Мәйітті жоқтаудың харамдығы

Жаназа бабындағы әйелге қатысты үкімдер

(Шейх Солих Фаузан)

Алтыншы бөлім

Аллаһ Тағала барлық адам баласына өлім жазды. Мәңгілік қалатын тек қана Аллаһ Тағала. Бұл жайында Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Ұлы дәрежеге ие әрі жомарт Раббыңның өзі қалады».[1]

Адам баласының жаназалары, оны тірілерге орындауы уәжіп болатын үкімдермен ерекшеленген. Бұл бөлімде жаназада әйелдерге байланысты нәрселерді атап өтеміз.

1) Өлген әйелді әйелдер жуулары керек

Оны өзінің күйеунен басқа еркектерге жууларына болмайды. Бірақ еркекке өзінің әйелін жууына болады. Өлген еркекті еркектер жуындырады. Оны өзінің әйелінен басқа әйелдердің жуындыруына болмайды. Әйелге өзінің күйеуін жуындыруына болады. Себебі Али өзінің әйелі, Пайғамбарымыздың қызы Фатиманы жуған және Умайс қызы Айша (оларға Аллаһ разы болсын) өзінің күйеуі Абу Бакр Сыддықты жуған.

Йел адамның бес ақ матаға кебінделуі абзал

Олар:киетін изары,[2] әйелдің басына жамылатын жамылғы, көйлегі және осылардың үстінен орайтын екі ақ мата.Өйткені Ләйлә Сақофия (Оған Аллаһ разы болсын) риуаят еткен хадисте: «Пайғамбарымыздың қызы Умму Күльсімнің қайтыс болған кезінде оны жуушылардан болдым. Аллаһтың елшісі бізге берген нәрсенің алғашқысы хиқо (изар) кейін камзол, кейін жаулық, кейінгісі мильхафа (жамылғы) еді. Сосын бұдан кейін оған басқа көйлек оралды» - деді.

Имам Шауканий «Найлуль Аутар» атты кітабын-да(4/42): «Хадис әйел адамның кебінінде шариғат бойын-ша: изар, камзол, жаулық, милхафа (жамылғы) және дурж[3] болуы керектігін көрсетеді» - деді. Сөз соңы.

Лген әйелдің шашына байланысты істер

Қайтыс болған әйелдің шашы үш өрім қылынады да артына тасталынады. Өйткені Умму Атия (Оған Аллаһ разы болсын) Пайғамбарымыздың қызын жуу сипаты жайындағы хадисінде: «Оның шашын үш өрім қылып өрдік те, артына тастадық» - деді.

Йелдердің жаназаға еру үкімі

Умму Атия (Оған Аллаһ разы болсын) былай деді: «Жаназаға еруден қайтарылдық, және бізге бұл бүтіндей тыйым етілмеді»[4]

Бұл хадистегі әйелдерді жаназаға еруден қайтарудың сыртқы көрінісі оның харам екендігін білдіреді және Умму Атияның (Оған Аллаһ разы болсын): «Бізге бұл бүтіндей тыйым етілмеді»- деген сөзі жайында Шайхул Ислам фатауалар жинағында(24/355) былай деді: «Умму Атияның сөзінен болған мақсаты — тыйым қуатталмады деген болуы мүмкін. Бірақ бұл оның харамдығын жоймайды. Умму Атия бұл қайтаруды харам болған қайтару емес деп ойлаған болуы да мүмкін. Дегенмен дәлел Пайғамбарымыздың сөзінде, басқа біреудің ойында емес».

Йелдерге қабірлерді зиярат етудің харамдығы

Абу Хурарйрадан:«Пайғамбарымыз қабірлерді зиярат етуші әйелдерді лағанеттеді»[5] - деген хадис риуаят етілді.

Шайхул Ислам Ибн Таймия: «Расында әйел үшін бұл есік ашылатын болса, әйел затында әлсіздік пен шыдамсыздықтың басым болғандығы себепті, сондай-ақ онда сабырдың кемдеу болғандығы үшін қабірлерді зиярат ету — әйелді (қабірдің басында) қайғыруға, өлікті жоқтауға және жылап-сықтауға апаратыны белгілі. Сондай-ақ әйелдің қабірдің басында жылауы — өліктің зиян шегуіне әрі еркектердің оның даусын естіп және түрін көрумен фитналануына себеп болады. Өйткені басқа хадісте пайғамбарымыз :«Расында сендер еркек-терді фитналандырасыңдар әрі өлікке аза келтіресіңдер» - деген.

Абірге бару және өлік үшін дұға тілеу сауапты іске жатады. Бітақ ол жерге барып өлікті жоқтап жылау және фитнаға тап болу одан да үлкен күна болып табылады. Сондықтан бір сауапты іс істеймін деп одан да үлкен күнаға түспеу үшін қабірлерге барудан қайтарылады.

Бөгде әйелдің ішкі зейнетіне қарау фитна болғандығынан оның харам етілуі сияқты, сондай-ақ онымен жеке қалудың харамдығы және тағы бұдан басқа да бөгде әйелдерге көз тігу харам етілгеніндей, харамға апаратын жолды тосу мақсатында әйелдердің қабірлерді зиярат етулері харам етіледі.

Әйелдердің қабірлерді зиярат қылуында бұл зиянға қарсы келетіндей бір пайда жоқ. Өйткені әйелдің қабірді зиярат етуінде өлікке дұға қылуынан басқа еш нәрсе жоқ. Ал дұғаны әйел үйінде де сұрауына болады». Сөз соңы. Фатуалар жинағы (24/355/356)

Мәйітті жоқтаудың харамдығы

Мәйітті жоқтаудың харам етілген түріне — ол үшін қайғырып даусты көтеріп жылау, киімін жырту, бетін ұру, шашты жұлу, жұзін қаралау және оны тырнау жатады. Сондай-ақ қайғы тілеп дұға қылу және тағы сол сияқты бұдан өзге де Аллаһтың үкімі мен тағдырына шыдамсыз-дық пен сабырсыздықтың жоқтығына дәлел ететін істерді істеу — мәйітті жоқтаудың тыйым салынған түрі болып табылады. Бұл істер харам етілген және үлкен күнәға жатады. Өйткені Имам Бухарий мен Муслимнің «Сахих» атты кітаптарында риуаят етілген хадисте Пайғамбары-мыз : «Бетін ұрған, жағасын жыртқан және надандық дәүірінің істерін істеген адам бізден емес» - деді.

Осы кітаптарда келген басқа хадисте Пайғамбарымыз: «Қайғы кезінде даусын көтеретін, шашын жұлатын және киімін жыртатын әйелден аулақпын» - деген. Сахих Муслимде «Пайғамбарымыз жоқтау айтушы әйелді және оны тыңдаушы әйелді лағынетттеді» - деген хадис риуаят етілген. Яғни: өлік жырын тындауды мақсат еткен және оны жақсы көретін әйел.[6]

Әй мусылман әйелі, қайғыға жолыққан кезіңде саған бұл харам істерден аулақ болу және қиыншылыққа сабыр сақтап Аллаһтан сауап үміт етуің уәжіп болады! Өйткені сонда ғана қайғы-қасірет сенің күналарыңды өшіреді және жақсы амалдарыңды көбейтеді.

Аллаһ Тағала былай айтады: «Әрине, сендерді қауіп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай–ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз. (Мұхаммед, сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр! Қашан оларға бір қайғы жетсе олар: «Шын мәнінде біз Аллаһқа тәнбіз, әрі оған қайтушымыз» - дейді. Міне соларға, Раббылары жақтан жарылқау және марқамет бар. Әрі олар тура жолдағылар»[7].

Әрине, өлім кезінде жыласа болады. Бірақ жоқтау айтып қайғыруға, харам істер істеуге және Аллаһтың үкімі мен тағдырына ашулануға болмайды. Өйткені жылау — мәйітке деген мейірімділік және жүректің жұмсаруы және жылауды адам қайтара алмайды. Сондықтан өлім кезінде жылау мубах, кейде мустахаб та болуы мүмкін.


[1] Рахман. 27

[2] Изар: белден төмен қарай оралатын мата, оны қажылықта еркектер ихрамға кіргенде киеді, сол сияқты ертеде араптардың киімі изар мен рида болған. Изармен белден төмен қарай оралады, ридамен иықтан төмен қарай оралады.

[3] Барлық матаның сыртынан орайтын бұл.

[4] Бухарий, Муслим р-ты.

[5] Ахмад, Ибн Мәжжа және Титмизий р-ты. Бұл хадисті Тирмизий сахих деді.

[6] Сонлай-ақ біреу дүниеден өтсе, әсіресе әйелдерге қара киім киюлері немесе бала-шағасының тойларын тоқтату және еркектердің шаштарын алмай қоюлары және тағы басқа осыған ұқсас істер шариғатта жоқ. Сондықтан бұндай істерден ұзақ болу керек.

[7]Бақара. 155-157

Наши рекомендации