Практикалық жұмысқа тапсырма. Берілген х аргументінің мәнін y = f(x) функциясымен есептеу программасын құрыңыз
Берілген х аргументінің мәнін y = f(x) функциясымен есептеу программасын құрыңыз. y = f(x) функциясы Паскаль тілінің ережелер жазылған өрнектер көмегімен есептеледі.
Тапсырмалар варианттары:
1. 2.
3. 4.
5. 6.
7. 8.
9. 10.
11. 12.
13. 14.
15.
Практикалық жұмыс № 3 Тармақталу операторы.
Жұмыстың мақсаты:Тармақталған алгоритмдерді программалауды оқып-үйрену.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа байланысты құрамына кіретін операторлардың орындалу-орындалмауын қамтамасыз етеді.
Жазылуы:
IF<шарт>THEN<оператор1>ELSE<оператор2>;
ЕГЕР <шарт> ОНДА <оператор1> ӘЙТПЕСЕ <оператор2>;
Шарт операторы келесі алгоритммен жұмыс жасайды. Бастапқыда <шарт> өрнегі орындалады. Егер нәтиже TRUE (ШЫНДЫҚ) болса, онда <оператор1>орындалады, ал <оператор2>қарастырылмайды. Егер нәтиже FALSE (ЖАЛҒАН) болса, онда керісінше <оператор1>қарастырылмайды, ал <оператор2>орындалады. Егер ELSE сөзінен басталатын шартты операторының бөлігі болмаса, онда басқару тез арада шартты оператордан кейінгі операторға беріледі.
Жұмысты орындау мысалы:Келесі алгоритмді іске асыратын программаны құру керек. Х айнымалысын енгізе отырып келесі функцияны есептеу қажет:
Программа тексті:
PROGRAM PRIF;
VAR X, Y : REAL;
BEGIN
WRITELN(‘X-ті енгізіңіз’);
READ(X);
IF (X>-5) AND (X<0) THEN Y := SQRT(SQR(X)+ABS(X))
ELSE
IF (X>=0) AND (X<2) THEN Y:=5*SQR(X)*X+COS(X);
WRITELN(‘Функцияның нәтижесін шығару’);
WRITELN(‘Y= ’,Y:6:3);
END.
Практикалық жұмысқа тапсырма
Берілген х аргументінің мәнін f(x) функциясымен есептеу программасын құрып және алгоритмнің блок-схемасын құру керек. f(x) функциясының мәні шарт операторы көмегімен есептелінеді.
Тапсырмалар варианттары:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
Практикалық жұмыс № 4
Цикл операторы.
Жұмыстың мақсаты:алгоритмдердің циклдік құрылымдарын программалауды үйрену.
Паскаль тілінде циклді ұйымдастырудың 3 түрі бар, солардың көмегімен алгоритмдердің циклдік құрылымдарын программалауға болады.
Олар:
1. FOR (параметрлі цикл)
2. WHILE (әзір)
3. REPEAT (дейін)
Қайталау саны белгілі болса, онда FOR параметрлік циклін қолданамыз, ал егерде қайталау саны белгісіз болса, бірақ циклге кіру немесе циклден шығу шарттары белгілі болған жағдайда WHILE, REPEAT циклдік опрераторларын қолданамыз.
Параметрлі цикл
FOR параметрлі циклдік операторы екі түрлі болады:
FOR DO параметрлі цикл операторының жазылуы төмендегідей:
FOR <циклдік параметр> :=<алғашқы мән> TO<соңғы мән> DO<циклдің денесі>
FOR – үшін, TO- дейін, DO- орындау керек.
FOR операторының орындалу барысында бастапқыда <циклдік параметр> есептелінеді және <циклдік параметр>:=<алғашқы мән> меншіктеледі. Бұдан кейін цикл қайталанады:
- <циклдік параметр> <= <соңғы мән> шарты тексеріледі. Егер шарт орындалмаса, онда FOR операторы өз жұмысын тоқтатады;
- <циклдің денесі> операторы орындалады;
- <циклдік параметр> қайталанады.
FOR операторының басқа түрі бар. Ол: FOR DOWNTO операторы.
FOR DOWNTO параметрлі цикл операторының жазылуы төмендегідей:
FOR<циклдік параметр> := <соңғы мән> DOWNTO <алғашқы мән> DO<циклдің денесі>