Курс бойынша емтихан сұрақтары

1. Кенді талдау қандай кендерге қолданылады?

2. Кенді талдаудың технологиялық процесін іске қосу негізінде қандай шарттарды ескеру қажет?

3. Қандай кеннің заттық құрамына байланысты кенді талдаудың түрлерін қолданылады?

4. Кенді қолмен талдау қандай өндірісте қолданылады?

5. Өнімнің құрамын қарай кенді қолмен талдау үшін қандай аппараттар қолданылады?

6. Автоматтық кенді талдау минералдардың қандай қасиеттеріне негізделген?

7. Автоматтық кенді талдау қандай элементтерден тұрады?

8. Фотометриялық сепарациялау минералдардың қандай қасиеттерін негізделген?

9. Фотометриялық сепарациялау жұмыс істеу принципі?

10. Минералдарды фотометрия кезінде қандай кластар ірілігіне болуы қажет?

11. Қандй элементтер фотометриялық қондырғы құрамына кіруі?

12. Лазер сәулесі не үшін қолданылады?

13. Қандай кендерді байыту үшін фотометриялық сепарациялау пайдаланылады?

14. Минералдардың қандай қасиеттеріне рентгенолюминеценттік сепарация негізделген?

15. Люминисценция құбылысы кезінде жүретін процестін түрлері?

16. Сәуленің интенсивтілігі қандай шамалармен байланысты?

17. Ренгенолюминиценттік сепарациялық жұмыс істеу принципі?

18. Термоадгезиондық байыту әдісінде минерал түйіршіктерінің қандай қабілеттігі пайдаланады?

19. Жылу сәулелердің не үшін пайдаланады?

20. Қандай минералдар термоадгезионды сепарация пайдаланылады?

21. Термоадгезионның жұмыс істеу принципі?

22. Декрипитация дегеніміз не?

23. Декрипитация қандай операциялардан тұрады?

24. Қандай минералдарды байыту үшін декрипитация қолданылады?

25. Декрипитация жұмыс істеу принципі?

26. Үйкелуі мен пішініне байланысты байыту қандай минералдарға қолданылады?

27. Үйкеліс коэффициент дегеніміз не?

28. Үйкеліс коэффициент қандай шамамен анықталады?

29. Сепараторлардың түрлері үйкелуі байыту кезінде қолданылатын?

30. Жазықты, ленталы сепараторлардың құрылысы қандай?

31. Кенді серпімділігі бойынша байыту дегеніміз не?

32. Кенді серпімділігі бойынша байыту кезінде қолданылатын аппараттар?

33. Радиометриялық сепарация дегеніміз не?

34. Радиометриялық сепарация қолданатын сепараторлардың пайдалану принципі?

35. Қандай этаптардан радиометриялық байыту процесі тұрады?

36. Үйінді түрде еріту әдісі дегеніміз не?

37. Қандай кендерді бөліп алу үшін үйінді еріту әдісі қолданылады?

38. Үйінді еріту әдісіне қойылатын талаптар?

39. Үйінді еріту әдісінің технологиясының құрамын қандай?

40. Алаң қалай дайындалады?

41. Қандай факторлар үйінді еріту әдісіне әсер етеді?

42. Үйінді еріту әдісінің түрлері?

43. Жұмырланған материал сапасына қандай фактор әсер етеді?

44. Алтын үймектеп еріту технологиясының құрамы қандай?

45. Алтын ерітіндіден цементациямен қалай бөлінеді?

46. Автоматтық талдау кен кесектерінің мөлшері қанша мм кезінде қолданылады?

47. Үйінді ерітінділеу үшін пайдаланатын орынды дайындауға қандай материалдар қолданады?

48. Қалайы концентратын балқыту алдында оны қандай кірмелерден тазалау керек?

49, Минералды шикізаттарды сұрыптағанда заттың ең жоғарғы ірілігі қандай болуы керек?

50. Алтынды ерітетін химиялық реагентті ата?

51. Термоадгезиондық әдіс қандай минералдарға қолданылады?

52. Рентгенолюминесценттік сепарация неге негізделген?

53. Люминесценция құбылысы қалай пайда болады?

54. Декрипитация әдісі қандай кенді байыту үшін қолданылады?

55. Радиометриялық сепарация неге негізделген?

56. Радиометриялық байыту қайда қолданылады?

57. Сподумен кенін байыту кезінде қанша мм-ге дейін ұсатамыз?

58. Үйкелуі мен пішініне байланысты байыту минералдардың қандай қасиеттерін пайдаланады?

59. Сепараторлардың тұрақты магниттері қандай қоспадан жасалады?

60. Күшті магнитті минералдарды ата?

61. Әлсіз магнитті минералдарды ата?

62. Магнитті байытуда қандай көмекші жабдықтар қолданады?

63. Қандай минерал шикізаттарына рентгенді люминисцентті сепаратор қолданылады?

64. Қандай талдау өнімділігі шағын өндірістерде қолданылады?

65. Талғамды ұсату және декрипитация әдісімен қандай қазба байлық түрлері тиімді бөлінеді?

66. Автоматтық талдау кен кесектерінің мөлшері қанша мм кезінде қолданылады?

67. Автоматтық кенді талдау байытылатын өнімнің қандай қасиеттерін қолдануға негізделген?

68. Қолмен талдау әдісі қандай жағдайларда қолданылады?

69. Бағалы кеннің талдау нәтижесіндегі басты көрсеткіш не болып есептелінеді?

70. Фотометриялық сепарациялау неге негізделген?

71. Фотометриялық сепараторды жарықты (желілі) түрлі негізгі кен орындарын-дағы қандай кендерді байыту үшін қолданады?

72. Термоадгезиондық әдіс қандай минералдарға қолданылады?

73. Рентгенолюминесценттік сепарация неге негізделген?

74. Люминесценция құбылысы қалай пайда болады?

75. Декрипитация әдісі қандай кенді байыту үшін қолданылады?

76. Сподумен қандай температурада жарылады?

77. Үйінді түрде ерітуге жіберу үшін, минерал жыныстары ерітінді жақсы өту үшін қандай болу керек?

78. Үйінді түрде еріту кезінде кенде қандай материалдар болмауы керек?

79. Декрипитациямен дайындалған кендегі минералдар қандай болып келеді?

80. Үйінді түрде еріту кезінде қышқыл түзетін қосылыстар үлесі қандай болуы керек?

Глосарий

Радиометриялық байыту - минералдарды радиоактивті қасиеттерінің айырмашылықтарына негізделген әдісі.

Электрлі байыту- минералдардың тоқ өткізгіштік қасиеттерінің айырмашылықтарына негізделген байыту әдісі. Сульфидті және тотықты минералдарының бірсыпырасында жартылай тоқ өткізгіштік қасиеттері болады. Электрлі байыту әдісі тек құрғақ түрде және ұнтақты (-3+0,5), шаңнан тазаланған затқа қолданылады. Сондықтан бұл әдіс кенді байытуға емес, тек басқа әдістермен алынған түйіршікті концентраттардың сапасын жетілдіруге қолданылады.

Минерал кристалдарының пішініне қарай байыту- бұл әдіс ірі кристалды және айрықша пішінді минералдарды бос жыныс минералдарынан қолмен сұрыптап бөлуге негізделген. Осыған байланысты ол сирек қолданылады.

Үйкелісіне қарай байыту- бұл әдіс негізінде асбест кендерін байытуға қолданылады. Асбест талшықтарының аппараттың арнаулы бетімен үйкеліс күші басқаларынан жоғары болады.

Магнитті байыту- бұл байыту әдісі кен ішіндегі бағалы минералдардың магнитті қасиеттері болса ғана қолданылажды. Мұндай кендерде негізінде темір кендері жатады.

Магнитті бөлгіш- магнитті байытуда қолданылатын әр түрлі конструкциялы аппараттар. Кен құрғақ не пульпа түрінде, күшті не әлсіз магнитті, кесекті не ұнтақ түрінде болуына қарай тұрақты, болмаса электромагнитті жүйелі барабанды, валкалы, дискалы және т.б. түрлері қолданылады.

Үйкелу коэффициенті- тиісетін екі заттың арасындағы физикалық әрекет күшін сипаттайды.

Жылтырлық- минералдардың жарықты сындыру көрсеткішіне және беттің тегістігіне тәуелді физикалық қасиеті. Бұл қасиет кенді қолмен және механикалық сұрыптауда пайдаланылады.

Кедей кен- құрамында металл үлесі техниканың қазіргі даму сатысында тиімді пайдалануға қажетті мөлшерден төмен кен түрлері.

Бункер- бүнкір, қойма. Белгілі уақыт ішінде кен сақтайтын, бір процестен екінші процеске түсіру арасында қолданылатын сыйымды қондырғы. Пайдалану мақсатына қарай ол бірнеше түрге бөлінеді: қабылдағыш, бөлгіш, жинағыш, кен қасиетін орташаландырғыш және т.б.

Шама- заттардың көлемін (ұзындығы, биіктігі, көлденеңі арқылы), қасиеттерін сипаттайтын ұғым.

Кеннің заттық құрамы- кеннің және одан алынатын өнімдердің ең басты сипаттамасы. Ол химиялық талдаумен анықталады.

Сәуле шығару- радиоактивті элементтердің, сол сияқты электронды шамдардың белгілі сәулелер шығаруы.

Бағалы затты бөліп алу дәрежесі-кеннен бағалы заттың бөліп алыну мөлшерін көрсететін басты технологиялық көрсеткіш. Оны есептеу үшін кендегі және одан алынатын концентраттағы металл массаларын білу қажет.

Сыйымдылық- сыйымды жабдық ретінде бункерлер, чандар, зумпфтар (қара-Чан, Зумпф) қолданылады.

Ерітінділеу- ерітінділеу процесі көбінде сапасы төмен тотықты (мыс., мыс) кендер үшін қолданылады. Ерітіндіге ион түрінде шығатын бағалы зат әр түрлі әдістерді қолдану арқылы одан бөлініп алынады. Еріткіш ретінде күкірт қышқылы, тұз қышқылы, аммиак және темірдің күкірт қышқылды тотығы қолданылады. Бұл процестің ерекшелігі сол, кен құрамынан негізінде металдың тотықты минералдары ериді.

Концентрат сапасы- концентрат сапасы негізгі металдың және кірме заттардың проценттік үлестерімен бағаланады. Негізгі металл үлесі неғұрлым жоғары, ал кірме заттардың үлесі белгілі мөлшерден аспауы қажет.

МАЗМҰНЫ

1. Пәннің оқу бағдарламасы – SYLLABUS....................................3

1.1. Оқытушы туралы мәліметтер..................................................................3

2. Қолға берілетін активті материалдар Мазмұны.............7

2.1. Курстың тақырыптық жоспары..............................................................7

2.2 Дәрістер конспектілері..............................................................................7

2.3 Тәжірибелік сабақтардың аттары және мазмұндары...........................42

2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ, аудиториялық).44

2.5. Студенттердің өздік жұмыстарының (СӨЖ) мазмұны...................... 45

2.6 ´çäiê áàºûëàó ¾øií òåñò òàïñûðìàëàðû...................................................46

2.7 Емтихан сұрақтары................... .........................................................51

Наши рекомендации