Рылыс нормалары мен ережелері.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында еңбек қорғау жөнінде көптеген құжаттар жұмыс істеп жатыр. Ол құжаттарды министрліктер Республиканың кәсіподақ федерациясымен келісе отырып жасайды. Нормалар мен ережелері:

· жалпыға бірдей;

· сала аралық;

· салалық болып бөлінеді.

Еңбек қорғаудың жалпыға бірдей ережелері шаруашылықтың барлық салаларына таралады, ал салааралық ережесі шаруашылықтың бірнеше салаларына және технологиялық жабдықтардың кейбір түрлеріне (олар үшін қауіпсіздігі мен өндірістік санитария ережелері жалпылама болса) таралады. Еңбек қорғаудың салалық ережесі тек кана шаруашылықтың кейбір салаларына ғана таралады.

1974 жылдан бастап еңбек қорғау жөніндегі нормалар мен ережелер қауіпсіздік жөніндегі стандартқа айнала бастады. Стандарттың әр түрі бар:

· МЕСТ (мемлекеттік стандарт);

· ОСТ (салалық стандарт);

· кәсіпорынның өз стандарты.

Бүгін де жалпы жасалған мемлекеттік стандарттың саны 100 ден асады. Олардың барлығы өзінің мазмұнына карай бірнеше топтарға бөлінген:

· негізге алынатын мемлекеттік стандарттар;

· қауіпті және зиянды өндірістік факторлар түріне қойылатын жалпы мемлекеттік талаптар мен мөлшер стандарттары;

· өндірістік жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талабының жалпы стандарты;

· өндірістік процесстерге қойылатын стандарттардың жалпы қауіпсіздік талабы;

· жұмыскерлерді қорғайтын қорғау құралдарына қойылатын талап стандарттары;

· ғимараттарға қойылған қауіпсіздік стандарттар талабы.

Негізге алынатын мемлекеттік стандарттар:

· стандарттарды;

· оның қызметін, мазмұнының жіктелуін;

· белгісін және оларды келістіруін;

· еңбек қауіпсіздігі облысындағы терминдерді;

· кауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелмесін анықтайды.

Өндірістік жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарының жалпы стандарттары мына төмендегі талаптарды қояды:

· техникалық жабдықтардың конструкциясына түгелінен және олардың кейбір элементтеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары;

· қауіпсіздік талабының орындалуына қойылатын бақылау тәсілдері.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар түріне қойылатын жалпы мемлекеттік талаптары мен мөлшер стандарттары мына төмендегі талаптарды қояды:

· мөлшерленетін параметрлердің мейлінше шектелген мөлшеріне (МШМ);

· өлшеу тәсілдеріне;

· қауіпті және зиянды қасиеті бар заттармен жұмыс
істегенде қойылатын қауіпсіздік талаптарын қояды.

Өндірістік процесстерге қойылатын стандарттардың жалпы кауіпсіздік талабы мына төмендегі талаптарды қояды:

· технологиялық жүйелердің элементтерінің орналастыруына қойылатын қауіпсіздік талаптары;

· өндірістік жабдықтардың жұмыс істеу режиміне қойылатын талаптар;

· жұмыс істейтін персоналдардың, жұмыс орнына және еңбек режиміне қойылатын талаптар;

· басқару жүйесіне қойылатын талаптар;

· жұмысшылардың қорғау құралдарының қолдануына қойылатын талаптар;

· қауіпсіздік талабының орындалуына қойылатын бақылау тәсілдерінің талаптары.

Жұмысшыларды қорғайтын қорғаныс құралдарына қойылатын талап стандарттары мына төмендегі талаптарды қояды:

· конструкцияның негізгі параметрлеріне қойылатын талаптар;

· коллективтік және жеке қорғау құралдарының гигиеналық және пайдалану көрсеткіштеріне қойылатын талаптар, олады сынау және оларға баға беру тәсілдері талаптары.

Техниканы қауіпсіздендіру төмендегі мемлекеттік стандартқа 12 деген шифр

берілген. Мысалы МЕСТ 12.0.002-80, мұндағы: 0 – жіктелу тобын көрсетеді; 002 – стандарттың коды; 80 – стандарттың бекітілген жылы.

Классқа жүйені құру негізінің ұйымдық, әдістемелік
стандарттары кіреді. Көбінесе бұнда еңбек қорғау жөніндегі негізгі
мәліметтер кіреді;

· 1 классқа – қауіпті және зиянды өндірістік
факторлардың түрлері бойынша қойылатын талаптар
стандарттары кіреді;

· 2 классқа – өндірістік жабдықтарға қойылатын
кауіпсіздік талаптарының стандарттары кіреді;

· 3 классқа – өндіріс процестеріне қойылатын қауіпсіздік
талаптарының стандарттары кіреді;

· 4 классқа – жұмысшылардың жеке қорғаныс құралдарына
қойылатын талаптар стандарттары кіреді;

· 5 классқа – ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптарының
стандарттары.

Наши рекомендации