Ойын керек: кастрюля, қасық, стакан су.
Жаңа жыл мерекесі
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға вальс билеуге жұптар шығады.Мереке тамаша вальспен басталады.
Қараша қыз: -Аппақ аппақ қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Шіркін қандай тамаша күн, жұрттың бәрі қуанышты, құлпырып киінген себебі жаңа жылды тойламақ, ал мен............/қараша қыз жылайды/
Сиқыршы-: Қараша қыз жылама,
Сен енді мүлде мұңайма
Бар көтер сен де көңіліңді,
12 де қайту керек ұмытпа
/сиқыршы таяғымен қараша қызды түртіп қалады, үстіндегі жаман көйлегін жерге тастап мәз болып секіре жөнеледі, көңілді музыка ойналады./
1-уәзір: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Қызықтан құр қалмаңыздар.
Сарайында тақсыр ханның
Бал маскарад тойлаңыздар.
Құрметті ханымдар мен мырзалар!Мәртебелі ханның сарайында «Жаңа жыл» мерекесіне бал маскарад болмақ. Бұл бал маскарадта ханның көңіл күйін көтерген ерекше өнер иелеріне мәртебелі хан сансыз сый құрмет жасамақ.Кербездене келе жатқан 2013 жаңа жылдың тамаша сыйынан құр қалмаңыздар.
2-уәзір:Әнмен шашу шашайық
Бимен балды ашайық
Келіңіздер халайық
Жырға жырды қосайық.
( салтанатты музыка ойналып,уәзірлер ханды алып келеді де тағына отырғызады)
,Хан :Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұл мен қыздар!
Бармысыздар, замандас, ханымдар мен ханшалар.
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
Қараша қыз Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
Уа хан ием бүгінгі бал маскарадқа менің де қатысуыма рұқсат етіңіз!
Хан-:Бүгінгі балмаскарадқа әркімнің де қатысуына рұқсат, бірақ тек олардың бәрі де шеттерінен өнерлі болуы қажет. Салтанатты кеш көңілді де қызықты болуы керек. Сондықтан ортаға өз өнеріңді көрсет.
Қараша қыз:-Құп тақсыр. Мың бұралған биімді тамашалаңыз.
(“Өзбек биі”)
Хан-:Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітім бар. Қараша қыз биің тамаша екен, сондықтан саған балмаскарадқа қатысуға рұқсат етемін сонымен қатар ханзадамен бірге осы кештің жүргізушісі боласың.Бұл менің сенің өнеріңе жасаған сыйым.
(уәзірлер қараша қызға көйлек береді)
Қараша қыз:Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! /
«Жаңа жыл» әні 9 «А» сынып оқушысы А.Тұңғышбек
Қараша қыз- Құрметті ханшалар мен ханымдар
Барлығыңда мұнда назар салыңдар.
Кешімізде көңіл күйді көтеріңдер
Ойын, ойнап қызыққа бір батыңдар.
/“Қорапта не бар” ойынын ойнау/
1- ойын:Ойынға алты ойыншы қатысады. Ойынның шарты ауызы жабық тұрған қораптың ішінде не бар екенін әрбір ойыншы қағазға жазады. Қорапты қозғап көруге ашып қарауға болмайды.Кім қораптағы затты дәл тапса сол затқа ие болады
*****
/жүргізуші ойыншылардың жазғандарын біртіндеп оқиды кімдікі дәл болса соған сыйлықты табыс етеді, ойыншылар таба алмаса келесі ойыншыларды ортаға шығарады./
Ханзада :Кеудемнен ұшып қанат қақсын құстарда
Вальстің өзі шалқып кеткен тұстарда,
Көңілді бал маскарадты жалғастырар
Ханымдар мен ханшалар ортамызда
/“Ханзада мен ханшайымдар вальсі” 9-11сын/
Ханзада:-Уа хан ием көңіл күйіңіз қалай? Қонақтарымыздың өнері сізге ұнады ма?
Хан: Әзірге тамаша, ханзадалар мен ханшайымдардың биі тамаша екен.
Қараша қыз: Кел халайық, халайық,
Ойнайық та тойлайық
Тақсыр ханның көңілінен
Шықпай енді қоймайық.
2- ші ойын:Ойынға 4 адам қатысады. Ойыншыларды екі- екіден топтастырады. Олардың бірінің оң қолын бірінің сол қолын байлап қоямыз. Ойыншылар бос қолдарымен қайшы арқылы берілген фигураларды қияды. Сонымен қай әдемі әрі жылдам болған топ жеңімпаз болады.
/Ойыншыларға сыйлықтар үлестіріледі/
/Кенеттен қоңырау соғылады/
Қараша қыз:Уа мәртебелі Хан ием бұл тамаша балмаскарадтың қызығымен жүріп сағаттың 12 болғанын білмей қалыппын.Мінеки қоңырау соғылды. Бұл менің кетуім керек екенін білдіреді. 12 ден кейін мен қарапайым қызға айналамын,бойымдағы бар өнерімнен де айырыламын.
Хан:-Иә, білем қараша қыз сен менің көңіл күйімді көтердің!Кеш өте тамаша өтіп жатыр, сені жібергім келіп отырған жоқ, не істеуге болады екен?
Уәзір:-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алдық.
Хан:Иә, таптым, қараша қыз бір амалын,
Білгендеймін бір сиқырдың боларын.
Уақыттың сиқыршысы Аяз ата, ақша қар
12-ні соғатын Аяз ата, сиқыршы ата табамын
/ Шығыс биі 8-сын/
Ханзада:Ойын 1 минут ішінде ұлдарға қыздар көйлек кигізіп, қолғаппен түймесін түймелеу керек.
ойын керек: кастрюля, қасық, стакан су.
әр команда мүшесі қас
ықтың көмегімен кастрюлядағы суды стаканға құяды. Қай команда бірінші болып стаканды толтырады сол команда женімпаз болады
Ханзада:-Мәртебелі хан, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?
Хан:-Әрине шақырайық.
Қараша қыз:- Құрметті халайық ортаға өнер тарландары әншілерді шақырайық.
/ “Жаңа жыл” әні / 8 «А» Қ.Жансая
Ханзада:ОйынҚазір алдарыңыздағы жазулы турған дастарханның атауымен 4 шұмақ өлең құрастырыңыздар. (Қосымша сөздер беріледі: Аяз-ұлу, Тышқан-мұз, Барыс-боран, Қоян-қыс, Қырау-жылқы, Аққала-доңыз, Қар-жылан, Үскірлік-сиыр) Бұл «Тақпақ құрастыру» сайысы болады. Сіздің еншілеріңізде 5-минут уақыт бар.Ал, кәне бастайық
хан:Жаңа жыл келіпті ортамызға
Мол дастархан сыйласын баршамызға.
Таусылмасын бақыты мен шаттығы
Тілеймін мол жақсылық баршаңызға
Уәзір:-Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Аяз ата:Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
Ханзада:-Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:Уағалейкумассалаум, балам!
Қараша қыз:Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата: Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?
Ханзада:- Табиғаты көздің жауын алған,
Көкшетауы мәңгілік аңыз болған -Бұланды жеріне хан сарайына келдіңіз ата.
Аяз ата: - Бәрекелді, балам! Хан сарайы әнмен жырдың мекені деп естуші едім.Армысың мәртебелі хан ием!
Хан:-Қош келдің Аяз ата,ақша қар.Иә сарайда тамаша балмаскарад болып жатыр. Барлық өнерпаздар осында.Бірақ осы кешті көңілді еткен Қараша қызға көмектесіңдерші.Сендер мәңгіліксіңдер, әр жаңа жылда адамзат баласына жақсылық әкелесіңдер.Уақытты сиқырлап мәңгілік ертегі де етесіңдер.
Аяз ата: Әрине хан ием, менде қызық қуанышты тамашалағым келеді.Ендеше қызық қуаныш жалғассын деп, мынау тамаша шыршаны жақсақ, 12 сағат қарапайым уақыт емес әр адамның арманы орындалатын ертегідегідей болмақ. Ендеше барлығымыз бірігіп сиқырлы сөзді айтайық, ол үшін:
-Бір, екі, үш,
Шамдар жана түс- деу керек.
/Барлығы хормен қайталайды, музыка ойналып шырша жанады/
сағат 12 ден асады, бірақ Қараша қыз сол қалпында қалады/
Қараша қыз:- Рахмет саған Аяз ата.сағат 12-ден асса да мен сол ханшайым қалпымда қалдым.
Хан: Мінеки Аяз ата сен бізге Жаңа жылды 2013 жылды , қызық қуаныш сыйладың. Ендеше бізде сізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық.Қараша қыз қане тағы қандай өнерпаздар бар , тамашалайық.
Қараша қыз:- Шығыстың шырайын кіргізер мың бұралған бишілерімізбен ,әншілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата және хан: -Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
«Жаңа жыл » әні 9-сынып Серікбол Күнсұлу
Ханзада:Ойын «Боксерлер» қолғабы .
Ұлдар үрленген шарды алып, боксер қолғабымен ұрып жару керек.
Қараша қыз: Кешіміздің сәні болған ханзадалар мен ханшайымдарды ортаға шақырайық.
тпен құт-береке
Жақсы тілек тілейік ұл-қызымызға
Ханзада:: Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз.
/ортаға 8 cынып оқушылары шығып,әр ұлттың биін және “Қара жорға” билерін билеп береді./
Уәзір:-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “ұлу ” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Аяз ата:- Бәрекелді қарақтарым! Келсін, ұлу келсін...
/ұлу жылы шығады./
ұлу жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:Иә, ұлу қайда тарттың?
Ұлу жылы- Тарих қайнауына. Осы жерде жылан бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде жылан жылы келеді./
Жаңа жыл:- Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, ұлу аға! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:- Бар бол балам.
Ұлу жылы:Уагалейкумассалам, сен бала жыланбысың?
Жаңа жыл: - Дәл өзімін.
Ұлу жылы:- Айналайын келші, мандайынан бір иіскейін. Ал, жыланжан! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл: - Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Ұлу жылы: - Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
хан:Қош, өткен жыл!
Қош келдің Жаңа жыл.
10 А сынып би
Қараша қыз:Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
Ханзада::-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:Болар, болар...
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
Барлығы бірге:
Жаңа жыл құтты болсын!
Аяз ата:Ал, балалар сендердің тамаша өнерлеріңді көріп қатты риза болдым.Енді рұқсат етсеңдер біз Ақшақар екеуіміз жолға шығайық.Өздерің сияқты өнерлі балалар бізді әр жерлерде асыға күтіп отыр.Аман болыңдар.Оқуда6 еңбекте жаңа табыстарға жете беріңдер.Сау болыңдар.
Балалар:Хош бол. Азя ата!Ақша қар!
Қараша қыз:Иә мәртебелі хан ием осынау тамаша сарайыңызға салтанатты кеш балмаскарад ұйымдастырғаныңызға көп рахмет..Өнерпаздардың өнері сізге ұнаған болар?
Хан:-Әрине өте ұнады бұл кештің әрі қарай жалғаса беруін қалаймын.
Ханзада:Ендеше хан ием кешімізді балмаскарадтық би кешімен жалғастырайық.