғары болған кезде минут бойынша есептейді.

Көше-жол тораптарындағы учаскілердің кейбірінде қозғалыс қарқындылығы жоғары, кейбірінде төмен болады. Оны қозғалыстың бірқалыпсыздық коэффициенті арқылы сипатттайды. Мұндай коэффициент сағаттық, тәуліктік және жылдық мерзімге анықталуы мүмкін. Бірқалыпсыздық коэффициенті белгілі бір уақыт ішіндегі қозғалыс қарқындылығының бөлігі немесе белгілі бір уақыт аралығындағы қозғалыс қарқындылығының орташа қарқындылыққа қатынасы ретінде анықталады

Жылдық: Жол қозғалысын ұйымдастырудың тиімділігін бағалау критерийлері. - student2.ru Тәуліктік: Жол қозғалысын ұйымдастырудың тиімділігін бағалау критерийлері. - student2.ru

Мұнда: NM – айдағы қозғалыс қарқындылығы, авт/ай; Nr – жылдық қозғалыс қарқындылығы, авт/жыл

N4 - сағаттық қозғалыс қарқындылығы, авт/сағ; Nm – тәуліктік қозғалыс қарқындылығы, авт/тәулік

Жүргіншілер ағымының қарқындылығы да осылай анықталады.

Бірбағытты қозғалысты ұйымдастыру. Бірбағытты қозғалыстың басымдылықтары мен кемшіліктері. Көлік ағынының картограммасы.

Жол бойымен бірбағытты қозғалысты енгізу жол қозғалысының көп таралған әдістерінің бірі болып табылады.

Бірбағытты қозғалыстар 1906-1907 жылдары Филадельфия мен Нью-Йоркте ең алғашқы рет қолдалына бастады. Мұндай қозғалыстың артықшылықтарына қарама-қарсы қозғалыстың болмауы және қауіпті нүктелердің азаюы жатады. Сондықтан мұндай қозғалыстарда көлік ағынының қарқындылығы және қозғалыс қауіпсіздігі жоғары болады.

Бірбағытты қозғалыстың басымдылықтары:

а) қозғалыс жолақтарын тиімді және біркелкі пайдалану мүмкіндігі жоғары;

б) қозғалысты бағдаршаммен реттеу жұмыстары қозғалыс жағдайын жақсартады;

в) қараңғы уақыттарда жүргізушіге қарсы көліктің жарығы түспегендіктен қозғалыс қауіпсіздігінің жоғарылауы;

г) қозғалыс жолақтарын арнайландыру мүмкіндігі және т.б.

Бірқалыпты қозғалыстың кемшіліктері: қозғалыс жолақтарының көптігі қозғалыс енінің ұзаруына әкеп соғады; жүргіншілердің қауіпсіздігі төмендейді, себебі жолдан өту үшін үлкен ара-қашықтықтан өтуі тиіс, жолақтарды салуға қосымша қаражаттың қажеттілігі тағы сол сияқты жатады.

Бірбағытты қозғалыстың классификациясы: 1. Толық тұрақты. 2. Толық уақытша. 3. Бөлікті толық емес. 4. Реверсті-айнымалы.

Наши рекомендации