Ндірістік практиканың анализ талдауы

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің экология мамандығының студенті Атамуратова Ару “Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясында” өндірістік тәжірибені өттім

Айы,күні Орындалған жұмыстың қысқаша жиынтығы  
    Мен ЖШС “ААТС” – ның қызметінің нормативтік құқықтық базасымен, сондай- ақ қауіпсіздік ережесімен танысу  
    Тәжірибе станциясының тарихы мен даумын зерттеп қарастыру  
    Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясының жалпы жұмыс бөлімдерімен танысу  
    Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясының лаборатория бөлімдерімен танысу  
    Жабайы өсімдіктер бөлімімен танысу  
    Ауыл шаруашылық дақылдарының жоғары және сапалы түрлерін зерттеп қарастыру    
    Астық және жем-шөп дақылдарын өсірудің қазіргі заманғы технологиялармен дамыту және енгізуді таныстыру  
    Топырақты нөлдік өңдеудің технологиясын зерттеу және тікелей себу  
    Ауыл шаруашылығы және картоп бөлімімен жұмыс  
    Селекция бөліміндегі жұмыс    
    Өсімдіктерді карантинді тазалау    
    “ТОК” шекарасындағы жұмыс  
    Дәнді тұқымдарды , бұршақ тұқымдастарды, майлы дақылдарды , жемшөптерді зерттеу  
    Арам шөптерден мақсарларды түптеу Тұқым майының мазмұнын талдау  
    Зертханалық жұмыс:африкалық тарының маңыздылығы мен құндылығын зерттеу  
    Зиянкестер мен арам шөптерден дақылдарды қорғау    
    Далалық жұмыстар: африалық тарыны түптеу  
    Ауыл шаруашылық қызметінің жұмыстарын үйрену,талдау. Практика жоспарларын білім тұрғысынан дағдылану, тұрақты операцияларды жүргізу, есеп беру жинағы.  
    Жиналған материалдарға сәйкес өндірістік тәжірибе бойынша есеп беру  

Қорытынды

Бүгінгі уақытта Ақтөбе облысы мен университет аграрлық білім мен ғылымды дамытуда сәтті әріптестік жүргізіп келеді. Ықпалдасу бағыттары бойынша қазіргі кезде біздің ғалымдарымыз ауыл кәсіпкерлеріне ауыл шаруашылығының барлық бағыттар бойынша кеңес беру қызметтерін ұсынуда. Атап айтқанда, дақылдардың сорттары, оларды өңдеу, егіс айналымы туралы; өсімдік және мал аурулары, зиянкестермен күрес; ресурс үнемдейтін технологияларды пайдалану мәселелері; жылыжайларды тиімді пайдалану; жем дайындау және оны ұтымды пайдалану, кооперативтік негізде үй қажеттіліктері үшін жемшөп өндірісін дамыту; ветеринарлық қызметтер; мал тұқымы мен оларды жасанды ұрықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру; жайылымдарды дұрыс пайдалану мен тамшылатып суару; маркетингтік қызметтер ұсына алады. Осы орайда, өзара ынтымақтастық бағыты мемлекет қойған міндеттерді шешуді жеделдетіп, әлемдік нарықтағы экономиканың агарлық секторындағы тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік беретінін сеніммен айта аламын.

Аталған бағыттағы ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында университетіміз өңірдегі көшбасшы жоғары оқу орындары — С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Қазақ-орыс халықаралық университеті, Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі және өзге де кәсіптік лицейлер мен «Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы», шаруашылық бағыттағы ғылыми-зерттеу орталықтары мамандарымен бірлесе отырып облыстың агроөндірістік кешенінде кооперацияны дамыту бойынша, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және өзге де салаларда қордаланып қалған мәселелерді шешуге ықпал етпек. Өндірісте жаңа технологияларды игеру — бүгінгі күннің басты талабы. Қазақстанның аграрлық саласының сыртқа өнім шығару мүмкіндігі мол. Өндіріс пен ғылымды байланыстыру мәселесінде де әлеуетіміз баршылық. Экспортты күшейту үшін бұл мүмкіндікті жіберіп алмауымыз қажет екенін әр ауыл шаруашылығында жұмыс жасайтын кәсіпкер түсінуі тиіс. Осы орайда ғылым, білім, өндіріс интеграциясын күшейту арқылы ұсақ шаруашылықтарды ірілендіре отырып ел экономикасын инновациялық бағытта өркендету қадамын жетілдіре түсу басты принципке айналуы тиіс.

Наши рекомендации