Алып дайындау технологиясы
1. Қалып дайындауға қойылатын талаптар
2. Қалыптың тетіктерін дайындауға арналған материалдарды таңдау
3. Қалып дайындаудың технологиялық үрдістері және тәсілдерін таңдау
4. Қалыптың тетіктерін жылумен өңдеудің ерекшеліктері
Ыстықтай көлемдік қалыптау үшін арнайы аспап қалыптар қолданылады. Қалыптардың конструкциясы тағайындалуына, деформация сипатына, жұмыс істеу принципіне байланысты. Бөлу операцилары үшін: кесу, шабу, тесу қалыптары; пішін өзгертетін қалыптарға: көлемдік қалыптау, вальцовка, түзеу, жаю,................
Мамандандырылған қалып: қалыптау тоқпақтарының және білік соғатын қалып, яғни біртұтас қалып.
Әмбебап қалып: пішін түзетін жеке тетіктерін алмастыра отырып әртүрлі тетіктерді қалыптау (қосиінді машиналар, гидравликалық баспақтар және т.б.)
Қалыптар бір жылғалы, екі жылғалы және көп жылғалы; қарапайым және күрделі болады. Күрделі қалып құрамына: пішін өзгертетін, орнататын және бағыттайтынтетіктер; бекіту үшкілмен, бұрамалармен немесе ыстықтай отырғызумен жүргізіледі.
Қалыптың конструкциясы бойынша: ұсақ (салмағы 30 кг аз), орташа (30-200 кг), ірі (200-2000кг), өте ірі (2000 кг жоғары)
Қалып дайындауға қойылатын талаптар:
- Тетіктерді дайындау мен құрастырудың жоғары дәлдігі
- Тетіктердің жанасатын беттерін және жылғаларды өңдеудің сапасын жоғары болуы.
Осы аталған талаптар бір-біріне тәуелді. Мысалы: қалыптың пуансоны мен қондырғы жәшігінің беттерінің жоғары сапасы қажетті беріктікті қамтамасыз етеді. Яғни жоғары сапалы тетік алу және қалыптың сапасы. Бұл талаптарды ескермеу қалыптың сапасын төмендетеді.
Жұмыс барысында қалыптаушы құралға әртүрлі күштер түседі. Бұл күштердің бағыты, шамасы әртүрлі. Мысалы: шабу қалыбының қондырғы жәшігіне жұмыс кезінде ию, үзу, қию кернеулері; соққымен тесу қалыбының қондырғы жәшігіне ию мен үзу кернеулері, ал пуансонға ию мен қысу кернеулері әсер етеді. Осы күштердің әсеріне материалы дұрыс таңдалған қалып қана шыдайды. Күш кернеулерінен өзге қалыпқа материалдың ластануыда әсер етеді.
Қалыптыңжөндеуге немесе толық тозуға дейін белгілі бір қалыптауды орындау қабілеті беріктік деп аталады. Мысалы: шабу қалыптары 15-60 мың. Қалыптау технологиясын толық ескере отырып өндірілген қалыптардың пайдалану мерзімі ұзақ.
Қалыптау қалыптарының беріктігін арттыру дайындау сапасына да байланысты.
Механикалық өңдеу нәтижесінде қалып тетіктерінің бетінде кескіш аспаптың немесе ажарлау дөңгелектерінің ізі қалады. Бұл іздер қалыптайтын тетіктердің жұмысына және қалыптанатын металдың сапасына кері әсер етеді. Қалып тетіктерінің жұмыс бетіндегі ажарлау материалынан қалған сызаттардың бағыты қалыптанатын материалдың жүру бағытымен параллель болуы керек.
Аспап өндірісінде тетіктердің өңделген бетінінің кедір-бұдырлығын тексеру үшін арнайы құралдарды пайдаланады немесе тексерілетін беттерді тазалық эталондарымен салыстырады.
Қалып тетіктерінің дайындалу дәлдігі қалыптанатын тетікке қойылатын дәлдікпен байланысты. Сондықтан дәлдік сұрақтары қалыптанатын тетіктің берілген дәлгімен және қалып тетігінің тағайындалуымен байланысты. Сонымен қатар қалыптаушы құралдың барлық тетіктері екі топқа бөлінеді:
1) Қалыптанатын тетіктердің пішін түзуіне тікелей қатысатын, технологиялық тағайындалатын тетіктер (қондырғы жәшік, пуансон); жоғары талап қойылады.
2) Қалыптың бөлшектерінің арасындағы байланысты және өзара орналасуын қамтамасыз ететін, конструкциялық тағайындалатын тетіктер: бұл топтағы тетіктерге қойылатын дәлдік талабы төмен.
Қалып тетіктерінің жеке бөліктерінің бетін өңдеу дәлдігі келесі үш категорияға сәйкес қарастыралады:
- Қалыптанатын тетіктің пішіні мен өлшемі бойынша дайындау сапасын анықтайтын аймақтар немесе тетіктер (қондырғы жәшіктің жұмыс терезесі, пуансондардың жұмыс бөлігі), бұл тетіктер өңдеу техникасы бойынша күрделі және еңбек сыйымдылығы жоғары, шақтамалардың қатаң сақталуын талап етеді.
- Қалыптанатын тетіктің пішін түзуіне қатысатын, жеке бөліктерінің дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін (құрастыралатын қондырғы жәшіктің біріктірілу жазықтықтары, пуансондардың бекіту беттері, өзектер және т.б.) жанасатын беттер.
- Өңделетін тетіктердің дәлдігіне әсер етпейтін беттер және бөлшектер (үстіңгі және астыңғы тақташалар, пуансон ұстағыштың жазықтықтары, қалыптың іргетасы), бұл беттерді еркін өлшем шақтамаларымен өңдейді.