Шапық Шокиннің еңбектеріне шолу жасау
Азақ тілі – 2 пәнінен № 1 СӨЖ
Тақырыбы : Қазақстан техника ғылымына үлес қосқан тұлғалар
Тексерген: Дуйсекова М.
Орындаған: Адильканова Е.
БЭ-12-12 тобының студенті
2013 ж
Мазмұны:
Шапық Шөкиннің өмірі - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 3-4 бет
Шапық Шокиннің еңбектеріне шолу жасау - - - - - - - - - - - - - 5-7 бет
Сөздік - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 8 бет
Түсіндірме сөздік - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 9 бет
Шөкин Шапық Шоқыұлы (1912-2003 ж)
Шөкин Шапық Шоқыұлы - 1912 жылы 1 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында көп балалы отбасында дүниеге келген. Шөкин Шапық - көрнекті қазақ энергетигі, Қазақстан Республикасы ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
1937 жылы Омбы ауылшаруашылық институтының гидротехнология факультетін бітірген. Шапық Шөкин 1937 – 1943 жылдары ҚазКСР-і Егіншілік халық комитетінде инженерлік қызметте болған. 1943 –1944 жылдары КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалында энергетика секторын басқарды. 1944 – 1988 жылдары аралығында КСРО Энергетика және электрлендіру мининстрлігі Қазақ энергетика ғылыми – зерттеу институтын құрып, оның директорлығы қызметін ұзақ жылдар бойы абыроймен атқарған.
Шапық Шөкин өзінің ғылымдағы қол жеткізген үлкен жетістіктерімен, сол кездегі ғылыми ортаны кәсіби шеберлігімен мойындатып, 1964 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Президенті болып сайланды, ол бұл қызметін 1967 жылға дейін табысты басқарды.
Ол Белград (1957ж), Бангкок (1961ж), Будапешт (1965ж), Мәскеу (1968ж) және Парижде (1971) өткен халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға қатысып, онда Қазақстанның энергетикасы мен су шаруашылығының дамуының бүгінгісі мен келешегі туралы баяндамалар жасады.
Шапық Шөкин республикалық деңгейдегі қызметтерді де беделді атқарды. Осы үлкен жауапкершілік жүгін абыроймен атқарып, еліміздің бірнеше буын ғалымдарына үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие беретін ақылшы ұстаз бола білді. Қазақстанның дамуы жолында еңбек етіп, еліміздің өркен деуіне үлес қосып жүрген үлкен ұлттық мамандар шоғырын тәрбиелеп, қалыптастырды. Ел алдындағы адал еңбегі жоғары бағаланып, бірнеше дүркін Кеңес Одағының және егемен еліміздің жоғары наградаларымен марапатталды.
91 жасында қайтыс болды (2003 жылы). Қоштасу салтанаты Ұлттық ғылым Академиясының ғимаратында өткізілді Академик өз ұстаздың қарсында жерленген.
Наградалары:
1945 ж. - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін медальмен наградталды 1941-1945 жж.
1945 ж. СССР Ғылым академиясы құрылғанына 220 жыл толуына байланысты Құрмет грамотасы берілді.
1961 ж. - Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
1966 ж. - Энергетика және электрендіру үздігі.
1970 ж. - «Қажырлы еңбегі үшін В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медальмен наградталды.
1970 ж. - «ГОЭЛРО жоспарына 50 жыл» мерекелік белгісімен наградталды.
1971 ж. – «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталды.
1972 ж. - ҚазССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты
1975 ж. – «Ұлы Отан соғысының жеңісіне 30 жыл» медалімен наградталды
1980 ж. - «ГОЭЛРО жоспарына 60 жыл» белгісімен наградталды.
1982 ж. - «Октябрь революциясы» орденімен наградталды.
1982 ж. - СССР-дің «Құрметті энергетика» атағы берілді.
1991 ж. - Академик Қ. И. Сатпаев атындағы сыйлықтың лауреаты.
1996 ж. - «Халық қаһарманы» атағы берілді.
2002 ж. – Алматы қаласының «Құрметті азаматы».
СССР – дің Жоғары медальдары мен грамоталары бар
Шапық Шокиннің еңбектеріне шолу жасау
1943 жылы Шокинді Қ. Сәтбаев өзіне қонаққа шақырып, энергетика секторына басшысы болуға ұсыныс береді, Шокин үшін бұл ұсыныс инженерлік кәсіпті тастап, ғылым саласына берілуі. Көп жалтақтамай Шапық Сәтбаевтің ұсынысына келісім берді. Омірдің төрт мезгілі кітабында ол жазған: «Қаныш Имантайұлы мен үшін – ғылымға түгел берілуінің үлгісі. Оның көмегімен мен ғылымға берілдім, нені тағдырдың сыйлығы деп санаймын»
1964 жылда, академик Сәтбаевтің қайтыс болғаннан кейін, Шапық Шөкин Қазақстанның ғылым Академиясының Президенті болым тағайындалды. Академияның басшысы қызметін алып, Шапық алғашқы президенттің, негіздеушінің дәстүрлігін жалғастырды. Бірақ жуық арада ғылым Академиясының және оның Президенттің айналасында бұлт жиыла басталды. Академияны комиссиялар тексере бастады, Республиканың басқармасынан наразылық пен тиісу туды. Бұған байланысты 1966 жылы Ғылым Академиясының комиссиясы келді. 1967 жылы Шокин президент қызметінен шығарды. «Ұлттық ғылым Академиясының жолы» кітабында ол бейнелейді: «1967 жылы ақпанның басында мені мәжіліске шақырды. Мәжіліс жабық есікпен өткізілді, оны Құнаев басқарды, бірақ хаттамалық жазулар өткізілген жоқ... Бәрі үндемей отырды. В Титов, Совмина, М Бейсебаев ғана маған өз еркіммен қызметтен кету арыз жазуға ұсыныс берді. Мен біржолата одан бас тарттым...»
Шапық Шөкин Г.М.Кржижановскийдің шәкірті. Ол 1944-50 жылдары Ӏле өзенінің суы мен энергетика қорын комплексті түрде пайдалану мәселесін шама тұрғыдан зерттеді, сөйтіп, Қапшағай бөгені мен Қапшағай су электр станциясын салу ісіне үлкен үлес қосты. 1949-58 жылдары Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мәселесімен Ертіс өзенін бұру негізінде шешуге болатындығын дәлелдеді. Мұның өзі Ертіс-Қарағанды каналының салынуына себеп болды. Ш.Шөкин — Сібір өзендерін Қазақстан мен Орта Азияғa бұру мәселесін ғылыми тұрғыда қарастырған алғашқы ғалымдардың бірі. Оның басшылығымен осы мәселені шешудің тиімді жолдары мен жобалары айқындалды. Ш.Шөкин — 170-тен астам ғылыми еңбектің авторы. Негізгі еңбектері энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отындық энергетиканың, баланс проблемасына т. б. арналған. 1988 жылы Шапық Шоқыұлының ұзақ жылдар бойғы еңбегі ескеріліп, Энергетика ғылыми - зерттеу институтының құрметті директоры болып тағайындалды.
Шапық Шөкиннің негізгі ғылыми еңбектері энергетика мәселелерін зерттеуге арналған. Ғалым Қазақстанда және оның жеке аймақтарында энергетиканы жан-жақты өркендету жөнінде ғылыми – техникалық болжамдар жасап, энергиялық қуаттардың ауқымы мен құрылымын, оларды орналастыру жұмыстарын бағалау әдістерін тауып, кеңінен өндіріске енгізген. Жалпы халық шаруашылығының энергия тұтынуы, энергиямен қамтамасыз етілуі жөнінде іргелі зерттеулер жүргізді.