Ыстың негізгі белгілерін бақылау.

Мақсаты: балаларды қыстың белгілерін ажырата білуге үйрету..

Көркем сөз:

Аппақ, аппақ ақшақар

Бірін ұстап алайын...

Ұстадым!

Жоқ, ақша қар,

Қайдан іздеп табайын?

(Жақан Смаков)

Қимылды ойын: «Аяз»

Мақсаты тез жүгіруге жаттықтыру.

Еңбек: үйдің ауласын қардан тазартып қою.

Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге үйретіп, еңбекке баулу.

Қимылды жаттығулар: мұзды жолмен сырғанай білуге жаттықтыру.

Жорамал:

Түтін будақтап шықса, аяз болады.

Ала көшелерін бақылау

Мақсаты: тәрбиеші көшеде тәртіп сақтау туралы, жол жүру ережесі туралы, көліктердің көптеген түрі туралы білімдерін анықтап, толықтыру.

Сұрақтар:

Көшедегі үйлер қандай?

Көшедегі көліктер бір бағытта жүре ме, әлде екі бағытта жүре ме?

Жүргіншілер қайда, қандай жолмен жүрулері керек?

Көркем сөз:

Менің атым «бағдаршам» мекен жайым тұрақты,

Жақсы білем міндетімді, мүдірмеймін ешқашан.

Жол сілтейтін белгілер бөлінеді төрт топқа.

Қимылды ойын: «Жанады жанбайды» ойыны.

Мақсаты: тез жүгіруге, шыдамдылыққа жаттықтыру.

Еңбек: балабақшаның маңын қардан тазарту.

Мақсаты: күрекпен жұмыс істеуге, бірлесіп еңбек атқаруға, істі аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.

Жеке жұмыс: мұздың үстімен сырғанай білу.

Жұмбақтар:

Менің үш көзім бар,

Бір көзім «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді,

Бір көзім «абайла» дейді,

«Қарап ал маңдайға!» - дейді

(Бағдаршам)

Зен, көл, су тоғандарына саяхат.

Мақсаты: Балаларды өзен, көл, су тоғандарының қыстағы өзгерістерімен таныстыру. Мұздың қасиетімен, қалпымен жете таныстыру. Мұз қауіпсіздігіне арналған ережелермен таныстыру?

Тапсырма: «Сүмелек мұз» тақырыбына сурет салу.

Сұрақтар:

1. Өзендегі суға не болды?

2. Су неге қатты?

3. Өзеннен нені көруге болады?

4. Қай кезде мұздың үстімен жүріп, коньки тебуге болады?

Көркем сөз:

Тез қарасын батырды,

Қар жаңбырлы сиқыр бұлт.

Жел көк мұзды қатырды,

Жердің бетін типыл ғып.

Балалардың берген жауабын қорытындылау: Мұздың жұқа кезінде оның үстімен жүгіруге, коньки тебуге болмайтынын балаларға айту.

Қимылды ойын: «Шортан мен табан балықтар»

Мақсаты: тез жүгіруге, жүгірген баланы тез ұстап алуға жаттықтыру, айналаны бағдарлай білуге үйрету.

Жеке жұмыс: денеңді тепе тең ұстап, мұз үстімен сырғанай білу.

Жұмбақтар

Отқа жанбайды,

Суға батпайды. (мұз)

Ардың қасиетін бақылау

Мақсаты: қар туралы балалардың білімдерін толықтыру, ақ, ұлпа сияқты, күн нұрына шағылысып жылтырайды.

Көркем сөз:

Аққала

Аула сырты баққа да,

Тұрғызамыз аққала

Аққаланы айналып,

Ойлаймыз біз шаттана.

Қимылды ойын: «ұстап ал»

Мақсаты: белгі берілісімен бірден іске кірісіп, жаттықтыру.

Еңбек: қарды күреу.

Жеке жұмыс: қарды жұмырлап, қатты қысу.

Жұмбақтар:

Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.

Мақал:

Сыртта «тау» болып жатса,

Үйде су болып тұрады.

Далада қар болса,

Қамбада астық болады.

Старды бақылау.

Мақсаты: қыстайтын, алаңға келетін құстардың аттарын анықтау. Олардың сыртқы бейнесін, қандай жемді жақсы көретінін, қалай тұрып, қалай жүретіндерін анықтау.

Балаларды байқағыштыққа, құстарға жанашыр болуға тәрбиелеу.

Көркем сөз:

Мың торғай қамаса қораға,

Бір торғай тұрмайды...

Бір торғай тұрмайтын қораға

Мың торғай тұрмайды.

Қимылды ойындар: «Ұядағы құстар»

№22 Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау.

Мақсаты: ауа райын бақылау. Ауа райына көңіл бөліп, байқау өткізулерін ұсыну.

1. Суық па, жылы ма?

2. Күн желді ме, жоқ па?

3. Балалар қалай киінген?

4. Ауа райының жайы қалай анықталады?

5. Күн шуақты ма, әлде бұлыңғыр ма?

6. Қар жауып тұр ма?

7. Жуырда қар жауып, өттіме ме?

Серуендеп келген балаларға бүгін өздері көріп, бақылаған ауа райының жайын күнтізбеге белгілеулері керектігін естеріне салу.

Тапсырма: бұлттың суретін салу.

Көркем сөз

Далада қандай тамаша,

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастархан жапқандай,

Көз тоймайды қарасаң.

Қимылды ойын: «Арқан тарту!»

Мақсаты: қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру.

Еңбек: кішкентай балдырғандардың ойнайтын ауласын қардан тазарту.

Мақсаты: балаларды өздерінен кішілерге қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: алдағы тосқауылдан өтерде: жүгіру, еңбектеп жүгіруге, секіруге жаттықтыру.

№23 Табиғат күнтізбесі бойынша ауа райын бақылау.

Мақсаты: өткен күндердегі дей ауа райын бақылау. Ағаштарды анықтап зерттеу. Күзде олар қандай болғанын еске түсіру. Қандай өзгеріс бар? Бір ағашты анықтап, суретін салып, оны күнтізбеге сақтау.

Балалар бала бақшада тәрбиешінің көмегімен ауа райының жағдайын күнтізбеге белгілеу.

Тапсырма: «Ашық аспан» тақырыпта сурет салу. Қағаз түстерінің бояуын түстеп, бір бояудың үстіне екінші бояуды жаға отырып, түсін келтіруге үйрету.

Көркем сөз:

Бүрсең қағып жапырақтар,

Көше кезіп көшіп жатыр.

Тыныш қалған атыраптар,

Аппақ қарға тосып жатыр.

Қимылды ойындар: «Соқыр теке».

Мақсаты: шеңберде тез жүгіруге жаттықтыру, ептілікке үйрету, ойынның сөздерін дұрыс айтқызып жаттату.

Еңбек: қатқан мұз жолын тазалап, су құйып ретке келтіру.

Мақсаты: алаңшада тазалық, тәртіп сақтап, судың мұзға айналғанын көріп, қызықтау...

Жеке жұмыс: «Кім алысқа лақтырады?». Қар түйіршіктерін алысқа лақтыруға жаттықтыру.

Жорамалдар:

1. Қыс аязды болса – жаз ыстық болады.

2. Қыста қар мол болса – жазда жаңбыр мол болады.

3. Ағашқа қырау тұрса – күн жылы болады.

Наши рекомендации