Сұрақ: кафедра доценті Алибеков Р.С.: -Жoбaның әлeyмeттiк-экoнoмикaлық мәнi және өндірістің рентабельділігі қанша?
Ф.4.03-05
М.Әуезов атындағы Южно-Казахстанский
Оңтүстік Қазақстан государственный университет мемлекеттік университеті им.М.Ауезова
Тоқыма және тамақ инженериясы» Высшая школа «Текстильная и
жоғарғы мектебі пищевая инженерия»
«Тамақ инженериясы» кафедра мәжілісінің ХАТТАМАСЫНАН КӨШІРМЕ № 9 | ВЫПИСКА ИЗ ПРОТОКОЛА заседания кафедры «Пищевая инженериясы» № 9 |
Төрайымы:Уразбаева К.А.
Хатшы: Арапбаева Д.М.
Қатысқандар:Қонарбаева З.К., Турақулов Б., Джайшибеков Ғ.З., Ханжаров Н.С., Алексеева Н.В., Алибеков Р.С., Касымова М.К., Кобжасарова З.И., Кантуреева Г.О., Орымбетова Г.Э., Нурсейтова З.Т., Джанмулдаева А., Майлыбаева Э.У., Айтбаева А., Габрильянц Э., Нурунбетова Г.Ж., Тастемирова У.
Күн тәртібінде:
ИИДМБ-2 аясындағы «Тамақ инженериясы және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі» бағдарламасы бойынша магистрант Кәдірбек Самалдың магистрлік диссертациясын алдын ала қорғауы туралы
Тыңдалды:ИИДМБ-2 бағдарламасы бойынша жауапты т.ғ.к., аға оқытушы Кантуреева Г.О.:-Оқу жоспарына сәйкес 2015-2016 оқу жылының ИИДМБ-2 аясындағы «Тамақ инженериясы және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі» бағдарламасы бойынша оқытылатын, 6М072800-Өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығының оқу кестесіне сәйкес, МП 15-2к1, тобының 2 курс магистранты Кәдірбек Самалдың магистрлік диссертациясын алдын ала қорғауға дайын. Бұл магистрлік диссертация тақырыбына сәйкес зерттеу жұмыстарын жүргізіп, зерттеудің қажетті нәтижелеріне қол жеткізу арқылы өзінің магистрлік диссертация жұмысының қажетті материалдарын жинақтаған.
Тыңдалды: МП 15-2к1 тобының магистранты Кәдірбек С.: - Менің диссертациялық жұмысымның тақырыбы: Ақуызды өсімдік компоненті қосылған ірімшік өнімін (сырок) өндіру технологиясын жетілдіру.
Диссертациялық жұмысымда аналитикалық шолу, ғылыми, техникалық, патенттік және қазіргі таңдағы Қазақстандағы ірімшік нарығының жағдайына зерттеулер жасадым. Сонымен қатар зерттеудің негізгі бағыттарын таңдап, мини цехта жасаған ірімшіктің органолептикалық және физика – химиялық көрсеткіштерін анықтадым. Соя күнжарасынан тамақ ақуызын алудың заманауи технологияларын қарастырдым.
Сұрақ: кафедра доценті Алибеков Р.С.: - Соя ақуызының изоляты ақуыз құрамын көбейту үшін тағы қандай өнімдерде қолданылады?
Жауап:МП 15-2к1 тобының магистранты Кәдірбек С.: Соя ақуызының изоляты ақуыз құрамын көбейту үшін қолданылады:
Сүт өндірісінде келесілерді өңдеуде: қаймағы алынбаған сүтті (қаймақ өнімі, пастерленген сүт, айран, майлы айран, йогурт), ірімшік және ірімшік өнімдері, кілегей сүті, сусындар.
Сұрақ:кафедраның аға оқытушысы Габрильянц Э.А.:-Сақтау процесінде ірімшік өнімінің сапасының динамикасы қалай өзгереді?
Жауап:МП 15-2к1 тобының магистранты Кәдірбек С: Ірімшікті 8°С температурада және ауаны ылғалдылығы 80 – 85 % болатын тоңазытқыш камераларында сақтайды. Камераларда қатаң санитарлы режим сақталады дәне температураның маңызды ауытқуын болдырмайды. Ірімшікті кепілдік сақтау мерзімі технологиялық процесс аяқталғаннан кейін 36 сағ., сонының ішінде өнеркәсіпте 18 сағ.
Сұрақ:кафедраның аға оқытушысы Майлыбаева Э.У.:- Ірімшік өнімін өндірудің технологиясын жетілдіруде соя ақуызының әсері қандай?
Жауап:МП 15-2к1 тобының магистранты Кәдірбек С.: Сояны әр түрлі тағамдарға, олардың сіңірілуін және диеталық құндылығын арттыру үшін қосады. Соядан өңделетін өнімдер, экологиялық таза және денсаулықты нығайтатын болып есептеледі.
Барлық алмастырылмайтын аминқышқылдарымен керемет теңестірілген соя ақуыздары ерекше бағалы болып саналады. Олар жануар тектес ақуыздардан қалыспайды, ал сіңірілімдігінен олардан асып түседі.
Сұрақ: кафедра доценті Алибеков Р.С.: -Жoбaның әлeyмeттiк-экoнoмикaлық мәнi және өндірістің рентабельділігі қанша?
Жауап:МП 15-2к1 тобының магистранты Кәдірбек С.:
- жұмыc opындapын құpy, бұл жұмыcшылapдың тұрaқты пaйдa тaбyынa мүмкiндiк бepeдi;
- xaлықты caпaлы өнiммeн қaмтaмacыз eтy;
- OҚO oблыcының бюджeтiнe caлықтap мeн бacқa да ayдapымдapдың түcyi
Cүзбeнi бөлiп aлy әдici экoнoмикaлық тиiмдi жoғapы бoлып тaбылaды.
Coнымeн қaтap, бөлiп cүзбe өндipy тexнoлoгияcын пaйдaлaнy жәнe capыcyды кәдeгe жapaтy мәceлeciн шeшe aлaды, coндaй-aқ өңдeлгeн aқyыз бөлiгiн бaрыншa жoғapы caқтay apқылы дaйын өнiмнiң тaғaмдық құндылығын aрттыpaды.
Өндірістің рентабельділігі 25,3%.
Сұрақ: т.ғ.к доценті Көбжасарова З.И.:-Майсыздандырылған сүтке өсімдік ақуызын қосу арқылы жасалған сүзбеге қандай микробиологиялық зерттеу жүргіздің?
Жауап: МП 15-2к1 тобының магистранты Кәдірбек С.:
Аталған ірімшікті дайындау кезінде соя ақуызының 3% - дық үлгісін микробиологиялық зерттеу нәтижесінде ішек таяқшалары тобындағы бактериялар (ІТТБ) 0,1см3 (г)-да табылмады, St.aureus 1,0см3 (г)-да табылмады, өңез микроорганизмдері мен ашытқы микроорганизмдері 48 ҚТБ/см3 (г) ал, нормалау көрсеткіші бойынша 50 ҚТБ/см3 (г) артық емес, патогенді флора, соның ішінде сальмонеллалар 25,0см3 (г)-да табылмады, сүт-қышқылды микроорганизмдер 1,7*107 ҚТБ/см3 (г), яғни майсыздандырылған сүтке өсімдік ақуызын қосу арқылы жасалған сүзбе бекітілген талаптарға сәйкес келеді.
Сөз алды: кафедра меңгерушісі, х.ғ.к., доцент Уразбаева К.А.: - 2 курс магистранты магистрлік диссертацияны жазу барысында жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарады. Эксперимент жүргізуге қабілеттіліктерін байқатты. Жоспар бойынша берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, құжаттармен жұмыс істеу негізінде жауапкершілігімен, ұқыптылығымен ерекшеленді. Өзіне жүктелген міндеттерді толықтай орындады. Магистрант Кәдірбек Самалдың магистрлік диссертациясын қорғауға жіберуді ұсынамын.
Шешім: «Ақуызды өсімдік компоненті қосылған ірімшік өнімін (сырок) өндіру технологиясын жетілдіру» тақырыбындағы, магистрант Кәдірбек Самалдың магистрлік диссертациясы қорғауға жіберілсін.
Төрайымы_____________________Уразбаева К.А.
Хатшы________________________Арапбаева Д.М.