Quot;Қазмырыш" акционерлiк қоғамының қауіпсіздік техникасы
Өндірістік жабдықты пайдаланғанда және жөндеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеті – жұмысшылар денсаулығының нашарлауы және зақымдануларға әкелетін қауіпті өндірістік факторлардың алдын алу.
Құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері. Жұмыс барысында жұмысшылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде ең маңыздысы Еңбек қорғау (ЕҚ) және өміртіршілігі қауіпсіздігін қамтамасыз ету (ӨҚҚ) жөнінде нормативтік құқықтық актілер болып табылады. ЕҚ және ӨҚҚ бойынша нормативтік шарттарды әзірлеу және оларды сақтау, яғни шаруашылық және ведомстволық қызметінің саласына қарамастан жекеменшіктің барлық түрлері: кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдардың – мемлекеттің маңызды мәселесі болып табылады.
Өндірістік қызметтегі адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ҚР заңнамалық және нормативтік актілер жинағы: ҚР Конституциясы, Әкімшілік құқықбұзушылар туралы кодексі, Азаматтық процессуалдық кодекс, «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» және т.б. әрекет етеді.
Егер Конституция және басқа еңбек туралы заңдар құқықтық нормативтер болып табылса, онда актілер кестесінде келтірілген нормативтер кәсіпорындарға, өндірістік қызметтерге, ортаға, жабдықтарға қойылған талаптарды нақтайды; тұлғаларға міндетін, құқығын және ЕҚ мен ӨҚҚ туралы заңнамалық және басқа нормативтік актілерді анықтайды.
ҚР ЕҚ және ӨҚҚ саласында еңбек қауіпсіздігі жөнінде (ГОСТ ССБТ 12. …), 0-4 – қолданыстағы бес және 5-9 қордағы бес қосалқы жүйелерін қосатын ТМД мемлекетаралық стандарттар жүйесінің талаптарымен басшылық етеді.
Қызметкерлердің ЕҚ туралы заңнамалық және басқа нормативтік актілердің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі «Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі туралы» заңымен бекітілген, соған сәйкес кәсіпорын жұмысшылары ҚР бекітілген заңнамасы ретінде тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Еңбекті қорғаудың мемлекеттік басқармасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі ҚР министрліктері және ведомстволарында, сондай-ақ басқа да бірлестіктер мен кәсіпорындарда еңбекті қорғау қызметінің құрылуы қарастырылған, сонымен қатар, мұндай қызметтердің міндетті түрде құрылуы заң бойынша бекітілген. Осы Кодекста 50 адамнан астам санды кәсіпорындарда ЕҚ қызметін құру қарастырылған. Одан аз қызметкерлердің саны бар кәсіпорындарда осындай қызметті немесе маман лауазымын енгізу туралы шешімді жұмыс беруші кәсіпорынының әрекетін ескере отырып қабылдайды.
ЕҚ қызметінің негізгі міндеті: кәсіпорында ЕҚ бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру; кәсіпорын қызметкерлері ЕҚ және ӨҚН жөніндегі заңнамалық немесе нормативтік құқықтық актілерін сақтауын бақылау; өндірістік зақымданулардың, кәсіптік және өндірістік аурулардың алдын алу, әрі еңбек жағдайын жақсарту бойынша тәжірибелік жұмыстарды жетілдіру; ЕҚ мәселесі жөнінде жұмыс берушіге және қызметкерлерге кеңес беру болып табылады.
ЕҚ қызметі жұмысшыларын үйлестіру және тиімді жұмыс жасау мақсатында жыл бойы өткізілетін жұмыстардың, солардың мерзімі мен қаржысын көрсететін тізімдемесі белгіленген жалпы жылдық жоспар құрастырылады, яғни кәсіпорын ұжымдық келісіммен немесе шарттармен белгіленген көлемде қажетті құралдарды жыл сайын бөлу қажет. ЕҚ қызметі өзінің мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңеледі. ғымдарын қарастырып, күнделікті өмірдегі кездесетін ең керекті баптарға тоқталсақ..
Жалпы ережелер
· өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігінің, зияндылығының, ауырлығының жай-күйін, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет;
· еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс – шаралар кешенімен қамтамасыз етілетін қызметкердің қорғалу жай – күйі;
· еңбектің қауіпсіз жағдайлары – қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жоқ не олардың әсерінің деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтын, жұмыс беруші жасаған еңбек жағдайлары;
· төтенше жағдай – адамдардыңқазатабуынаәкеліпсоққаннемесеәкеліпсоғуымүмкін, олардыңденсаулығына, қоршағанортағажәнешаруашылықжүргізушіобъектілергенұқсанкелтіргеннемесекелтіруімүмкін, халықтыедәуірдәрежедематериалдықшығындарғаұшыратып, тіршілікжағдайынбұзғаннемесебұзуымүмкінавария, зілзаланемесеапатсалдарынанбелгілі бір аумақтатуындағанжағдай;
· өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтың өз функцияларын орындауы кезінде нормативтік - техникалық және жобалау құжаттамасында белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;
· өндірістік процестің қауіпсіздігі - өндірістік процестің нормативтік – техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;
· зиянды өндірістік фактор оның әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қаблеттілігінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
· зиянды еңбек жағдайы – белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қаблеттілігінің төменденуіне немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
· еңбек гигиенасы – қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық гигиеналық шаралар мен құралдар кешені;
· еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мониторингі - өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай – күйін қадағалау жүйесі;
· өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қаблеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не өліміне әкеп соқтырған өндірістік факторлардың әсері;
· қауіпсіздік нормалары - қызметкердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдық, техникалық, санитарлық – гигиеналық биологиялық және өзгеде нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндіріс және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
· еңбек жағдайларының нормативтері – еңбектің қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететін эргономикалық, санитарлық – гигиненалық және психофизиологиялық талаптары бар нормативтер;
· еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор – ұйымның кәсіподақ органы қызметкерлердің жалпы жиналысын тағайындайтын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкілі;
· қауіпті өндірістік фактор – қызметкердің еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына және де өліміне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
· қауіпті еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік факторлардың әсерін тигізуі қызметкер денсаулығының кеннеттен нашарлауына немесе жарақаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
· қызметкерлер өкілдері – қызметкерлері уәкелеттік берген кәсіптік одақтар органдары және олардың бірлестіктері, ал олар жоқ болғанда ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіппен құрылған өзге де өкілдер немесе ұйымдар;
· өндірістік жабдық – машиналар, тетіктер, аппараттар мен өзге де техникалық құралдар;
· өндірістік санитария – зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық – гигиеналық, ұйымдастыру іс – шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;
· кәсіби ауру – қызметкердің еңбек міндеттерін орындауымен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауруы;
· жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде өзінің еңбек міндеттерін орындау кезіндегі тұрақты немесе уақытша болатын орны;
· арнаулы киім – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап;
· жеке қорғану құралдары – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар;
· ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамдарды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;
· ауыр қол еңбегі – ауыр заттарды қолмен көтеруге немесе орнын ауыстуруға байланысты қызмет түрлері не 360 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да жұмыстар;
· өнеркәсіп қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – еңбек қатынастары саласындағы өкілеттікті ҚР-ның заңдарына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
· еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары – еңбек процесінде қызметкердің жұмысқа қаблеттілігі мен денсаулығына әсер ететін өндірістік орта мен еңбек процесі факторының жиынтығы;
· табиғисипаттағытөтенше жағдайлар – дүлейзілзала (жер сілкінісі,сел, көшкін, су тасқыныжәнебасқалар), табиғиөрт, індеттерменмалдыңжұқпалыаурулары, ауылшаруашылықөсімдіктерініңжәнеормандардыңкеселдерімензиянкестеріарқылызақымдануынтуғызатынтөтеншежағдайлар;
· техногендік сипаттағытөтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлікавария-ларыжәнебасқадаавариялар, өрт (жарылыс), күштіәсерететінулы, радиоактивтіжәнебиологиялықжағынанқауіптізаттардытарататын (таратуқаупі бар) авария, үйлерменғимараттардыңкенеттенқирауы, бөгендердіңбұзылуы, тіршілікті қамтамасызететінэлектрэнергетикажәнекоммуникацияжүйелеріндегі, тазартуқұрылыстарындағыавариятуғызатынтөтеншежағдайлар;
· авария – технологиялықпроцестіңбұзылуы, механизмдердің, жабдық-тарменғимараттардыңзақымдануы;
· зілзала – төтеншежағдайдыңпайдаболуынаәкеліпсоққанжойқынқұбылыс;
· дүлей зілзала – төтеншежағдайдыңпайдаболуынаәкеліпсоққанзілзала;
· апат – аймақтық жәнеіріауқымдытөтеншежағдайдыңпайдаболуынаәкеліпсоққанжойқынқұбылыс;
· төтенше жағдайлардыңалдын алу – алдыналажүргізілетінжәнетөтеншежағдайлардыңпайдаболуқатерінмүмкінболғаныншаазай-туға, адамдардыңденсаулығыменөмірінсақтауға, залалменматери-алдықшығынмөлшерінкемітугебағытталғаншараларкешені;
төтеншежағдайларды жою – төтеншежағдайларпайдаболғанкездежүргізілетінжәнеадамдардыңөмірінсақтап, денсаулығынқорғауға, залалменматериалдықшығындаркөлеміназайтуға, сондай-ақтөтеншежағдайлараймағыныңоданәрітаралмауынабағытталғанқұтқару, авариялық-қалпынакелтіружұмыстарыменбасқадакезеккүттірмейтінжұмыстар