КсенобиотиктердіҢ зиянды Әсерін тӨмендету жолдары
Ксенобиотиктер дегеніміз - антропогенді қызметтің нәтижесінде пайда болатын, тірі организмдер үшін бөгде зат -пестицидтер, тұрмыстық химиялық препараттары және басқа да ластаушылар болып табылады. Тағамқұрамындағы ксенобиотиктер деңгейін мемлекет тарапынан төмендететін бағыттар:
- азық-түлік шикізаттарының сапасына бақылауды күшейту;
-жаңа, пайдалы, адамға қауіпсіз шикізат ресурстарын іздеу;
-азық-түліктерді өндіруде қондырғы мен ыдыстарға тот баспайтын құрыштарды қолдану;
- азық-түліктер мен адам организміндегі қауіпті заттардың метаболизмінің ерекшеліктері, әсер ету механизміндерін зерттеу;
-тағамға табиғи өнімдерді қосу;
-тағам түрлерін байытуға, өндіруге, табиғи үстемелерді өндіру, қолдану;
-химиялық құрамы өзгертілген, жаңа қауіпсіз азық түрлерінің технологиясын жасау;
- ҚР халқының салауатты тамақтануы жөнінде санитариялық ағарту жұмыстарын кеңейту.
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Заңына сай 30-бапта- Тамақ өнімдерін сәйкестендіру:
1) тамақ өнімдері партиясының мөлшерін айқындау;
2) сәйкестендіру әдістері (күнін белгілеу, тамақ өнімдері партиясын кодтау);
3) қайтар жолын қадағалау мақсаты үшін тиісті жазбалар жүргізу рәсімдері арқылы қамтамасыз етіледі.
2. Тамақ өнімдерінде және (немесе) оның бумасында (ыдысында) мынадай деректерден тұратын анық және өшпейтін сәйкестендіру жазбасы болуға тиіс:
1) тамақ өнімдерінің атауы және (немесе) сериясының немесе түрінің белгіленуі, нөмірі;
2) өндірушінің (әзірлеушінің) атауы және оның заңды мекенжайы;
3) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде көзделген жағдайлардағы сәйкестік белгісі;
4) дайындалған күні және жарамдылық мерзімі.
Техникалық регламентпен айқындалған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінде және (немесе) оның бумасында (ыдысында) өндіру объектісінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін есептік нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.
3. Барлық ықтимал әсері бар қатерлер сәйкестендірілуге тиіс.
31-бап. Қатерлерді талдау, бағалау және басқару
1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қолданылатын шаралар қатерді талдауға негізделуге тиіс.
2. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау кезінде қолдағы ғылыми деректер, өңдеудің және өндірудің (дайындаудың) тиісті әдістері, инспекциялау, іріктеп бақылау, зертханалық зерттеулер әдістері, нақты аурулардың таралу деңгейі, аурулардан ада аймақтардың болуы пайдаланылуға тиіс.
3. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау:
1) адам организміне және тамақ өндірісі үшін қажетті жануарларға зиянды әсер етуі мүмкін сипаттамаларды анықтау;
2) әрбір анықталған ықтимал әсері бар қауіптің адам организміне әсерін және олардың салдарын талдау;
3) анықталған қатерлерді шектеу шараларын айқындау жолымен жүзеге асырылады.
4. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің қатерін бағалау тамақ өнімдерін зертханалық зерттеу барысында қатерлерді кешенді бағалау ретінде жүзеге асырылады.
5. Тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) қатерді бағалау және оны шектеу жөніндегі шаралар туралы мәліметтер нормативтік-техникалық құжаттамада болуға тиіс. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қатерге талдау жүргізілмей, тамақ өнімдерінің жаңа түрлерін әзірлеуге (жасауға) жол берілмейді.
6. Қатерді басқару қатерді бағалау нәтижелеріне, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына ықтимал зиянды әсер етудің алдын алу принципіне негізделуге тиіс.
32-бап. Адам өмірі мен денсаулығына ықтимал зиянды әсер етудің алдын алу
1. Қатерді талдау және бағалау кезінде адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсердің ықтималдығы сәйкестендірілген, бірақ қолдағы ғылыми деректер оның дәрежесін айқындау үшін жеткіліксіз болған жағдайларда уәкілетті органдар қатерді басқару жөнінде уақытша шаралар қолдануға құқылы.
2. Қатерді басқару жөніндегі уақытша шаралар қатердің дәрежесін анықтайтын ғылыми деректер алу үшін қажетті ең аз уақыт кезеңі ішінде қайта қаралуға тиіс.
34-бап. Өтпелі кезеңде генетикалық түрлендірілген объектілері бар тамақ өнімдерін
әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің
(сатыларының) ерекшеліктері мен тамақ өнімдеріндегі генетикалық түрлендірілген объектілер қауіпсіздігінің ғылыми негізделген расталуы белгіленгенге дейін олардың Еуропалық Одақ мемлекеттерінде белгіленгеннен аспайтын тамақ өнімдері құрамындағы деңгейі қабылданады.