Ымаларды штангалы винтті сораптармен пайдалану
Кіріспе
Мұнай және газ кеніштеріндегі көмірсутегі қорының өте тереңде және күрделі геологиялық-литологиялық шарттарда орналасуына байланысты, өндірілген мұнай құрамындағы қоспаларды бөліп алудың қиындығы заманауй техникалар мен технологияларды қолдануды қажет етеді.
Мұнай өнеркәсібінің қарқынды дамуы үшін - мұнай-газ өндіруші кәсіпорындары кеніштегі көмірсутегі қорын толық игерудің, осыған сәйкес қабаттағы мұнай мен газды өндірудің тиімді технологиясын дұрыс таңдаудың, ұңғыма өнімдерін кәсіпшілік ішінде жинау, тасымалдау және дайындаудың, мұнай құрамындағы ілеспе газды бөліп алып, оларды қажетті саласына пайдаланудың, қабат қысымын ұстап тұру жүйесінде пайдаланылатын жер асты және техникалық суларды, сонымен бірге ілеспе газдарды қабатқа қайта айдау мақсатында оларды дайындауды қамтамасыз ететін құрылымдардың жүйесін заманауй талаптарға сай етіп жетілдіруі қажет.
Ұңғыманы пайдалану кезіндегі маңызды жұмыстардың бірі, күрделі қаржы салымы мен пайдалану шығындары көлемінің аз болып, мұнайды өндірудің тиімділігін қамтамасыз ететін сорап қондырғысын таңдауға байланысты ғылыми негіздер болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты ұңғыманы механикалық пайдалану кезінде ұңғыманың техника-технологиялық сипаттамасы мен оларды пайдаланудың кәсіпшілік-геологиялық шарттарын талдау нәтижелері негізінде ұңғыма ішілік және жер бетіндегі жабдықтарын таңдау болып табылады.
ымаларды штангалы винтті сораптармен пайдалану
Ақшабұлақ кен орнының мәліметтері бойынша өндіру ұңғымалары механикалық әдіспен жұмыс жасап тұр. Олардың ішінде кеңінен таралғаны штангалы винтті сорапты қондырғылар (УЭВН) болып табылады. Ол өзінің конструкциялық құрылымы қарапайым, қолданылуы ыңғайлы, сенімді, сонымен бірге жұмыс жасауы бойынша басқа сораптармен салыстырғанда сұйықтың физика-химиялық қасиеттері кедергі болмайды. Негізінен кен орнында «Kudu» фирмасының сораптары қолданылады.
ШСНУ және УЭЦН сорап қондырғыларының кемшілігі, негізінен оларға көрсетілетін қызметтің күрделі болуында, және сұйықты өндіру жұмыстары кезінде құрамындағы механикалық қоспалар мен газдың жоғары болуы, сонымен бірге шоғырланған ұңғымаларда сенімділіктің төмен болуы.
Аталған кемшіліктерді қалпына келтіру үшін, және де тұтқырлығы жоғары сұйықты айдауда басқа сораптардан артықшылығы бар винтті сорапты қондырғылары таңдалып алынды.
Винтті сораптарды пайдалануда электрортадан тепкіш сораптардан (УЭЦН) артықшылығы, ол айдалатын сұйықта мұнай мен су эмульсиясының түзілуі берік болмайды. Клапандар мен қиын орналасқан өту жолдарының болмауы конструкциясының қарапайым екенін көрсетеді және де олар гидравликалық шығынды төмендетеді. Бұл сораптар қозғалыс деталдарының аз болуы мен, дайындалу және пайдалануының қарапайымдылығымен қатар метал сыйымдылығы үнемді болып табылады. Сұйықты айдау кезінде тұтқырлығы жоғары сұйықтың винт пен обойманың (ротор мен статор) аралығындағы байланыс әсерінен сораптың техникалық сипаттамасы жақсарады. Сонымен бірге сұйық құрамында ілеспе газдардың, механикалық қоспалардың және де қатты түйіршік заттардың болуы винтті сораптардың жұмысына және эластомердің қажалуына еш әсер етпейді.
Винтті сораптарды дұрыс қолдану үшін оларды келесі факторларға байланысты таңдау жасау керек:
Мұнай түріне. Ароматты көмірсутегілердің жоғары болуы арзан эластомерлердің ісінуіне және де бұзылуына алып келеді. Жоғары сапалы «буна» түріндегі эластомерлер аггрессивті ортаға арналған.
Құмның болуы. Эластомер сорап конструкциясының негізгі элементі болып табылады, осыған байланысты ол мықты және құмның қажауынан сақтану үшін иілмелі болуы қажет.
Қатты жабынмен жабылған және хромдалған роторларды құмның мөлшері (>0,1%) асқан кезде барлық жағдайда қолдануға болады.
Эластомерді таңдау бойынша айдалатын сұйықтың температуралық ортасын есептеу керек. Егер эластомерді дұрыс таңдамаса, онда уақытынан бұрын тозуға алып келеді.
Сораптың өнімділігі ұңғыманың барлық өндірген сұйық көлемі болып табылады. Практикада сорапты таңдау алдағы уақыттағы күтілетін сұйық өніміне негізделеді. Негізінен өнімділігі жоғары сораптар таңдалады (егер талдау бойынша 100 айналыс минутта өнімділігі 25 м3/тәу болса, онда 100 айналыс минутта өнімділігі 32 м3/тәу болатын сораптар таңдалады).
Тұтқырлығы жоғары мұнайды өндіру үшін ұңғыма сағасын гидравликалық жетекпен жабдықтау қажет, себебі ременді жетекпен салыстырғанда оның жөндеу аралық және пайдалану мерзімін ұзартатын келесі артықшылықтары бар:
- ұңғыманы іске қосу және тоқтату кезінде жеңіл болады, және де сорап статорында ротордың қысылып қалуының алдын алады, сонымен бірге штангының сынуының немесе сорапты компрессорлық құбырдың айналып кетуінің алдын алады;
- винтті сорапты тоқтатпай ақ, сұйықты алудың қарқындылығын реттеуге мүмкіндік береді.
Ұңғыманы пайдаланудың ең маңызды тапсырмаларының бірі, сорапты қондырғыны таңдауда ғылыми негізделген мұнайды тиімді өндіру кезінде аз қаржы жұмсап, пайдалану шығынын қамтамасыз ету болып табылады. Егер сорапты қондырғының қуаты ұңғымадан алынатын сұйықты өндіру көлемінен аз болса, онда жобаланған өнімді ұңғыма қамтамасыз ете алмайды.
Керісінше жағдайда егер, сорапты қондырғының қуаты ұңғымадан алынатын жобаланған сұйықты өндіру көлемінен жоғары болса, онда ұңғымадан сұйықты өндіру режимі бұзылуы мүмкін. Осыған байланысты мұнайгаз кенішін ұзақ мерзімді және дұрыс пайдалану, ұңғымаға сорапты дұрыс таңдауға байланысты болады.