Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы

Техникалық мамандықтардың кафедрасы

№1 кестесі

Шығару жылы,шығару,автор,оқу,оқу-әдістемелік әдебиеттер аталуы Көлем (беттер саны) Кітәпханадағы дана саны Студенттердің әдебиетпен қамтамасыздығы, %
Теличенко В.И. Технология строительных процессов. Часть II.-М.: 2008.    
Аскаров Е.С Стандартизация, метрология и сертификация. - Алматы, 2011.    
Фомин В.Н. Квалиметрия, управление качеством. Сертиф-ция. 2-е изд.-М.: 2008.    
Федюкин В.К. Квалиметрия. - М.:2010.    
Тажибаев С. Д. Квалиметрия в машиностроении.      
Басаков М.И. Сертификация продукции и услуг с основами стандартизации и метрологии. - Ростов-на –Дону, 2002.    
Никифоров А.Д. Управление качеством. - М.:2004.    

ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ

Тақырып. Кіріспе

Дәріс мақсаты:Метрология пәннің негіздерін және маңыздығын студенттерге ұғындыру

Дәріс жоспары:

1Метрология негіздері.

2 Метрология өнеркәсіп проблемаларын шешуде де маңызы ерекше.

Метрология негіздері

"Метрология" деген сөз гректін "метрон"-өлшем, "логос"-ілім дейтін екі сөзінен қүралған. Метрологияның сөзбе-сөз мағынасы-өлшеу туралы ілім. Қазіргі кездегі анықтама бойынша, метрология-өлшеу туралы, өлшеу бірегейлігін және дәлдігін қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері туралы ғылым.

Өлшеу деп тәжірибе жолымен, өлшеу қүралдарының (арнаулы техникалық құралдар) көмегімен физикалық шамалардың сандық мәнін анықтауды айтады. Табиғаттың тылсым сырларын ашу жолдарының бірі өлшеу жүргізу болып табылады. Әртүрлі өлшеу әрекетін жүргізу арқылы біз айналамыздағы материалдық дүниені сандық жағынан сипаттап, табиғаттың түрлі зацдыпықтарын ашаь ыз. Метрологияның негізін қалаушы Д.И. Менделеев былай деген "Ғылым өлшеуден басталадтл. Өлшеусіз дәл ғылымдардың болуын елестету мүмкін емес".

Шынында да өлшеулер жүйес-інсіз ғылым мен техниканың ешқандай саласы өмір сүр: алмайды. Мәселен, зерттеуші-химик, технолог-химик, инженер-химиктердің қызметі түрлі өлшеулерді жүргізумен байланысты болатыны белгілі.

Үзындық, аудан, көлем, масса, темнература және уадыт сияқты физикалық шамаларды өлшеу ерте заманнан басталған. Қазіргі кезде өлшенетін шамалардың саны әлде қайда көп. Мысалы, механикалық, жылулық, электрлік, оптикалық, магниттік және басқа физикалық шамаларды айтуға болады.

Қандай да бір физикалық шаманы өлшеген кезде оның размері бірлік эталонының размерінен неше есе көп не аз екенін білеміз. Мысалы, үзындықтың эталоны метр, олай болса берілген L үзындықты өлшеу деп үзындықтың осы мөлшерінде неше метр барын білуді айтамыз. Сол сияқты, берілген m массаны өлшегенде оның массаның эталоны- бір килограммнан неше есе артық не кем екенш білеміз.

Әрине, өлшейтік шаманы мемлекеттік метрологиялық мекемелерде сақталатын арнайы эталондармен әрдайым салыстырып жатудың қажеті жоқ. Оның орнына сол эталондармен алдын ала салыстырылған өлшеуіш аспаптар пайдаланылады.Оларға ұзындықты өлшейтін (сызғыш, микрометр, өлшеуіш микроскоп), уақытты өлшейтін (сағат), массаны өлшейтін (таразы), электр мөлшерін өлшейтін (амперметр, вольтметр),тағы басқа өлшеуіш аспаптар жатады.

Өлшем бірегейлігі деп өлшем нәтижелерінің заңдастырылғын бірліктер көрсетілуін және өлшем дәлдігінің белгілі ықтималдықпен анықталуын айтады.

Әр жерде, әр түрлі уақытта, әр түрлі өлшем құралдары мен тәсілдерін қолданып өлшенген өлшем нәтижелерін бір-бірімен салыстыру үшін өлшем бірегейлігінің сақталуы өте қажет.

Өлшем дәлдігі деп өлшенетін шаманың мәні оның шын мәніне жақын болуын айтады. Өлшемнің дәлдігі өлшеу процесстерін дүрыс жүргізу үшін өте қажетті жағдай. Түрлі физикалық шамалардың бір-бірімен байланыстылықтары туралы заңдар, әдетте, өлшеу жүмыстарының нәтижесінде ашылады. Заңның ақиқат болуы өлшем нәтижелерінің дәлділігімен байланысты. Өлшемнің дәлдігін өсіру кейде ғылыми жаңалықтар ашуға әкеліп соғады. Мысалы, судың тығыздығын өте дәл өлшеудің нәтижесінде 1932 ж. Сутектің ауыр изотопы - дейтерий ашылады, дейтерийдің судағы аздаған мөлшері судың тығыздығын арттырыды.

Сөйтіп, өлшем дәлдігін арттыру өте маңызды мәселе екенін көреміз.

Өлшеу жүмыстарын жүргізудің, өлшеніп алынған нәтижелерді математикалық жолмен есептеуді тиісті ережелер мен тәсілдерді басшылыққа ала отырып орындау қажет.

Дегенмен, ешқандай өлшеуді абсолют дәлдікпен орындай алмаймыз. Өлшем нәтижелерінде әрқашанда белгілі бір қате болады. Эталонмен салыстырылған өте дәл қүралдармен өлшегеннің өзінде өлшем нәтижелерінде азды-көпті қате кетеді. Берілген шаманы өлшеуіш аспаптың дәлдігіненде жоғары дәлдікпен өлшеу мүмкін емес. Мысалы, қатесі 0,1 % болатын сызғышпен (яғни, 1м сызғыштың дәлдігі 1 мм) ұзындықты 0,001% дәлдікпен өлшем аламыз.

Сөйтіп кезкелген физикалық шаманы өлшегенде ылғи да белгілі бір қателікпен өлшейміз. Өлшеу процесінде шаманың сандық мәнін табумен қатар өлшеу кезінде жіберілген қатені анықтау қажет болады.

Осыдан, метрологияның басты мақсаты өлшемнің бірегейлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету екенін көреміз.

Жаратылыс тану ғылымдары мен техникалық ғылымдардың дамуы үшін метрологияның маңызы өте зор, себебі өлшемнің дәл болуы табиғатты танудың, ғылыми жаңалықтарды ашудың және теориялық білімдерді практикаға қолдану жолдарын дамытудың бірден-бір шарты болып сыналады. Метрологияның дамуы ғылыми техникалық революциямен байланысты, яғни бұл байланыс эталондар мен стандарттарды дамыту, дәл өлшеудің жаңа тәсілдерін табу, өлшем бірегейлігі мен өлшем дәлдігін қамтамасыз етудің жолдарын іске асыру болып табылады. Метрология мен өлшем техникасында (өлшем техникасы деп өлшем құралдарын және өлшем жүргізудің тәсілдорін айтады) ғылыми-техникалық прогресс ретінде әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық және басқа да қүбылыстар мен процестерді сипаттайтын жаңа шамаларды өлшеу тәсілдерін игеруді айтуға болады. Қазіргі кезде өте күрделі жаңа өлшем қүралдары бар, мысалы, инфрақызыл спектрограф, масспектрограф, дериватограф, т.с.с. қүралдарды айтуға болады.

Өлшем техникасындағы ғылыми-техникалық прогрестің тағы бір жағын айтатын болсақ, ол өлшейтін шамалардың диапазонының кеңеюі. Бүрын температура 10000 К дейін, қысым 1*103 -1*109 Па аралығына дейін өлшенетін болсақ, ол өлшейтін болса, қазіргі кезде космос пен плазмалың игерілуі - , жаңа материалдардың жасалынуы т.с.с. жетістіктермен байланысты температура бірнеше градусқа, ал қысым 1*104 - 10*1010 Па аралығына дейін өлшенетін болды. Өлшем құралдары мен өлшем тәсілдерінің метрологиялық сипаттамаларының жоғары деңгейде болуы ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына мүмкіндік туғызады. Өйткені өлшемнің мақсаты маңызы әртүрлі физикалық, физика-химиялық, химиялық, биологиялық, медициналық және басқа да құбылыстардың заңдылықтарын табу болып саналады.

Наши рекомендации