Етілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған?

ез-келген түрдегі айырғыштарда қанша бөлім (секция) бар, олардың міндеті қандай және мұнай-газ айырғыштарының жұмысына қандай факторлар әсер етеді?

Мұнайгаз айырғыштары ұңғы өнiмдерін сұйықты және газды фазаларға бөлуге арналған және келесi қызметтердi атқарады:

● бағалы химиялық шикiзат және отын ретiнде қолдану мақсатында, ұңғы оқпаны бойында, сұйықты шығару желiсiнде және және жинау коллекторлары бойымен мұнай қозғалған кезде, одан бөлінген мұнай газын алу үшін;

● мұнайгазсу ағынының араласуын азайту және құбырлар желiсiндегi гидравликалық кедергiнi азайту үшін;

● пайда болған көбіктерді мұнайдан бөлу және ыдырату үшін;

● тұрақсыз эмульсияларды немесе құбырлар желiсiнде бұзылған эмульсияларды өндiру кезінде мұнайдан суды алдын-ала бөлу үшін;

● мұнайды айырғыштардың бiрiншi сатысынан мұнайды дайындау қондырғысына дейiн тасымалдау барысында пульсацияны азайту үшін.

Қолданыстағы барлық мұнайгаз айырғыштарын келесi белгiлерi бойынша былай жiктеуге болады:

1) міндетiне байланысты – өлшеушi-айырушы және айырушы;

2)геометриялық пiшiнiне және кеңiстiкте орналасуы бойынша – цилиндiрлiк, сфералық, тiк, көлденең және көлбеу;

3) негiзгi күштердiң байқалу сипатына байланысты – гравитациялық, инерциялық және ортадан тепкiш;

4) жұмыстық қысымына байланысты – жоғары қысымды (6,4 МПа),орташа қысымды (2,5 МПа) және төмен қысымды (0,6 МПа);

5) айыру сатыларының санына байланысты – бiрiншi, екiншi және т.б. айыру сатылары;

6) технологиялық мiндетiне байланысты – екi фазалы және үш фазалы;

7) мұнайгаз ағынын енгiзу құрылғысының конструкциясы бойынша – радиалды және тангенциалды енгiзу;

8) конструктивтi жасалуына байланысты – бiр сыйымдылықты және екi сыйымдылықты.

Айырғыштардың кез келген түрiнiң конструкциясында жалпыға бiрдей төрт бөлiм (секция) болады (11.1. Сурет):

I- Негiзгi айыру бөлiмі, ол мұнайдан газдың қарқынды бөлініп шығуына қызмет етеді. Айыру бөлiмiнiң жұмысына айырғыштағы қысымның, температураның төмендеу дәрежесi, мұнайдың физика-химиялық қасиеттерi (әсіресе оның тұтқырлығы), өнiмдi айырғышқа енгiзу құрылғысының конструкциясы (радиалды немесе тангенциалды), сонымен қатар әртүрлi сұғындырмаларды – сымды торды, диспергаторларды қолдану елеулi түрде әсер етедi.

етілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған? - student2.ru II -Тұндыру бөлiмi, мұнда айыру бөлiмiнен мұнаймен бірге iлескен газ көбiктерiнің қосымша бөлінуі жүредi. Мұнайдан окклюдирленген газ көбіктерiн қарқынды бөлу үшiн, мұнайдың қозғалыс жолын ұзарта отырып оларды жұқа қабатша түрінде көлбеу жазықтықтар бойымен бағыттайды. Жазықтықтарды шағын баспалы етiп жасайды, бұл мұнайдан газдың бөлiнуiне септiгiн тигiзедi. III -Мұнайды жинау бөлiмi, бұл бөлiм айырғыштың ең төменгі жағында болады және мұнайды жинау мен оны айырғыштан шығару үшiн қызмет етеді. IV -Тамшыұстау бөлiмі, айырғыштың жоғарғы жағында орналасқан және газ ағынына iлескен сұйық тамшыларын ұстап қалуға арналған.
11.1. Сурет. Тiк айырғыштың жалпы көрiнiсi

1-ұңғы өнiмiн енгiзу; 2-тарату коллекторы; 3-“өзiне дейiн” деңгей реттегiші; 4-тамшы-ұстағыш сұғындырма; 5-сақтандырғыш клапан; 6-көлбеу жазықтықтар; 7-қалытқы түрiндегi деңгейдi реттегiштiң көрсеткiшi; 8-аткарушы механизм; 9-дренажды құбырша; 10-бөгет; 11-суөлшегiш әйнек; 12-жапқыш шүмек (краник); 13-дренажды құбыр.

етілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған?

Мұнай өндіруші аудандардағы мұнай, газ және суды жинау мен дайындау комплекстерінің жетілдірілген жүйелерін осы саладағы соңғы жетістіктер мен ғылыми зерттеу жұмыстарына талдау жасап және толықтырулар негізінде, сонымен қатар мұнай кен орындарын жобалау, тұрғызу және пайдаланудағы отандық пен шет елдік тәжірибелерге сүйене отырып Гипровостокнефть және ВНИИСПТнефть институттары жасады.

Осы жоғарыда аталған барлық жүйелер жетілдірілген технологиялық сұлба түрінде берілуі мүмкін. Бұны, берілген кенорнының арнайы ерекшеліктерін ескере отырып мұнай кенорнын тұрғызуды жобалау кезінде қолданады және келесі шарттар қарастырылады:

· мұнай, газ және суды жинау мен тасымалдау үрдістерінің толық саңылаусыздығы;

· ұңғылар өнімінің АТӨҚ-да газ бен сұйыққа бөлінуі және әрбір ұңғы бойынша олардың мөлшерін өлшеу;

· суланған және суланбаған мұнайды бірге немесе бөлек тасымалдау;

· ұңғы өнімдерін дайындау және оны одан әрі өңдеу үшін мұнай жинау коллекторларын пайдалану;

· мұнайдан газды сапалы түрде айыру;

· ақаба (сточный) суды дайындау және оларды ҚҚҰ жүйесіне беру;

· мұнайды тауарлы сапаға дейін дайындау (сусыздандыру және тұзсыздандыру);

· тауарлы мұнайдың мөлшері мен сапасын дәл автоматты өлшеу;

· Мұнайды дайындауға (МДҚ) арналған құрылымдар жиынтығы:

· А-1 (С-1) – 1-ші сатылы айырғыш;

· А-2 (С-2) – 2-ші сатылы айырғыш;

· А-3 (С-3) – 3-ші сатылы ыстық айырғыш (яғни, соңғы айырғыш);

· Т-1 (О-1) – алдын-ала сусыздандыру тұндырғышы;

· Т-2 (О-2) – тереңірек сусыздандыру тұндырғышы (көбінесе А-2 мен

· Т-2 бір аппаратта Т,А-2 орналасады);

· П-1 – эмульсияны қыздыруға арналған пеш;

· ТТ – тамшы түзгіш;

· А – сусызданған мұнайды алдын-ала тұзсыздандыру үшін оны тұщы сумен араластыруға арналған араластырғыш;

· Э – тереңірек тұзсыздандыруға арналған электродегидратор;

· Р-1 – тауарлы мұнайды қабылдауға арналған резервуарлар;

· А – мұнайдың мөлшері мен сапасын өлшеуге арналған автомат;

· МС – мұнайды айдауға арналған сораптар.

·

· Суды дайындайтын (СДҚ) және шламды дайындауға (ШДҚ) арналған құрылымдар жиынтығы:

· ТБ (БО) – МДҚ-нан келетін суды тұндыру блогы;

· АМҚБ (БОН) – ауланған мұнайды қабылдау блогы;

· МГЦ – Ағынды (сточный) сулардан (әсіресе жауын-шашын суларынан) механикалық қоспаларды бөлуге арналған мультигидроциклон;

· АҚБ (БОС) – буферлі сыйымдылықтан ағындарды қабылдайтын және айдайтын блок;

· ШС (ЕШ) – шламға арналған сыйымдылық;

· СГБ (БДВ) – суды газсыздандыру блогы;

· СШӨТ (УЗРВ) – су шығынын өлшейтін торап;

· Р-2 – таза қабат суларының резервуары;

· СС (НВ) – таза қабат суларына арналған сораптар.

· Құбырларды белгілеу:

· М1 – айырғыштың бірінші сатысынан өткен мұнай;

· М2 – айырғыштың екінші сатысынан өткен мұнай;

· М3 – кондицияланбаған (яғни сапалық дәрежеге жетпеген) мұнай;

· М4 – тауарлы мұнай;

· Г1 - айырғыштың бірінші сатысынан өткен газ;

· Г2 - айырғыштың екінші сатысынан өткен газ;

· Г3 - айырғыштың үшінші сатысынан өткен газ;

· Г4 – свечаға жағылатын газ;

· Г5 – тауарлы мұнай газы;

Наши рекомендации