Шикізаттың қасиеттері мен өңдеу процестерінің шөгуге әсерін өзара байланыстырыңыз.
Термошөгу – бұл температураның әсерінен полимерлі материалдан алынған түтікті (трубка) «отырғызу» немесе сығу процесі. Шөгу кезінде түтік шөгетін беткі қабатқа оның рельефтерін қайталай отырып және берік, герметикалық жабынды түзіп, тығыздалып жатады.
Неліктен термотүтіктер температураның әсерінен балқып, ағып кетпейді, себебі олардың ішінде «көлденең тігілу» процесі жүреді. Полимер құрылымында мұндай өзгерістер электронды немесе гамма сәулелермен, пироксидті немесе силанды әдіспен алынады. Полимердің тігілген құрылымын оның балқұ температурасынан жоғары температураға дейін қыздыруға болады. Түтіктің қажетті өлшемін таңдағанда шөгу коэффициентіне, басқаша айтқанда түтіктің ішкі диаметрі қанша есе кішірейетінін ескеру қажет. Ол термошөгетін түтіктің түрінің функционалды ерекшеліктеріне тәуелді 2:1-ден 6:1-ге дейін ауытқиды.
Қазіргі кезде термоотыратын үлдірлер тамақ өнімдерін, банкілерді, бутылкаларды, галантереялық және шаруашылық бұйымдарды, газет, журнал, кеңсе тауарлары және т.б. орауға қолданылады.
Бұл орағыштардың дәстүрлі үлдірлермен салыстырғандағы ерекшеліктері:
· Тауарды тығыз сығу әсерінен кіші көлемді қылып орау;
· Үлдірдің массасының жеңілдігі;
· Арзандығы және тартымдығы;
· Тауарды қоршаған ортаның әсерінен сенімді қорғау.
Шөгу дәрежесі келесі факторларға тәуелді:
1. Полимерлердің қасиеттеріне және табиғатына (молекулалардың тармақталуына, тігу дәрежесіне, кристалдану дәрежесіне, тығыздығына), сонымен қатар композиция құрамына;
2. Үлдірді алудың технологиялық режимдеріне және жағдайларына (температура, сығып шығару жиілігіне, экструзия жылдамдығына және т.б.);
3. Шөгудің болу шарттарына (уақытына, термокамерада үлдірді ұстау температурасына т.б.).
Технологиялық параметрлердің шөгуге әсерін қарастырғанда бағытына сәйкес келетін сорып (вытяжка) шығарудың жиілігі шөгудің артуына әкеледі. Барлық жағдайда тізбектің саны ғана артып қоймай, сорудың бағытында полимердің аморфты фазасының бағытталу дәрежесі де артады.
Өндіруді жоғарылату бойының бағытының шөгуінің артуына әкеледі, ал көлденең шөгу өзгеріссіз қалады. Үлдірдің қалыңдығының артуы шөгудің төмендеуіне әкеледі (1 сурет). Бұл көбінесе 100 мкм-ден жоғары қалыңдықты өнімде жақсы байқалады және қалыңдығының артуы сорғыш валкалардың жылдамдығының төмендеуімен немесе экструдердің өнімділігінің артуымен түсіндіріледі.
Термопласттардың ішінен кристалды полимерлердің шөгуі ең жоғары болады, себебі олардың көлемдік және сызықты кеңею температуралық коэффициенті жоғары. Қысыммен құюда кейбір термопласттар үшін шөгу: полиамид – 0,8-2,5%, төмен тығыздықты полиэтилен 1,5-3,0%, жоғары тығыздықты полиэтилен 2,5-8%, полипропилен 1,3-3,5%. Аморфты полимерлер төменгі шөгуімен сипатталады: полистирол 0,4-0,6%, поливинилхлорид 0,5-1,0%, полиметилметакрилат 0,5-1,0%. Термопласттарға және реактопласттарға толтырғыштарды енгізу көлемдік және сызықты кеңеюдің температуралық коэффициентін және шөгуін төмендетеді. Құрамында ұшқыш заттардың және ылғалдылықтың болуы шөгудің артуына әкеледі.
Шөгуге қалыптау температурасы үлкен әсерін тигізеді. Реактопласттарды пресстеуде және құюда қалыптау температурасының артуымен қатаю процесі толық және үлкен мөлшерде ұшқыш және ылғалдылықтың бөлінуіне және шөгудің артуына әкеледі. Аморфты термопласттарда қысыммен құюда шөгу қалыптың температурасына тәуелді. Қалыптың температурасы төмен болған сайын, соғұрлым салқындау жылдамдығы жоғары және шөгуі төмен болады. Кристалды полимерлерден жасалған бұйымдардың шөгуі де қалыптың температурасын төмендеткеннен төмендейді, бұл жағдайда жылу тез беріледі де, кристалдану процесі толық жүрмейді.