Микрофонмен кезектесіп, түлектер сөз сөйлейді.

Бекітемін

_____________

Ж.

№1 жалпы орта білім беретін мектебінің түлектермен кездесу кешінің

Салтанатты мерекелік концерттің сценарийі

Тетін орны: акт.залы

Өтетін уақыты: 02.02.2017, сағ.: 1800

Жүргізуші: Жүсіпқалиев Дулат

2 жүргізуші:

1 жүргізуші:

Бойларында жігер күші тасыған

Кездері жоқ қиындықтан жасыған.

Түлектерім келе жатыр сап түзеп

Арналсыншы оларға бүгін сый- құрмет

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді қарсы алайық қол соға.

Бұлар – ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін өрістететін, біздің ардақты аға-апаларымыз.

Екі оқушы қоңырау соғып түлектердің алдынан шығады

Түлектерге дейін барып қастарында тұрып қоңырау соғады, түлектер қоңыраудың соңынан еріп мектептің алдына келеді.

(түлектер келе жатқанда «мектеппен қоштасу әні) орындалады.

Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға, Сіздермен тола берсін ортамызда. Бүгінгі ел басқарған азаматтар, Білім алған сіздердің арқаңызда

Хабарлаусыз «Қуыршақ» биі орындалады.

Фанфара

(сахна сыртынан дауыс: бүгінгі кештің жүргізушілерін қарсы алыңыздар – )

Фанфара

(жүргізушілер шығады)

1 жүргізуші:

Қайырлы күн, ару мекен Ақжайықтың төрінде орналасқан, көгінде көк туы желбіреген, №1 жалпы орта білім беретін мектебініңаса қадірлі оқытушылары мен атағы алысқа жеткен, жайдарлы да жалынды түлектер қауымы!

Жүргізуші: 11111111111

1 жүргізуші:

Кемеңгер көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір бұтағы - халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық рухқа, елді, жерді сүюге жұмылдыру. Жас ұрпақты сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру». Мектеп ұжымы ұрпақтар сабақтастығының арқасында қажырлы еңбек етіп, өз істерінің хас шеберлері атанған кәсіпқой патриоттарды дайындау ұстаздар қызметінің нәтижесі деп білеміз.

Жүргізуші: орысша

1 жүргізуші:

Қайда сол бір асыл жанды достарым,

Аңқылдаған, жарқылдаған от жалын,

Сұнқар жігіт, аққу қыздар қайдасың,

Мектепті еске аламыз жүрегімізде от жалын.

Ақын ағамыздың сөзін еске алып, түлектер кездесу кешіне ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

1 жүргізуші:

Кешіміздің алғашқы құттықтау сөзі №1 жалпы орта білім беретін мектебініңдиректоры Даулеткалиева Нұрлы Нығметқызына ұсынылады.

Музыкалық номер

(Кажимова Аяна)

1 жүргізуші: Иә, уақыт деген көз алдымыздан зымырап өтіп барады! «Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа», деп ұлы атамыз Абай айтып кеткендей алдымызда кеше ғана мектеп партасында отырған білім нәрімен сусындаған шәкірттеріңіз бүгін Қазақстан Республикасының бірдей-бір азаматтары болды.

Құрметті түлектер ! Бүгінгі таңда сіздердің мектеп бітіргендеріңізге биыл біреулеріңізге 5 жыл, біреулеріңізге 10 жыл толып отыр. Осы 5 - 10 жыл бұрын келешектеріңіз қандай болатынын елестеттіңіздер ме? Алдарыңызға қойған арман-мақсаттарыңызға жеттіңіздер ме? Алдымен өздеріңіз туралы жеке мәлімет беріп, өздеріңіз туралы айта кетсеңіздер.

орысша

Микрофонмен кезектесіп, түлектер сөз сөйлейді.

2 жүргізуші: Сіздер үлкен азамат пен азаматшаларсыздар, бірақ біз қазір балалық шақты ойымызға түсірейік! Әліппе

Орысша ойын аудар

2-жүргізуші:мектепті бітірген түлектерге ойын. Біз сіздерге осындай тапсырма берейік. Шамшырақ пәнді айтады, ал сіз сол пән беретін мұғалімнің ойланбай аты-жөнін айтасындар. Еске алу қабілеттеріңізді тексерейік!

1 жүргізуші:Өмір әрбір адамға ғаламат зор баға жетпес сый – күш-жігерге толы жастықты, арман-үмітке, тілек пен білімге, күреске, ұмтылысқа толы, үміт пен сенімге толы жастық дәуренді береді. Алдарыңызда мектебіміздің машықкерлерінің дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынамыз:

1.КВн

2. Ән

3.Монолог

1 жүргізуші:Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз ұстаздың еңбегін жоғары бағалаған. Расында да ұстаз өз шәкірттеріне аянбай білім беруден ешқашан жалықпаған. Ендеше, мерейтойда ұлағатты ұстаздарымызды неге атамасқа?! Мектебімізде шәкірттерінің сүйікті, аяулы ұстазы бола білген, ал мектеп ұжымында өте сыйлы, адамгершіліктері мол, ашық, жайдары мінездерімен қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысқан ардагер ұстаздарымызға қошемет көрсетіп қояйық!

Гитара

2 жүргізуші:

На этом наш праздничный завершается. Желаем вам отличной учебы, новых достижении и высоких вершин! Пусть расцветает наш университет и таланливые студенты найдут свое счастье, да благословлен будет их звездный путь! Всего доброго!

1 жүргізуші:

Күніміз нұрлы болып, жүзімізден күлкі кетпесін! Жүлдызды күнде жолыққанша!

Растырған

Наши рекомендации