IV. Жаңа білім іс–әрект амалдарын қорытындылау кезеңі.

– Ағаш жапырақтарын қалай кептіреді? – Қандай ағаш түрлерін білесің?

–Ағаш бұтағын тазалау үшін қандай құралдар қажет?

V.Рефлексия кезеңі:

–Бүгінгі сабақтағы ең маңыздысы не болды?

–Не үйрендіңдер?

– Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

VI.Үйге тапсырма:

Ағаш бұтағын тазалап әкелу.Аүаш бөліктерін жаттау.15-17 бет.

Оқушылардың жасаған жұмыстарына қарай бағалау:

Бекітемін:

Күні:6.10.14 Пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы:Ағаш жапырақтарынан пішін жапсырмалау.

Сабақтың мақсаты: Білімдік: Оқушыларға ағаш жапырақтарынан пішін жапсырмалау

түрімен таныстыру. Дамытушылық:Табиғи материал ағаш туралы түсініктерін кеңейтіп ой өрісін дамыту.Тәрбиелік:Ұқыптылыққа , еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ағаш жапырақтары т.б. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңіОқушылардың жұмысқа қажетті материалдарын тексеру.

Оқушы жұмыс орнының тазалығын еске түсіру.

Үй тапсырмасын тексеру

II.Оқушының субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

Өткен сабақты еске түсіру.

– Ағаш жапырақтарын қалай кептіреді? – Қандай ағаш түрлерін білесің?

–Ағаш бұтағын тазалау үшін қандай құралдар қажет

III. Жаңа сабақты оқып- білу кезеңі:

Оқушыларға ағаш өсімдік жапырақтарынан әртүрлі пішіндер жапсырмалауға болады. Ағаш түрлері қайың, терек, қарағай ,жөке ағашы, емен шырша жапырақтарын жинап кептіруге болады. Кепкен жапырақтарды қорапшаға сақтау.

1. Екі жапырақты жартылай қиып ал. Оның астындағы бетіне қылқаламның көмегімен желім жағып, қоянның құлағын қағаздың жоғарғы жағына жапсыр. 2.Үлкендеу жапырақтың қшын өиып, оны қоянның құлағының төменгі жағына желімде. Бұл қоянның денесі болады. 3.Қоянның аяқтарын жасау үшін шағындау екі жапырақ таңдап ал. Қоянның аяқтарын суреттегідей желімде. 4.Қоянның басын жасау үшін орташа жапырақты таңда. Оны құлағ мен денесінің қиылысқан тұсына жапсыр. Қоянның көзі мен мұрнын фломастермен сал.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Қолды алға созамыз

Бір отырып, бір тұрып Біз шынығып аламыз.

IV. Жаңа білім іс–әрект амалдарын қорытындылау кезеңі.

– Қайың қандай ағаш? – Қандай ағаш түрлерін білесің?

–Ағаш бұтағын тазалау үшін қандай құралдар қажет?

V.Рефлексия кезеңі:

–Бүгінгі сабақтағы ең маңыздысы не болды?

–Не үйрендіңдер?

– Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

VI.Үйге тапсырма:

Ағаш жапырағынан қоян пішінін жасау. 18-19 бет.

Оқушылардың жасаған жұмыстарына қарай бағалау:

Бекітемін:

Күні:10.10.14 Пәні: еңбекке баулу сынып: 2«Ә»

Сабақтың тақырыбы:.Өсімдік дәндерімен танысу.

Сабақтың мақсаты: Білімдік: Оқушыларды өсімдік дәндерінің түрлерін ажырата білуге және олардың

түрімен таныстыру. Дамытушылық:Табиғи материал өсімдік дәні туралы түсініктерін кеңейтіп ой өрісін дамыту.Тәрбиелік:Ұқыптылыққа , еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:өсімдіктердің дәнә т.б. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңіОқушылардың жұмысқа қажетті материалдарын тексеру.

Оқушы жұмыс орнының тазалығын еске түсіру.

Үй тапсырмасын тексеру

II.Оқушының субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

Өткен сабақты еске түсіру.

– Ағаш жапырақтарын қалай кептіреді? – Қандай ағаш түрлерін білесің?

–Ағаш бұтағын тазалау үшін қандай құралдар қажет

III. Жаңа сабақты оқып- білу кезеңі:

Ағаш және өсімдік дәндері табиғи материал түріне жатады. Бұл дәндер пішін дайындауға негізгі материал болып табылады. Қосымша материалдар үшін ермексаз, түрлі түсті қағаз, мата, таға, басқа материалдар пайдалаланылады.

Ағаш дәндері.

Емен ағашының дәні.(еменжаңғақ), қарағай бүрінің дәні, қызыл қарағай дәні, тұт ағашының дәні, жабайы жаңғақ ағашының дәні, жаңғақ ағашының дәні.

Сімдік дәндері.

Алма дәні, анардың дәні, күнбағыс дәні, бұршақ дәні, көкбұрыш дәні, асқабақ дәні.

Күнбағыс дәнінен кірпі пішінін жасау

Кірпі пішінін жасау үшін негізгі материал ретіндекүнбағыс дәндерін дайындаймыз. Ал қосымша материал ретінде қоңыр түсті ермексазды аламыз.

Кірпі жасау реті:

1.Алдымен кірпінің денесін қоңыр не қара түсті ермексаздан сомдаймыз.

2.Күнбағыс дәндерін кірпінің инесі есебімен қолдануға болады. Дәндерді кірпінің денесінің артқы жағынан бастап, алдына қарай қада. Көз басқа түсті ермексаздан дән жасауға болады.

Наши рекомендации