Балаларыңа игі жолдастар таңдау, әрі оларды жаман ортадан сақтау
Абу Мусаның сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, салиқалы жолдас пен жаман жолдастың мысалы әтір сатушы мен ұстаның көрігін үрлеуші секілді. Әтір сатушыға келсек, сен не одан бір нәрсе сатып аласың, не аңқыған хош иісін сезесің. Ұстаның көрігін үрлеушіге келер болсақ, не ол сенің киіміңді өрттейді, не болмаса сен одан жаман иіс сезінесің». Әл-Бухари, 2101; Муслим, 2628.
10 – Балаларға қатысты мейірімділік пен жұмсақтық (таныту)
Айшаның сөздерінен оның былай деп айтқаны жеткізіледі: “Бірде қайыр тілеген әлдебір әйел (маған) екі қызымен кіріп келді, алайда менде бір құрмадан басқа оған берер еш нәрсе табылмады. Ол бұл құрманы өзінің қыздарына бөліп берді де, өзі болса бір тістем де татпастан тұрды да, шығып кетті. Кейінірек бізге Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кірді. Мен оған (осы жайлы) айтып беріп едім, ол: «Өзіне сынақ ретінде қыздар беріліп, оларға жақсы қараған адамға бұл қыздар Оттан (Тозақтан) қалқан болалы», - деді”. Әл-Бухари, 1418; Муслим, 2629.
Абу Хурайраның былай дегені жеткізіледі: “Бірде әл-Акра‘ ибн Хабис Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз немересі әл-Хасанды сүйіп жатқанын көрді де: «Расында, менің он ұлым бар, бірақ мен олардың ешқайсысын бір рет болса да сүймеппін», - деді. Сонда Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, басқаларға мейірім жасамайтындарға мейірім жасалмайды!»” Әл-Бухари, 5997; Муслим, 2318.
Айшаның былай деп айтқаны жеткізіледі: “Бірде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір бәдәуи келіп: «Сендер өз ұлдарыңды сүйемісіңдер? Ал біз оларды сүймейміз», - деді. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер Аллаһ сенің жүрегіңді мейірімнен жұрдай етсе, мен не істей аламын?!», - деді”. Әл-Бухари, 5998; Муслим, 2317.
Балаларға жақсы үлгі болу қажет
Бұл жоғарыда келтірілген: «Сендердің әрқайсыларың бақташысыңдар, әрі сендердің әрқайсысың өзінің қарамағындағылары үшін жауапкершілік көтереді», - деген хадистен келіп шығады. Әл-Бухари, 893; Муслим, 1829.
Балаларға діндегі олар білуге міндетті болған нәрселерді үйрету керек
Әнас Ибн Мәликтің сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Білім алу – әрбір мұсылманның парызы», - деп айтқаны жеткізіледі. Ибн Мәжаһ, 224. Хадис сахих. Қз.: «Сахих әл-Жәми’», 3914.
Маңызды ескерпе
Балалар сынақ екенін біліңдер! Аллаһ Тағала былай деді: «Негізінде, малдарың мен балаларың алданып-елігу екенін біліңдер. Әрі Аллаһтың қасында зор сыйлық бар»(«әл-Әнфал» сүресі, 28-аят).
Әш-Шәнқыти «Адуа ул-Баянда» былай деген: “Аллаһ Тағала бұл аятта адамдарға олардың мал-дүниелері мен балалары алданып-елігу екенін білуді бұйырды. Осы(ған) алданып-елігу арқылы адам оның дүние-мүлкі мен балалары Аллаһ разы болмайтын нәрсені істеуге себепші болар ма екен деп сыналады. Басқа жерлерде сондай-ақ әйелдер де мал-мүлік пен балалар сияқты алданып-елігу болып табылатыны туралы айтылған. Аллаһ Тағала адамға осылар оны Аллаһ разы болмайтын нәрсеге кіргізіп жіберуінен сақтануды бұйырды... Сондай-ақ Аллаһ Тағала былай деді: «Әй, мүминдер! Сөзсіз, әйелдеріңнен, балаларыңнан өздеріңе дұшпан болатындары да бар. Олардан сақсыныңдар. Ал егер кішіпейіл болсаңдар, мейірімділік танытсаңдар, әрі оларды кешірсеңдер, шәксіз, Аллаһ Өте Жарылқаушы, Ерекше Мейірімді» («әт-Тағабун» сүресі, 14-15 аяттар). Басқа аятта Аллаһ Тағала мүминдерге балалар мен дүние үшін Аллаһты еске алудан тосылуға тыйым салды. Ол кім бұған түссе, сол зиянға ұшырағанын хабарлады. Аллаһ Тағала: «Әй, мүміндер! Сендерді малдарың, балаларың Аллаһты еске алудан тоспасын. Әлдекім бүны істесе, міне, солар зиян тартушылар»,- деді («әл-Мунафиқун» сүресі, 9-аят). Аятта алданып-елігу сөзінің астарында емтихан әрі сынақ деген меңзелуде”. Қз.: «Адуа ул-Баян», 2/51-52.
Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Сендерге туыстарың да, балаларың да ешбір пайда бермейді. Аллаһ Қиямет Күні араларыңда үкім шығарады. Аллаһ істегендеріңді толық біледі» («әл-Мумтахана» сүресі, 3-аят).
Балалар сынақ болып саналады! Аллаһ Тағала бізді сынауда: балаларға қатысты, олардың хақыларын жақсы орындай отырып біз Одан қорқатын боламыз ба, немесе басқаша әрекет етеміз бе – Аллаһ Тағала бізден осыны сұрайды.
Ма‘кил бин Йасардың (Аллаһ оған разы болсын) былай дегені хабарланады: “Мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім: «Егер Аллаһ Өзінің құлдарының қайсыбіріне әлдебіреуге қамқор болуды тапсырса, ал ол оларға ықыласпен қарайласпаса, оған ешбір жағдайда Жәннаттың хош иісін сезу нәсіп етілмейді!»” Әл-Бухари, 7150; Муслим, 142.
Балалар адамды Аллаһты зікір етуден тосуы мүмкін, оны Аллаһқа мойынсұнбауға апаруы мүмкін, ал кейде олар тіпті сақтануға тиісті дұшпанға айналуы мүмкін.
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы ағаттықтарды қалай өтеу керектігін былай деп көрсетіп кетті: «Адамның әйелімен, ақшасымен, балаларымен және көршісімен байланысты алданып-елігуі (фитнасы) намазбен, оразамен, садақамен, адамдарды шариғат мақұлдайтын амалды орындауға шақырумен және жамандықтан тосумен өтеледі». Әл-Бухари, 525; Муслим, 144.
اللهم اجعلنا هداة مهتدين لا ضالين و لا مضلين و صل اللهم على محمد و على آله و صحبه و سلم
Әрі соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын!
Алынған дереккөз: «Саляф – Форум»
Қазақ тіліне аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы
[1] Сөз балалар туралы болуда.
[2] Бұл жерде қайтыс болған кісі өзінің өлімінен кейін жарлы-кедейлерге таратуды бұйырған, немесе оларға қайырымдылық мақсаттарда уақф ретінде мал-дүниені мұраға қалдыруы сөз болуда. Мысалы, адам өзінің өлімінен кейін адамдар баратын мешіт соғып берді, немесе оның өлімінен кейін де адамдардың қажетіне жарап жатқан құдық қазды.
[3] ‘Ақиқа деп бала туылған соң жетінші күні Аллаһ Тағалаға Оның ата-анаға ұлы нығмет беріп, бала сыйлағаны үшін шүкірлік ретінде шалынатын құрбан аталады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Балалы болған және сол үшін құрбан шалғысы келген кісі ұл бала үшін екі қой, ал қыз бала үшін бір қой құрбан шалсын», - деген. Абу Дауд 2842. Шейх әл-Әлбани хадисті хасан деген.
Құрбанды бала туылғаннан кейін жетінші күні шалу керек, ал мұндай мүмкіндік болмаса, онда - он төртінші, немесе жиырма бірінші күні. Бурайдадан (оған Аллаһ разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «‘Ақиқа (құрбан шалу) (бала туылғаннан кейін) жетінші, он төртінші немесе жиырма бірінші күні жасалады». Әл-Байһақи 9/303. Хадис сахих.
Осы орайда айта кететін маңызды ескертпе – кейбір мұсылмандар қателікпен ‘ақиқа деп құрбан шалу рәсімін емес, бала туылуына байланысты дастархан жайып қонақ күтуді атап жатады. Алайда ‘Ақиқа – бұл бала үшін құрбан шалу рәсімі. Ал оған қоса дастархан жайып қонақ күтіп, адамдарға тамақ таратылып жатса – бұл құпталады, алайда ақиқаның шарты болып табылмайды. Яғни бала туылғаннан соң жетінші, он төртінші, жиырма бірінші күні орындалуға тиіс рәсім – бұл мал сою. Ал дастархан жайып, қонақ күтіп, қуанышты жариялау туралы айтар болсақ, бұны осы күндерде де, өзге кез-келген күні де орындауға болатын рәсім. Ал Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі (аудармашыдан).