Техникалардың көктемдік жұмыстарды орындау технологиясы
Көктемдік жұмыстарда пайдаланатын техникалардың сипаттамасы.
Плугтар жер қыртысын аударып жыртуға арналған. Мұндай өңдеу кезінде арамшөптер мен өсімдік қалдықтары тереңге көміледі және себілген тұқымның өніп жығуына қолайлы жағдай жасалады. Плугтың өзі негізгі және қосымша бөліктерден тұрады.Негізгі жұмысшы бөліктер тікелей топырақ өңдеуге қажетті жұмыстарды атқарады, ал қосымша бөліктер сол негізгі жұмысшы бөліктерге қызмет етеді.Плугтың негізгі жұмысшы бөліктері: негізгі корпус, шолақ түрен және пышақ.
Культиваторлардың жұмысшы мүшелеріне штангалы, инелі дисканы, түптегіш корпусты, арық қазғышты да жатқызуға болады. Инелі дискамен егісті қопсытады, түптегіштермен картоп түбіне топырақ үйеді, арық қазғышпен суаруға керекті арық қазылады, ал штангамен жерді қопсытады.
Культиватордың жұмысшы мүшелеріне басқа қатар аралық өңдейтін, тыңайтқыш себетін аппарат болады. Қатар аралықты өңдейтін культиваторлар шаршы-ұялап және кең қатарлы етіп егілген өсімдіктерді күту үшін қолданылады. Қатар аралықты өңдейтін культиваторлардың да көптеген маркасы бар. Олардың атқаратын жұмысы мен негізгі жұмысшы мүшелеріне басқа культиваторлардан айырмашылық жоқ. Айырмашылық тек жұмысшы алымында.
Дән көктеп шыққанда, тәртіппен орналасқан қаптаған шаршы ұяны көреміз.
Егу әдісіне қарай сеялкалар қатарлап себетін, тар қатарлы, пунктирлі, шаршы ұялы, бір дәнді және шашып себетін сеялкаларға бөлінеді. Тракторға агрегаттау әдісі бойынша тіркелетін сеялкалар аспалы, жартылай аспалы және тіркемелі болып бөлінеді. Әрбір сеялканың жұмыс тетіктері және көмекші бөлшектері мен механизмдері болады.
Тұқымды себер алдында арнайы өңдеуден өткізеді. Сонда ғана тұқымның өніп-шығуына және өсімдіктердің одан әрі өсуіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етіледі. Осындай жағдайларды атап өтелік: ылғалды барынша мол сақтау; арамшөптерді отау; өсімдіктің бойына коректік заттар жинақтау; топырақты су, ауа және жылу келуін қамтамасыз ететін күйге жеткізу; дақылдардың зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жүргізу; микроорганизмдердің тіршілігі үшін қажетті жағдайлар туғызу. Мұндай шаралар топырақты тырмалау, өңдеу, культивациялау және тегістеу арқылы асырылады.
Тырмалау арқылы топырақтың үстіңгі қабатын қопсытады, арамшөптерді жойып, ылғалдың буға айналып, ұшып кетуін азайту үшін, егістік бетін тегістейді. Бұл үшін ауыр, орташа және жеңіл тісті тырмаларды пайдаланады. Ауыр тырмалар топырақтың беткі қабатын терең әрі күшті қопсытады.
Тырмалардың түрін топырақтың жағдайына қарай таңдап алу қажет. Егер жұмысты орташа және жеңіл тырмамен атқарса, онда ауыр тырманы қолданудың қажеті жоқ, өйткені топырақты қатты шаңдатып жібереді. Тұқым сепкенге дейінгі культивациялаудың мақсаты тырмалаудың мақсатымен бірдей, яғни танапты арамшөптерден тазарту, ылғалды жинап, сақтау. Егер тырмаланған кезде топырақтың үстіңгі қабаты 4-7см тереңдікте өңделіп, қопсытылатын болса, культивацияланған кезде 8-10см немесе 12-14см тереңдікте өңделіп, қопсытылады.
Сыдыра жыртқыштар топырақтық жоғарғы қабатын қопсытуға, қопсытылған қабатты аздап аударуға және арамшөптерді жоюға сыдыра жыртқыштар қолданылады. Сыдыра жырту кезінде топырақтың жоғарғы қабаты араласып, ұсақталады да буланудан сақталады және жауын суларының төменгі қабатқа өтуіне жағдай жасалады. Өнімді жинап алғаннан кейінгі төгіліп қалған арамшөп тұқымдары жұмсартылған топыраққа енеді де тез өсіп шығады. Ал, зябь жыртқан кезде өсіп шыққан арамшөптер терең көміледі де біржолата жойылады. Сол сияқты сыдыра жыртқан кезде өсімдік сабақтарының төменгі жағында қыстап шығатын кейбір зиянкес жәндіктер де жойылады.
Өсімдік ауруларымен және зиянкестермен күресу үшін арамшөптерді жою үшін химиялық улы заттармен өңдейді. ОВС-А бүріккіштің негізгі бөліктеріне екі дөңгелек үстіндегі рама, сыйымдылығы 1800 л ыдыс, екі насос, түтіктер жүйесі, желдеткіш редукторы бар беріліс механизмі және эжектор жатады. Машинаның жұмыс схемасы мынадай болады. Ыдысқа құйылған улы зат ертіндісі сүзгілері бар түтігі арқылы насостарға барады. Мұнда үш поршеньді насос қойылған. Олар сорып алған ертіндіні қысым түтіктері арқылы сақтандырғыш және реттегіш клапандар қорабына жібереді. Қысым түтіктері соңында бүріккіш қондырғылар бекітілетін түтіктер бар. Ол түтіктердің әр жерінде бүріккіш қондырғы бекітілген. Қысым жүесінен келген ертінді үлкен қысыммен бүріккіштен шыққан кезде ұсақ тамшыларға бөлшектенеді. Бүріккіш қондырғының екі түрі болады. Сұйық шығатын тесік диаметрі 1,5мм шамасынан үлкен болса жай бүріккіш, 1,5мм шамасынан кіші болса, үнемді бүріккіш қондырғы деп аталады. Ертінді шығатын тесік алдында винттік сайы бар шток қойылады. Сұйық винттік сай арқылы тесікке жақындаған кезде айнала қозғалады да ары қарай ұсақтала түседі. Ал үнемді бүріккіш қондырғыда винттік сайдың ені тар болады да сұйық тамшыларды өте ұсақтап жібереді, ол жай бүріккіштен үш есе аз бүркеді. Оны көбінесе тұнба түсрейтін ертінділерді шашу үшін колданады. Бүріккш қондырғылардан ұсақталып шыққан улы зат ертіндісінің тамшыларын желдеткіштен шыққан ауа ағыны ары қарай ұсақтайды да майда тамшы түріндеағаштарға шашады. Желдеткіш арнаулы қораппен құрсауланған. Қысылып күшпен шыққан ауа ағыны бүріккіштерді қағып өтеді. Бүріккіште сұйықтың ұсақталуы,біріншіден, гидравликалық, екіншіден, пневматикалық жолмен орындалады, ал ұсақталғаннан кейінгі тасымалдауды ауа ағыны атқарады.
Өңделетін ағаш биіктігіне қарай желдеткішті екі түрлі жылдамдықпен айналдыруға болады. Ол үшін екі сатылы редуктор қойылған. Машинамен улы зат шашу номасын реттеу бүріккіш қондырғы санын және қысым шамасын өзгерту арқылы жүргізіледі. Бұл жұмысты реттегіш клапан атқарады.
Бүріккіштердің ішінді баяндалған ОВС-А бүріккіш сияқты принциппен істейтін көптеген түрлері бар. Олардың бірінен бірінің айырмасы шамалы. Тек жұмысшы мүшелері ғана басқаша орналасқан, өнімділігі әр түрлі және өңдейтін обьектілері бірдей емес.